«Абайтану қазақ әдебиеттану ғылымының ең көп зерттелген саласының бірі. Ақын шығармаларының алғаш баспасөз бетінде жарық көріп, оқырман жүрегіне жол табуынан бастасақ, оның бүгін жүз жылдан астам тарихы бар» С



бет6/12
Дата17.10.2022
өлшемі176,14 Kb.
#153361
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
абайтану
СОЧ Алгебра 7кл каз, СОЧ Алгебра 7кл каз, Кәсіби білім беру жолдары, Презентация Microsoft PowerPoint (4), Презентация Microsoft PowerPoint, ОСОЖ , 8 каз лит 2ші жб шығару, карлыгаш ауыз су, қаңлы
17.Абай мұрасы және шәкәрімтану
Абай − Шәкәрімнің ағасы десек − ол екі ақын арасын ашатын анықтамалыққа аздық етеді. Абай − Шәкәрімді өнер мен ғылымға бағыттаған рухани ұстаз. Сондықтан да, Шәкәрімнің ақындығы, жалпы шығармашылығы туралы сөз болғанда, Абайсыз сөз қозғау мүмкін емес.
Сондай-ақ, Абай қасындағы өнерлі жастардың барлығын ақын ретінде қабылдап, ақын шәкірттері қатарына жатқыза беруге болмайды. Абай жанына тек ақын ғана емес, «көкірегі сезімді, тілі орамды» өнерлі жастардың көбісі жиналған, Абайдан тәлім алған. Ал, ақын шәкірттер, олар − бойында ақындық таланты бар, ол жай ғана ақынжандылық, өлең құмарлық емес, Абай сынынан өте алатын шынайы таланты бар Абай жанынан табылатын ақындар.
Ақындық қабілеті жағынан да, білімі жағынан да Абайдың басқа шәкірттерден оқ бойы озық тұрған Шәкәрім тұлғасы кеңестік кезеңде зардаптың да ең ауырын арқалағаны белгілі. Абайдың соңын ала шыққан қазақтың ең білімді зиялысы кеңес идеологиясына аса жақпағаны анық. Отызыншы, қырқыншы жылдары Абай мектебі, оның ішінде Шәкәрім туралы М.Әуезовтің пікірлері қатты сынға алынды. 1951 жылдың 15 маусымында болған «Абайдың әдеби мұрасы мәселесін талқылауға арналған ғылыми айтыстағы» С.Мұқановтың Шәкәрім турасындағы (басқа шәкірттер де бар) айыптау сыны − Абай мектебінің, оның ішінде Шәкәрім мұрасының болашағына орны толмас зардап әкелгенін ашық айтуымыз керек.
Заман қанша қақпақыл қойғанымен, Әуезов Шәкәрім есімін келешек ұрпаққа жеткізуге бар ықылас-кейпін, күш-жігерін жұмсады. «Әуезов жолдастың Шәкәрім бандит боп өлгеннен кейін де, оған мейірімді көзбен қарауға, ең жеңіл тілмен айтқанда − ұят», − деген (1,59) С.Мұқанов енді Әуезовтің көркем шығармаларындағы Шәкәрімнен елес беретін бейнелерге шүйілді. Оған себеп те бар еді.
Шәкәрім тұлғасы Абайдың басқа ақын шәкірттерінен айтарлықтай биік тұр. Өйткені, өзге шәкірттерге қарағанда Шәкәрім Абай тәрбиесін бала жастан көріп өсті. А.Шәкәрімұлының естелігіне көз жүгіртсеңіз, Абай Құдайберді балаларының ішінде Шәкәрімге ерекше ықылас беріп, тәрбиесіне алған. Шәкәрімнің жасынан домбыраға құмарлығын байқап, домбырашы алғызып, құсбегілігін танып, мергенге ертіп, тіпті жер өлшеуге келген орыс инженеріне қосып «орыс тілін үйрен, әрі өнерін үйрен» деп әр өнерге баулыған.
Шәкәрімнің әр салада жазған шығармаларына Абай себепші болып отырды. Бір ғана мысал. Шәкәрімнің тарихи шығармасы − «Түрік, қырғыз һәм хандар шежіресі» Абайдың жөн сілтеуімен жазылған дүние. Шәкәрім Абайдың «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы» деген тарихи шығармасын ұлғайтып, деректер қоса отырып туған тарихымыз үшін теңдессіз дүние қалдырды. Осындай сабақтастықтар келтіре берсе жетерлік.
Абай қамқорлығының ең зоры − Шәкәрімнің Меккеге аттануы еді. Абай кезінде қолын кеш сермеп қалған кемел білімге Шәкәрім осы сапарында қол жеткізді. Бұл сапар, сөз жоқ, Шәкәрімді өз заманының ең білімді адамдарының бірі етті. Стамбол, Мекке, Мәдинада кітапханалар бар, қандай кітаптар бар, кімдердің еңбектері құнды деген мәселелерді бүге-шігесіне дейін айтып, жөн сілтеуші Абай болды. Әкесінің кітапханасы турасында Ахат ақсақал былай дейді: «Сол кезде Шәкәрімнің кітапханасындағыдай кітаптары бар адамдарды көргем жоқ. Батыс, Шығыс ақындарының толық жинақтары, барлық елдің лұғаттары, газет-журналдары болатын», - деп (5,12) батыс пен шығыстың құнды кітаптарының біразын теріп көрсетеді. Осы арада әлі күнге түбегейлі зерттелмей келе жатқан Абай кітапханасы, Шәкәрім кітапханасы деген тақырыптардың қолға алынбай жатқандығын айта кетуіміз керек. Шәкәрім кітапханасы деген тақырып − терең білімді, ыждаһатты ізденісті, салмақты сараптауларды қажетсінетін, екінің бірі игеріп кете алмайтын ауыр дүние. Шәкәрімнің білім алған кездерін анықтап алмай Шәкәрімді тану, басқаға таныту мүмкін емес...


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет