Абай ауылдық округінің әкімі М. Арыстанбековтың есебі


Күні кеше ғана Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатын өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын Қазақстан халқына жолдады



бет11/54
Дата12.10.2020
өлшемі111,54 Kb.
#65540
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   54
Күні кеше ғана Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатын өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын Қазақстан халқына жолдады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналды.. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы өзектілігімен, өміршеңдігімен маңызды болып отыр. Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың мақаласы –«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының заңды жалғасы іспетті көп көңілінен орын алды.

Бүгінгі таңда Көгершін ауылдық округі бойынша түтін саны -691, халық саны – 3600 оның ішінде: Көгершінде – 3541 адам, Қосапанда – 42 адам турады.

Ауыл бойынша негізігі өндірістік сала – ауыл шаруашылығы. Егін және мал шаруашылығымен айналысу мақсатында 58 шаруа қожалығы, және 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестік тіркелген. Округ бойынша 15360 га егістік алқап жер бар. 2018 жылы ауылдық округі бойынша 15 Ауыл шаруашылық товар өндіретін шаруашылықтар 10037 га алқапқа күздік бидай, 9288га. арпа сеуіп әр гектардан 30 центнерден , мақсары 720 га.жерге себіліп 7 центнерден өнім алынды, 20 гектарға қант қызылшасы егілді 260 ц. өнім алынды.

«Ақтоған» шаруа қожалығы тек егіншілікпен айналысып қана қоймай сонымен қатар алынған өнімді өздерінде өңдеп ұсынуды басты назарында ұстап отыр. Қазіргі уақытта «Ақтоған» шаруа қожалығы макорон өнімдерінің 25 түрін шығарып Астана, Алматы, Тараз қалаларында өткен ауыл шаруашылық жәрменкесіне шығарып тұрады.

Көгершін ауылдық округі бойынша/жекеменшікте/ жылдың акяғына- ірі-қара басы – 1565, қой – ешкі- 15718, жылқы – 1148, құстар саны-2263 бас тіркеуде тұр.

2018 жылы ауылдың 2 тұрғыны сарып ауыруымен ауырып, емделді. 9000 бас уақ мал, 1000 ірі-қара бірдейлендірілді, 700 бас жылқыға чип салынды. Аусылға, сібір жарасына, құтыруға, күл, құс тұмауы ауыруына қарсы екпе жұмыстары жүргізілді.Сарып ауыруына қарсы қан сынамасы 21000 бас уақ малдан, 1300 бас ірі қара, 30 бас иттен, 930 бас жылқыдан қан алынып тексерілді.

Ауылдың санитарлық тазалық жұмыстары, гүлденуі, көгалдандыру жұмыстары ауыл әкімшілігінің басты назарында.Осыған орай, 200 мың теңгеге тазалық жұмыстары атқарылып, қоқыстар шығарылды. 8 км жол бойындағы тал- дарақтар тазаланып, ақталды. 4 км арық тазаланды.Көрсетілген жұмыстар ауыл әкімшілігінің тұрақты бақылауында тұрады. «Жасыл белбеу» бағдарламасын орындау мақсатында 5 гектар жерге талдарақтар отырғызылып, талапқа сай қоршалды.

2018 жылға әкімшілік бюджетіне қарастырылған 84261,0 мың қаражат 99% игерілді.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасына 3107,0 мың бөлінген қаржы толығымен игерілді.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша ауылдағы 2 азамат несие алып жұмыс орындарын ашып мал бордақылаумен айналысып жатыр..Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын тазалауға -165000,0 мың.тг. жұмсалды.

Ағымдағы жылы Құдайбергенов көшесіне және Алматы – Ташкент трассасынан Амангелді көшесі толығымен , барлығы 7200 км жол асфальталды.

Ауылдағы 6 адам кооператив мүшелігіне кіріп несие алып мал бордақылаумен айналасып 8 жұмыс орнын ашты.Ауылда «СПК-Көгершін» кооперативы жұмыс істейді, мал бордақылаумен айналысып жатыр, 5 жұмыс орны ашылған.

Әкімшілік, ауыл тұрғындарымен бірігіп ауылдағы әлеуметтік және жекелеген отбасыларда туындаған мәселелерді талқылап, көмек көрсетіп тұрады.Осыған қатысты бірлескен іс – шаралар өткізіліп тұрады.

Әкімшілік, «Жастар орталығы» маманы, клуб меңгерушісі, кітапхана, мектеп өнерпаздарымен бірігіп: Халықаралық әйелдер күнін, Наурыз, Жеңістің 73 жылдығы, Қарттар күні, «Мектепке барар жол», 1 мамыр Бірлік күні, Конституция , Астана , тұңғыш Президент күні, Тәуелсіздік күні мереке күндеріне іс – шаралар демеушілік көмегімен ұйымдастырылады. Ауданның 80 жылдығына орай «Ауылым- алтын бесігім» атты ауыл өнерпаздарының күшімен үлкен концерт қойылды.

Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Заңы аясында алдын алу мақсатында Көгершін ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлері мен орта мектептің тәрбие жөніндегі орынбасарлары және ауылдық учаскелік полициялардың қатысуымен жиналыстар, дөнгелек столдар өткізіліп тұрады, бірлескен түнгі рейдтер жүргізіледі. Ауыл бойынша ішімдікке салынған 6 азамат , есірткіні жиі пайданалатын 1 тұрғын есепте тұр, 208 әр турлі хаттамалар толтырылды, жанұя шырқын бұзған 1 адам жазасын алды, 1 мал ұрлығы ашылған жоқ.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында халқымыз талай қиындықтармен кездесті. Сол қиындықтарды бірігіп жеңе білдік.Себебі бағытымыз дұрыс , мақсатымыз айқын болды.Ұлы дала ұрпақтары бола отырып Мәңгілік Ел болуға өзіміздің қойған мақсатымызды, міндеттерімізді жүзеге асыру үшін барлығымыз ынтымақта, бірлікте, өмір сүруіміз керек.


Каталог: app -> uploads -> sites
app -> Таќырыбы: Јділбай Табылдиев “Аппаќ бала”
app -> Бекітілді шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Нарын ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған арналған кешенді даму жоспары
sites -> Құрметті Бекболат Серікбекұлы! Құрметті жиынға қатысушылар!
sites -> Т. Тысқұлов ауданында 2017 жылдың 12 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2018 жылдарға арналғаніс-шаралар жоспарының орындалуы туралы
sites -> Баспасөз баяны қР жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: тарихы мен даму бағыттары
sites -> Зейнетақы жүйесінің деңгейлері туралы әңгімелеп берсеңіз, базалық және ортақ зейнетақы дегеніміз не? Олардың бір-бірінен айырмашылығы қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   54




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет