«Абайтану қазақ әдебиеттану ғылымының ең көп зерттелген саласының бірі. Ақын шығармаларының алғаш баспасөз бетінде жарық көріп, оқырман жүрегіне жол табуынан бастасақ, оның бүгін жүз жылдан астам тарихы бар» С



бет12/12
Дата17.10.2022
өлшемі176,14 Kb.
#153361
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
абайтану
СОЧ Алгебра 7кл каз, СОЧ Алгебра 7кл каз, Кәсіби білім беру жолдары, Презентация Microsoft PowerPoint (4), Презентация Microsoft PowerPoint, ОСОЖ , 8 каз лит 2ші жб шығару, карлыгаш ауыз су, қаңлы
26 СҰРАҚ: Абай мұрасы – қазақ әдебиеттану ғылымының ең көп зерттелген өнімді саласының бірі. Ақын шығармаларының алғаш баспасөз бетінде жарық көріп, оқырман жүрегінен жол табуынан бастасақ, оның бүгін жүз жылдан астам тарихы бар. Абай мұрасының зерттелу тарихына көз жіберсек, баспасөзде ресми түрде 1889 жылдан басталып, бүгінде қазақ мәдениетінің, ғылымының дәстүрлі, тамырын тереңге жайған үлкен саласына айналды. Ұлы ақын мұрасын танып білуге арналған ғылыми мақалалар, монографиялық зерттеулер, текстологиялық талдаулар, әртүрлі деректер саны жыл өткен сайын молығып келеді. Абай өмірі мен шығармашылығы туралы ғылыми мәні бар алғашқы зерттеушілердің аты- жөні мен еңбектері соңғы кезге дейін жабық саналып Абайтанудың алғашқы кезеңі ақтандақ күйінде қалып келді. Абайдың ғұмырнамасы жайлы жазылған естеліктер мен деректер де жарияланбай келді. Тек еліміздің тәуелсіздік алуы жағдайында ғана бұл мәселені ашық әңгімелеуге мүмкіндік туды. Абайдың бірегей биографы М. Әуезов ақынның ғылыми өмірбаянының төрт нұсқасын жазды. Кейіннен Абай өмірбаянына қатысты мәліметтер архив деректерінен де табылды. Абайдың ғұмырнамасына қатысты естеліктер мен зерттеулерді саралау – зерттеуін күтіп тұрған мәселе. Ақынның өмірбаяны жайлы әр жылдары айтылып-жазылып келген естеліктер мен деректерді салыстыра отырып, Абай ғұмырнамасына қатысты бүгінге дейінге беймәлім тұстарын анықтау зерттеудің өзектілігі болып саналады.
Ақын-жазушының өмірі мен шығармашылық жолын, көзқарасын зерттеуге адамдық қалпын, тұтас тұлғасын түсінуге мол мәлімет беретін саланың бірі – олар жайлы естеліктер. Мұндай естеліктер, әдетте, ақынмен тұтас өмір сүрген, араласқан, көрген адамдардың есте қалған әңгімелеріне сүйеніп жазылады.
Абай жайлы естеліктер қалдырған адамдар бұл күнде арамызда жоқ. Олардың көбі – бұл естеліктер қағазға түскен кездің өзінде ұлғайған адамдар [1,3].
Қазақ әдебиетінің теңдесі жоқ ұлы классигі Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың өмірбаянын толығырақ білу тілегі мен қажеттілігі ойшыл ақын қайтыс болған соң-ақ, көп ұзамай қолға алынды. Жалпы қазақ ақындарының арасында тұғыш рет Абайға ғана баспасөзде арнайы өмірбаяндық деректер беріле де бастады [2, 5]. Революцияға дейінгі дәуірде Абайдың өмірі мен әдеби мұрасын танытуда елеулі еңбек еткендердің ішінде Кәкітай Ысқақұлының орны бөлекше. Кәкітайдың Абай мұрасын танытудағы басты еңбегі де Абай шығармаларының тұңғыш жинағын құрастырып жариялауы мен ақын өмірі туралы алғаш рет мәлімет беруінде жатыр. Кәкітай Абай мұрасын жинастырып, бастырудағы тарихи еңбегі жайлы Абай мұрасын зерттеушілер еңбегінде молынан айтылады да, бірақ М. Әуезовтың монографиялық еңбегінде болмаса, басқа зерттеулерде Кәкітай еңбегі сын көзімен қаралмаған. Сондықтан да Абайдың дүниеге қөзқарасының қалыптасуына Е.П. Михаэлистің әсері басым болды деген Кәкітай пікірі абайтанау саласында көпке дейін орын алып келді [3]. Кәкітай бастырған 1909 жылғы жинаққа дейін баспасөзде жарияланған бірлі-жарымды Абай өлеңдерінің бәрі де асыл түпнұсқа қалпында сақталмады. Абай туралы деректерді Ә. Бөкейхановқа табыстаушы Кәкітай Ысқақұлы 1909 жылы Абайдың жинағына көлемді мақаласын қосты. Әуезов аса жоғары бағалаған мақала, сөз жоқ, Абайдың өмірбаянын жазуға бірден-бір негізгі дереккөз (источник) болды. Өйткені Кәкітай – туысы ғана емес, Абайдың қасында жүріп, талапты шәкіртіне айналған ең жақын адамдарының бірі. Абай туралы көрген-білгенін осы мақалаға сыйғызып кетпесе де, бұл құнды еңбек абайтану ғылымының бастау бұлағы ретінде маңызын жоймақ емес.
Кәкітайдан кейін Абай туралы құнды естелік жазған адам – Тұрағұл Абайұлы. Тұрағұл (Тұраш) – Абайдың екінші әйелі Әйгерімнен туған тұңғыш баласы. Тұрағұлдың аты елге мәлім болғанымен оның өмірбаяны әлі күнге толық зерттеліп жазылған жоқ [4].
Ақын, аудармашы, жасында ауыл молдасынан оқып, сауат ашқан Тұрағұл бала жасынан зерек, ұғымтал, зерделі болған. Әкесінің қадір-қаситін ерте түсініп, табиғи ақындық қуатын ерте танып өскен, Абайдың ең талапты, әрі талантты баласының бірі. Кейіннен өзі ізденіп орысша, арабша білімін жетілдірген. Ауылында болыс болған. 1917-20 жылдары Семей өңіріндегі алаш қозғалысына белсене араласып, әртүрлі жауапты қызметтер атқарған. Тұрағұл жасынан әкесінің қолында тәрбиеленген [5]. Сондықтан Абай өлеңі қай кезде жазылып, кімге арналғанын жақсы білген. Ол Кәкітай Ысқақұлымен бірге 1909 жылы Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағын Петербургте басып шығарған. Тұрағұл Абай мұрасын жинастыруда, аса құнды мағлұматтар жазып, қалпына келтіруде көп еңбек сіңірді. Ол әкесі туралы естелігін үлкен әңгіме етіп жазып қалдырған. Ол М. Әуезовке «Әкем туралы» деген көлемді еңбегін табыстаған.
Тұрағұлдың осы еңбегін жазушы М. Әуезов жоғары бағалап: «Ғұлама ақынның өмірбаянына қатысты мол мағлұматтарды осы кісіден артық ешкім берген жоқ, оларды керекті жеріне кірістіріп, түгел пайдаландық», – деп жазып кеткен еді.
«Мен әкемді танығанда, – дейді Тұрағұл, – әкемнің жүзі ашық, ажары сыртында, көзі өткір, ашуы да, қуануы да жылдам, ширақ жанды еді. Мәжілісі қызықты, сауықшыл, дастарқаны аса мол еді. Бір іспен қызықтамай, жай салбырап, шаруасын істеп отырмаушы еді. Маған десе малай, малшы, қызметкер қатыннан да болса, бір тәуір мінезін, қылығын тауып жақсы көріп, ойнап, қалжыңдап отырар еді. Еш уақытта: іші сүймеген, сенбеген адаммен мәжілістес болып, ұзақ отыра алмаушы еді. Оңдай адамдармен бас қоспақ уақыт еріксіз кез келсе, ол уақыттың өзі абақтыдан кем көрінбеуші еді. Сыпайылық, сыйлық, әдейі реттеніп, аяғын басқанын аңдып, аузынан шыққан сөзін санап отыратын адамға еш уақытта риза емес еді. Жарқын сөзбен, ашық көңілмен қалтқысыз келетін адамды аңсап сағынып, ондай адам келгенде, баласы я туған бауыры келген кісідей қуанып қалушы еді» [6].
Тұрағұлдың «Әкем туралы» қолжазбасы – Абай туралы жазылған тұңғыш естелік. Абайтану мәселесінде Тұрағұлдың бұл еңбегінің тарихи маңызы ерекше зор. Тұрағұл бала жасынан әкесінің өз қолында тәрбиеленіп өскен жақсы көретін баласы және табиғи дарынды, кең ақылды, терең ойлы, сергек сезімді, ұшқыр қиялды адам болғандықтан: ұлы ақын теңіздей терең кемеңгер ойшыл, данышпан әкесі Абайдың бойындағы бар қасиетін, өзіне ғана тән мінезін, әдет-салтын, әр кездегі көңіл күйін, сезім-сырын айнытпай танып, дұрыс ұға білген, ақын шығармаларының жазылу тарихын, себебін, сөз қолдану тәсіліне дейін бәрін- бәрін жақсы білген. Және әкесі туралы көрген-білгенін асырмай да жасырмай шындықтың шегінен шықпай жазған. Сондықтан оның бұл еңбегі – ешқашан маңызын жоймайтын тарихтық еңбек.
Көкбай – Абай қасында көп жүрген, оның шығарамашылық қызметінің куәсі болған адам. Сондықтан оның Абайдың ақындық өнері, көзқарасы туралы пікірлері аса бағалы. Көкбай – Абайдың ең талантты ақын, әрі әнші шәкірттерінің бірі. Ол Абаймен 1880 жылдардан бастап, жиырма бес жыл жолдас, дос болған [4]. Көкбай өзінің естелігінде Абаймен ең алғаш рет жақындасып кетуін былай баяндайды:
«Ел ішінің ақыл алысып, ақы беріп жатқан сиезі еді. Мұны өткізуге Семейден Лосовский деген ояз келіп еді. Сол бір ісімді жақтырмай, мені ел кісілерінің ортасында тұрғанымда стражниктерін (атарман) жіберіп, жазаламақшы болды. Әлгілер ерікке қоймай әкетіп бара жатқан соң, қасымда еріп жүретін өлеңші жігітім бар еді, солардың біреуінен Абайға бір ауыз өлеңмен сәлем айтып жібердім. Ол кезде ән салып, өлең айтатұғын, қасымдағы жолдастарым да сондайды әдет қылатын. Уезге әкелген соң, Абай да келді де: – «Жазығы не?» – деп істің жөнін сұрады. Содан кейін Лосовский: «Бұған біреу басшылық етіп тәрбиесіне алмаса, мына елдің ортасында арызқой, пәлеқұмар болып, бұзылғалы жүрген адам. Сен тәрбиеге алып міндетті болып, түзетемін десең берем. Әйтпесе, жазаға ұшырайтын ісі бар», – деді [2].
Абай маған кепіл болып алып шықты. Осыдан кейін Абайдың жолдасы болдым. Жолдастығым жиырма бес жылға созылды.Абайдың асыл мұрасын аман сақтап, оның кейінгі ұрпақтарына жеткізу ісінде еткен Көкбай еңбегі ерекше зор. Бұл мәселе туралы Мұхтар Әуезов былай деп жазады:– Абай өзі барлық шығарған еңбектерін жинастырып, ұқыптылық етпеген. Тек 1896 жылы ғана, Мағауия, Кәкітай, Көкбайлардың айтуы бойынша, осы жылдан бастап, барлық шығармаларын жинастырып, көшіруге қасында болған жақсы адамдары: Көкбай, Ақылбай, Мағауия, Кәкітай, Тұрағұл сияқты адамдар...
Абайтану мәселесінде Көкбай Мұхтардың өзіне де көмек еткен. Мұхтар оны да атап айтады:
– 1924 жылдан бастап, – дейді Мұхтар Әуезов, – Абайдың өмірбаянын жазушыларға және барлық толық жинағын құрастыруға барынша зор көмек етеді, Абайдан қалған мұраның қазақ оқушыларына толық жинақ болып құралып шығуына анық үлкен еңбек сіңірген кісінің бірі – Көкбай;
– 1909 жылы Кәкітай мен Тұрағұл бастырып шығарған жинақ Абай еңбектерінің жарым көлеміндей ғана еді. Көкбай қолжазбада сақталған шығармалар ғана емес, өзінің жадында жүрген, біржола жоғалып кетуге мүмкін болған Абай өлеңдері мен кейбір шумақтар, жолдарды хатқа түсіріп, ұлы ақынның өзге мұраларының қатарына қосты [2];
– онан соң, Абайдың өмірбаянын толық етіп жазуда да Көкбай айтып берген биографиялық материалдар аса көп еді. Олар құнды деректер болатын. Тек Көкбайдың Абай турасында айтқан естелігі толық жазылмады. Бірақ 1927 ж. біз құрастырып жазатын алғашқы толық өмірбаянының көп фактылары Көкбайдың аузынан алынған. Абайдың көп өлеңдеріне кейінгі толық жинақтарда беріліп жүрген қосымша түсінік, деректердің көптен-көбі де сол Көкбайдың айтуынан алынған.
Естеліктердің көпшілігінде Абайдың әділдігі, гуманистігі, адалдығы, сөзге тұрақтылығы ерекше аталып өтеді. Билікте де ол мейлінше адал, турашыл болған. Сондықтан да елдің көбі Абай билігіне жүгінген. Әсіресе, ел ішінде онымен ұстасып, жауласып жүрген адамдарының өздері үлкен дау-шарлар кезінде Абайдан билік айтуды сұраған делінеді.
27 СҰРАҚ:
Ә.Бөкейханов. Абай (Ибараһим) Құнанбаев 1904 жылы маусымның 23-жұлдызында Семей уезінің болысында (Шыңғыстауда) даланың сүйікті ақыны Абай Құнанбаев дүние салды. Негізгі хатқа түскен аты Ибраһим (Авраам) болса да, қазақ даласы шешесінің (әжесінің Т. Ж.) еркелетіп қойған нәзік те үнді есімімен Абай деп атап кеткендіктен, біз де солай қолданамыз. Абай әке жағынан алғанда тобықты руының белгілі шонжары мен биінен тарайды. Ақынның бабасы, тобықтының батыр биі Ырғызбай Торғай облысындағы Ырғыз өзенінің бойында XVII ғасырдың елуінші жылдарында дүниеге келген. Ат төбеліндей көсемнің бірі ретінде ол тобықты руын Түркістаннан аса құнарлы жайылымы мол Шыңғыс тауына көшіріп әкеледі. Абайдың атасы Өскенбай дала халқына әділ би ретінде танылды. Оған басқа рулардың қазақтары да жүгініп, дауларын шешкізді. Абайдың әкесі Құнанбай да басқа рудың қазақтарына өктемдік жүргізген, оны тек қана төре тұқымдарының сұлтандарына ғана тән лауазым — Қарқаралы округінің аға сұлтаны болып сайлануы дәлелдейді. Құнанбай өмірінің соңында Меккеге барып, одан қайтып оралған соң ел билігінен бойын аулақ салады. Бұның өзі де Құнанбайдың беделін өсіре түседі. Абайдың шешесі Ұлжан да Бошан руының затты тұқымы Бертістен тарайды. Ол да Ырғызбай сияқты Қаракесек руын Қарқаралы уезіндегі Қу, Едірей, Мыржық тауына бастап келген. Абайдың шешесі Ұлжанның төркіні қушыкеш Қантай мен Тонтайдың есімі қазақ даласына кеңінен мәлім. Бірде Қантай бай ұзақ ауырады. Қожа мен молдалар жиналып, оның көңілін сұрайды. Сонда Қантай жантәсілім беріп бара жатып: «Жазыла-жазыла қожа-молдалардан да ұят болды, енді өлмесек болмас»,— депті. Абай алпыс жасқа қарағанда қайтыс болды. Ол 1845 жылы (жылан жылы) туылып, 1904 жылы (қоян жылы) қайтыс болды. Абай он-он екі жастар аралығында қазақ даласында жүріп хат таныды. Ал он екі жасында Семейдегі Ахмет Риза молданың медресесіне түседі. Абай он төрт жасында сонда жүріп үш ай орыс мектебінен дәріс алады. Осы төрт жылдық медреседегі және үш айлық орыс мектебіндегі дәріспен Абайдың мектептік оқуы аяқталады. Ол далаға қайтьп келген соң он бес жасында қазақ, руларының арасындағы беделі зор, 1822 жылы Сібір қазақтарының басқару ережесіне сай монополиялық күшке ие болған сұлтан тұқымдарымен саяси-билік тартысына түскен өз әкесінің қасына еріп, ел ісіне араласады. Бозбалалық жасына қарамастан Абай сол кездегі қайраткерлердің арасынан көрнекті орын алып, бидің заманының өткеніне қарамастан оны ел-жұрт би етіп сайлады. Жиырма жасқа жеткенде Абай от тілді, шешен, халық өмірі мен әдет- салтын, қазақ даласындағы атақты билердің әр істі шешкендегі төреліктерін жақсы білетін дәлмәр атанады. Өзінің білуге құштарлығы мен зерделігінің арқасында, қазақтың ғұламаларының халық аузындағы сөздерін, мақалдарын, ертегілері мен нақылдарын меңгереді. Абай билердің шартты түрде сайланбай, талантымен бағаланатын ескі заңы кезінде өмір сүрсе, артистер мен жазушылардың даңқы сияқты атақты би атанар еді. Ислам дінінің далаға орнығуының пайда-зиянына орай жаңа заманның талабымен Абай білімге ден қойып, араб, парсы, түркі тілдерін кітап арқылы үйренеді. Табандылығы мен бейімділігінің нәтижесінде өз бетімен араб, парсы тілдерін еркін меңгеріп, қасиетті біліммен сусындады. Молла мен қожалар туралы далада кең таралған «аңқау елге арамза молла» деген мақалға орай олар өздерінің жан дүниесінің пасықтығын әшкерелеуден қорқып, Абаймен кездесіп, сұхбаттасудан қашқақтап жүретін. Осы арада Абайдың ислам дініне қатынасын да айта кету лазым. Ол өзінің өлеңінде молдалардың арамзалығы мен ала аяктығын сынап, мұсылмандық жолымен күніне бес уақыт намаз оқуды мінейді. Осы арқылы барлық діни ғұрыпты ұстанатын, әсіресе, отыз күн рамазан айындағы ораза мен тәулігіне бес уақыт намаз оқуға қарсы келеді. Құнанбайдың семьясындағы діни пікірлер мен ғұрыптар, әкенің үстемдігінің күші — Абайдың ислам әдет-ғұрыптарының бүркеншік қасиеттерін сезінуге жол ашты. Абай отыз жасында барымтаны жойып, өзге рудың байлары мен туысқандық пен достыққа ұмтылған, жауларын сескентетін беделді қазақ атанады. Абай өзінің барлық қабілеті мен білімінің арқасында қазақтардың билік тартысы арасында басты тізгін ұстаушы болды. Абай өз отанының сом алтыны еді. Дауға да, партия таласында да әділ төрелік айтты. Абай он төрт жасынан бастап сықақ өлеңдер шығарды. Ол жастар арасында кең таралғанымен, оған онша мән бермеді. Негізінде дала атқамінерлерінін «ақын» деген атты иемденуден кашқаны әсер етсе керек. Қазақ сұлтандары өздерінің арасынан бақсы мен ақын шыкпағанын мақтанышпен айтатын. Кейін ақындык жолға түскен Абай қазақ ақындарын өнерді байдан мал қалап алуға жұмсағанын сынап; өлеңшісымақтардан өзін аулақ ұстады.

Акындары ақылсыз надан келіп, Көр жерді өлең қыпты жоқтан қармап, Қобыз бен домбыра алып топта зарлап, Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.


Міне, қазақтың суырыпсалма «ақынсымақтарына» берген бағасы. Егер 80-жылдары өлең туралы көзқарасын мүлдем өзгертпегенде, өзінің ұлы дарынын көрсете алмай дүние салған болар еді. Сол жылдары «Қазақтардың заңдық әдет-ғұрпы» туралы қырдан дерек жинап, кейін Маковецкий және Михаэлис мырзаның редакциясымен жарық көрген кітапшаға материал іздестіріп жүрген саяси жер аударылушы Гросс мырзамен танысты. Гросс пен Михаэлис екеуі де Абай ауылында қонақта болып, оны орыс әдебиетімен таныстырды. Солардың ыкпалымен Абай Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Толстой, Тургенев, Салтыков-Шедрин, Достоевский, Белинский, Добролюбов, Писаревтің творчествосымен танысты. Абай өзінің өмірінің соңғы сәтіне дейін Михаэлисті ерекше ілтипатпен еске алып, «Дүниеге көзімді ашқанға үлкен себепкер болған кісі — Михаэлис» деп өзінің оған борыштар екендігін білдіретін. Соңынан Абай Спенсердің «Тәжірибелерін», Льюистің «Позитивті философиясын», Дрепердің «Европаның ақыл ойының дамуын», Н. Г. Чернышевскийдің «Современник» кітаптарындағы мақалаларды оқыды және олардың тағдырымен жақсы таныс болды. Абай, әсіресе, Лермонтовтың шығармаларын сүйіп окыды және «Ой», «Қанжар», «Дұға» т. б. өлеңдерін ден қоя аударды. Абай қазаққа түсінікті әрі пайдалы деп санаған Крыловтың көптеген мысалдарын тәржімалады.

Жасымда ғылым бар деп ескермедім


Пайдасын көріп тұрып тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма, Қолымды мезгілінен кеш сермедім, Өткеннің орнын толтыру үшін Абай өз балаларын орыс мектептеріне оқытып, өзге қырғыздар сияқты шен-шекпенді емес, білімді уағыздады. Абай езінің балаларын окуға тәрбиелеу туралы былай деді. Адамның бір қызығы бала деген, Баланы оқытуды жек көрмедім. Баламды медресеге біл деп бердім, Қызмет кылсын, шен алсын деп бермедім. Екінші баласы Әбдірахман қалалық училищені бітіргеннен кейін Абай оны жылына бірнеше жүз сом қаржы шығара отырып Тюменьдегі реальды училищеге береді. Абай оқу үшін осынша көп ақша шығарған алғашқы қазақтың бірі. Әбдірахман Тюменьнің реальды училищесін тамамдаған соң Петербургтегі технологиялык институтка аттанады. Онда бір танысының (Лосевский мырзаның) кеңесімен Михайлов артиллерия училищесіне түседі. Өкінішке орай өз еліне қамқорлығы тиеді деп үміт еткен Әбдірахман Артиллерия академиясына баруға дайындалып жүрген кезінде, 1895 жылы өкпе ауруынан қайтыс болады. Орыс әдебиетімен танысу Абайға үлкен әсерін тигізіп, қазақтың ұсақ-түйегінен аулақ, оқу мен өлеңге берілген қазақ ақыны болды. Өкінішке қарай өлеңдерін жинамады. Абай айтқан әрбір сөз бен қағаз бетіне түскен өлеңін жастар іле жаттап алды. Әсіресе, Абайдың сатиралық өлеңдері қырғыз даласының түкпір-түкпірінен кездеседі. Абай өзінің туыстарына да сын көзбен карап, өз талантының тәсілін түсіндірді.
Абайдың өз шығармалары мен Пушкиннен, Лермонтовтан, Крыловтан жасаған аудармаларын ұлы Тұрағұл жинап, таяу арада императорлық Россияның Географиялық қоғамының Семей бөлімшесі басып шығарды. Өлеңдерінен көрініп тұрғандай Абай асқан поэтикалық қуаттың иесі, қазақ халқының мақтанышы болды. Абай сияқты халықтың рухани творчествосын осыншама жоғары көтерген қазақ ақыны әлі кездескен жоқ. Оның жылдың төрт мезгіліне арналған (көктем, жаз, күз, қыс) тамаша жырлары оны Европаның атақты ақындарының қатарына қосар еді.

28 СҰРАҚ: Әлкей Марғұлан "Абай қолжазбасы"


Абай — әлемдік әдебиеттен белгілі орын алған кемеңгер ойшыл, адам баласын шындыққа, игілік іске, еркіндікке шақырған ұлы ақын.
Абай мен Шоқанға тән жазу мұраларымен мен 1927 жылдан (студент кезімнен) таныса бастадым. Бұл кісілер орыс ғалымдарына көп заманнан белгілі болғандықтан, олар туралы қалайда бір із болу керек қой, деген сенім менде сол кездің өзінде-ақ болушы еді. Бұл жору кейін расқа шықты: Абай мен Шоқанға тиісті мәліметтер Москва мен Ленинградтағы, Омск мен Томск қалаларындағы атақты кітапханалардан, архив қоймаларынан көріне бастады. 1938 жылы Ленинградтағы Күншығыс халықтарын зерттеу институтының архивінен Абайдың інісі Халиуллаға жазған хаты табылды. Онымен бірге Абайдың әкесі Құнанбай мен ұстазы Ғабитханның да Халиуллаға жазған екі хаты шықты. Бұл хаттар 1865-1866 жылдары жазылған. Ол -Абайдың тіршілік майданына жаңа шығып жүрген жас ақын кезі болатын. Сондықтан бұл хаттарды жас Абайдың өмірі туралы қағаз бетіне түскен бірінші деректер деуге болады. Бұлар «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналының 1959 жылғы 6 номерінде жарияланды. Хаттардың қазіргі сақталып тұрған жері — Азия халықтарын зерттейтін институттың архиві (ф. 5 № 13, лл. 50-51). Халиулла — Омскінің кадет корпусында оқыған, Абайдың жақсы көрген інісі, Шоқан сияқты әрі ойшыл, әрі жазушы болған. Бірақ жастай өліп, артында оншалық із қалдырмаған. Абай орыс әдебиетінің терең сырларын, оның биік тұлғаларын ең алғаш осы Халиулла арқылы білген. Халиулла жазды күнгі демалысында елге келгенде халық жырларын жинау, орыс классиктерін казақ тіліне аударып, оны өзінің жақын достарына, туысқандарына әңгімелеп айтып беру ісімен шұғылданған. Халиулланы жақсы білген Н. Максимов, Г. Н. Потанин, Н. М. Ядринцевтің жазуынша, ол Толстойды, Тургеневті, Салтыков-Щедринді, Белинскийді, Добролюбовты тұңғыш рет қазақ тіліне аударған, халық эпосын жинап, зерттеуге көп еңбек сіңірген. Бір өкініштісі сол — Халиулла жастай дүниеден көшіп, оның қолжазбалары әркімнің қолында кеткен. Дегенмен Халиулланың қолжазбаларын, әсіресе оның орыс-түрік соғысына (1876-1878) қатысқанда жазған дәптерлерін тауып, көпшілік алдына тарту аса қажетті жұмыстың бірі болар еді. Абай қолжазба мұраларынан біздің әдебиетшілеріміздің жақсы білетіні — Мүрсейіттің қолжазбасы, не оның кейінгі көшірмелері. Мұны Абай өлеңінің толық қамтыған, аса бағалы, негізгі бұлақ көзі деуге болады. Бұл жинақтың тағы бір ерекшелігі — үлкен кітапханада сақталмай, ауылда, сандық ішінде сақталып келген. Сандық түбінде жатқан сирек колжазбалардың көбі бізге жетпей, көшпелі тұрмыс жағдайында жоғалып отырғаны зерттеуші ғалымдарға бұрыннан мәлім. Егер Мүрсейіт қолжазбасының тағдыры тап осындай болса, онда Абай ақынды жарыққа шығару тіпті қиын болар еді. Бірақ Абай ауылының өзгеше мәдениеттілігінен бұл тамаша қолжазба жоғалып кетпей, кітапханадағыдай сақталып, енді жас ұрпаққа сәулетті мұраның бірі болып отыр. Тегінде, Абай өлеңдері өзінің тірі күнінде қолжазба түрінде жинақталып, орыс ғалымдары арқылы, жоғарыда көрсетілгендей, үлкен кітапханаларға да түсе бастаған. Осы соңғы жылдар ішінде, Шоқанның әдебиет мұраларын зерттеу үстінде, Абай шығармаларының төрт тізбегін таптым. Олар: бірінші князь Кудашевтің тізбегі, екінші Садуақас Құсаұлының тізбегі, үшінші Г. Н. Потаниннің жинағы, төртінші — Н. Я. Коншинның жинағы. Бұлардың ішінде ең ертеректе жазылғаны — Г. Н. Потаниннің жинағы. Бұл 1884 жылы жазылған. Г. Н. Потаниннің өтініші бойынша бұл өлеңдер тобын Абай өз қолымен жазып жіберген. Конвертте: «Из Чингизской волости от А. К.» деген жазуы бар. Потанинге жіберген Абай өлеңдері көпшілікке тіпті мәлім емес, түгелдей жаңадан табылған өлеңдер. Сондай-ақ жинақтың ішінде үлкен поэма «Қозы Көрпеш — Баян қыз», «Жаңа закон», тағы басқалар бар. Мұнда халық эпосы, заң-жоралар туралы мәліметтер орасан көп. Онық көбі Күншығыс (қазақ, қалмақ, монгол, якут) тілдерінде. Өйткені көзі ашық, көкірегі саналы адамдардың Потанин сияқты өздері жанындай сүйетін кемеңгер кісіге жазбай қалғандары кемде-кем. Абай өлеңдерінің бірінші рет топталған қолжазба жинағын Садуақас тізбегі деуге болады. Тегінде, мұны бірінші рет тізген Жүсіп ақын Көпейұлы, ал Садуақас оларды өз дәптеріне содан көшіріп жазған. Жинақ 1884-1891 жылдар арасында тізілген. Абай шығармаларынан басқа да мұнда бірнеше ақынның жырлары жиналған. Оның ішінде қарауыл Арыстан, Тобылбай ақынның, Жүсіптің, Садуақастың өзінің, тағы басқалардың жазғандары бар. Садуақас осы дәптерін 1897 жылы Петербургқа барған сапарында Петербург университетінің профессоры, қазақ тілін, әдебиетін зерттеуші ғалым П. М. Мелиоранскийге сыйға тартқан. Қазір бұл дәптер Салтыков-Щедрин атындағы көпшілік кітапханасында, академик А. Н. Самойлович архивында сақтаулы тұр (ГПБ, ф. 671, № 94). Бір қызық жері, бұл дәптерде Абай өлеңдері барын П.М. Мелиоранский де, кейін А.Н. Самойлович те білмеген, егер білсе, олар әлдеқашан пайдаланып, әдебиет жүзінде сөз бола бастар еді. Садуақастың бұл дәптері қазақ қолжазбаларының ішіндегі маржандай тізілген көркемінің бірі. Садуақас орыс әдебиетін, Күншығыс халқының әдебиет дүниесін жақсы білген, мәдениетті кісі болғандықтан, Абай шығармаларына зор мән беріп, оны өз қолымен мүлтіксіз көшіріп, ғылыми кітапханаларға тапсыруы игілікті іс болған, Садуақастың бұлай істеуіне, әрине ертеде өткен Шоқан мен Г. Н. Потаниннің әсері себеп болуында сөз жоқ. Садуақастың осы дәптерінен бұлжытпай көшірген бір нұсқасын 1897 жылы В. А. Кудашев қазіргі мемлекеттік география қоғамының кітапханасына тапсырған. Ол осы күнге дейін сол қоғамның архивінде сақтаулы тұр. В. А. Кудашев. «Перевод киргизских песен и легенд» (Архив Госд. Геогр. общ. разряд № 53 оп. 1, № 107, лл. 50-85). Біз бұрынғы мақаламызда («Абайдың жаңадан табылған қолжазбалары», «Социалистік Қазақстан», 21 сентябрь 1954 ж., Вестник АН Каз ССР, 1955, № 5), Кудашев бұл өлеңдер тізбегін Абайдың өз ауылында, оның балаларынан жазып алған болу керек деп жорыған едік, қазір, Садуақастың жинағы табылғаннан кейін, ол ойдан қайтып отырмыз. Өйткені Садуақастың дәптері 1884-1891 жылдар арасында тізілген; екіншіден, Кудашевтың жинағы осы Садуақас дәптерінен көшірілгені басынан аяғына дейін айқын көрініп тұр. Бұл дәптердің жалпы құрылысын ешбір өзгертпестен, онда не болса соның баршасын тегіс көшірген. Сондықтан Кудашев тізбегіндсгі Абай өлеңдері жоғарыда келтірген Садуақас дәптеріндегімен бірдей. Семейге айдаумен келген орыс революционері Н. Я. Коншин — Абайды жақсы білген кісінің бірі. Ол Семейдің облыстық санақ комитетінде хатшы болып тұрғанда Абайды оған құрметті мүшелікке өткізіп, П. Е. Маковский екеуі Абайдан қазақтың бұрынғы билік заңдарын жора-жосындарын жазып алып отырған. Н. Коншиннің жинағында Абай шығармалары соншалық көп емес. Ол кісі көбінесе саяси-шаруашылық тұрмысқа ерекше көңіл қоятын болғандықтан, Абайдың тек қана азаматтық сарыны бар, мәдениетті, білімді, тұрмысты жырлаған өлеңдерін ғана жазып алған. Мәселен, бұл жинақта «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Секілді қара қарға шуласып жүр», деген Абай өлеңдері, бұдан басқа «Өткен замандағы қазақ хикаялары» дегендер бар. Бұл соңғы шығарма әлі жарыққа шықпаған, белгісіз жатқан соны нәрсе, барлығы 29 бет. Коншиннің жинағы 1898-1901 жылдары тізілген. Бұл жинақтың негізгі арқауы Абай, Шортанбай, Жаяу Мұса өлеңдерінен құрылған.
Абайдың көп шығармалары «Дала уалаяты» мен «Түркстан уалаяты» газеттерінің төңірегінде бүркеліп жүргені байқалады. Әдебиет зерттеушілердің біразы тек қолындағы барға мәз болып, тереңге үңіле зерттеуді қолға алмайды, бір айтқанын қайта-қайта айтып, жаңалық ашуға ұмтылмайды. Біздің осы мақалада келтіріп отырған Абайдың қолжазба мұралары аз қазына емес. Оларды зерттеп, соңына түссе, мәдениетімізге күрделі негіз болған бірнеше мәселені шешуге болады, оның ішінде, әсіресе Абай жырларының қай кезден тарай бастағанын, ол неше жинақпен қай жерде сақталғанын, тағы басқаларды анықтау қажет, Абай шығармаларының қазір басылып жүрген тексінде бірталай қателер, күмәнді жерлер бар. Оларды дұрыстап бір қалыпқа түсіру үшін, жоғарыда келтірген нұсқалардың көмегі болатыны сөзсіз. Екінші жағынан, Абайды зерттейтін жас ғалымдар үшін бұлар соны жатқан байтақ материалдар.
29 СҰРАҚ: Əбіш Жиреншин — əдебиетші-ғалым
Қазақ əдебиеттануының сан алуан өзекті де тың жатқан ғылыми мəселелерін зерттеушілер шоғырының алдыңғы қатарында əдебиетші Əбіш Жиреншин есімі ерекше құрметпен аталады. Оның ғылыми мұрасы бүгіндері де ұлттық əдебиеттануда үлкен маңызға ие болып табылады. Бұл ретте абайтану іліміндегі ғылыми-зерттеу мақалалары жəне де қазақ кітаптары тарихы сынды тың арнадағы зерттеуі Ə.Жиреншин ғылыми мұрасының маңызын айқындаумен қатар өзіндік даралығын да танытады.
Əдебиетшінің алғашқы ғылыми ізденістері ұлы ақын мұрасын зерттеудегі қадамынан басталады.«Қазақтың данышпан ақыны Абай туралы жаңа материалдар» («Екпінді», 1939, 9 қазан), «Абай мен Михаэлис» («Екпінді», 1940, 15 қазан), «Қазақ əдебиетінің классигі» (М.Əуезовпен бірге) («Социалистік Қазақстан», 1949, 24 шілде), «Абайдың əлеуметтік ойды дамытуы жəне Абай заманындағы қазақ поэзиясы» (кіт.: Абай Құнанбаев. Алматы, 1951), «Абайдың эстетикалық көзқарасы» («Қазақстан мұғалімі», 1954, 9 қырк.), «Произведения Абая на русском языке» («Казахстанская правда», 1954, 20 желт.), «Абай ұрпақтары жайлы» («Лениншіл жас», 1956, 14 қырк.), «Абай шығармаларының академиялық жинағы» («Қазақстан мұғалімі», 1955, 24 ақп.), «Абай шығармаларын тұңғыш бастырушы (Кəкітай Ысқақұлының қайтыс болғанына 50 жыл)» (Е.Жақыповпен бірге) («Қ.Ə», 1965, 19 ақп.), «Абайды алғаш еске алушылар» («Қ.Ə», 1971, 2 маус.) мақалалары, «Абай и его русские друзья» (1949), «Абай жəне орыстың ұлы революцияшыл демократтары» (1959) еңбектері əдебиетшінің абайтануға қосылған қомақты үлесін танытады. Бұл мақалалардың жарық көруімен ұлы ақын өмірі, шығармашылығына қатысты соны дереккөздері тыңнан қамтылып, құнды ғылыми тұжырымдар жасалды. Əсіресе ақын поэзиясы, текстологиясы, академиялық жинағын шығару жəне Абай шығармаларын бастырушы Кəкітай Ысқақұлына қатысты жазылған проблемалық мақалаларының абайтанудағы маңызы зор. Сондықтан да М.Əуезов ғалым еңбектерінің абайтанудағы құндылығын жоғары бағалаған болатын.
«Абайдың ақындық мектебі туралы нақтылы ғылыми-зерттеу нысанасына алып, арнаулы зерттеулер жүргізіп, молырақ пікір айтқан ғалымдар Қ.Мұхаметханов пен Ə.Жиреншин болатын», — деп жазады ғалым М.Мырзахметұлы. Бұл ретте əдебиетші еңбектерінде Абайдың ақын шəкірттері кеңінен қарастырылып, сөз зергерінің дəстүрлі ізбасарларының қатары Нұрлыбек, Мұқаметжан, Баймағамбет, Байкөкше, Төлеу, Ағашаяқ, Қиясбай, Көрпебай, Ырсалды есімдерімен толықтырылуы ғалым ізденісінің жаңашылдық сипатын көрсетеді.
Ғалым Абай шығармаларын жариялау ісіне де ерекше еңбек сіңірді. Əдебиетші құрастыруымен Абай Құнанбайұлының бір томдық толық шығармалар жинағы 1961 жылы жарық көрді. Ұлы ақын өмірбаянын, сөз соңы, түсініктерін жазған ғалым толық томда ақынның бұрыннан белгілі 167 өлеңіне жаңадан табылған 8 өлеңін тыңнан қамтиды. Аудармалары, қара сөздеріне түсініктеме берді. 165 кісі атына анықтама, 69 тарихи-хронологиялық көрсеткіш, абайтану еңбектерінің тізімі берілді. 232 алфавиттік көрсеткіш қамтылды. Мұның бəрі зерттеушінің абайтану іліміне қосқан үлесін айқын танытады əрі осы бағыттағы ғылыми ізденістерге нақты бағыт-бағдар беруімен де құнды.
Шынайы ғалымның ғылыми ізденістері соны да тың тақырыптарға батыл баруымен даралануы заңды. Соның ішінде, ғалым өзі атап көрсеткендей, «мəдениеттің ежелден келе жатқан өзекті тарауының бірі — кітап» [1; 4] десек, адамзат дамуының өркениет өріне ұмтылуындағы биік белесінде өшпес із қалдырған руханият əлемінің күретамыры кітап тарихын ұлттық кітап тарихын зерттеумен сабақтастырудағы кемел іс Ə.Жиреншин тарапынан алғаш рет қолға алынды.
30 СҰРАҚ: Герольд БЕЛЬГЕР. АБАЙ МЕН ГЕТЕ
Мен өзімді кейде Абайды түсініп-түйсінетін деңгейге жақындап жүргендей сезінемін. Бұл жерде мәселе әлбетте «мен» есімдігінде емес, «түсініп-түйсінетін» деген тіркесте болып отыр. Бәлкім, қателесуім, бірақ бұл сөзімде астамшылық нышаны жоқ. Әйтеуір маған солай көрінеді. Сірә, творчество атаулының қадір-қасиетін ақылмен танып, салқын санамен түсінуден гөрі, көңілмен ұғып, ыстық жүрекпен түйсіну әлдеқайда маңыздырақ болса керек. Шынында да, есі түзу адамның біраз нәрсені пайымдап, танып білуі әбден заңды. Бірақ соны күллі жан-дүниеңнің елегінен өткізіп барып қабылдау оп-оңай шаруа емес. Бұл да дарын іспеттес, яки шынайы махаббат секілді сирек ұшырасатын қабілет. Мұндай қабілет біреуде бар, біреуде жоқ екені белгілі. Ал жоққа жүйрік жетпейді. Бұл жөнінде Абайдың өзінен асырып айту қиын: Ақылмен ойлап білген сөз Бойыңа жұқпас, сырғанар. Ынталы жүрек сезген сөз Бар тамырды қуалар! Бұл ойдың сыбағалы салмағы «жүрек» деген сөзге түсіп тұр. Немістің ұлы ақыны Гете де осы Herz — жүрек деген сөзді әрқилы мағынада өте-мөте жиі қолданған. «Жүрек» — Абай творчествосында да көп айтылатын, ең сүйікті, әмбебап образдардың бірі. Мұның бәрі, әрине, кездейсоқ құбылыс емес. Демек ақыл-оймен болжап білген сөзден гөрі, жүректің өзіне жетіп жатқан сөз қымбат. Жүрекке жеткен ол сөздің аты — поэзия! Менің Абайды тануым Гетені түсінуден басталуға тиіс сықылды. Қаншама қазақша оқып, қазақ ауылында өстім дегенмен, неміс емеспін бе? Бірақ бәрі керісінше болып шықты. Мен әуелі Абай арқылы Гетені таптым. Бұл әншейін айтыла салған жылтырақ сөз емес. Басқасын былай қойғанда, Гетенің әйгілі «Жолаушының түнгі жыры» атты өлеңін мен әуелі Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып» деген өлеңін оқып барып, Лермонтовтың «Тау шыңдары» арқылы бойыма сіңіріппін.
Менің тағы бір таң қалатын нәрсем — біздің беделді де білімдар әдебиет зерттеушілеріміздің осы кезге дейін «Абай мен Гете» тақырыбына назар аудармауы. Қателеспесем, бұл тақырып зерттелмек түгілі, тіпті әлі күнге дейін баспа бетінде әңгіме болған емес. Ұлы адамдардың, оның ішінде әр халықтың дана ақындарының арасында рухани жақындықтың, рухани тамырластықтың тіпті туысқандықтың бары анық болса, сол жақындық, сол туыстық Гете мен Абай творчествосында айрықша айқын білінеді. Әр түрлі тарихи-географиялық ортада, әр түрлі қоғамдық формация мен тарихи кездерде, тіл мен әдеби дәстүрі бір-бірінен мүлдем алшақ жағдайда өмір сүргендеріне қарамастан, Гете мен Абай тағдырында, дүниетанымдарында, ізденістерінде, адамгершілік ынта-талабында, ұлттық мәдениетті дамытып, ұлттық сана сезімді ояту бағытындағы ересен еңбектерінде үндес, сарындас әуендер жиі кездеседі. Екі ұлы ақынның творчестволық үндестігі мені сонау студент кезімнен қызықтырып, толғандырып жүр. Сол үндестіктің философиялық, эстетикалық, тарихи-қоғамдық заңдылығы мен астары бар екенін көмескілеу болса да сеземін. Гетенің «Жолаушының түнгі жыры» негізінде туындаған Лермонтовтың «Тау шыңдары» мен Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып» өлеңдерініц үндес әуендерін мен кезінде біраз зерттеп, ол жайында үлкенді-кішілі мақала, эссе, әңгіме жазғанмын. Зерттеу барысында жұрттың бәріне мәлім небәрі сегіз жолдық миниатюраның түп-тамыры көне грек ақыны Алкманға барып тірелетініне көзім жетті. Осы бір ғана қызықты деректің төңірегіндегі ойларым мен топшылауымды бірер жыл бұрын шыққан «Үндестік» (орысшасы «Созвучие») атты кітапшамда білдірген болатынмын. Бұл арада, бірақ мен «Жолаушының түнгі жыры» жайында емес, мүмкіндігімше Гете мен Абай творчествосындағы үндестіктің әрқилылығы, поэтикалық рухтың сарындастығы жайында әңгіме қозғамақпын. Гететанушы да, Абайтанушы да емес екенімді, әрине жақсы түсінемін, бірақ Абай атамыздың «Болмасаң да ұқсап бақ» деген қағидасы кейде нар тәуекелге итермелемей ме?..
Абай мен Гете. Мәселені дәл осылай төтелеп қою жөн бе? Екі ақынды қатарластыра атауда ең алдымен қандай қисын бар? Мұның өзі зорлап қиюластырған субъективті пікірге ұқсамай ма? Немістер айтпақшы, «шашынан сүйреп шығарудың» өзі емес пе? Иә, осындай сұрақтардың туындайтыны даусыз. Әрине екеуі де — ұлы ақын. Ұлттық данагөйлер. Бірақ екеуін қатар қойып зерттеу үшін мұндай оңай анықтама жеткілікті болар ма екен? Әлбетте, біз білетін қазіргі модерншіл әдебиетте уақыт пен кеңістік фантастикалық заңдылыққа сәйкес оп-оңай орын ауыстырып, алмасып жүре бермекші. Тіпті әдебиеттану ғылымында осындай ұғымды білдіретін термин де — диахрония — ойлап табылған. Мысалы, Анна Зегерстің «Жол үстіндегі кездесу» атты новелласында автордың қалауымен әр заманда өмір кешкен Гоголь, Гофман, Кафка үшеуі Прага кафесінде бас қосып, сұқбат құрып отырады. Әрине, мұның бәрі көркемдік тәсіл екені белгілі. Сол сияқты, егер көркемдік қиялдың күшімен Гете мен Абайды бір дастарқан басында кездестірер болса, бұлардың бір-біріне айтары аз уақыттың ішінде таусылып бітпес еді деп ойлаймын. Зегерстің новелласында суреттелетін үш мықтыға қарағанда, неміс ақыны мен қазақ ақынын туыстыратын ұқсас жайларды, бәлкім, көбірек ұшырастырар ма едік… Бірақ біз бұл арада қиял жетегінде кетпей-ақ, реализм әдісін мықтап ұстансақ та, дүниетаным үндестігі, поэзия міндеттерін ұғыну, музалардың өзара тілдесуі төңірегінен де талай қызықты құбылыстарды аңғаратынымыз ақиқат. Иоганн Вольфганг Гете атын атағаннан-ақ алуан сырлы атаулар тізбегі, сол заманды марапаттап айқындайтын символдық белгілер көкірегіңізде ояна кетеді. «Ұлы неміс». «Таңғажайып талант». (Ф. Энгельс). Алып ойшыл. Адам баласы көркемдік ойының асқар тауы. Неміс романтиктері. Неміс философтары. Гегель. Кант. Шиллер. «Фауст». Ақыл-ойдың соңғы байлауындай естілетін: «Кім табандап күн құрғатпай күрессе, бақытты еркін өмір соның сыбағасы болмақ». Сонсоң: құдыретті Гете көзі тірісінің өзінде бүкіл Европа елдеріне танылып, көзі тірісінде талай томдық кітаптары дүркін-дүркін басылып шыққан. Абай атын айтсақ, әлгіндей асқақ ассоциативті заман сипаттары сырт көзге әлдеқайда жұпынылау, қораштау болып шығар еді. Үйреншікті сыртекі ұғыммен қарасақ, сол баяғы ұшы-қиырсыз сары дала… ат тұяғының дүбірі… домбыраның тыңқылы… рулық таластар… барымта… халықтың ән-күйлері… аузымен орақ орған шешендер… патриархалдық қоғам… т.т. елестер еді. Даланың қырыққа жаңа келген ұлы ақыны: «Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман» деп, немесе: «Мұңдасарға кісі жоқ, сөзді ұғарлық» деп текке күрсінбеген ғой. Осындай ақынның кітабы өзі өлген соң бес жылдан кейін ғана баспадан шығыпты. Сонымен екі ақын өмір сүрген уақыт басқа, заман басқа, заң басқа. Тарихи тәжірибе, әлеуметтік орта, өсу-өркендеу сатысы – бәрі бір-біріне ұқсамайды. Абырой-атақ қызығына қарық болып, Гете қартайып қайтыс болғанда, Абай дүниеге әлі келген жоқ еді. Гетенің қазақ даласындағы замандастары — хан алдында қасқайып шындық сөзді айта білген Бұқар жырау, Құлеке ұлы Шал ақын еді. Шортанбай, Дулат, Махамбет жас жағынан Гетеден көп кіші болды.
Ал Абай Гетені оқып білген бе? Абай өлеңдерінен, қарасөздерінен Гетенің атын кездестірмейміз. Замандастары айтқан азды-көпті естеліктерде де ондай деректер жоқ. Бірақ Абайдың Гетені білгенін анықтайтын қосалқы мәліметтер аз емес. Солардың кейбіреулерін еске салайық. Абайдың Пушкинді, Лермонтовты, Гогольді, Тургеневті, Л.Толстойды, Салтыков-Щедринді, Белинскийді, Чернышевскийді, Добролюбовты, Писаревті қадағалап, іждаһатты оқығаны мәлім. Ал олардың еңбектерінде ұлы неміс ақынының аты жиі айтылады. Олар Гетені уағыздаған, аударған, талдап-талқылаған, мадақтаған, не керісінше айтысып, әшкерелеген. Мұның бәрін Абай байқамады деу мүмкін емес.
Абай ғылымның әр саласынан хабардар болып, тарихты, философияны, экономиканы зерттеп оқыған. Платон, Спенсер, Спиноза еңбектерімен танысқан. Америка саяхатшысы Джордж Кеннан Абайдың тіпті Д.Милль, Г. Бокль, Дж. В. Дрэпер еңбектерімен танысып, батыс Европа философиясына ынта қойғанын жазыпты. Дрэпердің «Европадағы қоғамдық ой-сананың даму тарихын» оқыған Абай Гетеден хабарсыз болды деу ақылға сыймайтын сияқты.
Гетенің шешесі Катарина Элизабет Текстор, замандастарының айтуына қарағанда, аса мейірімді, ақкөңіл кісі екен. Оның үлкен ұлы Гетеге ақындық талант анасынан дарыған деп біледі. Гетенің «Қайран шешем» аталатын өлеңі ананы қадір тұтып, өле-өлгенше сыйлап өтудің өнегесін танытады. Абайдың шешесі Ұлжан да айналасына қадірі өткен, парасатты, орнықты адам болған. Шынжыр балақ, шұбар төс Құнанбайдың өзі осы бәйбішесінің қабағына қарап отырған. Ұлжан өзінің сүйікті ұлы Абайдан бар мейірім-шапағатын аяп қалмаса керек. Абай кейініректе: Атадан алтау, Анадан төртеу- Жалғыздық көрер жерім жоқ,- деп жазса, ақынның өстіп жалғыздық көрмеуіне септігін тигізген ең жақын адамының бірі — анасы Ұлжан болса керек. Гете жоқшылық көрмей, жасында қамсыз-мұңсыз өскен. Тіпті кейініректе зор байлыққа, зор мансапқа да қолы жеткен. Байлық пен мансапқа немқұрайды қараған адам болғанмен, тұрмыс тапшылығынан бойын аулақ ұстап жүрген. Абай да жоқшылық көрмей, жасында қамсыз-мұңсыз өскен. Далалық өлшеммен қарағанда, алдында — мал, үстінде — ақ отау, дастарқаны молшылық еді. Бірақ ол айналасындағы елдің кедейшілік, кембағалдық тұрмысына жаны ашып, солардың сойылын соғып, сөзін сөйлеуді өмірлік мұратына айналдырды.
Франкфурт қаласының империялық кеңесшісі өз ұлы Иоганды 1772 жылы көктемде Ветцлерге окуға аттандырғанда, әрине ақын болып қайту үшін жіберген жоқ еді. Әкесі Гетені болашақта заң қызметіндегі төре болады деп ұміт етеді. Дала билеушісі Құнанбай да баласын ақындық жолға дайындаған жоқ. Ол Абайды рулық дәстүрлерді жетік білетін ел билеушісі, өзінің адал мұрагері болады деп есептеді. Ол Абайды Семейдегі діни медресеге оқуға аттандырғанда, ислам заңдарын үйреніп қайтқан баласын кейін қалың бұқараны басқару ісінде қолғанат, көмекші болады деп ойлады. Ветцлерге оқуға барған жас Гетенің империя заңдарын оқып үйренуге құлқы болмай, әрқилы ақындар творчествосын зерттеуге кіріседі. Семейге оқуға барған жас Абай діни оқуға құмбыл кірісіп кетудің орнына, молдалардан жасырынып жүріп, орыс тілін, орыс жазуын үйренеді. Шығыс ақындары творчествосын зерттеуге кіріседі. Гете Ветцлерде көп аялдаған жоқ. Абай Семейде үш-ақ жыл оқиды. Гетенің бүкіл өмірі ауыр еңбекке, күреске, рухани ізденіске бағышталған еді. Абайдың да бүкіл өмірі ауыр еңбекке, арпалысқа, рухани ізденіске толы болды. Дала билеушісінің ұлы жасынан арзан қызық, оңай атақ іздеп көрген жоқ. Қырыққа келген ақынның көкірегі уайымға тұнып тұр. Мыңмен жалғыз алысқан дананың өмірі трагедияға кенде емес.
Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да, Алдамаған кім қалды тірі жанда, - дейді Абай. Ағайыны көп, руласы жеткілікті, өзі Құнанбай баласы бола тұрып: Ағайын бек көп, Айтамын ептеп, Сөзімді ұғар елім жоқ, - дейді Абай. Ал неміс ақыны Гете өзінің хатшысы Эккерманға бірде былай дейді: «Мені жұрт жолы болғыштың өзі болды деп ойлайды. Әрине менің тағдырға, өмірге өкпем жоқ. Бірақ мен өмір бойы ауыр бейнеттен арылмай келемін, тіпті осы жетпіс бес жыл ішінде бір ай жан рақатын көрмеппін. Қаншама күш жұмсап бақсам да, ауыр жартасты орнынан қозғай алмаппын». Баяғы жартас — бір жартас, Қаңқ етер, түкті байқамас! - деген Абай сөзімен үндесе айтылған пікір емес пе бұл? Гете болса: Біреуге ұнау үшін жыр жазбаймын, Өнеге іздеп тапсаң болғаны тек! - (сөзбе-сөз аударма) деп өзінің творчестволық кредосын ашады. Абай болса: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ-барды, ертегіні термек үшін. Көкірегі сезімді, тілі орамды Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,- деп алдына ізгі мұрат қояды. Бірақ Гете мен Абай өздері өмір сүрген ортадан баян таппай, сергелдеңге түседі.

31 СҰРАҚ: Ұлттық әдебиеттануда қажырлы еңбек еткен әдебиетші Е.Ысмайыловтың абайтанудағы ғылыми зерттеулері ұлы ақын шығармашылығын әдеби-теориялық тұрғыдан саралауымен құнды. М.Әуезовтің жауапты редакторлығымен жарық көрген «Әдебиет теориясының мәселелері» (1940) кітабының «Әдебиет мектебі» тарауы Абайдың ақындық мектебіне негізделіп жазылса, сөз зергерінің мұрасынан 1940 жылы жарық көрген тұңғыш библиографиялық көрсеткіш ғалым ыждахатының (Қ.Бекхожинмен бірге) жемісі. Ал «Абайдың поэтикасы» (З.Шашкинмен бірге жазылған) («Әдебиет майданы».1934.№11-12), «Абайдың өлең өрнектері» («Социалды Қазақстан». 1934.30.12), «Кемеңгер Абай» («Әдебиет және искусство».1940.№9), «Қазақ халқының кемеңгер ақыны» («Коммунист».1940.15.10), «Абай өлеңдерінің сұлулық әуезділік ерекшеліктері» («Социалистік Қазақстан».1945.14.08), «Абайдың этикалық көзқарасы» («Қазақстан мұғалімі».1954.9.09), «Абайды зерттеу жайынан» (1959) т.б. ғылыми мақалаларында абайтанудағы маңызды мәселелер қамтылды.



32. «Абайдың шығармалары мен өмірін зерттеу дегеніміз - қазақ әдебиеті тарихының негізгі, келелі мәселелерін зерттеп, анықтау деген сөз» деп білген ғалымның Абайдың классикалық мұрасын, ақындық дәстүрін эстетикалық зерде биігінен қарастырудағы алғашқы қадамы «Абайдың поэтикасы» (З.Шашкинмен бірге жазылған) («Әдебиет майданы». 1934. №11-12) мақаласынан бастау алады. «Өлең өрнектері», «Абайдың кейіптеу заңы», «Дауыс ырғағы» аталатын үш бөлімнен тұратын мақалада қазақ өлеңіндегі дәстүрлі қара өлең мен жырға Абай өлең өрнегінің он алты жаңа түрін енгізгені талданды. Абайдың поэтикалық әлемін айшықтаған зерттеушілер ақын шығармашылығын пролеткультшілдік тұрпайы сын ызғарынан аршып алуды әрі шын шеберлік қарымын ұштаудағы эстетикалық қуатын айқындауды мақсат етіп алды. Ғалымның «Абай қазақ поэзиясының сөзсіз бір биік асқар белі. Қазақ поэзиясын тұйықтан шығарып, шын мәнінде поэзияның есігін ашты», «Абай сияқты классик, мастер, шебер, шешен, ұста ақын өз дәуірін қалай суреттеді, қалай көрсетті, соны көрсетуде тілді қала жұмсады, қалай пайдаланды, міне осы жағынан үйреніп, дәуірімізді, отанымызды осылай суреттей білу керек» деген тұжырымы соны айқындайды. Тұрпайы социологизм дендеп тұрған сол кездегі қоғамдық ағыстың бірыңғай саяси ағымына таза шырмалып қалмаған әдебиетші «Қазақ поэзиясының тарихы» (ХІХ-ХХ ғасыр әдебиеті туралы) («Қазақ әдебиеті». 1936. 27.06) проблемалық мақаласында ұлттық сөз өнерін Абай дәстүрінде жаңа поэтикалық биікке шығарған ақындар шығармашылығын зерделеуге көркемдік даму үрдісіндегі тарихи сабақтастық тұрғысынан үңіле білді. Маркстік-лениндік әдіснаманың қасаң танымында «ұлтшылдық», «байшылдық» тұрғыдан мансұқталып, әсіре саяси қырағылықпен қараланып жүрген Абай ізбасары Шәкәрім Құдайбердіұлын «либерал-феодал» ақын деп таптық сипатта қарастырғанымен, «шын поэзияның үлкен шебері» деген сана биігінде бағалады. «Қазақ поэзиясын тіл жағынан, жаңа образдар жағынан байытқан» Шәкәрім романтизм сарынымен бірнеше поэмалар жазғанын екшей келіп, Пушкиннің «Дубровский» т.б. шығармаларын өлеңмен аударғанын баса көрсетеді. Әдебиетшінің аталған мақаласын «Жаңа әдебиетіміз туғанға дейін бізде түк болмады деп әдебиет тарихында крес қоятын адамдарға жауап осындай» деп ғылыми принциптілікпен түйіндеуінің астарында көркемдік дамудағы дәстүр ұласуының әдеби-тарихи негіздерін айқындау мұраты болғаны анық.
Есмағанбет Ысмайылов «Кемеңгер Абай» мақаласында («Әдебиет және искусство».1940.№9) Абайдың ақын шәкірттері қатарындағы Ақылбай, Мағауия, Көкбай есімдерімен бірге Әубәкір, Кәкітай, Нарманбет, Әбсалық және «немере інісі» деген астарлы оймен Шәкәрім ақынды атайды. Көркемдік дамудағы дәстүр және жалғастық мәселесіне терең бойлап, поэтикалық арнадағы Абай өрісінің тегеурінді ықпалын «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің бет алысы, реалистік жолы, өлең формалары, эстетикалық критерийлері Абай бастаған ұлы мәдениеттік жолды меңгеру, творчестволық практикада толық пайдалану болып табылады. Абайдың Ақылбай, Мағауия, Кәкітай, Әубәкір деген балалары, немере інілері Нарманбет, Әбсалық, Көкбай, Әріп сияқты ірі ақындар Абайдың тура шәкірттері болады. Абайдан ақындық өнер, тәрбие, білім ала отырып, өлең жазады» деп зерделейді.
Абай дәстүрінің қазақ әдебиетінде орнығуы, тамырын тереңге жая отырып жаңашылдық рухта жалғастығын табуы әдеби үрдіс табиғатымен және сол үрдістің өркендеуіне өрісті шығармашылық ықпал еткен ақындық мектеп өкілдерінің өрен өнерпаздығымен сабақтас құбылыс. Бұған қатысты М.Әуезов «Абай ақындығының айналасы» зерттеуінде «...Ақылбай, Мағауия романтикалы поэмаларды жазғыштайды, ана екеуі өзге үлгінің соңына түседі. Ақылбай «Дағыстан», «Зұлыс» деген поэмалармен Байрон, Пушкин үлгісін (олардың Шығыс поэмалары, түстік поэмалары аталған романтик поэмаларының үлгісін) тұтынады. Мағауия да «Қасым» деген поэмада осы үлгімен бастап, аяғы қазақ тұрмысынан алынған тарихи жыр (Абылай жыры) немесе салт жыры «Еңлік - Кебек» жайын жазады. Көкбай Абайдың өзі әңгіме қып тақырыбын таратып берген желі бойынша Абылай мен Қасым балаларының жәйін жыр етеді. Бұлардан көрі өзгешерек жол іздейді, қазақ тарихынан салт жырының тақырыбын таңдаған Шәкәрім Қалқаман, Мамыр, Еңлік, Кебектерді жазады» деп байыптаса, Е.Ысмайылов осы пікірді негізге алып, дамыта түседі. «Ақылбай, Мағауиялар Батыстағы романтизмнің сарынымен Кавказды, Зұлысты, Африканы, идеальный махабатты поэма қып жазды, Көкбай Шығыс әдебиетінің үлгісімен пайғамбарды, қазақтың өткен батырларын, Абылайды поэма қып жазады. Әріп қазақтың өз ішінің ойын - сауық, әдет - ғұрпын өлең - бәйіт қылып шығарды. Бұл жөнінде Абайдың мынадай айтқан бір ауыз өлеңін келтірейік:
«Хат жаздым әзірет Әлі айдаһарсыз,
Бізде жоқ сары иек, сары ала қыз»
Кәрілікті жамандап, өлім тілеп,
Болсын деген сөзім жоқ жігіт арсыз». Әзірет Әлимен байланысты Көкбайды, сары ала қызбен байланысты Әріпті, кәрілікті жамандаған Шәкәрімді Абай өзінші үлкен кекесін сынға алады. Олардың өз жолын созып, тереңдетіп алып кете алмағанына ренжиді». Ғалым аталған ақындардың көркемдік ізденістеріне тән негізгі эстетикалық бағыт - бағдарды, тақырыптық арнаны М.Әуезов негіздеген ғылыми жүйеде зерделейді.
Абай поэзиясының қуатты арнасы - романтизм. «...Оның поэзиясының бір күшті арнасы осында. Өйткені бұл шығармаларының құдіреті мен қуаты тас бұзып, тау шайқайды» (Ә.Қоңыратбаев). Осы тұрғыдан алғанда Абай шығармашылығындағы романтизм дәстүр жалғастығына орай ақын шәкірттерінің поэмаларында әсем үйлесім мен жарасым тапты. Бұл ретте Е.Ысмайылов романтизм әдісінің табиғатын және де оның қазақ поэзиясындағы классикалық үлгідегі көрінісі мен шығармашылық игерілу үрдісін әдеби-теориялық талдау барысында Абай шәкірттерінің көркемдік ізденістерінің жемісі деп қарастырады. Бұған қатысты «Қазақ әдебиетінде романтизм толық метод болып орын теппегенмен, бірнеше жазушылардың шығармасында Лермонтовтың, Байронның романтикалық мотивтері айқын көрініп отырады. Абай шәкірттерінің бірқатары және Шәңгерей ақын Батыс пен Шығыс романтизмін өзінің шығармаларын толық кіргізді. Шығыс әдебиетінің романтизмінің ең жоғарғы үлгісі болған Низамидің «Ләйлі-Мәжнүні» қазақ әдебиетіне аударылып кірді. Абайдың баласы Ақылбайдың жазған «Зұлыс», «Дағыстан» деген поэмасы толық романтикалық шығарма» деген сындарлы пікір білдіреді.
Е.Ысмайылов Абай дәстүрін тек ақындық мектеп тұрғысынан ғана емес, тұтас әдеби даму үрдісі сияқты маңызды мәселемен тығыз сабақтастықта алады. Атап айтқанда, ХХ ғасыр басындағы әдебиеттің реалистік сипаты, эстетикалық мұраты, формалық ізденісі Абай поэзиясының поэтикалық қуатындағы ақындық мәдениетті шығармашылық меңгеру, пайдаланудан өрістеген соны ықпалы екенін терең байыптайды. «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» (1941) еңбегінде «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті, негізінде, Абай бастаған реалистік жолмен творчестволық жағынан да дамып отарды. Абай салған ұлы поэзиялық традиция ХХ ғасыр әдебиетінде кең өрістеп шығады...Абайдың ақындық жолы ХХ ғасыр әдебиетіндегі ең даңғыл, ең айқын жол болып отырады» деп әдеби өркендеудегі дәстүр табиғатын тарихи сабақтастықпен тығыз бірлікте алып, оның мән - маңызын айқындауда сындарлы тұжырым жасайды.
Абайдың асыл туындыларының ағыс-толқындарын, астар-қабаттарын, түпсіз тереңдігін жарқырата ашу, шебер сөйлету, дәлелдеп көрсету – қиынның қиыны екені анық. Солай болса да, қазақ өлеңінің құрылыс-жүйесін, құдірет-қуатын, Абай поэзиясының орыс классиктерімен ұқсастығын қажырлықпен тексерген, Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясының жазылу тарихын зерделеген және «Қазақ өлеңінің құрылысы» (1965), «Өлең сөздің теориясы» (1973) тәрізді күрделі еңбектер жазған академик Зәки Ахметовтың «Абайдың ақындық әлемі» атты зерттеуі ұлы Абайдың сұңғыла суреткерлігін, асқан ойшылдығын, нәзік сыршылдығын біліктілікпен, білгірлікпен парасаттайды.
Ұлттық поэтиканың, стилистиканың, риториканың майталман зерттеушісі Зәки Ахметов өз еңбегінде Абай шығармаларының адамзаттың рухани-көркемдік тәжірибелерімен, әрі болашақ замана белестерімен дәнекерлікте байланыстырады. Және де әрбір туындының сұлулық табиғатын басқа шығармалармен сабақтастыра, жалғастыра, тұтастықта қарастырып отырады. Яғни тарихи принципті мықтап ұстанады.
Академик Зәки Ахметов Абайдың лирикалық поэзиясының ерекшеліктеріне көркемдік-эстетикалық ойдың айрықша өткірлігін, қуатты, күйлі сымбатты құйылатынын, сезімнің барынша нәзіктігін, оттылығын жатқызады. Сондай-ақ Абай поэзиясының лирикалық кейіпкерінің болмысына, тұлға-тұрпатына, ішкі жан дүниесіне, толғаныс-тебіреністеріне, күйініш-сүйініштеріне зер салып, «сол арқылы бүкіл бір ортаны, қоғамды, заманды сипаттап беретіні» жөнінде ой өрбітеді.
Зерделі зерттеуші «Келдік талай жерге енді», «Жүрегім, нені сезесің», «Жүрегім, ойбай, соқпа енді», «Жүрегім соқпа, кел тоқта», «Не іздейсің, көңілім, не іздейсің?», «Ем таба алмай», «Тайға міндік», «Жастықтың оты жалындап», «Жүрегім менің қырық жамау» сияқты сыршыл лирикасының нәзік реңк толқындарын, нақыш-кестелерін, сезім сәулелерін есілте, төгілте жеткізеді. Өз сөзімен айтқанда, «соққан желдей заманның» еркіне көнбейтін қайсар мінезді, өткір тілді текті тұлғаның поэзиясына тұнып тұрған қасиетті ой, мөлдір сезім, мінсіз таза ақыл тән. Ол ғайыпты болжаған, тұңғиықтан сыр тартқан, сұлулықтың сиқырын сезінген көреген абыз іспетті.
Осынау ірі, кесек зерттеуде Абайдың аударма саласындағы үздік өнеріне, сөз таңдау, сөз саптау шеберлігіне, көркемдік ойлау жүйесінің тегеурін-қуатына барынша терең талдау жасайды. Абайдың орыстың классик ақындары Пушкин мен Лермонтовпен иық теңестіріп тұратындығы әрі олардың шығармаларымен бәсекелес, рухтас, тамырлас екендігін, олардың жырларын қазақы әуенмен келістіріп сипаттағанда ерекше еркіндікпен, ұлттық рухани болмысына, эстетикалық қабылдау, дүниетаным ерекшеліктеріне, психикалық табиғатына үйлестіре аударатындығын келісті әңгімелейді. Қыруар салыстыруларды жүйе-жүйесімен келтіреді. Абай Лермонтовты ықыласпен аударғанының себебін ол « ерекше ызаның ақыны, махаббаты ашумен уланған ақын» деп өте-мөте бүйрегі бұрылып, ынтасы ауып, жүрегі қалап жақын тұтқанын зерделілікпен таразылап түсіндіреді.
Абай аударған Лермонтовтың «Ой» деген өлеңі жайында «Дүние, өмір жайлы тынымсыз ойға батып, бәрін сынап, ақылменен саралап, асқақ қиялға, үміт пен арманға, әбден берілген күйі де, жазықсыз жапа шеккен, ауыр бейнет тартқан, көптің атынан айтқан азулы күштілерге айтқан қатты наразылығы да – бәрі де осы өлеңнен молынан сезіледі» - деп жазғанында терең тамырластықты, еркіндестікті, сарындастықты аңғарған.
Академик Зәки Ахметов Абайдың әдеби мысал жанрын өрелілікпен өркендеткеніне көркемдік шарттылықты шебер ұйымдастыруына, тұспалдап айту тәсіліне, белгілі бір сюжетті, алуан-алуан тұспал-бейнелерді, алыстан орағытып, қиюластырып жеткізу, сөйтіп ғибратты ойлар ұсынғанына, қоғам өмірі, адам баласының ішкі-дүниесін қалтқысыз ашып көрсеткеніне білім-білігін жұмсайды. Нағыз поэзияның жаны – нәзіктік, құштарлық, сезімталдық, ынтықтық, ұшқыр қиял және адамзат тарихына екшелген, қорытындыланған, жинақталған көркемдік тәжірибелерді асқан ұсталықпен меңгеру, «шабыттың қуатымен тебіреніп еркін сөйлеу, жан-тәнімен сезінген жүрекжарды ой толғамын ортаға салу». Ол жалпы халықтық сөйлеу тілін, байырғы ақын-жыраулар тілін, ұлтының ақындық өнерінің асылдарын бойына жинап, көкірегіне тоқып, қазақ өлеңінің жадағай қыстырма сөздерден, қайталаулардан жауһардай мөлдіретіп, гауһардай құлпыртып, қазақ әдеби тілінің атасы болды. Әр сөздің өмірбаянын жаңалықты мағыналармен толықтырып жетілдірді. Сондай-ақ қазақ өлеңінің ұйқастық, ырғақтық, буындық, бунақтық, тармақтық, шумақтық, интонациялық кестесін бұрын-соңды болмаған өзгерістермен кемелдендіреді. Міне, осы жәйттар аталмыш монографияның «Тіл бейнелілігі», «Өлең өрнектері» бөлімдерінде нақтылы түрде сөз болады. Автор қара сөздердің жанрлық табиғатына ой жіберіп, кейде шешен сөзге, кейде әңгіме-сұхбатқа, бірде діни трактатқа немесе Мұхтар Әуезов пікіріне сүйеніп, сыншылдық, ойшылдық сыр сипаты басым өсиет-толғауға жатқызады.
Қорыта айтқанда, академик Зәки Ахметов ұлы Абайдың ақындық даналығы мен даралығын сонау 1949 жылдан бері қажырлылықпен шұғылданып, зерттеген-ді. Ұлттық поэзия табиғатын, оның ереже-қисындарын, қағидаларын және тарихын жетік, зерек түсінген әрі білім-ғылыммен мұздай қаруланған З.Ахметовтың «Абайдың ақындық әлемі» дейтін күрделі монографиясын ойлы, мағыналы қорытындылармен, сөз сұлулығы жайлы әсем талдаулармен ерекшеленетін абайтану ілімі тарихындағы елеулі еңбек
33 Сұрақ:
1. 1905 жылғы революциядан кейін-ақ Ресей қол астындағы отарланған шет аймақтарда ұлттық сана оянып, жаңадан баспасөз орындары пайда болып, көбейе түсті. Осы тұста қазақ азаматтары да қозғалып, қоғамдық ой-санаға қозғау салған газет-журналдар сала бастады. Соның бірі-“Қазақ” газеті болатын. ХХ ғасыр басындағы қазақ қоғамының ой-санасында ояну дәуірінің басты сарыны “Қазақ” газетінде көрініс беріп жатты. Абайдың әдеби мұрасын таныту, бағалау, наисхаттау жайы да сол кезеңнің саяси-әлеуметтік болмысына сай қазақ қоғамның отаршылдық саясатқа қарсылығынан туындап отырған ұлттық сезім мен ұлттық сананың сарыны тұрғысынан жүргізіледі.Қазақ әдебиетінің ұлы классигі Абайдың қайтыс болуына он жыл толуына орай “Айқап”, “Қазақ” баспасөз беттерінде қазақ әдеби сынының нышаны белгі бере бастады.
Жандана бастаған әдеби сын, әсіресе, Абайдың әдеби мұрасының асыл мұраттарын, ақындық өнер жолын танып бағалау, таныту, насихаттау жолындағы әрекет қанат жая бастады. Осы мәселені қолға алып сөз етуде Ахмет Байтұрсынов пен міржақып Дулатов, Нәзір Төреқұлов т.б. Абай шығармаларының әлеуметтік, халықтық бетін негізгі идеялық бағдарын жұртшылыққа өздері ұстанған ұлттық ояну сарыны тұрғысынан танып, бағалауға жол алды.
А. Байтұрсынов ә дегеннен-ақ Абайды оқу үстіндегі өз тәжірибесіне өзіндік түйсіну сезіміне сүйене отырып аңғартқан бір пікірі – ақын сөзін оқырман атаулының бірден ала алмайтын, тереңдеп бойлап ене бермейтін ерекшелікті ескертуінде жатыр.
2. М. Дулатов “Қазақта” жарияланған “Абай”, “Дауқұмар” мақаласында айтарлықтай мәні 2. бар келелі мәселені көтере білді. Абай мұрасын халықтың тарихи жадының көрінісі деп ұғынды.
“Қазақтағылар” Абайдың қайтыс болуына он жыл толуына орай ұлы ақын мұрасын танып-білу, насихаттау жолында қоғамдық ойды алғаш рет саналы түрде бағыттаған ұйымдасу орталығына айналғаны байқалады. Түрлі әдеби кештер туралы хабарлар беріп, 1913 жылдан бастап абайға арналған алғашқы мақала, зерттеулері де жиілете жариялауы осының айғағындай.
Ал Нәзір Төреқұловтың “Әдебиетімізге көз салу” деген мақаласы “Қазақ” бетінде айтылған пікірлерді жалғастыра отырып, Абай мұрасы жайлы тіпті ғылыми теориялық байламдарға келеді. Яғни автор “Абайдан кейінгі қазақ әдебиет қай жолмен, қай бағытпен жүруі керек? Кімге ерсек жөн болмақ?” деген үзілді-кесілді сұрақты қоғамдық ойдың сарабына салумен ерекшеленеді.
Ұсынған автор өзіндік пікір-танымын 1916 жылдың өзінде-ақ қазақ әдебиетіндегі Абай дәстүрі үшін күресіп, әдебиетке абайлық сара бағытты жете танып барып ұсынған. Сол себепті Абай-әдебиетіміздің атасы, бұл жолдың қорқынышсыз, біз үшін пайдалы екендігін сезіп, сол жолға бұрылды. Әйтпесе, Абай үшін араб, парсы жолы да ашық еді. Өйткені Абай шығыстың әдебиеті мен мәдениетін Батыстан кем білмеген. Бірақ Абайдың орыс классикаық әдебиетінің реалистік бағытын ұстанып, бұл жолдың қазақ әдебиет тағдыры менболашағы үшін шешуші мәні бар жол екенін кәміл білді. Бұл пікір төңкеріске дейінгі қазақ қауымының ой-санасында Абайдың әдеби мұрасын таныту мен бағалауда сол мұраның бағыт-бағдарын жете танып білген жасампаз пікір болатын-ды.

34 СҰРАҚ: АБАЙДЫҢ ШӘКІРТТЕРІ ТУРАЛЫ[1]


Абайдың ғана емес, әлеуметтік пікірде аты шыққан барлық адамның да еңбектерінен үлгі алатындар, жолын тұтынатындар әр дәуірде бола береді. Егер кімде-кім әлеуметтік пікірде ұстаздық еткен біреуден үлгі алып, соның жолын тұтынса, осының қазақша аты - «шәкірт», немесе, «жолын тұтынған», орысша аты - «ученик» немесе «последователь». Осы екі сөзді кейбіреулер екі мағынада түсінгісі келеді. «Шәкірт» деп - үлгілі адамның көзін көрген, қасында болған адамды айтқысы келеді, «жолын тұтқан» деп - үлгілі адамның көзін көрмеген, бірақ соның жолын тұтынған адамдарды айтқысы келеді. Бұлай болудың қажеті жоғына: Сталин, Жданов, Киров жолдастардың «орыс революционерлері өздерін батыстағы буржуазиялық революцияның және маркстік пікірдің атақты жолбасшыларының шәкірттері және жолын тұтынушылары деп есептейтінін конспектінің авторлары ұмытқан болуы керек», - деген сөздері дәлел. Олар бұл екі сөзді бөлмей тұтас, бір мағында алады және «шәкірт» пен «жолын тұтынған» болу үшін адамның көзін көрудің, не қасында болудың қажет еместігін көрсетеді. Бұл талассыз шындық, өйткені, Ленин мен Сталин Маркс пен Энгельстің турадан тура шәкірттері екеніне де, жолын тұтынған адамдар екеніне де ешкім таласа алмайды, сонымен қатар, Маркс пен Энгельсті Лениин мен Сталиннің көрмегені де мәлім.
Сондықтан, барлық үлгілі адамдардың жолдарын тұтынушыларға олардың ішінде Абайдың жолын тұтынушыларға да біз осылай қарауымыз керек. Олай болса, Абайдың шәкірттері немесе жолын тұтынушылар кімдер?
Бұл сұрау бірінші рет бұдан 40 жыл бұрын туды. 1911 жылы Орынборда шығатын «Қазақ» газетіндегі мақалаларында байшыл-ұлтшылдар Абайды өздерінің рухани атасы ғып көрсетпек болды. Бұл пікірдің шындыққа қайшы екенін заманның өзі көрсетті, байшыл-ұлтшылдар қазақ халқының жауы екенін өздерінің зұлымдық істерімен танытты. Ал, Абай қазақ халқының досы болған күйінде қала берді.
Екінші рет бұл сұрау 1918 жылы қайталанды. «Алашорда» партиясының Семейдегі облыстық комитеті сол жылы Семей қаласында «Абай» атты революцияға қарсы журнал шығарды. Бір жыл бойына он екі саны шыққан бұл журналдың саяси беті түгелімен Октябрь революциясына, Совет өкіметіне, социализмге қарсы болды. Мұнымен қоймай, журнал паназияттық ұран шақырып, шығыс атаулының алдына милитаристік Японияны үлгі тартты. Осы шектен шыққан реакциялық журналдың бесінші санында бас мақала боп «Абайдаң соңғы ақындар» деген мақала шықты, авторының псевдонимі - «Екеу». «Екеудің» кімдер екені бізге мәлімсіз, ал мақаланың мазмұны - революцияға қарсы, сонымен қатар халқымыздың ардақты ақыны Абайға жапқан жала, жаққан күйе. Өйткені бұл мақалада «Екеу» революцияға дейін ашықтан-ашық байшыл-ұлтшыл бағытта болған.Революция жылдары совет үкіметіне сөзбен ғана емес, іспен да қарсы шығып, «Алаш полктарын» құрып, Қызыл Армиямен соғысқан Ахмет Байтұрсынов, Мыржақып Дулатов, сияқты алашордашыларды Абайдың шәкірті еді дейді. Бұл пікірдің шындыққа жанаспайтынын, Абайға да, пролетарлық идеологияға қарсы пікір екенін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ.
«Абайдың шәкірттері кімдер?» деген сұрауға, үшінші рет, советтік дәуірде Ташкент қаласмынан шыққан «Шолпан» атты журнал жауап бермек болды. Журналдың 1923 жылы шыққан 2 - 3 және 4 - 5 сандарында «Қоңыр» атты псевдониммен біреу «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі» деген мақала жазды. Мақаланың авторы, жоғарыда, «Абай» журналында жарияланған «Екеу»дің пікіріне түгел қосылып, ондағы революцияға қарсы пікірді тереңдетті, Совет өкіметіне қарсы құралды күрес жүргізген Ахмет Байтұрсынов пен Мыржақып Дулатовтан бастап, «Абайдың шәкірттері» деген тізімге он ақын, жазушының атын тіркеді, солардың жетуі - Октябрь революциясына, Совет өкіметіне ашық қарсы боп, қазақ халқының тарихында қара тақтаға жазылғандар.
Қазақ халқының ардақты ақыны Абайдың атына алашордашылар күйені осылайша жақпақ болды, бірақ, коммунист партиясы мен Совет үкіметі Абайдың бетіне ол күйені жақтырмады, алашордашылардың жаулық ниетпен таратпақ болған лас пікірлерінен Абайды тазалап, қазақ халқының шын мағнасындағы ұлттық мақтанышы екенін дәлелдеп берді.
Қазақ совет әдебиетінде «Абайдың шәкірттері кімдер?» деген сұрауға бірінші рет жауап берген адам - Мұхтар Әуезов жолдас. «Абай ақындығының айналасы» деген мақаласында ол былай дейді: «Абайдың дәл өз тұсында, өз дәуірінде еңбек еткен ақын төртеу, оның екеуі - Ақылбай, Мағауия Абайдың өз балалары, қалған екеуі - Көкбай, Шәкәрім. Осы төрт ақын Абайдың нағыз толық мағнадағы шәкірттері. Бұлар Абай басшылығымен өз жандарынан жырлар да жазған. Абайды зерттеуге осы төрт ақынның атын қыстыратын бір үлкен себеп - бұлардың шығармалары арқылы Абай өзі істемесе де, бой ұрған бірталай тың еңбектер туады. Абай оларға тақырып беріп, өлеңдерін сынайды, түзейді, қалай түзеудің жолын айтады. Дәлін айтқанда, мыналар Абайдың ақын шәкірттері есепті де, Абай алды оларға жазушылық мектебі сияқты болады».
Мұхтардың бұл сөзіне қарағанда: Ақылбай, Мағауия, Көкбай, Шәкәрім төртеуіне тақырыпты Абай беріп отырған, берген тақырыптарға жазылған шығармаларды ол сынаған, түзескен, сонымен, қысқасы, төрт «шәкірті» мен Абай бесеуі жиналып тың шығармалар туғызуда коллективтік еңбек жасаған.
Әуезов жолдастың Шәкәрім мен Көкбай туралы сөздері саяси қате пікір екендігіне, бұл айтылғандардың көпшілігі Абайдың таза бетіне күйе жағу болатындығына кейінірек толық ораламыз, әзірге айтарымыз осы пікірін Әуезов кейінгі мақалаларында да қолдап, халық жауы Шәкәрімнің атын 1940 жылы Москвада орыс тілінде шыққан «Абайдың өлеңдері мен поэмалары» деген кітапта да (18 бет) қайталайды.
Абайдың 1940 жылы басылған Шығармаларының толық жинағына жазған мақаласында Әуезов жолдас Абай «шәкірттері»нің тізімінен Шәкәрімді шығарады да, оның орнына саяси бетінде Шәкәрімнен түк айырмасы жоқ Тұрағұлды қосып, ол туралы, «Шынында Абайдың уағыз-өсиет айтып, адам болсаң сен ғана боласың, үміт қылатындарым сендер ғана дейтін ет-бауыр, жақын жастары да осы Көкбай, Тұрағыл болатын» дейді (269-бет). Тұрағұл Абайдың 1948 жылы шыққан Толық жыйнағында өте сүйкімді сөздермен аталады, осы кітаптың 121-бетінде, Абаймен түскен фото-суреті басылады.
1951 жылы, 7 апрель күні Алматыда қорғалған «Абайдың әдеби мектебі» деген Қайым Мұхаметхановтың диссертациясына Әуезов мақтап пікір айтады, соның ішінде де Тұрағұл мақталып жүр. Осы жылы баспаға берілген «Абайдың шәкірттері» деген өлеңдер жинағына Әуезов ұзақ кіріспе сөз жазады да, «Абайдың шәкірттері» деген тізімге, Абай ауылында әр кезде молда боп, қадым жолмен бала оқытқан: Мүрсейіт, Махмұд, Самарбай деген адамдарды кіргізеді. Сөйтіп Әуезовтің әр жылда жазған мақалаларында, «Абай шәкірттері» деген адамдардың тізімдері кеңейе береді.
Мұхаметхановтың диссертациясында осы тізім түгел алынып, оған: Әсет, Алмағамбет, Мұхамметжан, Әріп, Иманбазар, Баймағамбет деген адамдар қосылады. «Абай және оның орыс достары» деген атпен 1949 жылы, орыс тілінде шыққан кітабында Әбіш Жиреншин Әуезов пен Мұхамедханов атаған адамдарды түгел қабылдап, өз жанынан Мәшһүр-Жүсіп Көпеевті, Нармамбет Орманбетовты, Сәбит Дөнентаевты қосады.
Сонымен, 1934 жылғы Әуезовтың мақаласында төрт адамнан ғана құралатын «Абай шәкірттерінің» тізіміндегі адам саны 1951 жылы жиырма бес - отызға жетеді.
Енді «Абай шәкірттері» аталып жүрген адамдардың өздерімен және шығармаларымен танысайық.
Аталған тізімдегі адамдардың ішінен үш кісінің шығармаларын талдауды орынсыз көрдік.
Бірінші - Шәкәрім Құдайбердин. Бұл адам Революцияға дейін діншілдік-ұлтшылдық бағытта жазған адам. 1917 жылы революцияға қарсы ұйымдасқан «Алашорда» партиясының Семейдегі облыстық съезін «Алаш ақсақалы» боп ашқан адам, революцияға қарсы бағыттағы «Абай» журналы мен «Сарыарқа» газетіне Октябрь революциясына қарсы мақалалар жазған адам; 1929 жылы бай-кулактарды бастап, Шыңғыстау ауданында Совет өкіметіне қарсы құралды көтеріліс жасап, жазықсыз талай адамды өлтіріп, өзі атыста оққа ұшқан адам. Бұндай бандитті, ол атылып өлгеннен кейін де, Мұхтар Әуезов жолдастың 1934 жылы да, 1940 жылы да «Абай шәкірттерінің» тізіміне қосып мақтауы ойға сыймады.
Әуезов жолдастың, Шәкәрім бандит боп өлгеннен кейін де, оған мейірімді көзбен қарауы, ең жеңіл тілмен айтқанда - ұят...
Бұндай бандиттің шығармаларын біз талқылап жатпаймыз.
Екінші - Тұрағұл. Жақсы көретіндердің еркелетіп қойған аты - Тұраш. Абайдан туған бала болғанымен бұл да совет қоғамына жат, жау кісі. Ол да «Алашорда» партиясының ардақты адамының бірі боп, «Сарыарқа» газетіне Совет өкіметін жамандап мақала жазған. 1928 жылы Совет өкіметінің ерекше декретімен бес жүз бай-феодалдардың мал-мүліктері конфискацияға алынғанда, Тұрағұл да сол тізімде болған. Осындай жолда өлген адамды да 1951 жылға дейін Әуезов жолдастың, оны қуаттап Жиреншин, Мұхамедханов жолдастардың дәріптеуіне қайран қаламыз!
Үшінші - Нарманбет Орманбетов. Бұл адамның да «Алашорда» партиясында болған сырлары ашылып, архив документтерімен дәлелденіп отыр. Сондықтан ол туралы да бұл жолы айтысқымыз келмейді...
35 СҰРАҚ:36 сұрақ:
Е. Кәрібозов: Абайтану мәселесі жылдар бойына зерттеушілер назарынан тыс қалған емес. Қазақ әдебиеті туралы сөз қозғаған зерттеуші, ғалым, ақын, жазушылар сөзінің біссімілләсін Абай шығармашылығынан бастайтыны көзі қарақты оқырман қауымға әбден таныс. Себебі, ғалым Б.Майтанов айтқандай, қазақ терең ойлы, сауатты да алғыр, талантты да шешен ақынға кенде болмаған. Алайда, талғампаз тағдыр сөз өнерінің мұзарт шыңына Абайды ғана көтерді. Абай шығармашылығы туралы революцияға дейінгі жазылған азды-көпті мақалалардан бастап қаншама зерттеу мақалалар, монографиялар, диссертациялар жазылды. Бірақ, Абайдың аса бай шығармашылық мұрасын тауыса талдау мүмкін емес. Өйткені, Абай – бір пайызы ғана көрініп, тоқсан тоғыз пайызы тылсым дүние болып қала беретін ақындық өнердің Айсбергі. Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бастап Абай шығармашылығына жаңа көзқараспен пікір айтыла бастады. Қ.Мұқамбетқанов, М.Мырзахметов, З.Ахметов, т.б. Абай шығармашылығының қыр-сыры төңірегінде түрлі бағытта келелі зерттеулер жүргізгені белгілі. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары Абай шығармашылығының кеңес үкіметі кезінде тыйым салынған тұстары жаңа көзқараспен зерделенуде. М.Әуезов бастаған зерттеушілер шоғыры жылдар бойы жабулы күйінде қалған Абайдың ақындық айналасы деген мәселе төңірегінде шәкірттері, балалары Шәкәрім, Ақылбай, Әріп, өзімен үзеңгілес жүрген Байкөкше шығармашылықтары туралы да кеңінен зерттеу қолға алынып жатқаны қуантарлық жайт. Осы дүрмекке әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің жанынан құрылған Абай ғылыми-зерттеу институты өз үлесін қосуда. Абай институтының хабаршысының әр санында Абайдың әдеби мұрасы туралы келелі зерттеулер жариялана бастады. Б.Майтановтың «Абай тұлғасының ерекшелігі» атты ойтолғамында Абайдың психологтық қыры әдемі ашылып, объективті және субъективті байқау, пайымдау, индукция, дедукция, силлогизм, интроспекция, ретроспекция тәсілдерін жете меңгергені, оның өзге әріптестерінен өзгешелігі – көзге түсе бермейтін, қарама-қайшылығы мол жан сырының нәзік сезімталдықпен суреттей білетіні туралы тұшымды тұжырым жасалған. Тұрсынбек Кәкішев «Абай институтының хабаршысының» 2010 жылғы №2 санында жарияланған «Абай өнері – өсер сынға өрелі өрнек» атты мақаласында Абай шығармашылығы төңкеріске дейін де біраз жазылғанына баса назар аударады. Ғалым Абай өлеңдерінің шет тілінде жарық көрген кітаптарда аталып, орыс зерттеушілерінің назарын аударғаны туралы көптеген мәліметтерді келтіре отырып дәйектейді. Т.Кәкішев келтірген деректерге сүйенсек Абайдың ақындығы туралы 1889 жылы Лондонда шыққан Джордж Кеннанның «Сібір және жер аудару» деген кітапта аталса, А.Алекторов «Дала уалаяты» газетінде Абайдың «Күлембайға» деген өлеңін талдайды.Абай өлеңдерімен қоса қара сөздері де көптеген зерттеу еңбектерге өзек болғаны белгілі. Ақын қара сөздерін кезінде М.Әуезов жазылу кезеңін шамалап, жіктеп көрсетсе, Б.Кенжебаев қара сөз жанрлары туралы біршама пайымдаулар жасап, ақынның қай қара сөзінде ғибрат, ғақлия, қай сөзінде нақыл сөздер бар екенін айта келіп, Абай қара сөздерін: «сын, сықақ, сюжетсіз жазылған көркем әңгіме, басқаша айтқанда, көркем проза, көркем публицистика Эссе – жазба» — дейді [1. 143 б.]. Абай қара сөздеріне ғалымдар Х.Сүйіншәлиев, М.Мырзахметов, Ғ.Есімдер өздерінің түрлі пайымдауларымен қалам тербегенінен оқырман қауым хабардар. Профессор Қ.Мәдібаева Абай инcтитутының хабаршысының 2010 жылғы №2 санында аталған ғалымдардың жанрға бөлген тұжырымдарынан мысалдар келтіре отырып, Абай қара сөздерінің жанрлық қырларына біршама тоқталған. М.Әуезов, Б.Кенжебаев, Х.Сүйіншәлиевтердің Абай қара сөздерін жіктеген тұжырымдарына өз тарапынан баға береді. Абайдың дін жайлы толғаныстарын тереңірек бағамдаған Қ.Мәдібаева абайтану мәселесіне өзіндік көзқарасымен келгенін айта кету ләзім. Профессор З.Бисенғали ақын қара сөздерінің кеңестік кезеңде көптеген дау-дамайға түскенін айтады. «Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, ол – ақынның білімсіз бишарасы» деп толғаған ұлы ақынның қара сөздеріндегі түсініксіз үлгінің астарын ашады. Сонымен қатар М.Әуезовтің ақын қара сөздерін «Абай жолы» эпопеясында қолданғаны туралы баян етеді.
Қазіргі заманғы абайтану ғылымына сүбелі үлес болып қосылған еңбек — зерттеуші-ғалым, ақын Тұрсынжан Шапайдың «Шын жүрек – бір жүрек» атты (Алматы: «Жазушы», 2000 жыл) кітабы болып табылады. Бұл кітапты Абай шығармаларын зерттеу мен зерделеуде абайтану ғылымына өзіндік тосындығымен келген еңбек деуге болады. Ақынның шығармашылық келбетін, өлеңдегі Абай мен өмірдегі Абайдың ара-қатысын тереңнен толғап, ақындық һәм ғалымдық көзқараспен шынайы дара тұлғасын ашуға тырысқаны көрініп-ақ тұр. Ғалым: «Өлеңдегі Абай – Абайдың өзі үшін де өмірде жете алмайтын, орта, қоғам барда, жетілмеген адам барда ешқашан жеткізбейтін Идеял», — дейді [4. 11 б.]. Ғалым Г.Пірәлиева Тұрсынжан Шапайдың зерттеу еңбегінің әр тарауына жоғары баға бере келіп: «тақырыптары ғылыми монографияларға, диссертациялық жұмыстарға тән тірескен ғылымилық байқалмағанымен оны тереңдей танып, ішкі табиғатымен Абайды да, өлеңді де өзінің өзегінен өткізе білген білімпаздықты байқайсыз. Өзінің зерттегелі отырған нысанасына өлердей ғашық әрі оны терең танып білетін кәсіби маман екенін танытады», — дейді [4. 10 б.].
Зерттеуші-ғалым Ж.Дәдебаев Абайдың дін тақырыбына жазылған өлеңдерін Құран сүрелерімен, пайғамбар хадистерімен салыстыра, салғастыра отырып, әдемі талдап өткен. Пайғамбар хадистерінің бірінде: «Кісі жамандық көрсе, оны қолымен түзесін, оған әлі келмесе, сөзімен түзесін, оған әлі келмесе, жүрегімен түзесін» [Бухари]-делінген.
Ақын шығармаларындағы білімсіздікке, надандыққа қарсы бағытталған сыншылдық ұстанымның негізінде, елін кемелдікке, толықтыққа шақырған асыл адамгершілік мұратының негізінде Құран аяттарындағы ақиқаттармен қатар Пайғамбар хадисіндегі осы қағидат жатыр деп білу орынды» [5. 4 б.]. Абайдың өлеңдері мен қара сөздері Құран аяттарымен, Пайғамбар хадистерімен сабақтасып жатқанын ислам руханиятынан хабары кісі жазбай танитыны анық. Тіпті Құран аяттары мен Пайғамбар хадистерін тәпсірлеп жатқан тәрізді. Ж.Дәдебаев «Абай және Құран» атты мақаласында осы мәселеге бірнеше мысал келтіреді.

38 СҰРАҚ: МІРЖАҚЫП ДУЛАТҰЛЫ: АБАЙ


(Опат. 23 июнь 1904 жыл)
Бүгін атақты қазақ ақыны марқұм Құнанбаев опатына дәл он жыл толды. Егер Абай қазақтан өзге оразды жұрттардың бірінің ақыны болса, сегіздегі баласынан сексендегі шалына дейін түгел атына қанық, сөзімен таныс болар еді, елі туғанына сүйініп, өлгеніне тегіс күйінер еді. Опатына он, жиырма бес, елу, жүз жыл толған сайын бүтін жұрт ескеріп, матбұғаты қайнап, есімін мәңгіге шейін қалдыруға өшпес белгілер орнатып, құрметіне неше түрлі ізгі жайлар ашар еді.
Не шара? Біздің жұрт әлі күнге шейін мәдениет басқышының ең төменіне аяқ баса алмай тұр. Қазақ әдебиетінің атасы хакімінде тарихта аты алтынмен жазыларлық Абай Шыңғыс тауында туып, Шыңғыс тауында алпыс жылдық өмірін өткізіп, сол Шыңғыс тауында өлді. Туғанын, жасағанын, өлгенін өз елі тобықтыдан басқа қалың қазақтың көп жері білмей де қалды. Осы заманда үш ауыз сөздің басын құрай білетіндердің жазулары тасқа басылып, халыққа таралып, сынға түсіп тұрғанда, Абай сөзі өзі өлгеннен кейін бес жыл өткенде басылды. Абай кітабы басылғаннан соң да елге көп тарай алмады. Былтырдан бері ғана «Қазақта» Абайдың кім екендігі жайынан жазылған соң, қазақтың әр жерінен сұраушылар бола бастады.
Абай сөзі өзінің тірі күнінде басылмау себебін, өлген соң да балалары неге тез бастырмағанын анық білмейміз. 1904 жылы июнь айының басында Омскіге барғанымда, Абай өлендерінің жазбасын алғаш Ахмет Байтұрсыновтан көрдім. Сонда Байтұрсынов айтты: «Естуімше, Абай өз өлеңінің басылып шығуын тілемейді һәм бастыруға ешкімге рұқсат бермейді екен, күз Қарқаралы қаласына барамын, сонда әдейі бұрылып, Абайға сәлем беремін, танысамын һәм өлендерін бастыру жайынан сөйлесемін»,- деп. Ахметке Абайды көруге нәсіп болмады. Абай өмірі күзге жетпей, сол июннің 23-інде опат болды.
1905 жылы «Семипалатинский листок» газетасында һәм онан кейін Семейдегі Географический Обществоның шығарған бір кітабында Әлихан Бөкейханов Абайдың тәржіма халін жазды һәм кешікпей кітабы да басылатынын білдіріп еді. Бірақ тез шықпады. 1909 Абайдың балалары һәм інілерінің ризалығы һәм Әлиханның ыждаһатымен Абай кітабы Петербургте Бураганский баспаханасында басылып шықты. Бұл күні қолымыздағы кітап — сол бірінші баспасы.
Бүгін Абай секілді атасымен қазақ халқы мақтанарлық ақынымызды арамыздан жоғалтқанымызға 10 жыл толуын еске түсіріп, халқымыздың мұндай адамының қадірін білмеуін айтып кана өтеміз. Тәржіма халі өткен жылы «Қазақтың» 39, 41 һәм 43 нөмірлерінде, бұрын өз кітабында һәм Географический Общество кітабында жазылғандықтан, бүл жолы тарқап жазбаймыз.
Абай сынды ақынның кадірін білмеу қазақ халқының зор кемшілігін көрсетуге толық жарайды, себебі — қазақ басқа жұртпен үзеңгі қағысып, тең халық болып жасай алмауы — тарихы, әдебиеті жоқтықтан. Тарихы, әдебиеті жоқ халықтың дүниеде өмір сүруі, ұлттығын сақтап, ілгері басуы қиын. Әдебиеті, тарихы жоқ халықтар басқаларға сіңісіп, жұтылып, жоқ болады. Қай жұрттың болса да жаны — әдебиет, жансыз тән жасамақ емес. Қайдан өрбігенін, қайдан өскенін, ата-бабалары кім болғанын, не істегенін білмеген жұртқа, бұл талас-тартыс, тар заманда арнаулы орын жоқ. Сондыктан Абайдың аты жоғалуы, мұнан кейін де шығатын Абайлар сондай ескерусіз ұмытылу ықтималы қазақтың жоғалуымен, қазақ атты халықтың ұмытылуымен бірдей.
Соның үшін жиырмасыншы ғасырдың таңында халқымыздың ұйқыдан азырақ бас көтеруі, жас әдебиетіміздің өсуі, белгілі кісілеріміздің тірлігінде һәм өлген соңында мәңгі ұмытылмастай болуы — біздің бірінші ескеретін борышымыз. Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш — Абай сөзі, Абай аты боларға керек. Абайға шейін қазақта қолға алып оқырлық, шын мағынасында қазақ әдебиеті дерлік бір нәрсе болған жоқ еді. Абайдың бізгеқымбаттығы да сол. Бәлки, мұнан кейін Абайдан үздік артық ақындар, жазушылар шығар, бірақ ең жоғары, ардақты орын Абайдікі, қазақ халқына сәуле беріп, алғашқы атқан жарық жүлдыз — Абай.
39
- «Абай Құнанбаевтың өмірбаяны» 1927-1930 жылдарда жазылған. Абай өмірбаянының алғашқы нұсқасы.
- М. ӘУЕЗОВ: АБАЙ АҚЫНДЫҒЫНЫҢ АЙНАЛАСЫ 1934ж

Бұл мақалада біз Абай ақындығы туралы ертеді кеш айтылып жүрген әр түрлі сөздерді, әр алуан жайлардың көбіне соқпаймыз. Бұл көп тексеріліп, зерттелмеген, сонылау бір саланы ғана сөз қылмақпыз. Ол - Абай ақындығының, Абай шығармаларының айналасы. Ақын өзі көріп, сезіп, өзі ойлап қорытқан өмір материалынан басқа басқа әдебиет дүниесінен де бұйым алады. Абайдан қалған мұраның ішінде көп оқушыға даусыз боп, айқын сезілетін сыртқы әдебиеттер белгілері бар. Ол - Шығыс әдебиеттері мен Батыс әдебиетінен қосылған белгілер. Екінші, бұдан бөлек, ақынның өз тұлғасы сияқты боп қалыптанған барлық әдеби мұраларынан бұтақша таралып өсіп, жырыла шыққан тұмалар бар - әдебиет тұмалары.


Шығыс жағасына Абай ағынына құятын бір саласы, тұңғыш саласы, осындай. Тегінде кітапшылаған, сиыр жорға жыр қазақ поэзиясына жалғыз Абай тұсында кірген жоқ, Ыбырай, Албан Асан, Мәшһүр, Ақан сері сияқты Арқа, Жетісу ақындары және, әсіресе, Сыр-Түркістан ақындарынан Шортанбай бастаған Шәді, тағы басқа көп ақынның шығармаларында бұл әсер көп. Соның көбінде араб, парсының өз сөздері көрінуден басқа қазақтың «дейді»-сін «дейди», «көрді»-сін «көрди» сияқты ғып созғылау көп болған. Барлығының өкше ізі сол жаңағы шағатай арқылы дін хиссалары немесе «Шах-нама», «Жүсіп-Зылиха», Ләйлі-Мәжнүн»-дей дастандар арқылы кірген ғарұз уәзініне барады. Қазақ әдебиетінің көлеміндегі ғарұз әсерін тексеру және соның бір жағын Абайға тірей тексеру – әдебиетшілердің алдындағы бір соны проблема.
Араб, парсы сопыларының үлгісімен «Қор болды жаным» жазылса, Еуропа жыршыларының үлгісімен «Желсіз түнде жарық ай», «Қызарып, сұрланып» жазылды. Алғашқы түрдегі махаббат жырында табиғат араласпайды. Уәзін - ғаруз үлгісі, ырғақ - бәйітше. Мына соңғыларда бұрын қазақ поэзиясында құлағы көрінбеген басқаша ала бөтен түрдегі бір сарын үстем боп шығады. Мұнда махаббат табиғат ұйқысына бөленеді:
Желсіз түнда жарық ай,

- ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛЫ АҚЫНЫ жылы белгісіз


- Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
- Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
- Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.
- Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Бұл өткеннің кұлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс, бас¬қа, бірақ жарқын болашаққа сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі еді. Даланы торлаған надандық түнегіне ол шам-шырақтай сәуле төкті және таңы атып, күні шығатын жаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті.
- Иә, өзі өмір кешкен және өлең жазған ғасыр үшін Абай жұмбақ болды. Ал ол біз үшін жұмбақ па?
- Біз Абайды қазір қараңғы жұмбақ ретінде емес, қа¬зақ әдебиетінің шам-шырағы ретінде қабылдаймыз. Социалистік ұлы Отанның өзара ортақ идеяларымен, күресімен, жеңістерімен туысып кеткен халықтары Абайды қастерлеп еске алады. Абай өздігінен білім алудың ұзақ жолын өтті. Пуш¬кин, Лермонтов, Крыловтардан бастаған ол алпысыншы, жетпісінші жылдар әдебиетімен де танысты, тек ақындарды ғана құрметтемей, Лев Толстой, Салтыков-Щедрин сиякты ұлы прозаиктерді де түсінді. Орысша аудармалар арқылы Абай Гете мен Байронды, Батыс Европаның басқа да классиктерін білді. Орысша аудар¬малар арқылы ол ежелгі замандардағы әдебиетпен де танысты. Акынның достарының айтуы бойынша Абай Батыс философиясымен де қызықсынған көрінеді (мы¬салы, Спиноза мен Спенсерді окығаны, Дарвин жайын сұрастырғаны мәлім). Алайда оның философиядан алған білімі белгілі бір жүйеге түспеген еді. Маркс және оның ғылымы туралы ол білмеген болса керек.
- Б. Кенжебаев , М. Әуезов бірігіп тағы Абай жайлы мақала жазады.

40
МҰХТАР ӘУЕЗОВ: АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ (МОНОГРАФИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ)


https://abaialemi.kz/post/view?id=883
41
М. Әуезовтің «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі (тарихи-әдеби сын)» зерттеуі
- Қазақ әдебиетінің осы күнгі қалпымен әм келе жатқан бетімен таныстығы бар адамдардың біздің әдебиет туралы айтатын әр түрлі пікірі бар. Орыс жазушыларының қысқаша сындарына қарағанда біздің ескі, ауызша әдебиетіміз бай, өрнекті, түрі, тарауы көп кестелі, қысқасынан айтқанда, қазақтың даласы секілді кең, келешегі керікті, үлкен, жалпы түрік әдебиетінің ішінде үлкен өpic алатын әдебиет секілді көрінеді. Бірақ осы жазушылардың айтуына қарағанда, жазба әдебиетіміз әлі іргесі нығаймаған, беті анықталып ашылмаған, белгілі түрге түсіп қалыптанбаған майысқақ, сынғақ әдебиет деп саналғандай. Сол ескі сездің ішінде ескі қазақ өмірінің әрбір дәуірі, әрбір мезгілі және әрбір жеке-жеке суреттері де айтылған. Мұның үстіне жазба әдебиетте, классические произведениелерде, кездесетін үлгілі мінездер — типтер, ел ішіндегі айрықша таптардың өзгеше психологиясы да дәл айтылған жерлер бар. Бұның бәрі құрғақ сөз болмас үшін, төмендегіше дәлелдерді көрсетпекшімін.

«Қозы Көрпеш — Баян» өлеңін алайық. Мұнда бақташылықтан адамға жұғатын теріс мінез, сараңдық (отрицательная черта) «тоқсан мың жылқы айдаған бай болса да, үйінде сілкіп салар сырмағы жоқ» Қарабайдың мінезінен көрінеді. Қарабайдың мінезі, әдебі, өміріндегі мақсаты өлеңнен бастан аяқ көрінеді. Қарабай — Пушкиннің Скупой рыцарының қазақтағы айқын тұрған типі. Бұған қарсы қойылған сол өлеңдегі. байдың үлгісі, мінездісі — Сарыбай. Бұл да өлеңде бүтін адам болып көрінеді


Бұлардан соңғы тағы сол өлеңдегі өзгеше қызық тип — Қодар. Қодарда малшының ең жақсысы қандай болмағы көрінеді, мал бағушы елдің арман қылған бақташысы, қиял қылған қайратты азаматы көрінеді. Бірақ осымен бірге ең мағыналы жері Қодардың пішінінен адам баласындағы ойсыздық, шолақтық, тар ғана бір бетпен,. малмен бірге мал болып кеткен білімсіздік, надандық. көрінеді. Өлеңші бұл жерде Қодардың пішініне қарап тұрып, қазақ қалпындағы жалпы кемшілікке күлгендігі білінеді. Жасырын мазақ, ащы мысқыл сезіледі. Осы секілді шебер көрсетілген үлгілі типтер «Қозы Көрпеште» біреу ғана емес, әлденеше.
Бұл турасынан айтылатын толық сөзді кейінге қойып, екінші мысалдарға келейік. Қазақ әдебиетінің өрнектілігіне толық дәлелдер батырлар елеңінде де бар. Қазақ батырлары бәрі бір қалыпқа соққандай барған жерін қырып келіп, жойып келетін, үнемі жолы болып отыратын, хазірет Әли Сейтбатталша батыр емес. Бұларда қазақ мінезі түгел бар деуге болады. Қазақ батырларындағы мақсат — алдыменен қаншыл болу. Бұның мысалы: Қобыланды, Ер Тарғын. Қобыланды — атаны, руды, туысты бел қылған батыр.
- Қазақта жазба әдебиет Абайдан көп бұрын басталған. Бұл есепке, көбінесе, дін мақсұтымен жазылған қиссаларды кіргізбесек те, айтыс өлеңдерді кіргізбеуге болмайды.
Наурызбай мен Тілеуқабақ қызының айтысуы, Біржан мен Сараның айтысуы бір жағынан, ауызша әдебиетке кірсе, бір жағынан, жартылап келіп жазба әдебиетке кіреді.
Тегінде, қазақтағы айтыс өлеңдер — өзге жұрттың әдебиетінде кез келмейтін, біздің әдебиеттің байлығына дәлел болған айрықша бір түрі.
- Жазба әдебиетте Абайдан соң аты аталатын — «Қазақ газеті». «Қазақ» газетінің мезгілі әдебиетке ұлтшылдық туын көтерген мезгілмен тұстас. Ол уақыт қазақ, жұрты 1905 жылдың өзгерісін өткізіп, ел дертінің себебін ұғып, емін біліп, енді қазақты оятып, күшін бір жерге жиып, патша саясатына қарсылық ойлап, құрғақ уайымнан да, бос сөзден де іске қарай аяқ басамыз деп, талап қыла бастаған уақытына келеді
42-43
Мекемтас МЫРЗАХМЕТОВ: «Абайтану ілімі іргетасқа айналды»
Мекемтас МЫРЗАХМЕТҰЛЫ. АБАЙТАНУ – ХХІ ҒАСЫР КӨГІНДЕ
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТТАНУ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ АБАЙТАНУ МӘСЕЛЕЛЕР
Белгілі ғалым М.Мырзахметов М.Әуезовтің Абай мұрасы жайлы ұзақ жылдарға созылған шығармашылық ізденістері мен ғылыми зерттеулерін, көркем туындыларын бір-бірімен тығыз байланыста алып төрт түрлі іргелі салаға бөле отырып қарастыру қажеттігі сезіледі. Оларды бас-басына жеке түрде атап өтеді, санамалап көрсетеді.
1. Абайтанудың іргелі саласына айналып отырған ақын шығармаларының текстологиясы жөніндегі аса қиын да күрделі проблемаларын тұтас қамтитын Абай өлеңдерін жинау, екшеп толықтыру, тұңғыш толық басылымдарын дайындау, түсініктер жазудағы ізденістері мен осы саладағы арнаулы зерттеулерін қамтиды.
2. Абайдың тұңғыш ғылыми өмірбаянын жазу үстінде алғашқы биограф, тарихшы ретінде көптеген ақын замандастарымен бетпе-бет кездесіп, тікелей тілдесу, жүзбе-жүз әңгімелесу арқылы естеліктер жинау, жаздырып алу, соларға орай тарихи деректер көзін іздестіру әрекеті жатады.
3. Абайдың әдеби мұрасы жайлы арнайы ғылыми зерттеу жұмыстарын, негізінен сегіз түрлі проблема шеңберінде жүргізе отырып, әр жылдар айтылған ой-пікірлерін қорытындылау және де ұзақ жылдар бойы жоғары оқу орындарында абайтанудың арнайы курсы мен арнайы семинар сабақтарын өткізумен айналысу. Абай мұрасы жайлы зертетулерге басшылық ету, аспиранттар мен ізденушілерге жетекшілік ету өз алдына дербес бір мәселе.
4. Жоғарыда айтылған әр саладағы зерттеулердің ғылыми нәтижесіне сүйене отырып, Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы көркемөнер саласының әрқилы жанрында жазылған туындылары өз алдына бір әлемді құрайды. М.Әуезовтің ұлы ақын өмірі мен әдеби мұрасын зерттеу саласындағы бірегей табысы әрине XX ғасырдың көркем ойындағы қол жетпес шыңына айналған атақты «Абай жолы» эпопеясында жатыр.
Қазақ әдебиеттану ғылымындағы — әдебиет тарихының үлкен бір саласы — Абайтану. Абайтану ғылымына академик Зәки Ахметов былай деп баға береді: «Абайтану кемеңгер ақынның өмірі мен шығармашылық өнері, философиялық, қоғамдық, эстетикалық көзқарастары, қазақ поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі, музыкалық мұрасы жайлы сан-салалы зерттеу еңбектерді қамтиды
Абайдың өмірі мен шығармашылық өнерін зерттеудің алғашқы өнімді кезеңі деп А.Байтұрсынов, К.Ысқақұлы, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, І.Жансүгіров, Қ.Жұбанов, Ы.Мұстамбайұлы, Ғ.Тоғжанов секілді әдебиет пен мәдениет қайраткерлерінің зерттеу еңбектерін, мақалаларын атауға болады.
Абайтануды дербес ғылым саласы дәрежесіне көтерген М.Әуезов болды. Әуезов өзінің «Абай жолы» эпопеясымен ұлы ақын, ағартушының алып тұлғасын дүние жүзі оқырмандарына толық танытып, әдеби бейне қатарына жеткізсе, ғылымда да сондай күрделі еңбек етті. М.Әуезовтің Абай жөніндегі зерттеулері осы ғылымның мызғымас негізі болып табылады. М.Әуезов 1933 жылдан 1957 жылға дейін ақын шығармаларын жариялауда, олардың ғылыми басылымын жасауда орасан зор еңбек етті. Бұл басылымдар ақынның 1909 жылғы жинағы мен Мүрсейіттің бірнеше қолжазбасы негізінде жүзеге асырылды. Әсіресе, 1957 жылы «Ғылым» баспасынан жарық көрген, М.Әуезовтің басшылығымен және тікелей қатысуымен дайындалған Абай шығармаларының екі томдық толық жинағының абайтану ғылымындағы елеулі табыс болғанын атап айту қажет. Алдағы уақытта осы ғылыми басылым үнемі негізге алынуға тиіс. М.Әуезов ұзақ жылдар бойы ізденіп, сан алуан деректерді зерттеп, жүйеге түсіріп, Абайдың ғылыми өмірбаянын жазып шықты.
Кейінгі жылдарда абайтану ғылымы көптеген әдебиетшілер, тіл зерттеушілер, музыка мамандары және басқа ғылым салаларының өкілдерінің еңбектерімен толыға түсті. Абайтану ғылымына С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Т.Тәжібаев, Қ.Мұхамедханов, М.Сильченко, Ы.Дүйсенбаев, З.Ахметов, Б.Ерзакович, М.Мырзахметов, Ғ.Есімов, Ж.Ысмағұлов т.б. ғалымдар салмақты үлес қосты
- I. Абай өмірбаяны. II. Абай шығармаларының текстологиясы, III. Абай мұрасының рухани көздері. ІҮ. Абайдың ақындық дәстүрі. Ү. Абайтанудың арнаулы курсы. ҮІ. Баяндамалар, сөздер, пікірлер. ҮІІ. Абайтану жайлы еңбектерге пікірлер. ҮІІІ. «Абай жолы» эпопеясының жүргізілу тарихынан. IX. Түсініктемелер. Комментарии.
44
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ мақала
- Мақалада өмірін жазады
- Күз өлеңін таптық тұрғыда талдайды.
- Абай шығармалары үш түрлі бағытта өрбиді: өзі шығарған төл өлеңдер, ғақлия (нақыл сөздер) аталатын прозалар және өзге тілдерден, әсіресе орыс тілінен аударған өлеңдері.
- Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй,
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй, -
деп тек сүйген әндерін ғана қабылдаған.
Әнге талғамы сондай Абай қазақ поэзиясына өзі тыңнан жасаған өлең өлшемдеріне лайықты әндер шығарған. Олардың ішінде: «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Сегіз аяқ» халықтың ең жақсы әндерінің қатарына қосылып, күні бүгінге дейін зор құрметпен орындалады. Абайдың әндері жаңа өлшемді өлеңдерінің халық арасына тез тарауына себепкер болады. Осы әндердің негізінде Ахмет Жұбанов, Латиф Хамиди «Абай» операсын жазды. Өзінің ақындық және композиторлық қуатының кең өрістілігіне сенген Абай:«Сөз түзелді, тыңдаушы, сенде түзел»— деп, халқына айтқысы келген ақылын өлеңдері мен әсем әндері арқылы жеткізуге тырысады
- 1924 қара тақтаға жазылып қалмаңдар шешендер.
- Абай өзі ата-бабасымен бай болған, байларды дәріптеген. Оның қазақ әдебиетіне қосқан жаңалығы жоқ. Бұрынғы сарқыншақтарды жазды. Сондықтан оның поэзиясын жаңалық деп емес тек бұрыңғы форма бойынша өз ойын жеткізу деп қабылдаймыз.
- (Сәбит Мұқановтың Әуелбек Қоңыратпаевқа жазған хаты)
Жалпы, идеялық жағынан Шоқан мен Абайдың арасында ұқсастықтар болғанмен, индивидтік көзбен қарағанда екеуі екі басқа адам.
Ең алдымен ол екеуінің өскен ортасы, алған білімі және ой-өрістерінің кеңдігі мен биіктігі екі басқа. Абай көшпелі қазақ ауылдарының ішінен ұзап шықпаған, ең алдымен - Семейден әрі бармаған кісі. Оның ой-санасы да осы аумақтың төңірегінде. Ал Шоқанды алсақ, қазақ даласының Абай аяқ баспаған көп өлкесін қыдырған, Сібірді түгел аралаған, Орта Азияны түгелге жақын кезген, Орталық Россияны жақсы білетін адам. Сондықтан оның көрген-білгені де Абайдан әлдеқайда кең. Оқу білімінің мөлшерін алсақ, соған байланысты дүние тануын алсақ, Абайды Шоқанмен өлшеуге болмайды. «Орыс мәдениетімен байланысты» дегенде, Абайдың қолы жеткен адамы - Долгополов пен Михаэлис қана. Олар сол кездегі орыстың мәдениетінде де, қоғамдық пікірінде де кішкентай кісілер. Шоқанның араласқандары орыстың және дүниежүзілік ғылымның ең биігіне көтерілген адамдар. Әлеуметтік және таптық мәселелерге келгенде, Абайдың жеткен өресі - гуманизм ғана, оның да абстрактный түрі. Ал Шоқанды алсақ, социалистік идеяға жете алмағанымен сол уақыттағы демократиялық идеяның ең бигіне көтерілген және саналы түрде көтерілген адам. Ендеше, бұл екеудің ой-санасының өрелерін теңестіріп, екеуінің арасынан анология табу қиын. Олардың ұқсастығы көп жағдайда ішкі емес, сыртқы ұқсастық. Сондықтан әрқайсысына әдебиеттік образдары да өз бойларына сәйкес болу керек.
Абайды өз мөлшерінде Мұхтардың жақсы көрсеткні рас. Онда да - бірінші және екінші кітапта ғана. Үшінші, төртінші кітаптағы Абайды, мен өзім, Абайды өсіру жолында алғашқы екі кітаптың жалғасы дей алмаймын.
45
ЖАҢА ЖАЗБА ӘДЕБИЕТІМІЗДІҢ НЕГІЗІН САЛУШЫ
Бердібаев Р. Замана сазы: Зерттеулер мен мақалалар. – Алматы, 1985. – 1985. – 216-226-беттер.
Монографиядағы мәселелер
Абай мұрасының теңдесі жоқ білгірі М. Әуезов өзінің монографиясында ақын шығармаларында әлеуметтік сыншылдық сипаттың күшті екенін былайша тұжырымдаған: «Шынға келгенде Абайдан қалған сөздің ішінде барлық ақындықтың шарты болатын жалынды, жанды, өткір сезімді былай қойғанда, қалған сарынның ішінде салқын ақылмен сөйлегіштік көп пе, жоқ, шанышпа тілді, сатиралы ащы мысқыл, улы күлкіге ұрғандық көп пе? Біздің ұғуымызша соңғы түрі басымырақ сияқты» (Абай Құнанбаев, «Ғылым» баспасы, 1967, 39—40 беттер). Бұл Абай өмірі мен туындыларын тиянақты тексеруден, үлкен танығыш талғамнан туған тұжырым.
Кезінде ақын шығармаларында күрделі орын алған сарындар біздің заманымызға да үндес шығуы қайран қаларлық. Елді тұрақты еңбекке, кәсіпке, адамшылыққа, оқу-білімге, достық-ынтымаққа шақыратынөлеңдер қазір де күн тәртібінен түспеген мәселелер. Абай шығармалары советтік дәуір адамдарынада бұл тараптан өнеге, үлгі таратарлық тартымды. Мұның өзі ағартушылық реализмнің әлі күнге дейін көркемдік тәсілдері жалғасып келе жатқандығын көрсетеді.
Ақынның «орынды іске жүріп, ой таппаған, не болмаса, жұмыс қып мал таппаған, құр бекерге бұлғақтаған» жастарды сынауы нысанаға дөп тиеді. Адамды еңбек арқылы жетілдіру біздің қоғамымыздың да түбірлі тәрбиелік принциптерінің бірі ғой. Ол жастардың еңбекке баулынбай, дүниенің оңайына қызығушылығы үлкен дерт деп санайды («Терін сатпай, телміріп, көзін сатып, теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман»). «Сегіз аяқ» деген атақты өлеңінде ақын жұртшылықты еңбекке үгіттейді, бұл адал өмір сүрудің, бақытқа жетудің негізгі шарты деп қарайды («Еңбек қылсаң ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Егіннің ебін, сауданың тегін, үйреніп, ойлап, мал ізде»). Бәріміздің бала күнімізден жатқа білетін «Әсемпаз болма әрнеге» деген өлең де еңбекшілдік ұраны секілді әсер қалдыратын. «Сен де бір кірпіш дүниеге, тетігін тап та, бар, қалан»деген сөздерде терең философиялық мән жатыр.
Үлкен міндеттің бірі — Абай шығармаларына текстологиялық жұмыс жүргізу. Бұл тарапта орындалған іс аз емес, бірақ оны жетілдіре түсу шарт. Абай аудармаларының табиғатын анықтау, шығыс ақындарының белгілі бір оқиғаны жарыса немесе қайталай жазатын нәзирагөйлік дәстүрін оның орыс әдебиетінен жасаған тәржімасына қаншалық дәрежеде қолдануға болатынын да сөз ету жөн. Абайдың 1977 жылы «Ғылым» баспасын шыққан екі томдығында ақынның аударма деп есептелетін шығармаларына кең түсініктеме берілген, аудармалардың түп-төркіні нұсқалған. Сонымен қатар кейбір аударманыңөзінше жеке шығарма деңгейіне көтерілген кездері де көрсетілген. Мәселен, «Сұрғылт тұман дым бүркіп» деген өлеңнің түпнұсқаға жақын, алыстығы сөз етіле келіп, «бүтіндей алғанда өлең аударма көлемінде қалмай, тың, жаңа шығармаға айналған» (2 том, 245-бет) делінеді. Демек, Абай аудармаларының сипаты, бағыты жөнінде зерттеу жалғаса беруге тиіс секілді. Онан соң ақынның тәржіма дегендерін алдағы басылымдарда бө¬лек топтамай, хронологиялық ізімен өзге шығармалар арасында беріп отыру дұрысырақ болар еді. Бұл суреткердің шеберлік эволюциясын тануға да қолайлы.
Абай мұрасын танып-білудің ғылыми тәсілдері, методологиялық таяныштары анықталды деп айту қиын. Алдағы жұмыстардың жемісті болуы зерттеушілеріміздің жаңа көзқарас қалыптастырып, жасанды догмалар қыспағынан құтылуына байланысты. Жылдар бойында Абайтануды белгілі бір шеңберден шығармай келген жалған қисындардың кейбіреулерін айта кетейік.
46
Болыс болдым мінеки болысты өз аузынан сөйлесу . Басқа түк жок
47
Әлімқұлов Тәкен. Жұмбақ жан. — Алматы: Жазушы,1972.
Үзіндіні сайтта жайғастыруға дайындаған Анар Малдыбаева,
Абай институтының кіші ғылыми қызметкері

Абай Құнанбаев сынды ұлы ақындардың мағынасы терең мұрасы бір кезеңнің, бір дәуірдің еншісінде қалмайды. Оған ауыспалы ұрпақтар өз көзқарасын білдіріп өз бағасын бере жатады. Мазмұнды өмірбаянның, мәністі творчествоның қыры мен сыры дәуірлердің барысында ашыла түседі. Талдауға таусылмас әдеби мұраны былай қойып, Пушкин мен Лермонтовтың өлімі туралы тың деректерді еске алсақ, айтылмыш шындыққа күмән қалмайды. Пушкинмен атысарда Дантестің сауыт киіп шыққаны анықталды. Қиянатшыл қарауларға жүз жылдан асканда сот құрылды. Ал, Лермонтовтың өлімі күні бүгінге шейін жұмбақ. Біреулер Мартынов атты десе, енді біреулер жасырынып тұрған шешен атқан деседі. Бұған оқтың бүйірден қиғаш тигенін, Мартыновтын қартайғанда жарған сырын дәлел етіседі.


Қазақтың ысылған классикасы Абайдан басталса, оған күні бүгінге шейін бір де бір ақын тіркелмесе, Абай туралы еңбек жазудың жауапкершілігі өзінен өзі түсінікті. Асқар таудың түбі тұншықтырады. Оның биіктігін аңғару үшін алыстан қарауға керек. Көз жазып қалуға және болмайды. Бұл жағынан келгенде, мүшел мерекелер қонақтаған жолаушыны толғандырарлық белестерге барабар, Абай — азамат, қайраткер, санаткер, ойшыл, ақын! Ол — өз заманының перзенті, тұстасы, ағасы, атасы. Ол — өз дәуірінің күрескері, ақылгөйі. Осының баршасын топтастырғанда, «Абай» деген кемеңгер тұлға туады. Бұл тұлғаны қалайша анықтауға, қалайша мүсіндеуге керек? Дәуір арқылы Абайды ашамыз ба яки болмаса Абай арқылы дәуірді ашамыз ба? Әдебиет зерттеу тәсілі жағынан келгенде, бұның мәні айрықша. Психологияны анықтайтын ғылым бір бейімді адамды талант тобына телісе, бірнеше
-Абай 1845 жылы 10 августа Шыңғыстаудың бөктерінде дүниеге келеді. Бұл кез қазақ халқының Россияға түгел қосылып болған кезі еді. Патша үкіметінің отарлау саясатының обырлығына, жүгенсіздігіне қарамастан, бұл қосылудың тарихи мәні аса зор болғаны мәлім. Мәдениетке жырақ ғасырлық көшпенділіктің негізі шайқалып, отырықшылық өмір жаңа нышанын көрсетті, прогрессивтік канатын жая бастады. Бұрынғы жабайы шаруашылыққа ақша араласты. Қазақ даласына тіршіліктің жаңа түрлері енді. Жаңа идеялар келді. Экономикалық, рухани жаңа мәдениет бой көрсетті. Бұл, әсіресе, Россиядағы 1861 жылғы реформадан кейін кең өpic алды. Россияда өркендеген капитализм қазақ даласының байлығына құныға түсті. Шортанбай, Бұқар жыраулардың зарлайтын «кер заманы» осы процестің алғашқы кезеңі еді.
- Өмірбаяның жазады
- сөздер ғана зерттеу емес
Абай аудармамен айналысқан кезде орыс әдебиетіне қанық, орыс тіліне жетік еді. Оның екі тілде еркін ойлайтыны: «Айтыңызшы, болсаңыз здравомыслящий» деген тәрізді стихиялық жолдардан да аңғарылады. Көркем аударманы орыс тілі қанына сіңген кезде бастаған Абай қол жетпес үлгілер жасай білді. Ол аударма атаулыны жарысқа түсіріп, жалаң еліктеуден, көлбегей көшіруден, болымсыз бөгделеуден құтқарды. Табиғатында эстет емес, эстетик Абай көкейіне қонатын мәнді, маңызды, күрделі шығармаларды таңдады. Және одарды менменше бейімдеп, бұрмалап, берекесіздендіріп обал жасамайды. Кейінгі кейбір эстет ақындарша ұрлыққа жуымай, түпнұсқасын дәл көрсетіп отырды. Ана тілден айна-қатесіз балама тауып, жүректің қанымен жазудың үлгісін жасады. Қазақ, тіліне аударуда біздің күні бүгінге шейін Абай тәжірибесіне соқпай, оған мойын ұсынбай өте алмайтынымызда бұрқыраған қайнардың касиеті бар.
Абайдың ересен білімдар інісі Халиулла орыс классикасымен — Толстойдың, Тургеневтің, Салтыков-Щедриннің, Белинскийдің, Добролюбовтың — шығармаларымен Абайдан бұрын танысып, сол шығармалардан нәрлі үзінділер аударғанын қыр қазағының тұрмысына қанық орыс ғалымдары, Н. Максимов, Г.Н. Потанин, Н.М. Ядринцев растайды. Қағаз жүзінде сақталмай жоғалып кеткен ол аудармалардың сыры, сыпаты, сапасы жөнінде болжау жасауға ғана болады. Реалистік аударма тұрғысынан Абайға азды-көпті ықпал жасамады ма екен деп ойлаймыз.
Осы жағынан алып қарағанда, Абайдың аударма өнерінде де жаңалық мол. Абай аудармалары шығарманың контексті мен подтекстін мейлінше терең түсінгендікті және соны казақ ұғымына жат етпей, мейлінше жатық етіп бере білушілікті танытады.
Абай аудармалары тілімізді байыта түсті. Жаңа ұғымдар, тың теңеулер, эпитеттер, соны сөз орамдарын, сөз айшықтарын туғызды. Поэзиямызда жаңа ырғақ, жаңа әуен пайда болды. Ойлаудың бейнелі жаңа түрлері шықты.
Солай бола тұрса да, аударманың реалистік тұрғысынан алып карағанда, Абай тәжірибесі шетінен бүгінгі күннің кәдесіне аса береді деуге тағы болмайды.
Ең алдымен, Абай түсында қазақ поэзиясында аударма тәжірибесі жоқ еді. Сол тәжірибені Абайдың өзі жасады. Ал, тұңғыш істе қашан да қиыншылық көбірек кездеседі. Мұның үстіне, Абай аударманы өзінің ағартушылық қызмегіне пайдаланып отырды. Сондықтан ол бағзы бір шығармаларды тым еркін аударды, арасына өз идеяларын, өз көзқарастарын қосып, соған үндеді. Содан барып ол аударманы қазақ даласының тарихи экономикалық болмысына қарай бейімдеп жіберген де реттері болды
48
Дауларды айтасын С. Мұқанов- М. Әуезов, Б.Кенжебаев, Қ.Жұмалиев. абай бай болғандықтан байларды дәріптелді десе , екіншілері ол казак ақыны бола білді дейді.
20 ғасырдың 40–60-жылдарында Абай өмірі мен шығармашылығын зерттеу ісі кең көлемде жүргізіліп, жаңа белеске көтерілді. Абайдың қоғамдық, эстетикалық, философиялық көзқарасын, психологиялық және педагогикалық пікірлерін, ақындық тілін, композиторлық өнерін, аудармаларын тереңдеп тексерген еңбектер жарық көрді. Солардың ішінде С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Б. Кенжебаев, М.С. Сильченко, Қ. Мұқамедханов, Ы. Дүйсенбаев, Т. Тәжібаев, Б.Г. Ерзакович, Х. Сүйіншәлиев сынды ғалымдардың еңбектері бар.
49
Зәки АХМЕТОВ: ӨЛЕҢ ӨРНЕКТЕРІ 1995
Бұл жерде біз қазақ поэзиясына Абай тыңнан қосқан өрнектердің басты-бастыларына тоқталып өтпекпіз.
Сырмақ қып астына
Байының тоқымын,
Отының басына
Төрінің қоқымын
Бүксітіп,
Бықсытып
Қоқсытып келтірді.
Осының бәрімен
Көңілінде міні жоқ,
Жүзінің нәрі мен
Бойының сыны жоқ.
Бүкшиіп,
Сексиіп,
Түксиіп өлтірді.
Осындағы алты буынды тармақтар түгелдей үш буынды қос бунақтан құралса, қысқа тармақтар үш буынды болып келген. Бұдан біз осы өлең түрінің қазақ өлеңі құрылысының өзгешелік қалпын берік сақтап, поэзияда орныққан өрнектер негізінде өріліп шыққанын көреміз.
«Сегіз аяқтың» өлең өрнегі – ырғағы, шумағы, ұйқасы – өлеңнің мазмұнына, ондағы ой-сезім өзгешелігіне мейлінше сәйкес келеді. Өлең ырғығының әуезділігі, оралымдылығы, өзгеріп, түрленіп отыруға бейімділігі көркем түрді мазмұн байлығына, ой тереңдігіне үйлестіре білу шеберлігінен туған. «Сегіз аяқтың» өлең түріне тән жарасымдылықты, асқан көркемділік, зор ақындық қуатты, асқан шеберлікті танытады.
«Сегіз аяқ» секілді Абай поэзиямызға тыңнан қосқан өлең өлшемдерінен ақынның қазақ өлең құрылысының өзгешеліктерін, сипат ерекшеліктерін терең түсінгенін көреміз. Абай халық тілінің ырғақ-интонациялық байлығын жақсы сезінді, ең ұтымды ырғақтық өрнектерді талғап, екшелеп алып, жаңа, ұтымды өлшеулер туғызды. Қазақ тілінің үнділік, әуезділік сипаттарын толығынан ашып бере білді.
«Сегіз аяқ» өлшемінен Абай бір-ақ өлең жазса да, осы шығарманың маңыздылығы ерекше болғандықтан, сол арқылы-ақ өлеңнің кестесі қазақ поэзиясында берік орнықты. Бірталай ақындар «Сегіз аяқ» өлшемін қолданып көрді. Бірақ, осы күрделі, қиыннан қиыстырылып жасалған өлең өрнегіне сай көркемдік қуаттылық танытқан адам көп емес. Бұл тұста Шәкәрім, Ахмет Байтұрсыновтың осы өлең өлшемін қолдануы көңіл қоярлық деп айта аламыз.
• Басты бет
• Р. СЫЗДЫҚОВА: АБАЙ ТІЛІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Р. СЫЗДЫҚОВА: АБАЙ ТІЛІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ 1986
Абайдың тілі зерттеліп келді дегенге екі түрлі ұғымды сыйғызуға болады: бірі - ұлы қаламгердің тілі туралы жалпы пікір айту, екіншісі Абай шығармалары тілінің өзін талдап-таныту. Әдетте, жеке жазушының (ақынның) тілі жайындағы әңгіме оның өз қаламына тән шеберлік тәсілдері мен өзге де индивидуалдық ерекшеліктерін талдау болып келеді. Әсіресе поэзия иесінің тілін тану дегенді оның поэтикалық тәсілдерін, ол тәсілдердің тілдегі көрінісін зерттеу деп білу керек. Сонымен қатар Абай сияқты қаламгер тілін структуралық жағынан талдау арқылы қазақ әдеби тілінің белгілі бір кезеңдегі сипатын тануға болады, өйткені Абай - дайын тұрған қалып-нормаларды пайдаланған қатардағы жазушылардың бірі емес, сол тілдің даму барысындағы жаңа кезеңін бастаушы, сапалық жаңа түрінің ірге тасын қалаушы адам.
Біз Абай тілін танып-білудегі ізденістерімізді әрі қарай жалғастырып, арнайы жазылған екі монография жарияладық.31 Бұларда енді ұлы қаламгердің мұрасын қазақ әдеби тілі тарихының материалы ретінде зерттедік. Абай тілі - өз тұсындағы қазақ жазба әдеби тілін белгілі бір дәрежеде толығырақ көрсететін сипаттағы дүние. Сондықтан Абайдай сөз иесінің шеберлік лабораториясына үңілмес бұрын, оның сөздік құрамы мен грамматикасын лингвистикалық тұрғыдан тіркеп, жүйелеп талдап шығу қажеттігі тұрды. Бұл талдауларымыздың материалдары мен нәтижелері, бір жағынан, қазіргі жазба әдеби тіліміздің XIX ғасырдың II жартысындағы -өзінің басталар тұсындағы - лексика-грамматикалық сипатын танып-білуге септігін тигізер болса, екінші жағынан, ұлы ақынның суреткерлік шеберлігі мен өз қаламына тән қолтаңбасын көрсететін және қазақ көркем сөзі дамуындағы шоқтығы биік орнын танытуға арналатын әдеби-лингвистикалық (лингвостилистикалық) зерттеу жұмысына дайындық болмақшы.
Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысына арналған екінші монографиямызда қазақ өлеңінің, оның ішінде Абай туындыларының синтаксистік амал-тәсілдерінің проза синтаксисінен өзгешелігі қандай; өлеңнің ұйқасы, өлшемі, композициясы және шумаққа бөліну-бөлінбеуі мен оның синтаксисінің арасында қандай байланыс бар; өлең құрайтын компоненттердің бір-бірімен іліктесіп, байланысу амалдары нендей деген мәселелердің сырын ашуды көздедік
• Басты бет
• А. ЫСҚАҚОВ: АБАЙ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІ
А. ЫСҚАҚОВ: АБАЙ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІ 1986
- басында əдеби тіл Абайдан басталады дегендерге дау айтатын
-Абай өз шығармаларында 6 мыңдай сөз қолданыпты. Бұдан Абайдың сөздігі кедей екен деуге болмайды. Өйткені, қандай үлкен жазушы болса да, өзі білген сөздерді орынды-орынсыз жұмсамайды, тақырыбына, айтпақшы ойына қатысы бар сөздерді ғана қолданады. Шындығында, Абай қазақ сөзін шығармаларында қолданылған сөздердің аясынан әлдеқайда көп білген. Бірақ оларды тегіс қолдана алмаған. Осы себептен де Абай қолданған сөздердің кейбіреулері аса жиі, кейбіреулері тіпті сирек кездеседі. Мысалы, ақынның шығармаларында да етістігі - 1037 рет, де (да, та, те,) шылауы - 796 рет, ал етістігі - 614 рет, кер етістігі - 328 рет қапталанған. Сондай-ақ фразеологиялық (тұрақты) тіркестердің қолданылу шеңбері әрбір тірек (ұйтқы) сөздің ерекшеліктеріне қарай, я көп, я аз кездесіп отырады. Мысалы, ал етістігі - 55 түрлі тіркесте (бәйгі ал, дем ал, қабыл ал, ортаға ал, тіл ал...), кел етістігі - 35 түрлі тіркесте (кез келді, көңілге келді, қырынан келді, пар келді), кет етістігі - 41 түрлі тіркесте (береке кетті, зәре кетті, ойға кетті...) жұмсалған. Ал, көз сөзі - 49 түрлі тіркесте (көз алартты, көз сүзді, көз жасы, ой көзі...), күн сөзі - 26 түрлі тіркесте (әлі күнге, күн көріс, күні жоқ...) кездеседі.

50
Тоқсаныншы жылдар басында Абайдың шығысқа қатысы әсіресе исламиятқа қарым қатысы туралы мәселе қайта көтеріліп, Абайдың исламиятқа қатысы мол мораль философиясы, адамгершілік негіздері туралы мәселелер жаңаша бағыт – бағдар ала бастады. Қазақстан тәуелсіздік алған жылдардан бастап абайтану саласында жазылған зерттеу еңбектерінің бағыт - бағдары да өзгеріп, ғылыми тұрғыдағы ұлттық таным негізі шешуші орынға шыға бастады. Мысал ретінде атап өтер болсақ, А. Машановтың «Әл Фараби және Абай», Ғ. Есімовтың «Хакім Абай», М. Орынбековтың «Абайдың философиялық көзқарасы», М. Мырзахметовтың «Абайдың адамгершілік мұраттары» (1994) деп аталатын еңбектері Абайдың дүниетанымы туралы күрделі проблемаларды шығыстан ажыратпай қазақтың ұлттық философиясы негізінде қарастыруы арқылы абайтану саласында жаңа бағыт-бағдарды ұсынып отыр.


Мекемтас
- Абай өлеңдеріндегі жан мен тəн , құдай мəселелері 17 7 38 қара сөздері , мені мен менікі, өлшеулімен өлшеусізді өлшеуге бола ма ?
- Осы еңбек:3 сүю адамды , Алланы , əділеттердесің
- Толық адам : ыстық Қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет