«Абайтану қазақ әдебиеттану ғылымының ең көп зерттелген саласының бірі. Ақын шығармаларының алғаш баспасөз бетінде жарық көріп, оқырман жүрегіне жол табуынан бастасақ, оның бүгін жүз жылдан астам тарихы бар» С


Абай және Шығыс әдебиеті байланысының зерттелуі.Ш.Сәтбаева



бет9/12
Дата17.10.2022
өлшемі176,14 Kb.
#153361
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
абайтану
СОЧ Алгебра 7кл каз, СОЧ Алгебра 7кл каз, Кәсіби білім беру жолдары, Презентация Microsoft PowerPoint (4), Презентация Microsoft PowerPoint, ОСОЖ , 8 каз лит 2ші жб шығару, карлыгаш ауыз су, қаңлы
20.Абай және Шығыс әдебиеті байланысының зерттелуі.Ш.Сәтбаева
Абай туралы ғалымның байсалды ғылыми түйін-тұжырымдары «XIX және XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ-европа әдеби байланыстары» (1972), «Әдеби байланыстар»(1974), «Өрнекті өріс» (1977), «Әдебиет мерейі» (1981), «Қазақ әдебиеті және Шығыс» (1982), «Шәкәрім» (1988,1990), «Шәкәрім Кудайбердиев» (1993) және «Абайдың «Ескендір поэмасы» (1970), «Пушкин» және «Абай» (1975), «Абайды танып болдық па?» (1988), «Абай мұраларын зерттеудің мәселелері» (1988), «Абайға барсаң абайла» (1990, бірнеше авторлармен бірге) атты моногр. еңбектері мен арнайы зерттеу жұмыстары жарық көрген. Сәтбаева орыс мектептерінің 8-9 кластарына, Республика жоғары оқу орындарының филол. факультеттерінің орыс бөліміне арнап жазған «Қазақ әдебиеті» (1976, 1979) оқулықтарында «Абай Құнанбаев», «Ақылбай», «Мағауия Құнанбаев» тарауларын жазды. Абай тарапы шетел баспасында 1970жылға дейін басылған мақалаларды жүйелеп алғы сөз жазып «Шет ел сыны қазақ әдебиеті хақында» (орыс тілінде, 1971) деген атпен жеке жинақ етіп жариялады.
Диссератцияның “Ш.Қ.Сәтбаева зерттеулеріндегі шығыстық сюжетке құрылған қазақ дастандары және ондағы көркем мотивтер жүйесі” атты екінші тарауы қазақ әдебиетінің Шығыс әдебиетімен байланысы зерттелген. Бұл тарауда Құраннан, шығыстық ұлы туынды – “Мың бір түн” қарастырылған.
21.Абай поэзиясындағы ұлттық идеология және қазіргі дәуір
Абайдың адамшылық ілімін ӛмірлік ұстаным тұрғысынан нақты жүзеге асыру ісін жандандыруды қолға алу шарт. Бұл ретте әдебиетші М.Мырзахметұлының «Идеологиямыздың темірқазығын таптық па?» мақаласында кӛтерілген ӛзекті толғамдар әдебиет және ұлттық идеология мәселесіне қатысты қоғамдық пікірге ой салары анық. «Ұлттық идеология ғана халқымыздың ой-санасын ӛзі кӛздеген ұлттық идея негізінде қалыптастыра алмақ» деген ойының да мемлекеттігімізді нығайтудың басты арнасын айқындай түседі
Абай - қазақтың ұлттық әдебиетінің классигі. Ал, классикалық мұра құндылығы тек кӛркемдік сипатында ғана емес, оның елдігін басты орынға қойған ұлт тағдырымен біте қайнасқан биік отаншылдық мұратының шынайы айнасы болуында. Отаршылдық қысымдағы қазақ халқын «айсыз қараңғы түні ғылым сәулесінен бүркеп, тұншықтырып тұрған кезінде, тұншыққан елге дем болуға, қараңғы жерге нұр болуға, надандық-аждаһаны ӛртеуге құдай жіберген хақиқаттың ұшқыны Абай туды» (Ж.Аймауытұлы, М.Әуезұлы). Халқымыздың рух айбыны мен айбарының берік қорғаны болған әдебиетінде ұлт тағдырының мәңгілік тақырып болып ӛрілуінің ӛзіндік заңдылықтары да бар. «Ресейдің қайыс ноқтасы қазаққа киілгенін және енді ол «ноқтаның» орыс халқының ӛзін-ӛзі билеп, рухани тәуелсіздікке жеткенде ғана алынатынын не шіріп түсетінін Абай толық сезінді. Заманның ашкӛз пиғылын байқаған Абай сондықтан «ызалы күлкімен» ащы зарын тӛгіп, сол басыбайлыққа қарсы шықты. Сол кездегі билікке, салтқа, заңға қарсы шығуының ӛзі Абайдың рухани тәуелсіздікке ұмтылғанын байқатады. Әйтпесе: «Бас-басыңа би болған ӛңкей қиқым, Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын. Ӛздеріңді түзелер дей алмаймын, Ӛз қолыңнан кеткен соң енді ӛз ырқың», - демес еді. Бұл арадағы Абайдың «Ӛз қолыңнан кеткен соң енді ӛз ырқың» - деп отырғаны - рухани тәуелдік. Яғни, басыбайлы бодандық. Ырық
Ақынның ӛзі ӛмір сүрген дәуірлі, тағдырдың талқысына түсіп, шырқы бұзылған халықтың, ел-жұрттың бейнесін кӛркемдік шеберлікпен суреттейтінін «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» ӛлеңінің кӛтерген жүгі де ауыр. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың. Жақсы менен жаманды айырмадың, Бірі май, бірі қан боп енді екі ұртың...» деген қуатты ойлар тасырды да бей-жай қалдырмайды. «... Басында ми жоқ, Ӛзінде ой жоқ Күлкішіл кердең наданның. Кӛп айтса кӛнді, Жұрт айтса болды, - Әдеті надан адамның. Бойда қайрат, ойда кӛз Болмаған соң, айтпа сӛз». «Надандық – ұлттың азып – тозуы. Ақиқат жолынан адасуы. Басқаға күлкі, дұшпанға таба болуы» (Ә.Кекілбаев). 2. Түйіндей айтқанда, «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселерден озады» деп ұлтының тағдырын жырлаған алып ақын «Бас басына би болған ӛңкей қиқым Мінеки бұзылды ғой елдің сиқын Ӛздеріңді түзелер дей алмаймын Ӛз қолыңнан кеткен соң енді ӛз ырқың», «Кетті бірлік Сӛнді ерлік Енді кімге беттемек», «Таласып босқа Жау болып досқа Қор болып құрып барасың» деп ӛз дәуірінің ділгір мәселелерін ұлт тағдырымен сабақтастырды. Құлдық санадан арылу мақстатында «Ұятың, арың оянсын» деп ұран салды. Надандықтан, тобырлық санадан арылу керектігін айтып, «Кӛп шуылдақ не табар Бастамаса бір кемел», «Еденица болмаса не болады ӛңкей нӛл» деп «толық», «кемел» адамның ӛз халқының тағдырын бей-жай қарай алмайтынын санаға құйды. Ұлттық ояну дәуіріндегі жаңа сипаттағ жаңа әдебиеттің бағыт-бағдарын айқындады. «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті Абайдың ағартушылық, демократтық жолын ұстана отырып, оны саяси күрес идеясымен толықтырды. Отаршылдықты, ұлттық езгіні айыптады. Отаршылдыққа қарсы күрес, елдің тәуелсіз даму жолына түсуі, алдыңғы қатарлы елдерге теңелу, оқу-білім үйрену халық тұрмысының ауыртпашылықтарын сӛз ету бүкіл дәуір әдебиетінің ерекшеліктеріне айналды» (С.Қирабаев).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет