Абстракт Зерттеу тақырыбының өзектілігі


ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН ОҚЫТУДЫҢ ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ



бет17/29
Дата22.04.2020
өлшемі0,68 Mb.
#63818
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29
Байланысты:
Еркінжан2

2. ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН ОҚЫТУДЫҢ ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1. Қазақстан тарихын мектепте оқытудың қазіргі жүйесі
XXI ғасырда, ғылыми-техникалық прогресс қарыштап дамыған тұста біздің еліміз үшін сапалы білім, саналы тәрбиемен қатар жан-жактылык, яғни баска салалардан хабардар бола білудің маңызы зор. ҚР Білім беру заңының 8-бабында:

  • білім беру жүйесінің басты міңдеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруды дамытуға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;

  • жеке адамның шығармашылық рухани және дене мүмкіндіктерін да-мыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалып-тастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту;

  • заматтық пен елжандылыққа, өз Отанына сүйіспеншілікке,мемлекеттік рәміздерді кұрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, конституцияға кайшы және коғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу деп атап көрсетеді.

«ҚР 2015 ж. дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында» оқушының жеке тұлғасын жетілдіруге ғаламдық ой-санасын қалыптастырудағы басты міндеттерінің бірі ретінде азаматтыкка, адам құқықтары мен бостандық-тарына кұрметпен қарауға, елжандылыкка, өз Отанын сүюге тәрбиелеуге басты назар аударған.

XVI ғасырдың педагог-ғалымы Ян Амос Коменскийдің дидактикасының барлык принциптері бүгінгі таңға дейін өзінің мәнін жойған емес.

«Ұлы дидактика» еңбегінің XXIII тарауында:

«Мектепте балаларды адамгершілікке нағыз ізгілікке шындап тәрбиелеу үшін, сол жұмыстарды үлкен шеберлікпен еге білу кажет. Сонда ғана мектеп, толық мағынасында «адамдар ұстаханасы» болып шықпақ» - дейді. Демек, бүгінгі ғасыр - білімділер ғасыры, заманына сай зерделі ой-өрісі жоғары азаматтарды қалыптастыру - мемлекеттің аса маңызды стратегиясы болып отыр. ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазакстан - 2030» бағдарламасындағы Қазақстан халқына Жолдауында:

«Қазақстан азаматтарын мемлекетіміздің құқығын қорғайтын, мүдделерін биік ұстайтын азамат етіп тәрбиелеу қажет. Біздің балаларымыздың дені сау, сапалы білімді, өресі биік болып өсуі, тиіс» - деп тегін айтпаса керек.



Қазақ халқы әрқашанда парасатты пір тұтып, даналыққа табынып келген халық. Ұлтымызға тән тағы бір қасиет, ол білімді біліктіліктен ажырата білу. Ғалым-лингвист, ақын-аудармашы, ағартушы педагог А. Байтұрсыновтың ұғымында білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ қана, ал біліктілік дегеніміз - білімнің жеткіліктілігі ғана емес, сол білімді іске асыра білу дағдысы. «Қандай мектептің болсын басты нысаны - оқушыларға сапалы білім, салихалы тәрбие беріп, оларды білімді, еңбекшіл етіп тәрбиелеу» -деп А. Байтұрсынов үш мақсатты басты нысанаға алады[93].

Заман өзгергенімен, қанша құбылғанымен мемлекеттің өркендеуі, халықтың әл-ауқатының көтерілуін білім-ілімсіз елестету мүмкін емес. Философия, психология ғылымында құндылық ұғымын ерекше бір ақиқат деп қарастырған. Олар қажеттіліктен туындайды. М.В. Богусловский, Г.Б. Корнетов сияқты ресейлік әдіскер-зерттеушілер ең жоғарғы құндылықтар иерархиясын ұсынады: 1. Адам. 2. Денсаулық. 3. Өмір. 4. Жанұя. 5. Отан. 6. Жер (планета). 7. Адамзат. 8. Бейбітшілік. 9. Еңбек. 10. Білім. 11. Мәдениет. 12. Даму. Ал, педагог-ғалым К. Төлеубекова. «Қоғам дамудың жаңа кезеңіндегі адамгершілік тәрбиенің теориялық - әдіснамалық негізі» - деген еңбегінде тоғыз құндылықты атап көрсетеді:

Адам-аса жоғары құндылық;

Жер – жалпы адамзаттың ортақ үйі, өмірі мен тіршілік іс-әрекетінің мекені;

Ұлт-өз ұлтына мақтана білу, қадірлеу, еркіндікті сүю, өз халқының тіліне, тарихына мәдениетіне құрметпен қарау;

Отан - өз мемлекетінің рәміздеріне құрметпен қарау: әнұран, елтаңба, ту, халықтың дәстүрлерін қастерлеу. ҚР Ата заңына қайшы келетін қоғамға қарсы кез келген көрініске төзбеу;

Бейбітшілік–дүниежүзілік кауымдастықта лайықты орын алуды көздеп; казіргі және болашақ ұрпақтар алдында жоғары жауапкершілікті сезіну.



Мәдениет - рухани жетілудің тірегі.

Еңбек - нарық жағдайыңда жаңалық тапқыштық, жаңа технологиялық ойлар, нарық еңбегіне байланысты туындаған ұжымдық және жеке шаруашылық еңбегінің мақсатын ұйымдастыру нәтижелігін көрсету;

Білім - үшінші мыңжылдықта білім коғамды өзгертудің шешуші факторы;

Отбасы – отбасылық адамгершілік қарым-қатынасты, отбасының татулық беріктігін, болашаққа сенімділігін нығайтатын, тірек болатын өмірлік құндылық бұл адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, оқушылардың өзін-өзі жеке тұлға ретінде танытуға септігін тигізері сөзсіз.

Ежелден-ақ қазақ халқы өз ұрпағын адамгершілікке, ізгілікке, инабаттылыққа тәрбиелеуді басты мақсат еткен. Ата-бабамыз жазу-сызудың кем соғып жатқан шағында, көшіп-қонып жүріп-ақ ұрпақ қамын, оның болашағын жеткілікті ойластырған.

Сонау Әз-Тәукенің «Жеті жарғысы» деп аталатын әдет-ғұрып зандары талай ұрпақты адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелейтін жақтары мол екендігіне тарихтың өзі куә. Халқымызда «Адам деген ардақты ат. Адамнан үлкен ат жоқ» - деген қанатты сөз бар.

Тарих - біздің игілігіміз, біз оны құрметтеп, қастерлеуіміз қажет. Сонымен бірге құпия-сырларға толы, қорқынышты, қанды, кеңес елінің есімінде мәңгілікке қалған беттерінің шындығын, ақтаңдақтарын ашып жеткізу тарих саласындағы мамандардың жауапкершілігінде.

1980 жылдың аяғында КСРО- дағы қайта құруға байланысты Қазақстан тарихы мектептердің оқу жоспарына дербес пән болып енгізілді. Тарих адамға алдымен өз халқының өткенін, оның озық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрпын таныстыруы тиіс. Осы арқылы адамда ұлттық сана, ұлттық намыс қалыптасады. Тарихи санасы толық қалыптасқан адам ғана өмірдегі, қоғамдағы өз орнын дұрыс анықтай алады. Тарих сабақтары оқушылардың өткен кезеңдердің ұлы істерін басынан кешіріп, саралауына, кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық қасиеттердің барлығын пайдалана білулеріне бағыттайды. Тарих –бүкіл халықтың жан дүниесінің көрінісі.

Адамзат жасаған материалдық және рухани игіліктерді мирас етіп, оларды еселеп бере алатындай етіп тәрбиелеу - салауатты қоғамның мәңгіден келе жатқан тілегі. Қазақ халқының тарихында бірегей рухани тәжірибе, аса бай интеллектуалдық және адамгершілік яки, күш-жігер, ұшан-теңіз жан дүниесінің маржандары мен шығармашылық ой-қабілетінің күш-қуаты бар. Халық мінезінің ең жақсы ерекшеліктері-бұл атамекенге деген шексіз сүйіспеншілік. Шәкірттің жалпы даму процесі,адамзаттың серпінді қозғалысының зандылықтары ғана емес, сонымен бірге тарихи қайраткерлердің жеке басы, олардың азаматтық тұлғасын, тарихи фактілерді ақыл-ойымен қабылдаса, өзін интеллектуалдық жағынан байыта түседі. Тарихи зерде - өз халқының өткеніне деген құрметі, сүйіспеншілік қөзқарасының іргетасы.

Әрбір пәнді сыр-сипатын бұрмаламай, жұмбақтап әсірелемей, табиғи түрде оқыту қажет [94].

Көрнекті педагогы К. Д.Ушинский: «Мұғалім өз білімін көтеріп жүргенде ғана мұғалім, оқуды ізденуді қойса, оның мұғалімдігі жойылады» деген.

Ол үздіксіз білімін шыңдап отырмаса, өмір көшіне жете алмайды, ол заман талабына сай шәкірттеріне білім, тәрбие бере алмайды. Тарих сабағында оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыруға, адамгершілікке, отаншылдыққа, каһармандыққа, ұлтжан-дылыққа барлық халықтарды құрметтеуге олармен достық қатынас орнатуға, елдің қауіпсіздігін сақтауға, еңбек сүйгіштікке, діннің тарихтағы рөлін дұрыс түсінуге тәрбиелеуге, оларға эстетикалық, экологиялык, экономикалық тәрбие беруге толық мүмкіндік бар.

Сабақ барысында әдістерді қолдану тәсілдерінде оларды әсерлі, эмоциялды түрде жеткізе білудің маңызы зор. Оқу фильмдерінің фрагменттері, тарихи романнан оқылған 1-2 минуттық әсерлі үзінді, мұғалімнің дауыс ырғағы тақырыптың мазмұнына сай түсіндіруі, оқушыларды қызықтыра білуі де шеберлікке байланысты. Әрбір ғасырдың ұлы тұлғаларының өнегелі істерін оқушылардың жүрегіне жеткізе білудің өзі оларды жеңіске жеткізеді. Оқушыларды саналы тәрбиелеу арқылы дамытушылық "міндеттерді де жүзеге асыру күрделі емес. Тарихи оқиғаның пайда болуы, дамуы, бәсеңдеуі, аяқталуы, т.б. байланысты, бұл оқиғаның негізгі себептерін анықтап алайық - деп, қарапайым тәсілдермен оқушылардың ойлау кызметін дамытуға түрткі жасай отырып, ойландыруды күрделендіруге болады. Онда әр түрлі тарихи кезеңдердегі оқиғалардың ұқсастығы неде, ерекшеліктеріне оқушылардың өздігінше атқаратын жұмыстары көмек бола алады. Пән мұғалімінің тапсырмасымен оқулық мәтінін, қосымша материалды қолдану арқылы тақырыпты терең, жан-жақты меңгеруі ғасыр талабына сай азаматтарды даярлаудағы рөлі зор болмақ.

Ақпараттық технологиялар арқылы оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру. Бүгінгі жалпы білім беретін мектеп қоғамның алға қойған көкейкесті міндеттерін жүзеге асыру үшін баланың табиғи мүмкіндіктерін, қабілетін дамытып, дүниежүзілік деңгейдегі жоғары мәдениет пен қажетті білім қорын жинақтаған, өз алдына жауапты шешімдер қабылдай алатын, әр істе белсенді шығармашылық әрекет жасайтын жеке тұлғаны тәрбиелеуі тиіс.

Оқушыларды шығармашылыққа баулу, өз бетімен әрекет жасауға үйрету, бүгінде көптеген ғалымдардың көзқарасы бойынша XXI ғасырдың іске асуға тиісті өзекті проблемасы болып табылады.

Р.Г.Лемберг, Е.Я.Голант, Д.Н.Богоявленский, Л.В.Занков және тағы да басқа көрнекті ғалымдардың еңбектерінде өздік жұмыс оқушылардың өзін-өзі бақылауын қалыптастыру, ақыл-ой тәрбиесін беру құралы ретінде анықталады.

Соңғы онжылдықта өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың теориялық-әдіснамалық проблемалары көптеген ғалымдардың еңбектеріне арқау болып, әртүрлі бағытта қарастырылды:


  • оқуды белсендіру құралы ретінде (Б.П.Есипов, П.И.Пидкасистый);

  • оқушылардың танымдық дербестігін қалыптастыруға бағытталған теориялық тұжырымдамалар (И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, Н.Н.Половникова);

  • дербестік - өзіндік ұстаным, рухани-практикалық білім ретінде (Л.П.Буе-ва, С.Т.Зырянов);

-дербестік - жеке тұлғаның қасиеті мен сапасы ретінде (К.А.Абульханова-Славская, К.К.Платонов).

Оқулық пен оқу бағдарламасына құрылымдық-функционалдық талдау кезінде мұғалім жұмыс қорытындысы, ойлар мен тұжырымдарды, ұғымдардың анықтамасын қағазға белгілеп отырады.

Құрылымдық талдаудың барысында білім берушілік, тәрбиелік және дамытушылық сабақ мақсаты айқындалады.

Ғылыми ұғымда мақсат дегеніміз әрекет нәтижесін алдын ала ойша болжау дегснді білдіреді.

Мақсатты айқындауда жалпыадамзаттық құндылықтарды (азаматтардың тең құқықтылығы, еркіндігі, ар-ұяты, парызы яғни т.б.) және мемлекеттік стандартта белгіленген тарихты оқытудың мақсаттарын басшылыққа аламыз. Мақсаттар ұзақ мерзімге жоспарластырылған, қысқа мерзімді, нақты, дербес сабаққа арналуы мүмкін.

Функционалдық талдауда айқындалған мақсаттарды былайша жүйелеуге болады. Білім беру мақсаттары: қандай маңызды білім қалыптасады; сабақ мазмұнынан оқушы ең басты қандай білімді игеруі керек; сол сияқты білімді қайталау, бекіту және тереңдету мақсаттары белгіленеді. Тәрбиелік мақсаттар: сабақтың адамгершілік, эстетикалық тәрбие берудегі (қайырымдылық, кішіпейілділік, адалдық, еңбексүйгіштік) үлесі қандай; тәрбие оқу материалының мазмұнын тану процесінде, оқу әдебиеті барысында, оқушы мен мүғалімнің өзара байланысында іске асатындығы ескерілуі тиіс.

Дамытушылық мақсаттар: оқу материалына сүйеніп қандай дағдылар дамытылды (жоспар құра білуі, сұрақ құрастыра алуы, материалды игерудің қисындық бірізділігін игеруді және т.б.). Сонымен бірге дамытушылық мансаптарға оқушылардың пәндік және оқуға қатысты жалпы дағдылары мсн шеберліктерінің қалыптасып, психикасының (ақыл-ой, ерік-жігер, танымдық, қызығушылық) дамуын да жатқызуға болады.

"Ежелгі Рим" тақырыбын оқудағы білім беру мақсаты-мөдени, шаруашылық тұрғысынан адамзаттың дамуын көрсету; тәрбиелік мақсаты — қаталдықты айыптап, оқушылардың қарапайым адамдардың азар өміріне деген аяушылық сезімін ояту; дамыту мақсаты - жекелеген болшектер негізінде оқиғаның жалпы картинасын жасау.

Сабақтың мақсатын айқындаудың жолдарын Ю. К. Бабанский былайша жүйелейді:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет