А. Т. Боранбаева Балалардың ұсақ қол моторикасын ойын арқылы дамыту



бет4/4
Дата19.02.2017
өлшемі0,97 Mb.
1   2   3   4

Сиқырлы электр тоғы

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің картасы

Білім беру саласы:Таным

Бөлімдері:Айналамен таныстыру

Тақырыбы:«Сиқырлы электр тоғы»

Мақсаты:Балалардың электр тоғы туралы білімдерін кеңейту. Қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету. Ізденушілік-танымдық қызметке қызығушылықтарын дамыту. Ұжыммен бірге жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық-

Қозғаушылық


Шеңбер болып тұрайық,

Алақанды ашайық.

Күннің нұрын салайық,

Таза ауаны жұтайық,

Жүрекке жылу салайық.

Мейірімділік шоғын алайық,

Жиналған жылы шуақты,

Қонақтарға шашайық.



Алақанымен үрлеу әдісімен бір-біріне үрлеу арқылы жылы лебіз білдіру


Ұйымдастыру-

Ізденушілік


-Балалар,бүгін бізде жай сабақ емес,өте қызықты сабақ болады.Бүгін сабақта біз электр тоғы туралы әңгімелесеміз.Қалай ойлайсыңдар,мына сағат неге жүрмей тұр?

-Дұрыс айтасыңдар,бұл сағатта батарейкасы жоқ.Қазір сағатқа біз батарейка саламыз(+;+/-;-).

-Қараңдаршы,сағат істеп кетті.Неге?Қалай ойлайсыңдар?Бұл батарейкада қандай сиқырлы күш бар екен?Біз батарейканы сағатқа салғанда,электр тоғы кетті,сондықтан сағат жүріп кетті.

Балалар,айтыңдаршы,біздің топта электр тоғы бар ма?



Балалардың жауаптары.

-Тоқ сымдары,жарық сөндіргіш ,электр көзі.


Рефлексивті-

түзетушілік


-Электр тоғы деген не?Қайда тұрады?Неге ұқсайды?

Ойын. «Тоқ сымдармен жүгіреді»

Тоқ сымдармен жүгіреді,

Бәрін іске келтіреді.

Теледидар,ноутбуктар,

Шаңсорғыш пен радиолар,

Телефон бар,фен де бар,

Күнделікті жарық бар,

Болмай қалса тоқ егер,

Не істейді адамдар?

Электроқұралдар туралы жұмбақтар жасыру.

Слайдтағы суреттер бойынша жұмыс.

Ойын. «Сыңарын тап».

Қауіпсіздік ержелері бойынша әңгімелесу.

Электр құралдар туралы өлеңдер.

1.Анашым қатаң айтқан,

Тоққа барма,балақан!

Ол жерде электр тоқ,

Соғып қалар,қауіп көп.

2.Музыка қатты ойнаған,

Баласы тұр дауыстап,

Жарықты сен көп жақпа,

Ата-анаңды сен ойла.

Жаға берсең жарықты,

Алмайды саған ойыншықты.

Табиғаттағы электр тоғы туралы әңгіме.

Сергіту сәті.

Зертхана


Зертханалық жұмыстары

1. «Көбелектер»

2. «Тарақтар»

3. «Пенопалст»

4. «Шарлар»

Сабақты қорытындылау.

Балаларды сертификат пен мадақтау.


Электр тоғы сымда тұрады.Моншақтарға ұқсайды.

Шеңберге тұрып,тоқ туралы өлең шумағын айтады.

Зертханалық жұмысқа белсеңе қатысу

Видеоға қарап,сергіту сәтін орындау.



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі:Электр тоқтың пайдасы туралы біледі;

Қандай түсініктерді игерді:Электр тоқ туралы мағдұмат алды;

Меңгерген дағдылары меніскерліктері: тәжірибе жасау дағдыларын меңгерді.



Қорытынды

Егер бала қандай да бір саусақ ойынын жетік меңгерсе, онда ол міндетті түрде бір көрініске не өлеңге жаңа бір сахналау ойлап табуға тырысады. Бір жастан екі жасқа дейінгі балалар бір қолмен ойналатын саусақ ойындарын жақсы қабылдайды. Үш жастағы балалар екі қолмен ойналатын саусақ ойындарын игере алады. Мысалы, бір қол үйшік те, екінші қол үйге жүгіріп келе жатқан мысық болуы мүмкін. 4 - 5 жастағы балалар белгілі бір көріністі саусақ арқылы сахналай алады.



Өз тәжірибемде тәрбишілерге саусақ ойындарын сергіту жаттығуларына, ертеңгілік жаттығуларға, барлық ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттері үстінде үнемі пайдалануды ұсындым. Нәтижесінде балалардың тілі, қимыл, қозғалысы мен икемділігі айтарлықтай дамыды.

Жазуға бейімделмеген, жалпы моториканың және саусақтың қозғалуы жетіспеуі мектептің төменгі сыныптарынан бастап, оқуға деген негативтік әсерін тигізуі мүмкін.

Ұсақ моторикасы баланың дамуына, оқуына өте маңызды. Мектепке дейінгі мекемеде, жазу емес, жазуға дайындықтың маңызы зор.

Қол моторикасының жоғары деңгейі баланың мектепке деген психологикалық дайындығын, ақыл кіргенін түсіндіреді. Қол моторикасын арттыруға арналған ойындар мен жаттығулар баланың тілінің дамуына да әсерін тигізеді.

Бала саусақтарымен әр түрлі жаттығулар орындап, үлкен жетістіктерге жетеді және баланы сурет салуға үйретеді, ары қарай жазуға да көмектеседі. Егер баланың саусақтары шапшаң жұмыс жасап, иілгіш болса жазуы да әдемі болады.

Тіл дамыту жұмысы қол арқылы жүру тиіс. Сонда ғана – неғұрлым үлкен жаттығу болады. Балаға тапсырмалар қызықты болу керек.

Баланың қол еңбегін арттыру үшін не істеу керек?

-       Қолмен ермексазды жұмсарту;

-       Әр саусақпен тасты, маймақты, шарикті айналдыру;

- Алақандарымызды жұмып ойын ойнау (таңертең тұрдық – ашылу, кешке ұйқтадық - жабылдық)

-       Жұмсақ жұдырық жасау, тез ашу, үлкендер саусақтарын өткізу, қатты аша алмайсың

-       Екі қолдың саусақтарымен «Жүру» үстелмен, алдымен ақырын, біреу ұрлану, содан кейін тез жүгіріп келуі. Жаттығу алдымен оң қолмен, содан кейін сол қолмен

-       Жеке бір саусақты көрсету, содан соң екеуін ары қарай үш, төрт, бес

-       Жеке бір саусақты көрсету – үлкенін

-       Барлық қолдың саусақтарымен үстелді соғу

-       Ауада саусақпен былғау

-       Қолдың басымен фонарик жасау

-       Қол соғу: ақырын, қатты, әр түрлі әрекетте

-       Барлық саусақты бірге жинау (саусақтар жиналды - қашты)

-       Жуан жіпке түймелер, шарлар, мойыншақтар кигізу.

-       Түрлі түсті жіңішке сымды катушкаға орап, өзінің саусағына арнап (сақина немесе спираль шығады)

-       Қалың арқан, жіп ұштарын байлау

-       Түймелерді, ілгіш, замок, қақпақтарды жабу, механикалық ойыншықтарды кілтпен жүргізу

-       Болттар мен гайкаларды бұрау

-       Конструктор ойыны

-       Ауада сурет салу

-       Құммен, сумен ойнау

-       Қолмен поролон шарларын, губканы жұмсарту

-       Тігу, шимен тоқу

-       Сурет салу, бояу, штрихтау

-       Қайшымен қию
Әр түрлі материалдармен сурет салу (қаламмен, қарындашпен, бормен, түрлі-түсті бояу, гуашьпен, көмірмен, түрлі-түсті борлар және т.б.)

Саусақ ойындарының нәтижесінде:


Баланың сөйлеу тілі жетіледі;


• - Қимыл қозғалысы артады;
• - Икемділігі артады;
• - Логикалық ойлауы дамиды;
• - Танымдық деңгейі артады;

Мазмұны:


  1. Түсінік хат________________________3 бет

  2. Балалардың ұсақ қол моторикасын ойын арқылы дамыту ___________________4 бет

  3. Математика әлемі ________________ 20 бет

  4. Ойыншықтар әлеміне саяхат_______ 26 бет

  5. Көктемдегі ормандағы туған күн____ 30 бет

  6. Ғажайып мектеп__________________ 41 бет

  7. Сиқырлы электр тоғы______________47 бет

Қорытынды ______________________51 бет

Пайдаланған әдебиеттер:



  • Бардышева Т.Ю. Сәлем,саусақ.Саусақ ойындары.

  • Большакова С.Е. Ұсақ қол моторикасын қалыптастыру:Ойындар мен жаттығулар.

  • Пименова Е.П. Саусақ ойындары.2007

  • Тимофеева Е.Ю.,Чернова Е.И.Саусақ қадамы.Ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған жаттығулар.2007.

  • Цвынтарный В.В. Саусақпен ойнаймыз және сөйлеуді дамытамыз,1996.


Көңілді қуыршақтар.
Көктемдегі ормандағы туған күн

Каталог: storage
storage -> ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында
storage -> 1 апреля Международный день птиц Работа ученицы 11 «б» класса Устарбековой Аиды Руководитель Гайдарова С. М
storage -> Конкурс «Ақ жол» новых талантов
storage -> Отчет о проведении 1 Республиканского конкурса корейской эстрадной песни
storage -> 1 Целевой раздел
storage -> Петр ильич чайковский
storage -> Тема магнитные свойства вещества
storage -> На 2015 год Белово 2014 содержани е


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет