Қабылдаған: Дуйсебекова а түркістан 2023 жыл Жоспары



бет1/4
Дата14.10.2023
өлшемі82,3 Kb.
#185348
  1   2   3   4
Байланысты:
Сыныптан тыс 3
Презентация, Функция, Философия

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Жаратылыстану ғылымдары факультеті
Биология кафедрасы



БӨЖ


Тақырыбы: Ғылымның көкжиегі тақырыбында конференция өткізу


Орындаған: Мауленкулов Н
Тобы: ЖБЛ-012
Қабылдаған: Дуйсебекова А
Түркістан 2023 жыл
Жоспары:



  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім:

  3. Қорытынды

  4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

I.Кіріспе


Ғылымы жоқ елдің болашағы бұлыңғыр. Бұл – әлдеқашан дәлелденген ақиқат. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің бірінші отырысында: «Дамудың бірден-бір жолы – ғылым. Адамзат жетістіктің бәріне білімнің арқасында жеткен. Қарапайым заттардан бастап, күрделі ой-тұжырымдарға дейін, барлығы да – ғылымның жемісі. Шын мәнінде, ілім-білім арқылы бүкіл жаратылысты терең танып білеміз. Таным көкжиегін кеңейтіп, жаңа белестерге шығамыз. Ғылымның ең басты миссиясы – осы. Ұлы далада өркендеген ғылымның тамыры тым тереңде жатыр. Адамзаттың екінші ұстазы Әл-Фарабидің ғылыми мұрасы – соның айқын көрінісі. Көне заманнан бастау алған ілім жолы ешқашан үзілген емес. Соның ішінде өткен ғасырда қазақ ғылымы ерекше қарқынмен дамыды. Ал ғылым мен технологияны, инновацияны дамыту – еліміздің бәсекеге қабілетін арттыратын негізгі саланың бірі. Біз отандық ғылымның басымдықтарын халықаралық талаптарға және ұлттық мүддемізге сәйкес айқындаймыз», – деген болатын.Бүгінде жаһандық даму тенденциясы да ғылымның ілгері басуына тікелей тәуелді. Біз қазір әлем елдері өз әлеуетін ғалымдарының потенциалымен өлшенетін кезеңде тұрмыз. Ол бәсекенің басты өлшеміне айналды.Қазақстанда бүгінде ғылым саласында 22 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Зерттеушілердің 35 пайызы ғылыми, сондай-ақ академиялық дәрежеге ие. Ал М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 25 ғалымы Ұлттық ғылым академиясының, салалық ғылым академиялары мен кәсіби қауымдастықтардың құрамына қабылданған.
Жоғары білім беруді жалпы білім беру жүйесінен бөліп, өз алдына бөлек министрлік етіп құру қажеттілігі ғылымға баса көңіл бөлу мақсатынан туғаны белгілі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет