АҒылшын тілін оқытудың Қазіргі замандық Әдістемесі



Дата29.03.2017
өлшемі122,65 Kb.
#12690
Шетел тілдері факультетінің

2 курс студенті Мусина Б. (сырттай оқу бөлімі).

Ғылыми жетекші: шет тілдері кафедрасының

аға оқытушысы, ф. ғ. к. Безаубекова А. Д.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНДЫҚ ӘДІСТЕМЕСІ

Рухани интеграция дәуірлеген бүгінгі таңда ағылшын тілі - ғаламдық феноменге айналды. Мемлекетаралық байланыстарды нығайту елдердің экономикалық қарқынына ғана  емес, ол руханиятқа, соның ішінде, тілге де тәуелді. Оқыту саласына түбегейлі өзгеріс жүріп жатқан, оқыту әдістері мен оның мазмұны қайта қарастырылып жатқан қазіргі таңда шетел тілдерін оқытудың тарихи тәсілдері мен оның негізгі тенденцияларын жетілдіру жүйесіне орала кету орынды.  

Қазір шетел тілін оқыту методикасы ғылым болып қалыптасып келе жатқанына ешкім күмән келтіре қоймас. 1930 жылы Е. М. Рыт методикаға алғаш анықтама берген. Ол: «Шетел тілін оқыту методикасы салыстырмалы тіл білімінің тәжірибелік айқындауышы», - деп баға берген болатьн.

Қолданбалы тіл білімі секілді әдістемеге де түрлі көзқарастардың туындауы 1930 жылдардағы шетел тілін пән ретінде оқыту жүйесінің жеткілікті деңгейде анықталмауымен тікелей байланысты болатын. Сол кезеңдерде зерттеу әдістерінің жүйесі де әзірленбеген еді.  

Әдістеменің ғылым ретінде сипат алуындағы алғашқы бағыттар Б.В.Беляевтің есімімен ұштасады. Ол әдістемені қолданбалы психология саласына тиесілді. Алайда, аудитория жұмысына сай іс әдістерін қолданудағы айырмашылықтар, материалдарды сараптау - методиканың басты мәселесі болған. Сондықтан әдістеменің бұл анықтамасы кең жайылған жоқ.  

1930 жылдардың аяғы мен 1940 жылдардың басында педагогикалық ғылым ретіндегі методика анықтауыш бағыты ресімделді. Педагогика мен методика үйретуде бір ғана нысанға ие. Ол – оқыту процесстері, тәрбиелеу, оқытудың мақсат-міндеттері, сабақтың мазмұны. Мұның ішінде біртұтас болып қалған педагогикалық ғылым ретіндегі әдістемеге берілген анықтама. Методика-өз алдына ғылым. Оның зерттеу әдістері мен өзіне тән заңдылықтары бар. Оған берілген нақты анықтама мынадай: «Оқыту методикасы – оқыту жүйесін, тәсілдерін, заңдылықтарын, мақсаты мен мазмұнын зерттейтін, сондай-ақ шетел тілі материалы арқылы оқу-тәрбие үрдістерін үйрететін ғылым».

ХХ ғасырдың басында бір мәселе өткір тұрды. Ол - әдістеме мәселесі. Бұл - заңды құбылыс. Өйткені, Қазан төңкерісінен кейінгі «жаңа» мектептер жаңа әдістердің болуын тіледі. Сол кезеңдерде тікелей (натуралды) әдіс насихатталды. Ол тәсіл пәнді ағылшын сөздерімен байланыстыратын – тура принцип негізінде пайда болды. Бұл ағылшын тілін үйренудің еркін (ассоциативті) әдісі еді. 

Батыста аралас әдістеме идеясы туындап жатқан шақта, неліктен мұнда тікелей әдіс насихатталды? Алдымен, патшаға бағынышты оқу орындарында жай жаттауға негізделген мәтіндік аударма мен грамматикалық аударма әдістері үстемдік етті. Осыған жататын тікелей әдіс барынша озық сипатта болды. 

Екіншіден, сол уақыттағы тікелей әдіс қарым-қатынасқа тәлімдеуді көздеді.

Үшіншіден, І дүниежүзілік соғыстан кейінгі Батыста бастау алған өзге тәсілдерде қарастырылған ұсынымдармен біздің педагог-әдіскер ғалымдар таныс емес еді. 

Бұдан бөлек, көптеген методистер мен мұғалімдер үшін тікелей әдіс жаңа, еліктіргіш болып саналды. Олар оның тиімділігіне шынайылықпен иланды.

Заман ағымына қарай тікелей әдіске енгізілген өзгерістер педагогикада туындаған прогрессивті идеялармен терең байланысты.

Көп ұзамай шетел тілдерін оқытудың салыстырмалы әдісі қалыптасты. Бұл әдіс бойынша шетел тілін үйрету ана тілімен салыстыру негізінде жүргізіледі. Осы тәсілдің негізін қалаған - педагог ғалым Л. В. Щербу.

Мұның ізін ала тікелей және салыстырмалы әдістерді қиыстыру арқылы аралас әдіс пайда болды.

Бара-бара шетел тілін оқытудың мақсаттары мен оны меңгертуге деген талап өзгерді. Сөйтіп шетел тілін оқыту жүйесі күйзеліске ұшырады.

Дағдарыс жағдаяты әрдайым түбегейлі өзгерісті талап етеді. Осындай, озық идеялардың жеткіліксіздігі жағдайында коммуникативті оқыту тәсілі жетілдірілді. Дағдарыс нәтижесінде әдістемелік іздестіру жандандырылып, шетел тілін оқытудың заманауи әдістемелік тұжырымдамасы дами түсті. Олар: коммуникативті, интенсивті, іс-әрекеттік және басқалар.

Қазіргі таңда байланыс пен шығармашылық оқытуға негізделген коммуникативті-бағдарлау әдістемесінің орны бөлек.  

Шетел тілін оқыту әдістемесі әрдайым толықтырылуы, дамытылуы тиіс деп, Ел президентінің 2011 жылғы жолдауында көрсетілгендей қазіргі шәкірттеріміз ертеңгі күн әлем кеңістігіне еркін ену үшін білім беру жүйесі халықаралық деңгейге көтерілуі керек. Осы мәселені жүзеге асыру мақсатында республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып және әлемдік білім берудің кеңістігіне бағыт алып, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу қолға алынуда. Мектептерде «2 сыныптан ағылшын тілін үйрету» эксперимент- сынақтар өткізілуде. Сондықтан да ағылшын тілі мұғалімдеріне қойылатын талаптар ауқымы үлкен.Болашақ шетел тілі мұғалімінің І курстан бастап даярлығын қамтамасыз етудің негізі –болашақ маманның зиялы, интеллект ретінде және сезімтал жан болуы үшін , оның шығармашылық қабілеттерінің дамуына көмектесу болып табылады.

Болашақ бастауыш сыныптың шетел тілі мұғалімінің әрбір сабағы басынан аяғына дейін балаға деген мейірімге толы болуы керек. Осы бағытта Ш.А.Амонашвили : «Мектептегі әрбір күн, әрбір сабақ мұғалім тарапынан оқушыға сыйлық болуы керек. Әрбір оқушының мұғалімнен тілдесуі бала бойына қуаныш пен өмірге деген құлшыныс беру керек» деген екен. Сондықтан да әрбір ағылшын тілі сабақтары қызығушылықты ояту, ой ашардан басталады. Яғни мұғалім кішкене балаларға жымиып, оқушылармен жылы амандасып, халжағдайларын сұраумен басталып, өз иелігіндегі 45 минуттық құзіреттілігін өзі сезініп, балаларды да өзіне тарта білуі керек. 

Мемлекеттік білім стандартының басты мәселесінің бірі: тіл пәндерін оқытудың регуметивтік , танымдық, этиктік, бағалау бағдары. Оқушылардың тіл аралық түрлі елдің мәдениетін , әдебиетін , экономикасын,саясатын т.б үйрене отырып, халқының , өз елінің тілін, мәдениетін, әдебиетін терең сезініп білуге, дамытуға дағдыланады, үйренеді.

Шетел тілі – үлкен тәрбиелік диапазон. Ол оқушылардың жан дүниесін байытады, ой - өрісін кеңейтеді, көркемдік талғамын кеңейтеді, көркемдік талғамын тәрбиелейді, халықаралық достыққа, мәдениетке тәрбиелейді. Оқудың алғашқы кезіңде оқушы тілдік материалды жеңіл меңгеріп кетуі мүмкін, ол бара- бара материалдың күрделенуіне байланысты оқушы әртүрлі қиыншылықтарға кездеседі. Ал бұған мұғалімдер кезінде көмек жасай алмайды. Демек оқушы тілдің түрлі құбылыстарын меңгеру өте қиын деген ойға келеді. Мұндай қиыншылықтан тек сабақта ойын түрлерін пайдалану арқылы шыгып кетуге болады. Ол үшін мұғаліммен бірге, оқушыда ойынның шартын, ережесін меңгеруі тиіс. Ойын үрлерін мақсатсыз қолдана беруге болмайды. Ойын түрлерін дұрыс қолданып өткізілген сабақта оқушының шетел тілін үйренуге деген ықыласы, сол тілде сөйлеп үйренуге деген ықыласы артып тілді жақсы меңгеруге қызығады.

Зерттеу жұмыстарына қарағанда, оқушының білім алуға деген ықыласы белгілі бір дағдылар мен қабілеттілікті қажет етеді. Сондықтан сабақ процесінде белгілі бір дағды мен қабілет қалыптастыру арқылы танымдық қызығушылық пайда болады. Бастауыш кезең оқушыларында заттың сыртқы түріне қызығушылық басым келеді.

Ағылшын тілін оқыту технологияларын қолдану арқылы студенттер білімінің сапасын көтеру үдерісі - оқыту технологияларының сапасын, студенттердің сол технология бойынша ағылшын тілінен алған білімінің сапасын, ағылшын тілін үйретуші оқытушылардың шығармашылық жұмысының сапасын, ағылшын тілін үйрету әдістерінің сапасын танытатын, анықтайтын ерекше дидактикалық үдеріс. Ағылшын тілін оқыту технологиясының сапасы оның қол жеткізілетін түпкі нәтижесі арқылы өлшенеді. Студенттер тәжірибе жинақтау барысында кәсіби санасы жетіліп, елжандылық рухы, сана-сезімі жетіліп, даралық қабілеттері де даму үстінде болады. Ағылшын тілін оқыту технологиясының сапасы оның қол жеткізілетін түпкі нәтижесі арқылы өлшенеді. Педагогикалық технологиялар арқылы ағылшын тілі пәнін меңгертуде мынадай түйінді мәселелер өз шешімін табады:

− ағылшын тілін үйренуші студенттің тілді тереңірек танып-білуіне, өз ойын ағылшын тілінде еркін білдіруге қажетті дағдыларды игеруіне оң ықпал етеді;

− ағылшын тілінің практикалық бағытына басымдылық берілетіндіктен, студенттің білімді өмірде қолданудың маңызы жайында түсінігі дамиды;

− студенттің танымдық қабілеті мен ақпараттық мәдениеті қалыптасады;

− студенттер проблемаларды ынтымақтастықта шешу қажеттілігін түсінеді

Қазіргі кезде ағылшын тілі мұғалімнің тапсырмасы балаларды ағылшын тілін меңгертіп қана қоймай, оларды өздігінен жұмыс істеуіне, тілге деген қызығушылықтарын дамыту болып табылады. Сондықтан қазіргі 12 жылдық білім беруде ағылшын тілі екінші сыныптан өтіліп жатыр. Балаларды тілге үйретуде сабақ жеңіл, қарапайым және қызықты болуы қажет, ол үшін оқытудың әдістері мен тәсілдерін дұрыс пайдалана білу керек. Бастапқы кезде хормен, жұппен, топпен жұмыс істеп, сонымен бірге ойын, жарыс ұйымдастырып, көрнекі құралдарды пайдалану қажет. 2-сынып оқушыларына магнитофон тыңдатып, оған еліктеуге үйрету қажет.



Көрнекті педагог Ш.Амонашвилидің тілдерінде бастауыш кезеңде оқушылардың қатесін үнемі көрсете бермей, қайта олардың өзіндік дара қабілеттерін дамыту керек. Демек ол кісі бастауыш кезең оқушыларын қызықтыру үшін әртүрлі әдіс – тәсілдерді ұсынады.

Сабақ үстінде түрлі ойын түрлері арқылы осы әдіс – тәсілдердің іске асуы қажет деп санайды. Әрине сабақ үстінде ойындар қолдану арқылы жақсы жетістіктерге жетуге болады. Ойын балалардың назарын алып, сабақты жандандырады, тілге деген қызығушылықты арттырады, оларды еңбекке баулып, бірігіп жұмыс атқаруға үйретеді. Ойын тілді дұрыс, дәл меңгеруіне көмектеседі. Мысалы, мұғалім бір сөздің дыбысталуын қате дыбыстайды ал оқушылар оны түзейді. Оқушыларға творчествалық мәндегі, мақсатты тапсырмалар орындаттырудың маңызы да зор.

 Мысалы: белгілі бір текстті ұсынып, оның негізгі идеясы мен мазмұнын айтқызу. Текстті мәнерлеп оқытуға дағды беру, тексттің мазмұнын саналы түсініп оқу, тексттен ең қажетті мәліметтерді таңдап ала білу сияқты жұмыс түрлері оқушыларды творчествалық жұмыс істеуге бағыт береді. Бұл жұмыс түрін мынадай екі түрлі жолмен ұйымдастыруға болады:

Текст құрмындағы сөздердің мағынасын дұрыс түсіне білу, оны байланыстырып жүйелі айта білу.

Тексттің мазмұнын толық түсіну үшін ғылыми әрі практикалық жағынан ой өрісі тереңірек болуы қажет.

Оқулықтағы текстпен осылайша жұмыс істеу проблема қойып оқытудың қарапайым әдістерінің бір түрі болып саналады. Сондықтан да өздігінен орындайтын жұмыстарға проблемалық тапсырмалар орындату да кіреді. Бұл орайда оқулықта берілген текстпен жұмыс орындаудың маңызы зор. Жоғары кезеңде сұрақты мұғалім өзі дайындайды.

Топтық жұмыс тобын құру тілдік тұлғаның шығармашылық белсенділігін тудыруға және топ мүшелерінің өзара ынтымақтастықта жұмыс істеуіне мүмкіндік береді, проблемалық тақырыптың мазмұнын ашу, пікірталасқа түсу, өзіндік ойларын дәлелдеуде мұндай оқу ынтымақтастығын тудыратын топтық жұмыстардың мүмкіндіктері мен тиімділігі мол. Атап айтқанда:

Бір мезгілде бірлікте жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Бір мезгілде бірлікте және жеке даралық жұмыс істеуге бағыттайды.

Пікірталас тудыратын қарым-қатынасқа түсу мүмкіндіктеріне ие болады

Топта жұмыс істеп дағдыланған оқушы өзін - өзі тексеруге мүмкіншілігі болады. Өз бетімен атқаратын жұмыс түрлері арқылы оқушыларды бір-бірінің жетістіктері мен кемшіліктерін байқау, салыстыру, қорытындылау дағдыларына, бірте- бірте ойын жүйелі айта білуге, өз қатесін тексеріп байқауға, оқу құралдары мен сөздіктер қолдана білуге дағдыланады.

Сабақтың ұқыпты, айқын, дұрыс ұйымдастырылуы, оқушылар алдындағы тақырыптың дұрыс таңдап алынуы білімдік және тәрбиелік мақсаттармен қатар сабақтың нақты тапсырмаларын ұтымды жүргізіп пайдалануына әсер етеді. Бұл талаптар сабақ жоспары мен тақырыптық жоспардың жүйелі жасалынуына байланысты.Әрине оқу-тәрбие жұмысындағы нәтижеліктің басты белгілері мұғалімнің жеке басының білімділігі, шеберлігі, өмір танымы, өз пәніне шәкірттерін иландырып қызықтыра білуінде.

Ал студенттің тұлғалық мәдениетінің бір арнасын олардың тілді білу деңгейі құрайтындықтан, бұл пәнді оқытуда инновациялық технологияларды тиімді қолданудың жолдарын айқындау мәселесін шешу айрықша мәнге ие. Кез келген технология білім берудің мақсатынан бастап оның түпкі нәтижесіне дейінгі аралықтағы оқытудың әдістемелік жүйесіне енетін барлық компоненттің біртұтас ортақ мүддеге бірлесе қызмет етуінің тиянақталған жолы болып саналады.

Қорыта келгенде,   жаңа өмір талабы кез келген адамды алаңдатады. Шетел тілі қазіргі заман талабына сай көптеген мектептерде 2-сыныптан бастап жүргізілуде. Бұл оқушы бойында ертеден бастап ұлтаралық, мәдениетаралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына ықпал етеді. Шетел тілін бастауыш мектептен бастап оқытудың артықшылығы әрбір баланың психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, сонан соң негізгі мектепте білімін берік нығайтып, білім сапасын арттырып, шетел тілінде қарым-қатынасқа түсіп ерте мәдениетаралық коммуникацияға мүмкіндік береді.

Ағылшын тілінде сөйлеуді қалыптастырудың маңызы 


Тіл – қарым-қатынас құралы. Тіл сөйлеу арқылы жүзеге асады, сөйлеу арқылы ғана дамып, өмір сүреді. Біз шет тілін оқыту туралы айтқанда, оны ең алдымен қатынас құралы ретінде оқимыз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1). И. П. Иванова «Теоретическая грамматика современного английского языка», Москва, 1988 г. стр. 232-337.

2). Л. С. Бархударов «Грамматика английского языка», Москва, 1986 г., стр. 310.

3). 1. Иманқұлова С. «Жаңаша оқыту әдістемесі», Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің хабаршысы, Филология сериясы, 97-98 беттер, №1, 2006 ж..

4). М. С. Сақтағанова, Н. Қ. Алиева, Н. Қ. Айтбаева «Ағылшын тілін оқытудың әдістері», Білім, 43-бет, №3, 2006 ж..

5). Г. Ботағарина, «Ағылшын тілін оқытудағы бүгінгі белес», Білім, 70-бет, №3, 2006 ж..

6).  Г. Шамшырақова «Ағылшын тілін оқытудың құрылымы», 12-бет, Кәсіптік мектеп,  №3, 2007 ж..

7). Гүлмира Жұмайқызы, «Ағылшын және қазақ тілдеріндегі салыстырмалы ерекшеліктер», Білімдегі жаңалықтар №3, 53-54 беттер, 2006 ж..

8). Ж. А. Жақыпов «Аударматануды аңдату», Астана, Аударма баспасы - 2004, 234-236 беттер.

9) М. Новщкан, Н. Д. Кучин «Практическая грамматика английского языка», Москва, Изд. «Высшая школа», 1978 г. стр. 350-358.



10). Қазақ грамматикасы, Алматы «Жазушы», 1990 ж. 681-717 беттер.

11). К. Н. Качалова, Е. Е. Израилевич «Практическая грамматика английского языка» Москва,  «Лист Нью» 2003 г. стр. 444, 485.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет