Абай ауылдық округінің әкімі М. Арыстанбековтың есебі


Төтенше жағдайлар бойынша



бет9/54
Дата12.10.2020
өлшемі111,54 Kb.
#65540
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   54
Төтенше жағдайлар бойынша:

Округ бойынша төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою саясатында мекеме басшылары мен әкімшілік қызметкерлерінен арнайы штаб құрылған. Төтенше жағдайларды болдырмау, алдын алу және келтірілген шығындарды жою мәселесі бойынша техника иелерімен, шаруа қожалықтармен техникаларын жұмылдыру үшін келісім-шарттары жасалынды. Жаз айларында Ақыртөбе ауылдық округі бойынша табиғи өрттің алдын-алу жөніндегі жедел әрекет ететін жасақшылар 15 рет өрт сөндіруге шығып, табиғи өрттің алдын-алу жұмыстарын жүргізді. Бұл ретте Ақыртөбе орман шараушылығы мекемесі көптеген жұмыстар атқарды.

Осы тұста тағы айта кететін жайт 2018 жылдың қаңтар айының үшінші он күндігінде қатты суық болып, Өзбекстан Республикасынан Қырғызстан Республикасына бет алған, 55 жолаушысы бар автобустың дизель отыны суықтан қатып қалып, автобус қозғалтқышы істен шыққан. Автобустағы 55 адамды Ақыртөбе орта мектебінің ғимаратына апарып, ыстық тамақ, жылы киім беріп, көмек көрсетілді.

Ақыртөбе ауылдық округі әкімінің 2018 жылы қаңтар-ақпан айында ауылдық округ тұрғындары алдында өткізген есепті жиналысында және жыл бойы округ тұрғындарынан түскен өтініштер, сын-ескертпелер және ұсыныстардың орындалу барысы туралы:
1. Малдыбай ауылының тұрғыны А.Нарбаевтың жаңа мектеп соғып беру туралы өтініші бойынша, Малдыбай орта мектебіне қосымша оқу бөлмелерін, кітапхана, асхана, спортзал және актзал салу үшін Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі сәулет, құрылыс және қала құрылысы арқылы жобалық сметалық құжаттары жасалынуда.

2. Малдыбай ауылының тұрғыны Қ.Кездікбаевтың аппатты жағдайда тұрған Малдыбай ауылының медпунктін қашан жөнделетіні туралы өтініші, бойынша ауылдың медпунктін күрделі жөндеуден мүмкін емес болғандықтан, бұзу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі кезде жаңа медпункт салу үшін жер телімі таңдалып, жер таңдау актісі, орналасу жобасы жасалынды. Биылғы жылы жеке кәсіпкер өз қаржысына жаңа медпункт салады деп жоспарлануда.

3. Ауыл тұрғыны Қ.Самылтыровтың ауыз су мәселесін шешсеңіздер деген өтініші бойынша, Малдыбай ауылы тұрғындарын ауызсумен қамту үшін 2018 жылы су бұрғылау жұмыстары жүргізіліп, 200 метр тереңдіктен су шығарылды. Қазіргі кезде шығарылған жерасты суын пайдалануға болатындығын тексеріп жатыр және ауылға ауызсу кіргізу үшін жобалық сметалық құжаттары жасалынып жатыр.

4. Ақыртөбе ауылының тұрғыны К.Бибекованың ауылымызда бірден-бір қажет нәрсе ауызсу. Осы ауызсу мәселесін шешіп берсеңіздер деген өтініші бойынша, Ақыртөбе ауылына ауызсу кіргізу жұмыстары бойынша Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімі арқылы жобалық сметалық құжаттары жасалынып, жұмыстар жүргізіліп жатыр.

5. Ақыртөбе ауылының тұрғыны Т.Бектуровтың ауылымыздың көшелерінде жанып тұрған жарық шамдардың көбісі ескірген, осы шамдарды ауыстыруды қолға алсаңыздар деген өтініші бойынша, ескірген жарық шамдарының біразы ауыстырылып, қазіргі кезде көшелерде жарық жанып тұр.

6. Ауыл тұрғыны Ғ.Ажигалиеваның бұрынғы ескі поша ғимаратын жөндеуден өткізіп, пайдалануға беруді қолға алу туралы ұсынысы бойынша, ескі поша ғимаратына техтөлқұжат жасалынып, қазгі кезде жеріне құжаттар жасалынып жатыр.

7. Ауыл тұрғыны Г.Амированың үйдегі оқушы балаларым мектеп суық деп айтып келеді, осы мәселелердің шешімін тауып берсеңіздер деген өтініші бойынша, мектептің отқазандығындағы қатты отынмен жылытылатын пеші ауыстырылды.

8. Малдыбай ауылының тұрғыны А.Ибрагимовтың Жеңіс көшесінде орналасқан балалар ойын алаңын жөндеп беруді сұраған өтініші бойынша, Малдыбай ауылы Жеңіс көшесіндегі балалар ойын алаңы жөнделініп, ішіне құм төселінді.

9. Ауыл тұрғыны Ж.Мырзабековтың ауылымызға балалар ойнайтын кіші футбол алаңын салып беруді сұрап жазған өтініші бойынша, Малдыбай ауылына кіші футбол алаңы салынды.

10. Молдаш көшесі тұрғындарының Қарасу өзенінен көлік, адам өтетін көпір салып беруді сұраған өтініштері бойынша, екі жаяу жүргіншілер өтетін, бір көлік өтетін көпір, жол салынды.

11. Ақыртөбе ауылы ақсақалдарының және ауыл тұрғыны А.Жолшыбековтың Ақыртөбе ауылында орналасқан бейтті қоршап беру туралы өтініші бойынша, бейттің сырты қоршалды.

12. Шәріпхан, Теміржол көшелерінің тұрғындарының Ақыртөбе орта мектебі мен Теміржол көшесінің арасына, Ақыртөбе орта мектебі мен Шәріпхан көшелерінің арасына жаяу жүргіншілерге арналған жол салып беру туралы өтініштері бойынша, жаяу жүргіншілерге арналған жол (тротуар) салынды.




Каталог: app -> uploads -> sites
app -> Таќырыбы: Јділбай Табылдиев “Аппаќ бала”
app -> Бекітілді шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Нарын ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға арналған арналған кешенді даму жоспары
sites -> Құрметті Бекболат Серікбекұлы! Құрметті жиынға қатысушылар!
sites -> Т. Тысқұлов ауданында 2017 жылдың 12 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2018 жылдарға арналғаніс-шаралар жоспарының орындалуы туралы
sites -> Баспасөз баяны қР жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: тарихы мен даму бағыттары
sites -> Зейнетақы жүйесінің деңгейлері туралы әңгімелеп берсеңіз, базалық және ортақ зейнетақы дегеніміз не? Олардың бір-бірінен айырмашылығы қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   54




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет