«Абайтану қазақ әдебиеттану ғылымының ең көп зерттелген саласының бірі. Ақын шығармаларының алғаш баспасөз бетінде жарық көріп, оқырман жүрегіне жол табуынан бастасақ, оның бүгін жүз жылдан астам тарихы бар» С


Абай қарасөздерінің зерттелуі.Сүйіншәлиев



бет8/12
Дата17.10.2022
өлшемі176,14 Kb.
#153361
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
абайтану
СОЧ Алгебра 7кл каз, СОЧ Алгебра 7кл каз, Кәсіби білім беру жолдары, Презентация Microsoft PowerPoint (4), Презентация Microsoft PowerPoint, ОСОЖ , 8 каз лит 2ші жб шығару, карлыгаш ауыз су, қаңлы
19.Абай қарасөздерінің зерттелуі.Сүйіншәлиев.
“ Абай қара сөздері сырт формасы жағынан “Кабуснамаға” өте ұқсас болса да, мазмұны мүлде бөлек. Бұл тұста біз Абайдың аталмыш шығарманы оқығаны және түрі, стилі жағынан болса да үлгі тұтқанын айтпақпыз.
Жанрлық іздену жолында ол Шығыстың ғылыми трактат, тастих ретіндегі шағын үлгілерін, Жәмидің қарасөзді ғақлияларын есте ұстағаны даусыз”
Ғалым Абайдың прозасында ғақлия, нақыл сөздер де, ғылыми мақала да, ойшылдық трактат та, өткір сын, мысқыл ретінде келетін сатиралық әңгіме де, адамгершілік өсиеттер де (дидактикалық рассуждение), публицистикалық насихат түрлері де, шешендік әңгіме кеңестері де бар дейді.
Профессор Х. Сүйіншәлиев Абайдың қара сөздерін прозаның шағын түрі деп атау керек деп, қара сөздерді мынадай түрлерге топтады:
1. Өсиет Ғақлия. 13, 20, 28, 38.
2. Тастих (утверждение). 7, 17, 43, 45
3. Нақыл, тұспал сөз (афоризм, изречение)
4. Әңгіме, кеңес ретіндегі диалог, монолог. Сұрақ-жауап. 4, 5, 8, 9, 10, 12, 16, 19, 25, 27, 31, 32, 40.
5. Публицистика. 1, 2, 3, 14, 24, 26, 29, 33, 39, 41, 42 және “Біраз сөз” (46 сөз. Қ.М.)
6. Мақала, памфлет, ирония, сатира. 6, 11, 14, 22, 29, 41.
7. 1 сөз күнделік, мемуар.
8. Ал 15, 17, 18, 23, 26, 27, 35, 36, 44 сөздерінің көркемдік сипаты басым: әсіресе, мінезсіз адамдардың (кербез, мақтаншақ) бейнесін суреттеуі.
“Аталған әңгімелердің бір тобы көркем дидактика (изречение), шешен толғаныс туындылары. Олар кей тұста өткір мысқылмен де қатысады. Кейбіреулері таза диалогты әңгіме. Енді біразы автордың терең толғаныстары, монологы, ақыл айтып, кеңес жасау толғана сөйлеу (рассуждение) ретіндегі монолог. Бәрі де сюжетсіз, белгілі бір ойды ғана білдірерлік шебер, шешен туындылар. Аталмыш диалогтары мен монологтары басқа сөздерінен ерекше көркем, қазақтың шағын прозасының алғашқы көріністері. Ол адамдар арасында кездесетін кербез, кердең, мақтаншақ, құр кеуде, жұғымсыз мінез-құлықтарды шебер бейнелейді. Бір топ адамның жағымсыз мінезін көз алдыңа елестетеді .
Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы, 1997


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет