А. Косарев атындағы №9 орта мектебінің химия және биология пәндерінің өткізген он күндігінің іс-жоспары



бет14/14
Дата19.02.2017
өлшемі3,41 Mb.
#10495
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


А.Косарев атындағы № 9 орта мектебінің

химия және биология пәндерінің өткізген он күндігінің іс-жоспары

(15.04.-26.04.2016)

есебі

Он күндіктің негізгі мақсаты: Оқушылардың жаратылыстану ғылымына қызығушылықтарын оятып жауапкершілікке және табиғатты сүюге және қорғауға тәрбиелеу.

Он күндіктін іс-жоспары мектеп директорының келісімімен бекітілді. Он күндік іс-шара жоспарлары бойынша барлық бекітілген жұмыстар жүргізілді.

7 «Б»сыныбында биология және әдебиет пәндерінен кіріктірілген сабақ өткізілді. Пән мұғалімі: Нұрмұратова Б.Ж және әдебиет пәні мұғалімі Ж.Қ. Умирбаева. Тақырыбы: Биология: Жыртқыш құстар. Оларды қолға үйрету

Әдебиет:С.Мұқанов «Саятшы Ораз»әңгімесіндегі кейіпкерлер әлемі»

(«Өмір мектебі» өмірбаяндық трилогиясынан үзінді )

Бұл сабақта оқушылар жыртқыш құстар, саятшылық, оны қолға үйрету әдістері, «Қызыл кітапқа» енген құстар туралы мәлімет алды. Сабақ жоғары дәрежеде өтті. З.Б. Зылгарина және әдіскер Ж.Б. Шаяхметова және қазақ тілі әдебиет пәнінің бірлестік жетекшісі Енсебаева У.С. пән оқытушылары қатысты.

Барлық сыныптарда «Көктем уақытындағы бала денсаулығы» деген тақырыпта лекция оқылды. Бұл лекцияны биология пәні мұғалімдері және сынып жетекшілер өткізді. Балалар арасында бұл тақырып қызығушылық туғызып, оқушылар көптеген сұрақтар қойып. Ол сұрақтарына жауаптар алды.

9 сынып оқушылар арасында кім есепті көп шығарады сайысы өтті. Сайыс кезінде тест сұрақтары сандық есептер қамтылды әр бір оқушыға ұпай саны беріліп соңында төрт оқушы мақтау қағаздарымен марапатталды. Пән мұғалімі: Оспанова Г.Н.

Апталық барысында оқушылардың «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың оны айтуға тілі жоқ» акциясы өте жоғары дәрежеде өтіп, балалар мектеп ауласын тазарту жұмыстарына атсалысты. Пән мұғалімдері: Нұрмұратова Б.Ж., Оспанова Г.Н., Кожамжарова А.Б.

9 «Б» сыныбында қайталау сабағы ретінде «Көмірсулар, майлар және нәруыздар» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Пән мұғалімі: Кожамжарова А.Б. сабақ өте тартымды әрі қызықты өтті. Оқушылардың белсенділігі жоғары дәрежеде болды,білімдерін одан әрі дамытты. Оқушылар берілген тапсырманы топпен және жекелей жұмыс түрлерін жасады. Интерактивті тақтада салыстырмалы кестелер, сөйлемді толықтыру, сөзжұмбақ жұмыстарын орындады. Сабаққа пән мұғалімдері Оспанова Г.Н. және Нұрмұратова Б.Ж қатысты.

8 «Ә» сыныбында «Витаминдер» ашық сабағы жоғары дәрежеде өтті. Онда оқушылар Витаминдер түрлері, олардың жіктелуі, адам ағзасына пайдасы, қайсы тағамның құрамында қандай витамин болатындығымен танысты. Оқушылар интерактивті тақта жұмыстар жасады. Ашық сабаққа мектеп әкімшілігі тарапынан оқу ісінің меңгерушісі З.Б. Зылгарина және әдіскер Ж.Б. Шаяхметова және пән пән мұғалімдері қатысты қатысты.

Пән мұғалімі: Б.Ж.Нурмуратова

Мұғалімдер арасында «Сабақта топтық жұмыстың тиімділігі» атты коучинг сабағы өтті. Коучинг сабағыма арналған оқыту мақсаты оқушылардың топтық жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңыздылығы, тиімділігі мұғалімдердің қызығушылығын арттыру арқылы оқу сапасын көтеруге негізделген.

Пән мұғалімі: Кожамжарова А.Б.Г.Н.Оспанова



Апталық қорытындысы бойынша сынып оқушылары шығарған қабырға газеттері, сөзжұмбақтар, жұмбақтарды шешіп белсенді қатысқан оқушыларға марапаттаумен тәтті сыйлықтар үлестірілді. Апталық барысында көрермендердің аз қамтылуы сынып жетекшілерге ескертулер айтылды.

Пән бірлестік жетекшісі: Нұрмұратова Б.Ж
Каталог: 917CCC56B7788DEC
917CCC56B7788DEC -> Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
917CCC56B7788DEC -> Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
917CCC56B7788DEC -> Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
917CCC56B7788DEC -> 9 орта мектебінің 2015 – 2016 оқу жылының 23 қарашада болып өткен
917CCC56B7788DEC -> Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
917CCC56B7788DEC -> Оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде)
917CCC56B7788DEC -> Қос майданның ардагері
917CCC56B7788DEC -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Ескерту Әдіс-тәсілдер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет