Абдуллаев Наурыз Атымтаевич педагогикалық артистизм негізінде мұҒалімнің ҚҰзыреттілігін қалыптастыру 7М01110- педагогика және психология білім бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет6/32
Дата08.02.2022
өлшемі1,89 Mb.
#117207
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
Аблуллаев Наурыз
ОП Энергетика каз, ОП Энергетика каз, портфолио, 15.02.19, 15.02.19, 111, 6575b84a-6758-11e5-9d50-f6d299da70eeУМКД Гигиена преп каз, 16 5, 6. leksia, 6. leksia, Мақала образец, қаз т оқу бағд дұрысы, озгерис сырттай Акпар Стан послед темы дипломных работ 2019 - 2020 - копия, БББ каз МФ 1 06.02 (2), БББ каз МФ 1 06.02 (2)
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 



1.
 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ АРТИСТИЗМ НЕГІЗІНДЕ МҰҒАЛІМНІҢ
ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.
 
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың ғылыми
әдебиеттерде зерттелу көрнісі 
XX ғасырдың әлеуметтік-мәдени үдерістің динамизмі, құндылықтардың 
өзгеруі (өнердегі, этикадағы, адами өмірдің нормаларындағы) мұғалім мен 
оқушылардағы жаңа құндылық бағдарын тәрбиелеу мәселесі туындауда. 
«Мектепті шеберханаға теңеуге болады, оның ұзақ және көп еңбекті талап 
ететін қызметінің нәтижесі жауһар болып табылады. Мұғалім – белсенді 
құрылысшы мен өмірді өзгертуші адам болып есептеледі» [1]. Мектептің 
тәрбие жүйесі көптеген қызметтерді атқарады: танымдық, оқытушы, 
сауықтырушы. Дегенмен, тәрбие-қалыптастырушы рөл бірінші орынға шығады. 
Мұғалім қызметі шығармашылық қызмет үдерісіне айналуы байқалып жатыр. 
Педагогикалық кәсіптегі әртістік идея Н.Л. Гродзенская, В.Н. және Т.С. 
Шацкийлер, А.С. Макаренко сынды 20-жылдың көрнекті педагог-новаторлары 
және ғалымдарын қызықтырды. Мұғалім дайындығының кәсіби бағыты ретінде 
педагогикалық техника негізіне үйретуді А.С. Макаренко ұсынды. Аталған 
мәселені зерттеуге К.С. Станиславский және оның ізін жалғастырушылар үлкен 
үлесін қосты, олардың еңбектері әртісті дайындау, қарым-қатынас өнеріне 
арналды. Әртістік және режиссерлік қабілеттердің даму мәселесі тек қана 
эмпирикалық деңгейде (әртістер, өнертанушылар, режиссерлердің ойлары мен 
тәжірибесі) қарастырылды. Болашақ мұғалімнің педагогикалық артистизмін 
сахналық іс-әрекетпен байланысты мамандық иесі ретінде П.М. Ершов, В.И. 
Немирович-Данченко, Е.Б. Вахтангов, В.Э. Мейерхольд, Г.А. Товстоноргов 
еңбектерінде көрсетілген. 80-жылдары педагогикалық кәсіпте әртістік 
қабілеттердің дамуына арналған еңбектер жарық көре бастады. Мысалы, А. 
Зязюнның «Педагогикалық шеберлік негіздері» кітабында әртістік қабілеттер 
сәтті педагогикалық технологияның бастамасы деп айтылған. Дегенмен, 
аталған мәселе фундаменталды зерттелген жоқ. 
Қазіргі кезде білім беру индивидпен ағартушылық жұмыстар жасау 
әдісіне қарағанда, оны шығармашыл тұлға ретінде, оның жеке қабілеттерін 
дамыту механизміне айналу керек. Заманауи талаптарға сай білім беру мен 
мектептің мәдени қалаушы рөлі маңызды әлеуметтік мәдени институтқа 
айналуы қажет. Мектеп жұмысының эффективтілігі педагог жұмысының 
сапасымен, міндеттердің күрделілігімен анықталады. Қоғам жетістігін 
меңгерген «білімді адамнан» түрлі мәдениетті біріктіретін «мәдениет адамына» 
білім идеалының өзгеруін есепке ала отырып, мұғалімдерді осындай жұмысқа 
дайындығын қалыптастыру қажет. Мәдени байлықты меңгеру қалыптасып келе 
жатқан бала тұлғасы мен адами мәдениет жетістіктері арасындағы делдал рөлін 
орындайтын мәдениетті тасушы адамсыз күрделі болады. Педагогтың 
шығармашыл тұлғасы сол делдал рөлін атқарады, ол баланың мәдениет пен 
қоғамда бейімделуіне көмек көрсетеді. Ол үшін мәдени-бейнелік ойлауы 
дамыған педагогтарды дайындау қажет.


10 
Ақпараттық-репродуктивті білім беру белсенді-шығармашыл білім беруге 
ауысуының себебі педагог оқушыға бағдарланады. Ол оқушыны түсінеді және 
қабылдайды, оның тұлғасына, қызығушылығына позитивті қарайды, өзін-өзі 
дамытуға бағыттайды, баланың білім алу үдерісін жеңілдетеді. Дәл қазіргі 
уақытта бізге «әртіс», «жандандырушы» мұғалімдер ауадай қажет. Артистизм 
әрбір педагогта кәсіби қасиет ретінде белгілі бір мөлшерде бойында болуы 
керек. Оқу-тәрбие үдерісіндегі оқушы және мұғалім арасындағы байланыс 
тұлғалық, индивидуалды формаға ие. Сондықтан мұғалімнің осы байланысты 
бағыттауына сәйкес оқыту мен тәрбиенің эффективтілігі жүзеге асады. 
А.К.Маркова мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің көрсеткіштерін 
анықтайды: 
педагогикалық 
қызмет, 
педагогикалық 
қарым-қатынас, 
педагогикалық белсенділік, мұғалімнің тұлғасы, оқушылардың оқып-
үйренуі/дайындығы, оқушылардың тәрбиелілігі/әдептілігі. Көрсеткіштердің 
әрқайсысы обьективті түрде қажетті құрамдас бөліктермен: кәсіби білім мен 
дағдылар, маманның психологиялық сапасына қойылатын талаптар – кәсіби 
ұстанымдар (көзқарастар) жеке тұлғалық ұстанымдармен сипатталады. 
Л. М. Митина педагогикалық құзыреттілікті анықтауда белсенділік, 
коммуникативтілік және жеке компоненттерді ерекше бөліп көрсетті: 
педагогикалық құзыреттілік дегеніміз бұл пән бойынша білімдердің, оқыту 
әдістері мен дидактика, педагогикалық қарым-қатынас қабілеттері мен 
дағдылары (мәдениеті), сонымен қатар өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру 
әдістері мен құралдарының үйлесімді жиынтығы. 
Б.В.Авво, Е.В.Майная мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін анықтауда 
маманның жеке сапалық және біліктілік сипаттамаларына ерекше назар 
аударады: мұғалімнің құзыреттілігі (мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі) кәсіби 
қызметтің нақты жағдайлары тұрғысынан мәселелерді талдап, оларды шешу 
(кәсіби –педагогикалық мәселелерді шешудегі) қабілеттілігінің көрінісі ретінде 
қарастырады. 
Никитин 
Э.М., 
Л.Б.Сенкевич 
бұл 
мәселені 
жан-жақты 
қарастырады.Сайып келгенде мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін кеңейтілген 
түрде – педагогтарға берілетін мінездемелердің тізімі, құзыреттіліктің құрам 
бөліктері сызба түрінде көрсетілген.Мұғалімдің құзыреттілігінің ұсынылған 
сипаттамаларында авторлар құзыреттіліктің құрамдас бөліктерін жеке тұлғалық 
бағыттарына сәйкес топтайды 
В.Г.Казанская, Л.Г.Антропова мұғалімдердің құзыреттілігін қызметтің 
жекелеген аспектілерінде, түрлерінде айқындайды. 
В.Г.Казанская педагогикалық қызметтің психологиялық мәселелерін жан-
жақты зерттей келе, педагогтың психологиялық құзыреттілігін педагогтың жеке 
тұлға психологиясын білу, тәрбиелеу мәселелерінде хабардар болуы, бұл 
мұғалімге оқушы туралы жаңа білім, жаңа мағлұмат береді, өзінің алдағы іс-
әрекетінің салдарын болжауға, кәсіби мәселелерді шығармашыл және кәсіби 
түрде шешуге мүмкіндік береді. 
Әдістемелік жұмыс мұғалімнің озін-өзі дамыту барысында өзінің кәсіби 
құзыреттілігін артгыруға педагогикалық әсерінің кажетті мүмкіндігін 


11 
қалыптастыратын іс-әрекеттерінің өзара байланысқан әдіс-тәсілдерінің нақты 
жиынтығын кұрайды. Әдістемелік жұмыс жүйесінің төмендегідей элементтер 
жиынтығын ашып көрсетуге болады: мақсат, ұйымдастыру принципі, мазмұны, 
формасы, әдстері және нәтижесі. Автор әдістемелік жұмыстың мақсаты 
мұғалімді педагогикалық шығармащылыққа жеткізетін білім, білік, дағды мен 
зерттеу мәдениетінің, рухани мәдениеттің бірін-бірі толықтыруы ретінде 
анықтайды. Әдістемелік жұмыс – ғылым және озат педагогикалық тәжірибе 
жетістіктеріне, оқу-тәрбие жұмысының нақты талдауына негізделген әрбір 
мұғалімнің, ұстаздың, тәрбиешінің, оқу мекемесі басшысының білім беру 
жүйесінің басқа да қызметкерлерінің педагогикалық мамандық дәрежесін және 
кәсіби шеберлігін көтеруге (педагогтардың кәсіби өз өзіне білім беруді, өзін-өзі 
тәрбиелеуді, өзін-өзі жетілдіруді басқару бойынша шараларды есептегенде), 
тұтас педагогикалық ұжымның теориялық мүмкіндігін дамыту мен көтеруге 
және оқушыларға нақты білім беру тәрбиелеу мен дамытудың үйлесімді 
деңгейіне жетуге бағытталған өзара байланысты шаралардың, қызметтердің 
жүйесі. 
Болашақ 
педагогтардың 
кәсіби-дидактикалық 
құзыреттілігін 
қалыптастыру барысында біз ғылыми-танымды және практикалық әрекеттің 
белгілі бір кезеңінде әдіснамалық білімді қолданудың нақты аймағын 
нақтылауға, 
педагогика 
әдіснамасы 
мен 
педагогикалық 
зерттеулер 
бағытындағы семинар, конференциялардағы тұжырымдар мен ұсыныстардың 
пайдалылығын анықтауға, студенттердің өз жұмыстарын қазіргі педагогикалық 
білім негізінде зерделеуін қалыптастыру керек деп есептейміз. 
Болашақ 
педагогтардың 
кәсіби-дидактикалық 
құзыреттілігін 
қалыптастыруға бағытталған дайындық жүйесінде әдіснамалық тұрғыдан 
қамтамасыз ету ғылыми білімді, зерттеушілік білік пен дағдыны тереңдетіп 
зерделеу болып табылады. Зерттеушілік әрекетті жобалау бір мезгілде өте 
шығатын емес, қайта болашақ мамандығы қызметіне бағдарлай дамытатын 
әрекет ретінде танылатын шығармашылық үдеріс. Зерттеулер көрсеткендей, 
мұғалім мамандығының логикасы мен құрылымы бұрынғыша ойлаудың 
индустриялық - ағарту парадигмасы шеңберінде қалып отыр.
Сондықтан 
мұғалімдердің 
кәсіби 
дидактикалық 
құзыреттілігін 
қалыптастыру мұғалімдерде дүниені интегративті тұрғыдан қабылдауға, 
әрекеттің мәнін мәдени-мәнмәтіналік аспектіден көре білуге септігін тигізеді 
деп 
ойлаймыз. 
Педагогтардың 
кәсіби-дидактикалық 
құзыреттілігін 
қалыптастыру оларды тек мәдениет туралы мәлімметтермен ғана байытып 
қоймайды, оларға өзін тануға, өзінің жеке «меңін» қалыптастыруда, кәсіби 
тұрғыдан жоғары деңгейге көтерілуге көмектеседі. Бұл жерде білім берудің 
мемлекеттік стандартына қойылатын талаптардың да қатысы бар. Қазіргі 
стандарттарда құзыреттілік тұрғыға көңіл бөлу байқалғанмен, әлі де жетістіруді 
қажет етеді. 
Л.Г.Антропова мұғалімнің коммуникативті құзыреттілігін оның жеке 
тұлғасының кәсіби маңызды, интегративті сапасы ретінде негізге алған, осыған 
орай мұғалімнің жеке басының бағыттарына осы сапаның құрамдас бөліктері 


12 
анықталған: 
коммуникативті 
білім, 
шеберлік, 
дағдылар 
(танымдық, 
операциялық және қызмет салалары) коммуникативтік бағыт, гуманистік 
ұстаным 
(мотивациялық-құндылықтық 
саласы), 
коммуникативті 
шығармашылық (рефлексиялық сала). 
Педагогтың кәсіби құзыреті/құзыреттілігі ұғымын психологиялық-
педагогикалық талдау нәтижесінде мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар 
айқындалды, бұл талаптар педагогтың кәсіби қызметті тиімді және 
шығармашылықпен атқаруға қабілеттілігін, моральдық құндылықтар мен 
мәдениетін сақтау қажеттілігін сезініп, өзін-өзі үнемі жетілдіруге дайын болу. 
Бұл талаптарды нақтылау педагогикалық процестің өзгергіштігі 
жағдайындағы кәсіптік қызметтің субьект-субьектік түрін ескере отырып, 
мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекетті, педагогикалық қарым-қатынасты 
тиімді жүзеге асыру қабілеті мен дайындығын қамтамасыз ететін кәсіби 
дағдылар жүйесі; сонымен қатар олардың қызметін бағалау және өзіндік білім 
беруді жобалау. Жаңа заманның педагогтары И. Гербарттан бастап мұғалім іс-
әрекетіндегі «техника» және «өнер» арақатынасын жақсы түсінді. С.Т. Шацкий 
мұғалімнің балаға әсеріне назар аударды. Ал С. Макаренко тұлғаның 
коммуникативті ерекшеліктерін қолдану туралы жазды. В.А. Сухомлинский 
педагогтардың оқушыларға сөйлеу тонын басқаруды ұсынды. Ф.Н. Гоноболин 
педагог іс-әрекетіндегі экспрессивті қабілеттердің маңызды екенін көрсетті; 
мұғалімнің сырт келбеті мен мимикасы үлкен рөл атқаратынын айтты. 
Зерттеудің екінші кезеңінде кәсіптік стандарттарды жобалаудың 
әдіснамалық тұғырлары іздестірілуде. Кәсіптік стандарт қызметкерлердің 
кәсіби әрекеті сапасына бағдар ретінде алынады: 
а) құзыреттіліктердің деңгейлік жүйесі;
б) кәсіптік міндеттер жүйесі;
в) қызметтік карта;
д) тұлғалық қасиеттер жүйесі. 
Зерттеудің үшінші кезеңінде кәсіптік және білім беру әрекетінде тиімді 
және үйлесімді стандарттарды жобалаудың ғылыми-әдістемелік құралдары 
жасалды. Зерттеу Қазақстан Педагогикалық ғылымдар Академиясында 
профессор Ә. Қ. Құсайыновтың басшылығымен жүргізілуде. Зерттеу пәні – 
кәсіптік стандарттарды жобалау. Кәсіптік стандартты жобалау тұжырымдамасы 
әдіснамалық негіз+ғылыми аппарат элементтері (нысана, пән, мақсат, 
міндеттер)+категориялар, ұғымдар жүйесі+ұстанымдар жүйесі+ғылыми-
әдістемелік 
құралдар: 
модельдер, 
әдістер, 
құралдар. 
Тқсәж= 
ӘН+ҒАЭ+КҰЖ+ҰЖ+ҒӘҚ. Кәсіптік стандарттарды жобалау. Кәсіптік және 
білім беру саласындағы жобалауға әдіснамалық бағдар болып табылады. 
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық базасы көп деңгейлі әдіснама 
мен ғылыми зерттеулер әдістемесі зерделенген еңбектер. (В. Е. Гмурман, Н. Д. 
Хмель, Н. Д. Никандров, Б. Л. Вульфсон, Ә. Қ. Құсайынов және басқалар). 
Педагогикалық ғылым дамуының заманауи сатысында педагогикалық 
шығармашылық мәселесіне арналған теоретикалық ойлар пайда бола бастады. 
Шығармашылықтың 
психологиялық 
аспектілері 
С.Л. 
Рубинштейн,


13 
Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, Я.А. Пономарев жұмыстарында, мұғалімнің 
педагогикалық 
шығармашылығы 
Н.В. 
Кузьмин, 
В.И. 
Загвязинский,
В.А. 
Сластенин, 
Ш.А. 
Амонашвили 
еңбектерінде 
қарастырылған. 
Педагогикалық артистизмді маңызды кәсіби сапа ретінде А.С. Шафранов,
В.А. Кан-Калик, М.О. Кнебель, П.М. Ершов, Ю.П. Азаров, Ю.Л. Львов,
И.А. Зязюн, В.А. Петров, М.В. Жабровец жұмыстарында көрсетілген. Режиссер 
мен әртістің шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеу мен кәсіби дайындау, 
театрлық қызмет спецификасын А.Д. Попов, Ю.А. Завадский, А.В. Эфрос,
А.А. Гончаров, Г.В. Кристи, С.В. Гиппиус, З.Я. Карагодский, В.А. Петров 
еңбектерінде көре аламыз. 
Біз дипломдық жұмыс жазу барысында келесі әдіснамалық базаға 
сүйендік: педагогикалық жүйе туралы теориялар мен концепциялар
(Ф.Ф. Королев, В.П. Беспалько, Л.И. Новикова, В.А. Караковский, В.А. 
Сластенин, Ю.П. Сокольников, Л.Ф. Спирин, Е.Н. Степанов және т.б.); 
педагогикалық қызмет болмысы туралы концепциялар (Л.С. Выготский,
С.М. Годник, Е.П. Белозерцев, Н.Д. Никандров, Н.В. Кузьмина, А.Н. Леонтьев, 
М.И. Рожков, С.Л. Рубинштейн, В.А. Сластенин, В.П. Шадриков, А.И. 
Щербаков және т.б.); жоолық педагогикадағы педагогикалық қызметті 
талдаудағы мәселелік тұғыр теориясы (В.И. Загвязинский, П.В. Конаныхин, 
П.И. Пидкасистый, В.А. Сластенин, Л.Ф. Спирин, Л.М. Фридман, М.Л. 
Фрумкин және т.б.); педагогикалық қарым-қатынас теориясы (А.А. Бодалев, 
Л.В. Байборова, А.Г. Кирпичник, А.А. Леонтьев, А.В. Мудрик, В.В. Сохранов, 
М.И. Старов және т.б.); дамыта оқыту теориясы (Л.С. Выготский, В.В. 
Давыдов, В.И. Загвязинский, Л.В. Занков, П.И. Зинченко, Э.В. Ильенков, П.И. 
Пидкасистый, Д.И. Фельштейн); мұғалім шығармашылығының болмысы 
туралы теориялар (В.И. Загвязинский, В.А. Кан-Калик, А.С. Макаренко, Н.Д. 
Никандров, М.И. Рожков, В.А. Сухомлинский, Л.Н. Толстой, К.Д. Ушинский 
және 
т.б.); 
кәсіби 
педагогикалық 
іс-әрекеттегі 
көркем-эстетикалық 
шығармашылық теориясы (П.М. Ершов, К.С. Станиславский, В.М. Букатова, 
А.П. Ершова, Б.Е. Захава, Т.С. Злотникова, Е.М. Ильев, В.И. Немирович-
Данченко, М. Чехов, А.Б. Вэскер). 
Ғылыми әдебиеттерде педагогикалық артистизмнің тұрақты анықтамасы 
жоқ, бұл ұғымның түсіндірмесі әр түрлі, осы құбылыстың қысқаша 
сипаттамасы ғана беріледі. Әртістік педагогтың нақты сапалары, мұғалім іс-
әрекетіндегі артистизмді дамытудың негізгі іске асыру жолдары толық 
анықталмаған; педагогикалық артистизмнің кейбір атрибуттары ғана 
көрсетіледі; аталған феномен терең ғылыми талданбаған, педагогикалық 
тәжірибе үшін оның мәні керекті деңгейде ашылмаған. Мектептердің ашық 
жүйеге өзгеруі мұғалім позициясын өзгертті, онда педагогикалық артистизмнің 
болуын талап етеді. Мұғалімнің әртістілігі өзін-өзі құрметтеуін, өзіне 
сенімділігін 
арттырады, 
авторитет 
әкеледі. 
Заманауи 
мектептерде 
педагогикалық үдеріске қатысушылар арасындағы қарым-қатынас мәселесі 
бірінші орында тұр. Педагогикалық іс-әрекетте мұғалім мен оқушы арасындағы 


14 
байланысты эффективті орната білу–мұғалімнің өз еңбегінің жемісін көрумен 
тепе-тең. 
Қазіргі уақытта мұғалім мен шәкірт арасындағы тұйықтық, бір бірінен 
алшақтық байқалуда. Оқушылар қазір өз мұғалімінен қорқады, өз мұғалімін 
жау көреді. Балалар мұғалімді кез келген уақытта қайғысы мен қуанышын 
бөлісе алатын тәрбиешісі, досы ретінде көруді қойды. Сондықтан қазір 
педагогтардың квалификациясын көтеру мен дайындау жүйесін түбегейлі 
өзгертуді қажет етеді. Дегенмен дағдыларды дамытуды тоқтатпау керек, одан 
әрі жетілдіруді талап етеді: мұғалімдерге қиын жағдайларда іс әрекет жолдарын 
үйрену керек; педагогикалық міндеттерді ұқыпты шығармашылық шешім 
табуға мұғалімдерді бағдарлау қажет. А.С. Макаренко «Болашақта 
педагогикалық жоғары оқу орындарында міндетті түрде дауыс қою, өз ағзасын, 
бет әлпетін меңгеру үйретіледі және олсыз тәрбиеші жұмысы мүмкін емес 
болады»-деп жазды [2]. 
Григорий Померанец философиялық және мәдени позициядан кез келген 
жұмыста, кез келген адамның жолында артистизм міндетті түрде болады деген 
пікірді дамытты. Бұл идея «Сны земли» кітабында анық айқындалады. Осы 
ойды мұғалім газетінің «Призвание» мақаласында да жазып көрсеткен [3]. 
Артистизмді меңгеру мұғалімге дидактикалық тұрғысынан ғана емес, 
сонымен қоса педагогикалық шеберлік жағынан да өз іс-әрекетін санамалауға 
мүмкіндік береді. Артистизмді маңызды педагогикалық құндылық ретінде 
тәрбиелеу арқылы мұғалім тұлғасының рухани-адамгершілік қалыптасуына 
ықпал етеді. Мұғалім тұлғасының рухани-адамгершілік жағын әртістік 
шеберлікпен байланыстырып зерттелінген жоқ. Соңғы жылғы мақалалар мен 
баспаларда «әртістік қабілеттер», «сабақ режиссурасы» терминдері кездесіп 
келеді, бірақ «педагогикалық артистизм» термині нақты анықталмаған. Оның 
теоретикалық негізделген анықтамасы жоқ. Оның орнына бұл қасиеттің кәсіби 
қызметтегі рөлі айқындалып айтылады. 
«Педагогика–бұл ғылым мен өнер» тезисі Ресей педагогикасы мен 
психологиясында (Ю.П. Азаров, Н.В. Александров, Д.Ф. Николенко, В.К. 
Розов) кездеседі. Бұл жұмыстар шығармашылық қабілеттерді дамыту мәселесін
(Л.С. Выготский, Б.Г. Ананьев, А.Н. Леонтьев, Е.М. Теплов, А.Г. Ковалева) 
зерттеген еңбектермен сәйкес келеді. 
Шығармашылық жолымен жұмыс істейтін мұғалімге дәстүрлі дидактика, 
педагогикалық технология шеңберінде жұмыс істеу күрделі болады. Олар 
театралдық өнер, көркем сөз, музыка, философия көмегімен шығармашылық 
әлеуетке шығатын жол іздейді. Сондықтан мектептерде мұғалімдер басқаратын 
театрлар кездейсоқ пайда болмайды. 
Кәсіби педaгогикaлық қызметтегі шығaрмaшылық, педaгог еңбегінің aсa 
жоғaры нәтижелілігіне қол жеткізу үшін, оның мүмкіндіктерін aсa толық жүзеге 
aсыру үшін қaжетті тaлaп болып тaбылaды және оғaн кепіл береді. Сонымен 
қaтaр, педaгогикaлық шығaрмaшылық үдерісі сaбaқтың немесе оқу кәсібінің 
жобaсын дaйындaу кезінде ғaнa емес, сондaй-aқ, оның ниетін нaқтылы түрде 
көрсету, aйқын оқу үдерісі жaғдaйындa педaгогикaлық сaбaқ жоспaрын жүзеге 


15 
aсыру бaрысындa дa іске aсырылaды. Дәл осы мезетте, оқу-тәрбие үдерісінде, 
тікелей оқыту қызметінің үдерісінде бaстaпқы ниеттердің, идеялaр мен 
ұсыныстaрдың әр текті, кей уaқыттa болжaп болмaйтын нұсқaулaрының 
туындaуынa әкеп соғaтын, шұғыл шешімді тaлaп ететін, көптеген 
жоспaрлaнбaғaн оқиғaлар туындамады. 
Сабаққа дайындық барысында, педагог оқыту үдерісінің негізгі құрамдас 
бөліктері туралы көріністі ақырғы дәрежесіне дейін айқын жеткізгісі келеді, 
дәріс, сабақ өткізу барысының ұсынылған нұсқауларына болжам жасауға 
тырысады, алайда шынайы оқу үдерісінің дамуын аяғына дейін көрудің, одан 
барлық мүмкін ауытқуларды көздеудің объективті мүмкіндігі тағы бар. 
Педагогикалық оқу жоспарын оқу үдерісінің шынайы талаптарына сәйкес 
жедел түзеу, ауыстыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін реттеуіш ретінде 
педагогикалық импровизацияны ерекше бөліп айтуға болады. 
Осы 
құбылысты 
зерттеушілердің 
көпшілігі, 
импровизация-
шығармашылықтың кез келген түріндегі басты құрамдас бөліктердің бірі болып 
табылады. Импровизация–ақындар, музыканттар, бишілер, әртістер және т.б. 
сияқты 
өнер 
қайраткерлерінің 
шығармаларында 
кеңінен 
танымал. 
Импровизация–шығармашылық қызметтің аса маңызды құрамдас бөлігі 
ретінде, белгілі бір деңгейде өзіндік құрылысы жағынан актердің (Ю.П. Азаров, 
В.А. Кан-Калик, Ю.Л. Львова және т.б.) шығармашылығына ұқсас 
педагогикалық шығармашылыққа да тән. Педагогикалық және актерлік 
қызметтің ұқсастығы және айырмашылығы туралы О.С. Булатова өзінің 
«Педагогический артистизм» атты кітабында қарастырып, былай деген: «... 
артистік педагогтар сабақ барысында туындалған кенет жағдайдан 
қорықпайды, керісінше оларды «ойнап», «дәлелдегенді», және де оларды 
сабақтың жаңа айқын бояуларын табуға мүмкіндік беретін жаңа жағдай ретінде 
қолданғанды ұнатады. Бұндай кенеттіктер педагогтің шығармашылық күш-
жігерінің шоғырлануын, шығармашылық шабытты қоздырады, қиял мен елесті 
қалыптастырады». Мұндай әрекеттерді меңгеру және жүзеге асыру белгілі 
іскерліктер мен уақытты талап етеді. Сондықтан зерттеушілер кәсіби өзіндік 
дамудың сатыларын көрсеткен. 
Ғұлама ғалым Әл-Фараби «Адам мақсатына өзін-өзі жетілдіру арқылы 
жетеді және адамның басына қонған бақтың тұрақты болуы жақсы мінез-
құлыққа байланысты» деп ой түйген екен. Ғалымның бұл пікірі оқушы мен 
мұғалімге тікелей қатысты деуге болады. Шынымен де, мұғалімнің жақсы 
мінез- құлқы оқушыға дариды және әсер етеді.
Мұғалім оны оқыту үрдісінде, қолданған әдіс-тәсілдерінің барысында 
және іс-әрекетінің нәтижесінде байқатуы мүмкін. Оқу барысында оқушы оны 
бойына сіңіреді. Егер оқушыда жақсы мінез-құлық болса, ол онда өзінің 
оқудағы жетістігін тұрақты ұстап тұра алады және өзін-өзі жетілдіреді. Яғни, 
нәтижелі оқу жақсы мінез-құлыққа тікелей байланысты. 
В.Н. 
Харькиннің 
ойынша, 
ұстазбен 
салыстырғанда 
актердегі 
«тапсырушылық аясы өрнектеліп суреттелген», ол пьесаның мәтінін азғана 
өзгешеліктің арқасында жандандыра отырып, сол бір рөлде, сол бір мәтінмен 


16 
өмір сүреді, ал ұстаз да, сабақтың мақсаты «шектеулі» болып табылады, олар 
табысқа жетудің тәсілі мен қисынын өздері реттеп отырады, яғни 
импровизациялық, сондай-ақ шығармашылық толықтығының дәрежесі 
театрлыққа қарағанда, педагогикалық қызметте көбірек байқалады. 
М.В.Кларин, мұғалімнің кәсіби даму жолдарына тоқтала отырып, оның 
мазмұнын өз тәжірибесін зерделеуге мүмкіндік беретін рефлексиямен 
байланыстырады. Бұл тұрғыдағы рефлексия ой-тұжырым жасау, қорыту, 
салыстыру, ұқсастыру, бағалау, толғану, есіне алу және т.б. мәселерді шешуден 
тұрады. Ол сондай-ақ интерпретация, талдау, талқылау немесе бағалау 
мақсатындағы сенімдерді де қамтиды.
Құзыреттілік ұғымы - «білім», «білік» және «дағды» сияқты ұғымдарды 
қамтиды. Бірақ бұл білім, білік және дағдының жаңаша жай ғана жиынтығы 
емес. Құзыреттілік оқыту нәтижесін (білім және білік) ғана емес, сонымен қатар 
ол оқушылардың шығармашылық іс-әрекет тәжірибесі мен құндылық 
бағдарларының жүйесін де көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет