Абстракт Зерттеу тақырыбының өзектілігі



бет18/29
Дата22.04.2020
өлшемі0,68 Mb.
#63818
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29
Байланысты:
Еркінжан2

а) бағдарламаларға қысқаша мінездеме. Тарих пәнінің оқу бағдарламасындағы білімдер мен біліктерді оқушыларға ойдағыдай меңгертуде тарих пәні бойынша сабақтан және кластан тыс жұмыстардың маңызы зор. Соңдықтан да "Қазақстан тарихын оқу әдістемесі" пәнінің құрамында "Тарих пәнінен жүргізілетін сабақтан және кластан тыс жұмыстар" деген тарау болуы тиіс. Онда төменгі, орта кластар оқушыларын қамтитын түрлі тарихи үйірмелерден бастап, көбіне жоғары кластар оқушыларымен ұйымдастырылатын саяхаттар мен экскурсиялар сияқты алуан түрлі жұмыстарды алдын-ала жоспарлау, ұйымдастырып өткізу мәселелері жан-жақты қамтылады. Мұңдай жұмыстар ойдағыдай ұйымдастырылған жағдайда оқушылар оларға белсене, қызыға қатысады, демек олардың тарихи білімдері толыға түседі, шығармашы-лықпен жұмыс істеу мүмкіндігі артады.

"Қазақстан тарихын оқытатын мұғалімге қойылатын талаптар" деген тараудың мазмұны бұған дейін орталық баспалардан (Мәскеуден) шыққан тарихты оқыту әдістемелері туралы еңбектердегі тарих мұғалімдері туралы айтылғаңдардан мүлде өзгеше болады. Бұрын басты міндет — оқушыларды коммунистік қоғамның салтанат құратыңдығына сендіру болса, қазіргі тарихшы мұғалімнің алдында тұрған басты міндет — оқушыларды адамзат жинаған құндылықтар рухында тәрбиелеу, оқушыны жеке тұлға деп қарау, сол тұлғаның заман талабына сай жан-жақты дамуына толық мүмкіңдік жасау, оны оқыта отырып дамыту, оқушымен демократиялық принципке негізделген қатынастар орнату.

Мұнда мұғалімнің ғылыми, кәсіби-әдіскерлік, жан-жакты білімділік дәрежесіне, адамгершілік, еңбек сүйгіштік сияқты қасиеттеріне қойылатын талаптар да жан-жақты көрсетіледі.

Соңғы тарау-тақырып "Қазақстан тарихының оқу-әдістемелік комплекс деп аталады. Мұндай комплекс бұрын қазақ мектептеріндегі

оқу пәндерінің бірде-бірінен жасалған емес. Бұл жұмыс еңді ғана басталып жатыр. Жоспар бойынша келешекте осы пәннен жасалатын

оқу-әдістемелік комплекс құрамында төмеңдегілер болады: оқу

бағдарламасы; оқулық; оқулықты пайдалану туралы әдістемелік

нұсқаулар; курстың кластар бойынша сабақ жоспарлары; оқу кітабы (5-7кл); хрестоматия (8-11 кл); терминологиялық сөздік; дидактикалық материалдар; көрнекі және техникалық құралдар. Тарих факультетінің қазіргі студенттері мектепке барғанда осы құралдар мектептің тарих кабинетінде тұруы мүмкін. Сондықтан да болашақ тарихшы мұғалімдер ол құралдармен жұмыс істеудің әдіс, тәсілдерін университет пен педагогикалық институттардың қабырғаларында жүріп-ақ үйренулері керек.

Жоғары және орта оқу орындарыңдағы Қазақстан тарихын оқыту дәрежесі оның әдістемелік жағынан да ойдағыдай оқытылуына тікелей байланысты. Ал бұл маңызды істе жетекшілік орын тарих факультетін бітірушілерге тиеді.

б) тарих бөлімдерінің құрлысы мен мазмұны, негізгі мақсаты. Тарих пәнінің тәрбиелік маңызы. Тарих пәнінің тәрбиелеушілік мүмкіндігі өте мол. Өйткені ол бүкіл адам баласының ғасырлар бойы жинаған тәжірбиесін баяндайды. Ал, мектептегі тарих курсына сол тәжірибенің алдымен маңыздылары, құндылары, ізгілері алынады. Әрине, мектептік тарих курсында құнсыз тарихи оқиғалар да оқытылады. Мәселен, фашизм,, крест жорықтары, басқа елге шапқыншылық жасап, бейбіт халықты қырғынға ұшыратқан соғыстар, т.б, Бірақ мұндай құнсыз оқиғалар білім ретінде құнды, өйткені оларды болдырмау үшін күресуге дайындаймыз. Тарих пәні небір тамаша тарихи фактілерді, оқиғаларды, құбылыстарды, жеке тарихи қайраткерлердің халық үшін жасаған қызметін баяндайды, осылардың бәрін олардың жүрегіне, сезіміне күшті әсер етеді, адамгершілігі жоғары, саналы азамат болып қалыптасуына үлес қосады.

Қазақстан Республикасы тәуелсіз даму жолына енді ғана түсті. Оның келешегі алда, біртіндеп дамыған, гүлденген өркениетті елдер қатарына қосылады. Мұны жүзеге асыратын Қазақстанның қазіргі жас азаматтары, мектеп оқушылары. Қазақстанға жан-жақты білімді, осы республикадағы барлық халық тілін, тарихын, әдет-ғұрпын сыйлайтын, осы ел үшін, оның халықтырынң бақытты келешегі үшін бар білімі мен күш-жігерін аянбай жұмсайтын нағыз отаншыл азаматтар керек.Осы міндетті орындауға мектептегі тарих пәні өте зор үлес қосады. Кеңес елі тұсында тарих пәнін оқыту барысында оқушыларды тәрбиелеудің ең негізгі бағыттары: марксизм-ленинизм идеясына берілгендік, дүние жүзінде капитализмнің құрып, коммунистік қоғамның саклтанат құратынына сендіру, социалистік идеологиядан басқа идеологиялардың бәрін жек көру, дінді жек көру рухында тәрбиелеу болды. Тәрбиенің мұндай бағыттарының мүлде теріс екендігін өмір тәжірбиесі көрсетті. Сондықтан да біз қазір Қазақстан мектептеріндегі тәрбиенің міндеттерін анықтағанда мұндай теріс бағыттырдан бас тартамыз. Тарих сабақтарында оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасы қалыптастырылады, адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке тәрбиеленеді, отаншылдыққа, халықтарды құрметтеуге, сыйлауға, яғни халықтар достығына тәрбиеленеді, еңбекке, қарт ұрпақтың еңбек пен жауынгерлік дәстүріне тәрбиеленеді; діннің қызметін дұрыс түсінуге, оны дұрыс бағалауға, бейбітшілікті сақтауға үлес қосуға, апдамзат жасаған құндылықтарды құрметтей білуге тәрбиеленеді; эстетикалық, экологиялық, экономикалық, т.б. тәрбие алады.

Жаңа буын оқулықтарының кемшілікткері. Мектепте «Тарих» курсын оқытудың басты мақсаты: оқушыларға адамзат дамуының ежелгі заманынан бастап, бүгінгі күнге дейінгі даму тарихынан жүйелі білім негіздерін қалыптастыру, бүкіл адамзат жасаған құндылықтарды, мәдени-тарихи тәжірибенің негізін меңгерту.

Сондықтан оқулық – адамзат тарихында білім беру міндеттерін шешуге бағытталган оқудың озық құралы. 2001 жылдан бастап тарих пәніне жаңа буын оқулықтары енгізілді. Осы оқулықтардың басты ерекшелігі:



  • Оқулықтың мемлекеттік тілде жазылып, бірнеше тілге аударылуы:

  • Оқу материалдарының басым көпшілігі Қазақстанның даму кезеңдерінен (тарихы. мәдениеті. дәстурі, т. б.) алынуы;

  • Әдістемелік кешенінің дайындалып, шығарылуы;

  • Оқулықтарға қойылатын педагогикалық талаптардың ескерілуі.

Сонымен бірге тарих пәні мұғалімі болғандықтан, жаңа буын оқулықгарында жіберілген қате-кемшіліктер туралы сын-пікірлер айтуды өз міндетім деп есептеймін. Оқулықтардағы жіберілген қателіктер:

  • оқу материалының көлемділігі;

  • тілі күрделі, оқушылардың қабылдауына қиындық туғызады;

  • суреттер мен иллюстрациялардың сапалы берілмеуі;

  • тарихтағы кейбір даулы мәселелер, мысалы: Қазақ хандығынын құрылу мезгілі, Шыңғыс ханның. Әмір Темірдін тарихтағы ролі. т. б. туралы әр түрлі бағыттағы көзқарастар мен тұжырымдардъң оқулықта жазылмауы.

«Көш журе тузеледі» демекші, кеткен қателіктерді ендігі, алдағы басылымында жібермеудің жолдарын көрсеткен достық ұсыныстарымызды авторлар ұжымы ықыласпен қабылдап, оқулықтар мен олардың оқу-әдістемелік кешендерін жетілдіре, жақсарта түседі деп сенемін[95].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет