Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология


§ 30. БІРІККЕН СӨЗДЕР ЖӘНЕ КІРІККЕН СӨЗДЕР



бет8/28
Дата09.04.2020
өлшемі2,43 Mb.
#62039
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28
Байланысты:
Қазіргі-қазақ-тілі-Ысқақов
антиплагият Волейбол, антиплагият Волейбол
§ 30. БІРІККЕН СӨЗДЕР ЖӘНЕ КІРІККЕН СӨЗДЕР
Казақ тіліндегі біріккен сөздердің белгілі-белгілі сө; тіркестерінің заңдарына лайық жасалатындығы байқала ды. Мысалы: қарақат (кара кат), білезік (білек жүзік) қарлығаш (қара ала кұс) дегендер морфологиялық құ рылысы жағынан басқұр, қара су, кол сақина, қа, а ала ат сияқты кәдімгі синтаксистік тіркестердің үлгілері бо-йынша жасалған.
Ал, ағайын, қолғанат сияқты біріккен сөздер салала-са қүралған тіркестен шыккан, мысалы: алғашқысы аға және іні деген сөздерден, екіншісі, қол және қанат деген сөздерден біріккен. Мүндағы аға және іні сөздері мағына жағынан бір-біріне қанДай жақын болса, қол және қанаі сөздері де өзара сондай жакын. Сөйтіп, бұл сөздердің кұрамдарындағы компоненттер біріне бірі тәуелді (бағы-нышты) емес, біріне бір тең. Компоненттерінін. бастапқы кездегі мағыналық (я синтаксистік) катынастарыньщ ерекшеліктеріне қарай, казак тіліндегі біріккен сөздер не сабақтаса не салаласа кұралады.
Құрамдарын тек лингвистикалық (этимологиялық я морфологиялык) талдау арқылы ,ғана анықтауға бола-тын бугін, ендігарі, биыл сияқты сөздерді біріккен сөздер-дің өзге топтарынан бөліп караған дүрыс. Өйдкені ондай сөздердің компоненттерінің бір-бірімен ©зара үндесе, үйлесе кірігуі былай түрсын, олардың мазмүндары да қүрамындағы компоненттерінің мағыналарына сай кел-мейді. Демек, мүндай біріккен сөздердің мағыналарьі компоненттерінің мағыналарыныц жиынтығы (қосынды сы) емес. Мысалы. білезік, қарлыгаш, қызплш, бүгін, би ыл, экел, зпер, бурсігуні, былтыр, ендігәрі сиякты сөздер дің (сыртқы түрпатын коя тұрып) мағыналарын бастап қы сөз тіркестерінің (білек жузік, қара ала қүс т. б.) мағыналарымен салыстырып қарасак, оларды кіріккй сөздер деп атау қажет.
Әдетте, сөз тіркесінің беретін мағынасы оның күра мындағы мүшелерінін, беретін мағыналарының жиынтЫ ғын толык. камтиды. Ал, курделі сездің мағынасы оньй қүрамындағы компоненттерінің мағыналарыньщ жинағы
на (косындысына) сай келмейді. Қазак тіліндегі күрделі сөздердін, соның ішінде біріккен сөздердің мағыналары да, осы айтылғандай, күрамдарындағы компоненттердің мағыналарының жиынтығына дәл я сайма-сай келмей, одан мазмұн жағынән кен я тар болады. Мысалы: бугін, Сиыл, бьілтыр, әнеугүні, түнеугуні, қарақат, ендігәрі, таң-ертең, білезік, қызгыш сиякты кіріккен сөздердің әр-кайсысының мазмүнын алсақ, ол мазмүн күрамындағы компоненттерінің мағыналарын өзінін тиісті бөлшектері ретінде камтыса да, сол бөлшектердің мағыналарынын косындысынан әлдеқайда кен (жалпы).
Ал, айбалта, аққу, сіққутан, ақсақал, көкжөтел, қа-ламсап, орынбасар, оттегі, шекара тэрізді «біріккен» сөз-дердін мазмүндары, керісінше, кұрамдарындағы компо-ненттерінің мағыналарын өздерінің бөлшектері есебінде камтығанымен, сол бөлшектердін. мағыналарының ко-сындысының аясынан әлдекайда тар (тайыз).
Мағынасы жалпыланып кецейетін топқа кіріккен сөз-дерді, идеомалык тіркестерді және белгілі дәрежеде то-понимикалық атаулар мен хайуанатқа берілетін жалкы атауларды жатқызуға болады да, соңғы топқа, демек, мағынасы жалқыланып тарайтын топқа күрделі сездер-дія бүл аталған түрлерінен басқаларын тегіс жатқызуға болады.


  1. Қүрделі сөздің мағынасы мен оныц құрамындағы ком-поненттерінің мағыналарының араларындағы айырма-шылық тек оның кейінгі кездерде болган өзгерістерімен ғана байл^нысты болмайды; сөздің формасы белгілі бір затқа (күбылысқа) ат берген кездің езінде де сол үғым-ның мазмүнын түгел камти алмайды. Өйткені белгілі бір затқа берілетін ат (атау) сол затты баска заттан тез ажырата коярлықтай тиісті бір белгісіне ғана қарай бе-ріледі (мысалы: «Айырып сары майдан торта қойдым» дегендегі сары май сезін, сары-иіұнақ, қосаяқ, егеукуй-рың, ащутан, квщутан сияқтыларды алыңыздар). Сол себептен күрделі сөздердің мағыналары әуел бастан-ак. кұрамындағы компоненттері аркылы айтылатын мағына-аардың жиынтығынан анағүрлым мазмұнды да, бай да болып шығады. Біріккен сөз бен онын. компоненттерінің мағыналарының үнемі бірдей шықпайтын себебі де осы-Дан. Бірақ күрделі сөздің мағынасы дәйім өзгере бермей-Ді- Өйткені тұтас. күрделі сездің беретін мағынасына °Ның я екі бірдей компонентінін, я кем дегенде бір ком-Донентінің мағынасы тікелей байланысты болмаған жағ-

102 103



дайда ғана ол компоненттердің мағыналары басқаша тү-сініледі (мысалы: қарлығаш, сэресі, аласабыр т. б.).
Сонымен қатар, мағынасы өзінін қүрамындағы ком-поненттерінін. мағыналарының жиынтығына жуык бола-тын біріккен сөздер де бар (мысалы: жаздыгүні, қысты-гүні, қусбегі, атбегі т. б.). Бірақ бұдан біріккен сөз бен оның компоненттерінін мағыналарының араларындағьі елеулі айырмашылык болмағандықтан, біріккен сөз бен сөз тіркесінің аралығына шек қоюға болмайды екен де-ген пікір тумауы керек. Өйткені олардың аралығында айырмашылық бар және оларға шек те коюға боллды. Мысалы, еркін сөз тіркесіндегі әрбір мүшенің өз мағына-сы, өз қызметі болса, біріккен сөздің құрамындағы ком-поненттерде ол қабілет те, қасиет те болмайды.
Қарақат, қарлығаш, белбеу, экел, әпер, бәйшеиіек, ңо-нағасы, отағасы, сәресі, ңолбасы, сексен, тоқсан, ендігә-рі, өйткені, әйтпесе, бірдеме, ештеңе сияқты күрделі сөз-дер күрамындағы әуелгі компоненттерінің өз мағынала-рын жоғалтып, басқа бір жаңа мағынаны білдіреді. Екіншіден, компоненттердің екеуі де бірдей, я біреуі ды-бысгық жағынан әрі өзгеріп (кейде әрі ықшамдалып), эрі езді-өзіне тән екпіндерінен айрылып, бір ғана екпінге ие болып, тұтасымен тұрып бір бутін дыбыстык (тілдік) тұлға ретінде калыптасқан.
Сөйтіп, кіріккен сөздердің қалыптасуы тілдің дыбыс-1 тық жүйесіндегі әр қилы заңдарға байланысты. Ал, күр-делі сөздердің өзге түрлерінде я топтарында бұл ерекше-лік жоқ. Бүл жағдай да кіріккен сөздердің өз алдына ка-тегория екеніне дәлел.
Кіріккен сөздердің ішінде бас-басына мағыналары бар дербес сөздерден біріккендері де (бел + беу, бэй-Ү шешек, сахар + асы, сегіз+ он т. б.), дербес сөздер мен кө-мекші сездерден біріккендері де (алы п+ бер, ендігіден Ү әрі, олай+еткені, олай+етпесе т. б.) бар. Бірақ осы кі-ріккен сөздердің ішінде салаласа күрылған тірксетерден гөрі (қолғанат, ағайын, көнетоз, іиаміиырақ, көнтерлі


  1. б.), сабақтаса құралған тіркестерден туғандары (бәй-шешек, қонағасы, қарлығаіи т. б.) әлдеқайда көп кездё-

седі.
Кіріккен сөздер компоненттерінің өзгеру сипатына қа-рай екі салаға бөлінеді. Бірінші топқа екі компоненті біР( дей дыбыстық өзгерістерге ұшырап біріккен: бүгін, биьіл' ашудас, өйткені, сөйтіп, бәрекелді, эпер, түрегел сияқтИ лар жатса, екінші топқа тек бір с.ын.ары ғана өзгергеН


алаңғасар, алағаниіьщ, алагеуім, желғабыз, желбезек, жалмауыз, салпауыз, керенау, итаршы, бәйтерек, таңер-тең, әжептәуір, қайын (кайын іні), ағайын тәрізділер жа-тады.


  1. алпы алғанда, кіріккен сөздін тууына, біріншіден, әуелгі жай тіркестің күрамындағы компоненттердің ма-ғыналарынын жоғалуы, екіншіден, олардың формасының өзгеруі себеп болады. Өйткені шын мәнінде біріккен сез-діц кай-қайсысы болса да, ен әуелі я бір компонентінін, я екі бірдей компонентінін мағынасы жоғалған тіркес болып шығады. Мысалы: белбеу деген сөздін екінші сы-нары бастапқы ез мағынасын біржолата жоғалта келе, кейін ол сез өзінің әуелгі формасынан да айрылған. Ал,

желбау деген күрделі сөздің екі компонентінің де бас-тапқы лексикалық мағыналары сақталғандыктан, оның мағынасына сол екі сыңардың да мағынасы енген және әр компоненті әуелгі формаларын да сақтаған.


Сонымен, сөздін мағынасы жоғалса я өзгерсе, дереу оның формасы да өзгереді; мүндай жағдайда бастапкы жай сөз тіркесінің қүрамындағы компоненттер дыбыстық жағынан әрі апшып, әрі бір-бірімен үндесіп ықшамдала-ды да, олар өзара жинакталып (синтезденіп) жана форма күрайды; ол жаңа форма (сөз) өзінше жаңа маз-мұнға ие болады; ондай жана сөз жасалғанда, оның кұ-рамындағы дыбыстардын бастарын күрап ұйымдасты-ратын дәнекер — екпін болады. Ол екпін біріккен сөзді жай сөз тіркесінен әрі ерекшелендіретін, әрі ажырата-тын негізгі белгінің бірі.
Бірак. екпін, әрине, ресми ғана белгі, өйткені бірік-кен сөз белгілерінің ішіндегі ең негізгі рольге кашан да болсын, мазмүн (мағына) ие болады.
Кіріккен сөздердін шығуында да белгілі жүйе бар. Бірақ бұл жүйе жұрнак аркылы сөз тудыру тәсіліндегі-дей өнімді де емес, жинакты да емес, әрі шашыранкы, әрі енімсіз. Мысалы: ыищыр, белбеу сөздері іш ңур, бел бау тіркестерінен бірігіп пайда болса, сол үлгі бойынша Құралған бас қур, аяқ қур, тамақ бау, қулақ бау, аяк, бау, жел бау тіркестері бірікпеген. Сондай-ак, бул есім-дігі тек кун (бүгін), жыл (биыл) дегендермен ғана бі-ріккен де, өзге сөздермен бірікпеген.
Вір, әр, еш, әлде сездері жиі қолданылатындактан, ®зге сөздермен жиі тіркеседі. Осы сездер белгілі-белгілі


  1. тұрақты тіркестердің үлгілерін жасауға нұска болғанда-Рымен, біріккен сөз тудыру жағынан өнімді емес. Мыса-

104 105

лы, бірдеме (бірдеңе) сөзіндегі бір компоненті делекси-каланған (мағынасынан айрылған) неме (неңе), есе, (ерсе) сәрі элементтерімен үндесіп (біресе, бірсәрі) бі-ріксе де, біржолата, біртоға, бірңыдыру, бірқатар, бір-неше, біркелкі, бірыңғай, бірталай, біраз, бірқилы сияқ-танған сөздерде екінші компонрнттермен дыбыстық жа-ғынан үндесе де, үндестіре де алмаған.


Сейтіп, кіріккен сөздердің де, біріккен сөздердің де тууына бастапқы жай тіркес әрі негіз, әрі үлгі ретінде қызмет еткенімен, ол негіздер мен үлгілер үнемі жана сөз жасап отырарлықтай тыңғылықты жүйе ретінде кыз: ет ете алмайды. Жалпы, біріккен сөздердін де, кіріккен сөз-дердің де жасалуына тілдің практнкалық дағдысынан туып қалыптаскан семантикалық заң таяныш болады. Бі-ріккен сөздің әрқайсысы кэдімгі жай синтаксистік тіркес-тің белгілі бір үлгісіне қаншалықты жакын болса да, ол, сайып келгенде, грамматикалық абстракцияның жемісі-нен гөрі семантикалық дамудың нәтижесіне әлдеқайда жақын болады. Осы себептен біріккен сөздің де, кіріккен сөздің де тууы жайында жалпы грамматикалық ереже жасаудан гөрі, олардың әрқайсысының өзді-өзіне (бас-басына) тән ерекшеліктерін ашып баяндау жеңіл бо-лады.
Кіріккен сез деп компоненттер|нің я біреуі, я екеуі де бірдей эуелгі өз мағыналарынан айрылып (делекснкала-нып), тұтасымен тұрып басқа бір жалпы мағына білді-ретін жэне, сонымен бірге, сол компоненттері фонетика-лық (дыбыстары, екпіндері) жағынан әр қилы өзгеріс-терге ұшырап, бір-бірімен белгілі дәрежеде әрі үндесіп, әрі ықшамдалып құралған күрделі сөзді айтамыз.

Біріккен сез деп компоненттері мағына жағынан да, форма жағынан да елеулі өзгерістерге үшырамай-ақ, өз ара бірігіп, жинақталған бір тұтас лексика-семантика-лық мағына білдіретін күрделі сөзді айтамыз.
Күрделі сөздердің өзге түрлері сияқты, кіріккен сөз-дер де, біріккен сөздер де белгілі-белгілі грамматикалык сөз таптарына телулі болады. Мысалы, жоғарыдағы бү-гін, биыл, ендігәрі деген кіріккен сездер үстеу болса, әкел, экет дегендер етістіктер болады. Ал, сексен, тоңсан дегендер — сан есімдер де, әжептәуір, көнтерлі, есуас дегендер — сын есімдер т. б. Сондай-ақ иіекара, дема-лыс, асқазан, ақсақал деген біріккен сөздер зат есімге жатады да, ал әлдекім, эркім дегендер есімдік боладЫ.

§ 31. ҚОС СӨЗДЕР

Қос сөздердің күрамдарындағы компоненттер я бір сөздін, өзінің ешқандай өзгеріссіз кайталануынан, я оның бір сынарының, не бір буынының, не бір дыбысының өз-геріліп жамалуынан күралады немесе морфологиялық жағынан бір тектес я синоним, я антоним сөздерден са-лаласып кұралады. Негізгі осы ерекшеліктеріне карай, кос. сездердің компоненттері семантикалық жағынан я бірдей, я пара-пар болады да, синтаксистік жағынан я ұқсас, я тепе-тен келеді. Б іраққос сөздердін. компонент-тері дыбыстық жағынан үнемі пара-пар я тең бола беруі шарт емес..


Сөзді кайталау және косарлау тәсілі — өзінше ерек-шелігі мол қүнарлы жүйе. Бұл жүйе бойынша сөзді кай-талаудан я косарлаудан белгілі-белгілі мағыналар туа-ды. Бірак сөзді кайталап қолданудан сөздің неше алуан жаңа формалары жасалып, олардың мағыналары түр-ленгенімен де, лексикалық түсінігі ©згермейді, демек, жаңа сөз тумайды, тек грамматикаланады. Ал, сөздерді косарлап қолданудан туған күрделі сөздердін ішінде грамматикаланған да, лексикаланған да тіркестер бо-лады.


  1. алпы түсіну, талдау мәселелерін жеңілдету үшін, t қос сөздерді ең әуелі кайталама қос сөздер және қосар-лама кос сөздер деген үлкен екі салаға бөліп алған

дүрыс.
Қайталама қос сөздер
Қайталама кос сөздер белгілі бір сөздің я косымша-сыз, я қос.ымшалы түрініц екі рет кайталануы аркылы, я сол сөздің не бір бірнеше) дыбысының немесе бір буы-нының өзгеріп қайталануы арқылы жасалады. Мысалы: қора-ңора, мая-мая, үлкен-үлкен, ұсаң-ұсақ, бара-бара, келе-келе, айтып-айтып, сөйлеп-сөйлеп, уйдей-уйдей, тау-дай-таудай; үй-уйге, үй-уйден; езді-өзі, өзді-өзіне, он-оннан, бес-бестен; қолма-ңол, көзбе-көз; ат-мат, іс-міс; сарт-сүрт, қалт-қулт; ап-аиіыц, қап-ңара т. б.


  1. 32. ҚАИТАЛАМА (ҚОС) СӨЗДЕРДІҢ ФОНЕТИҚАЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТЫ

Қайталама қос сөздер компоненттерінің ерекшелік-теріне сәйкес, калыптасқан сыртқы дыбыстық және мор-


106 107



фологиялык. формаларының өзгешеліктеріне қарай, төрт түрлі болады:

1) Қосымшасыз түбірдін кайталауынан қүралатын

сөздер.

2) Қосымшалы түбірдің қайталауынан құралатың кос сөздер.


3) Түбірдін бір дыбысы өзгеріліп кұралатын қос сөз-дер.


  1. Түбір ықшамдалып құралатын кос сөздер.

  1. Ешқандай да қосымшалар жалғанбай-ақ, бір тү-бір екі рет кайталау арқылы жасалатын кос сөздерге жол-жол, биік-биік, кім-кім, әрең-әрең, ңарқ-қарқ сияк-ты формалар жатады. Бүл қос сездер әуелгі түбір қай тұлғада тұрса, сол тұлғада тұрып жай каиталану арқы-лы жасалады. Осы себептен бүл топты жай (қайталама)

қос сез деп атауға болады.
Бүл кос сездердің бірде-біреуі бастапкы түбірден ма-ғына жағынан езгеше болып түсінерліктей жаңа лекси-калық мағына білдірмейді, тек олардың семантикасына саралау, топтау мағынасы жамалып, стилистикалық қызметіне өзгеріс енеді. Мысалы, бес қора қой деген тір-кестіЛЗес кора-қора кой деп айтуға болмайды т. б.


  1. ' Қосымшалы түбірдің кайталануы аркылы жасала-тын кос сөздер тобына түбірге жұрнақтар да жалғаулар да жалғанып косарланатын сөздер жатады. Мысалы: кө-ре-көре, сөйлей-сөйлей, басты-басты деген қос сөздерде қайталанған түбірдің екеуіне де бір түрлі жұрнақ (е; -й, -ты) қосылса, ңызу-қызба деген қос сезде кайталаған түбірдің екеуіне екі түрлі (-у; -ба) жұрнақ жалғанып түр. Ал, ел-елдің дегенде тек соңғы сыңарына ғана жал-ғау (-дің) жалғанып тұр.

Қосымшалар жалғанып қосарланған бүл сөздердің де лексикалык мағыналары өзгермей, тек семантикалык мағынасы мен стилистикалық қызметтеріне ғана косым-ша реңктер жамалады. Бұл қос сөздер қайталанатын түбірдің я біреуіне, я екеуіне де бірдей косымша жалға-нып жасала беретіндіктен, оларды қосымшалы қос сез деп атауға болады.


Қайталанатын түбірге қосылатын қосымшалардын формаларына карай, бұл топ мынадай салаларға жікте-леді:
а) ЕкІ компонентіне де косымша косылатын кос сөз-дер іштей екеуіне де бір түрлі ж үрнақ жалғанатын және екеуіне де бір түрлі жалғау жалғанатын болып екі топ*
ка бөлінеді: Мысалы: уйдей-уйдей, таудай-таудай, сала-льі-салалы, өрелі-өрелі, айта-айта, оқып-оңып, ундемей-ундемей; жылда-жылда, күнде-кунде, оннан-оннанугекі-ден-екіден т. б.


  1. ) Қосымша екі компонентіне де косылатын қос сөз-дер іштей екі сыңары екі түрлі жүрнақты (орынды-орын-сыз, көрікті-көріксіз), бір сыңары жұрнақты, бір сыңары жалғаулы (уйді-уйге ; қолды-қолына) немесе әр сынары әр гүрлі жалғаулы (бостан-босқа, өзінен-өзі) бола бе-реді.

б) Косымшалы қайталама қос сөздердің бір сыңары жұрнақты ( қолма-ңол, он-ондап, бес-бестеген), бір сыңа-ры жалғаулы (уй-уйдің, уй-уйге, үй-уйде, үй-үйді өз-өзі-міз, өз-өзінен, өз-өзіне) да бола береді.




  1. Бір сыңарыныц дыбысы өзгеріп (трансформация-ланып) кұралатын қос сөздерге кісі-місі, ңағаз-мағаз, кітап-мітап, шай-пай, қалт-қүлт сияқты формалар жа-тады. Тарихи бұл топ та түбірдін бастапқы кездегі жай кайталауынан шыккан; олардың екінші компоненттері бірінші сыңарларыныц ритмикалык, жаңғырығы ретінде жұмсалатын болып қалыптаскан. Бұл кос сөздерден де жаңа лексикалық мағына тумайды; олардың екінші сы-ңарлары бірінші компоненттерге косымша реңк кана жамайды. Бірақ жамалатын сол мағыналық реңк бұл топтағы кос сөздердің бәрінде біркелкі болмайды. Олар-дың сыртқы дыбыстық өзгерістерінің ерекшеліктеріне қарай, семантикалық айырмашылыктары да болады. Мысалы: кісі-місі, нан-пан тәрізді қос сөздерден қомсы-ну, кеміту тәрізді мағына/аңғарылса, сарт-сурт, жалт-жүлт дегендердің семанти(<алары олардан мүлдем бас-қа. Бұл кос сөздердің синтаксистік және стилистикалық қызметтерінде де іштей ұқсастык жоқ.

Бұл кос сөздердің, әдетте, екінші сыңарлары өзгере-ді. Бірақ өзгеріс сол екінші сыңардың бірде дауыссыз дыбысында, бірде дауысты дыбысында болып отырады. Мысалы, сүт-мүт, сиЪгр-миыр, иіай-пай, кемпір-семпір Дегендерде кайталанатын сыңардын бірінші дауыссыз дыбысы өзгерсе, арыс-үрс, тарс-түрс, жалт-жүлт деген-дерде қайталанатын компоненттердің дауысты дыбысы өзгерген. Ал, бұл ©згерістердің заңдылықтары мынадай:


а) Егер сөздің бірінші дыбысы дауыссыз болса, ол Дыбыс қайталанғанда кебінесе м (тас-мас, қол-мол, /сөз-Мөз' тіс-міс т. б.), әредік с (кемпір-семпір, мәре-сәре) не-Месе п (шай-пай, нан-пан) дыбыстарына ауысады.

108 109



ә) Ьгер сөздін бірінші дыбысы дауысты болса, кай-таланатын сыңарға сол дауысты дыбыстан бұрын дауыс-сыз м дыбысы косылады. Мысалы: ат-мат, ет-мет, от-мот, ыс-мыс, іс-міс, үй-мүй, оишқ-мошақ, өре-мөре, ыс-қырық-мысқырық, үскірік-мүскірік т. б.
б) Егер кайталанатын бірінші түбірде (еліктеуіш сөздер) ашык дауысты дыбыс болса, қайталанатын екін-ші жаңғырық сезде ол дыбыс еріндік қысаң дауысты дыбысқа ауысады. Мысалы: арс-ұрс, даң-дүң, шаң-шүң, іиақыр-шүқыр, сатыр-сүтыр, қараң-қүраң, жапыр-жү-пыр, жалтаң-жүлтаң т. б.


    1. Бір сыңары ықшамдалып кайталанатын кос сөздер-ге ап-ащы, жап-жаңсы, кіп-кііикене, теп-тегіс, тіп-тік, сап-сары сияқтылар жатады. Қос сөздердің бұл түрі ү с -




  1. еме буынды немесе күшейтпе буынды қос сөздер деп те аталады. Бұл сөздердің үстеме (я күшейт-пе) буындары тиісті сын есімнің әуелгі толық компонен-тінің әрі ыкшамдалып (кысқарып), әрі соңына п дыбы-сын жамап алып, бір тұйык я бітеу буынға айналуынан пайда болған. Бүл күшейтпе буын сын есімнің негізіне мынадай екі түрлі жолмен үстелетін болып калыптас-

қан:
а) Егер кайталанатын негіздін бірінші буыны ашық болса, алғашқы ашық буынына қатаң еріндік п дыбысы қосылып, үстеме буын я бітеу, я тұйық буынға айна-лады. Мысалы: тазатап-таза; аласаап-аласа; ашық ап-ашық; оңай оп-оңай; сары сап-сары т. б.

ә) Егер кайталанатын негіздіц бірінші буыны жабык




  1. бітеу болса, сол алғашкы бітеу буынның соңғы дауыс-сызы түсіп қалады да, оның орнына қатаң п дыбысы жалғанып, үстеме буын жоғарыдағыша я түйық, я бітеу буынға айналады. Мысалы: кеңкеп-кең; сүрсүп-сүр; дөңгелек дөп-дөңгелек т. б.

Бұл үстеме буын сөзге жаңа лексикалық мағына қос-пайды, тек ұлғайту я солғындату реңкін жамайды.

Қайталама кос сөздер тіліміздегі негізгі грамматика-лық сөз таптарының бәрінен де жасалады және кайта-ланатын сөз кай сөз табына тән болса, туған кайталама сөз де сол сөз табына катысты болады. Мысалы: шелек-шелек, тау-тау, үя-үя (зат есімдер); жақсы-жақсы, үл-кен-үлкен, биік-биік (сын есімдер); бір-бір, үш-үиі, жеті-жеті (сан есімдер); кім-кім; ңай-ңай, ңалай-ңалай (есім-діктер); кел де кел, айт та айт, келейік те келейік, бара-бара, келе-келе, оқып-оқып, айтып-айтып (етістіктер);
эрең-әрең, зорға-зорга, енді-енді (үстеулер); бүрқ-бүрқ, жарқ-жарң, арбаң-арбаң, селтең-селтең (еліктеуіш сөз-дері); моһ-моһ, көс-көс, сорап-сорап, ой-ой (одағайлар)


  1. б.




    1. 33. ҚАПТАЛАМА ҚОС СӨЗДЕРДІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

Қайталама қос сөздердің түр-түрлерінің өзара ма-ғыналық айырмашылықтары сол сездердің кайталау түрлеріне, олардың сырткы дыбыстық жэне сырткы мор-фологиялық формаларына байланысты. Олай дейтін се-бебіміз — кайталаудың әрбір түрі я үлгісі (моделі) тиіс-ті семантикалық я грамматикалық мағына тудыратын грамматякалык форма ретінде калыптасқан («Грамма-тикалық форма» және «Грамматпкалық мағына» деген такырыптарды қараңыз) тәсілдер деуге болады. Өйткені қайталама кос сөздердіц формаларында басқа-басқа қаншалықты түр болса, олардың соншалықты. мағына-лық реңктері де болады. Демек, өзіне тэн ерекшелігі бар әрбір мағыналык рецктің өзіне лайық формасы да бо-лады. Бірер мысал алып көрейік.


Егер зат есімге ешқандай да коеымша я басқа дәне-кер қосылмай, екі рет қайталанса (тау-тау, сай-сай, қо-ра-қора), ол сезден жаңа лексикалық мағына тумайды, тек сол сияқты заттарды топ-тобымен жинақтау я белу мағынасы түсініледі. Мысалы: Күндіз көрген жазық же-рің қазір тау иіатқалындай өркеш-өркеш көрінеді (Ғ. Мү-сірепов); Қөп кеиіікпей иіабындық окерлерде мая-мая іиөп түрды (С. Қөбеев).
Сын есімнің ешбір қосымшасыз қайталанатын фор-масы да ол сөздің лексикалық мағынасын езгсртпейді, тек семантнкасы меп қолданылу райына азды-көпті ерек-шелік енгізеді. Мысалы: Банан жапырағының әр саласы-на үлкен-үлкен банан жемістері өседі (М. Әуезов). Үзын-үзын сарайлар, кең-кең қоралар көрінеді (С. Мұқанов). Бұл сөйлемдердегі үлкен-үлкен банан; үзын-үзын сарай-лар; кең-кең қоралар деген тіркестердегі қайталанған сын есімдер, бір жағынан, ездері аныктайтын заттардыц көптігін білдірсе, екіншіден, сол заттдрдың бәрі де (я ол заттардың эрқайсысы да) бір сипатты^^^ір-феңкті, бір сапалы) екенін білдіреді. Сонымен қатар, кайталанған сын есім аныктауыш болғанда, анықталатын зат есімге Кептік жалғауы жалғанбаса да, оның көп екеніне шек

110 111


\
келмейді, бірак, әдетте, көптік жалғауының/жалғадып тұрғаны мақұл. Ал, анықтауыш косарланған сын есім емес, ж алан сын есім болғанда, көптік мағынада колда-нылуға тиісті зат есімге көптік жалғауы қайтсе де жал-ғануы шарт. Мысалы: үлкен үй және үлкен үйлер; үлкен-үлкен үй және үлкен-үлкен үйлер дегендерді салысты-

рыңыздар.

Қайталама кос сөздердің ішінде арасы на ма, (-ме

-ба, -бе, -па, -пе) косалкыланып айтылатын қос сөздіғ (қарсыма-қарсы, ауызба-ауыз, бетпе-бет) орны езінцк бір баска. Бұл форма казак тілінде аса кұнарлы еме< және өзге топтардан оның семантикасы мен қызметі де өзгеше. Мысалы. көзбе-кез кездестім, ңолма-қол тап-сырдым, сөзбе-сөз түсіндірдім дегендердегі карамен те-рілгеи сездер, біріншіден, амал мен істің біреу аркылы емес, екі субъектінің (адамныц) арасында тікелей бола-тынын білдіреді, екіншіден, осыған сәйкес, бүл сөздер тек етістік сөздермен тіркеседі, үшіншіден, сөйлемде олар тек қана пысыктауыш болып, үнемі адвербиалдық кыз-мет кана аткарады.

Жалпы алғанда, бір сөздің кайталануы арқылы жа-салатын күрделі есімдер объективтік өмірде кездесетін заттарда я баска құбылыстарда және олардың әр түрлі карым-катынастарында болатын көбею, топталу, еселеу, жіктелу, саралану, бөліну, жекелену сияқты жай-күйлер-ді я көбейтіп топ-тобымен, я бөліп жік-жігімен, я сара-лап сала-саласымен атап, тәптештеп білдіретін форма (дәнекер) ретінде кызмет етеді. Қос сөздердің бұл ерек-шеліктері олардың қосарланған формаларынаі әр қнлы жалғау және баска косымшалар жалғанып қолданғанда (әрине, сөйлемде), ете-мөте айқындала түседі. Мысалы: Олар көше-квіиені бойлатып, өзді-өзі сеңдей соғылы-сып қалып жатыр (Ғ. Мүсірепов); Ботакөз үй-үйдің ара-сымен келе жатты (С. М ұқанов). Осындағы көше-көшені сөзі бір ғана көшені емес, әлденеше (көптеген) кешені және оның әрқайсысын деген семантикалык, граммати-калық мағынаны білдірсе, үй-үйдің сөзі әр үйдің (я барлык үйдің) деген сара үғымды білдіреді. Сөйтіп, ко-сымшалы қайталама кос. сөздер тобының әрбір саласы сезге өзінше, әр алуан семантикалық мағыналар жамап, тіліміздегі грамматикалық синонимдерді байытумен бір' ге, оньш стилистикалык. амал-тәсілдерін әрі икемді, әрі жатык, етуге аса қажетті дәнекерлер есебінде қызмет етеді.


112
Екінші сыңарының белгілі бір дыбыстары өзгеріп (трансформаланып) жасалатын кайталама кос сөздер-дің беретін мағыналары да, ©зге кос сөздерден ерекше-леу болғанымен, дыбыстық өзгерістердің азды-көпті ез-гешеленуіне карай, іштей өзара бірдей емес. Мысалы: шай-пұй ішіп плайық (Ә. Әбішев) деген сейлемді, әрине шай ішіп алаиық деп антуға әбден болады. Бірақ екі сөйлемнен алатын түсінік те, әсер де бірдей болмайды. Өйткені шай ііиіп алайық дегеннен жүрттың бәріне де бірдей белгілі, калыптаскан өз рәсімі, өз бабы бойынша ішілетін шай жайы аңғарылады. Ал, шай-пүй ішіп ала-йық дегеннен жайы да^ күйі де бабына келмеген шайсы-мақ бірдеме деген ұғым аңғарылады да, тыңдаушы эмо-циялык жағынан айтушыдан комсынып я кемсініп, реті келсе, кекетіп я мысқылдап айтқан сняқты зіл салмағы бар немесе жеңіл әзіл-калжыңы аралас көзкарасты ба-йыптайтындай болады. Сондай-ақ, хат-мат, хабар-мабар десек те, инженер-минженер, мұғалім-сүғалім десек те, ет-мет, сүт-мүт десек те, кайталама кос сөздердін бұл түрінен не әлдеқандай бір белгісіздікті, не әлдекандай бір кекесінді, не әлдеқандай бір комсынғандықты бағ-дарлықтай эмоциялық реңк білінеді.
Ал дәл осы топка жататын жалт-жулт, даң-дуң тәріз-ді кос сөздердің семантикасы жоғарыда талданған іс-міс, мүрын-сүрын сияқты кос. сөздерден баска, мысалы: саты-сүтыр, иіақыр-шүңыр естілген дыбыстарды, бал-дыр-бүлдыр, дабыр-дүбыр, саңғыр-суңғыр естілген үндер мен сөздерді, жарқ-жүрқ, жалт-жүлт етіп көрінген кері-ністерді алсақ, солардың бәріне де тән бір жалпы ерек-шелік бар. Ол ерекшелік — сол дыбыстардын да, сез-дердін де, керіністердің де үнемі бір сазбен я бір ка-лыппен ғана естілмей я көрінбей, бірде бір сарынмен (мысалы: сатыр, шақыр, балдыр, дабыр, саңғыр, жарқ, жалт), бірде екінші сарынмен (сүтыр, шүқыр, бүлдыр, дүбыр, сүңғыр, жүрқ, жүлт) алма-кезектеніп отыратын-дарымен байланысты. Бұл сөздердін осындай мағына-лық1ерекшеліктері сөздің бірінші сыңарыидағы ашық дауысты дыбьістың екінші сынарда еріндік кысаң дауыс-ты дыбыска ауысуы аркылы формаланады.
Сөйтіп, бүл екі сала сөздердің (жол-мол, кісі-місі жә-не жалт-жүлт, балдыр-бүлдыр) бәрінін де екінші ком-понентінің белгілі бір я дауысты, я дауыссыз дыбысының өзгеруі осы топка тән сөздердің өзіне лайыкты жалпы ерекшелігі болып саналады.
113

1


\
Үстеме буынды қос сөздердің дыбыстық та, морфолсь гиялық ерекшеліктеріне қарай, семантикалык мағына-лары да аталған топтардың бәрінен өзгеше. Ең алдымен, қайталама қос сөздердің бұл түрі тек сын есімге ғана тэн форма болғандықтан, бұл форма сын есімнің негізгі бел-гісін я күшейту үшін, я бәсеңдету үшін қолданылады. Мысалы: Бүгін Оспан қап-қара боп түтіккен (М. Әуе-зов); Жарты метр қүдық қазсаң, туп-тунык,, мөп-мөлдір муздай суық суы шыға келеді (С. Көбеев). Саусақтары жуп-жумсаң, жып-жылы екен (Ғ. Мүсірепов).
Қосарлама қос сөздер
Косарлама кос сөздер лексикалық мағынасы басқа-басқа екі түрлі сөзден күралады. Мысалы: ата-ана, ул-кен-кіші, ертелі-кеиіті, жиырма-отыз, ол-пул, ңарғап-сі-леп, суріне-жығыла, ^туған-өскен, аума-төкпе, жатса-тур-са, ілгері-кейін. алды-арты, iud-сырты т. б.

Қосарлама қос сөздер мағына жағынан ыңғайлас, морфологиялық жағынан тектес, синтаксистік жағынан теңдес (пара-пар) сөздерден (компоненттерден) күрала-ды. Мысалы: әке-шеше, әні-міні,, алты-жеті, алды-арты, усті-басы, туған-өскен,, ойнап-күліп деген тэрізді сөздер-дің әркайсысының компоненттері мағына жағынан бір-біріне орай, өзара бір-бірімеи жақын, нңғайлас сөз-дер; олар морфологиялық төркіні жағынан да, бір тектес, демек, белгілі бір ғана сөз табыиа тэн, әрі формалары біркелкі сөздер; және осындағы эрбір қос сөздің компо-ненттері синтаксистік кызметтері жактарынан біріне-бірі әрі бағынбай, эрі біріиен-бір тәуелсіз болып салаласа құ-рылған күрделі сөздің-бірімен-бірі тең табиғи бөлшекте-рі есебінде кызмет етеді. Бүл аталған үш түрлі ерекшелік косарлама (қос) сөздердің күрделі сөз болып жасалуы-на негізгі таяныш болуымен қатар, олардың өзге күрде-лі сөздерден ажырауына да негізгі белгі есебінде кыз-мет етеді.


Компоненттері морфологиялық жағынан бір тектес, синтаксистік жағынан өз ара тең болатындықтан, косар-лама кос сөздін. мағынасы кұрамындағы екі компонент-тің де мағынасын бірдей қамтиды да, жалпылау, топ-шылау, жинактау,» болжалдау, мөлшерлеу тәрізді ұғым* дарды білдіреді.


  1. Бірақ компоненттерінін. мағыналық дербестігі болу я болмауы жағынан алғанда, қосарлама қос сөздердің өз-




  1. е р і де біркелкі емес. Мысі лы: қурбы-қурдас, итбын-шіркей, қауіп-қатер, мәз-мереке, ат-жөн, қалғып-иіулғып, ақыра-зекіре, жығыла-сүріне, асықпай-саспай, урмай-соқпай, жүрген-турған, көрген-білген деген кос сөздердің екі компоненттерінің де дербес лексикалық мағыналары бар. Ал, жаман-жәутік, тоқтьі-торым, ңойіиы-қолаң, әу-ре-сарсаң, жүдеп-жадап, жылап-сыңтап дегендердің бір сьщарларының дербес лексикалық мағыналары жоқ я олар әлсіреген. Сонымен қатар, тілімізде екі компонент-інің де дербестігі жок алба-жулба, ағыл-тегіл, алай-тү-лей, астан-кестен, тырым-тыраңай сиякты кос сөздер де бар. Сөйтіп косарлама қос сөздер компоненттерінің дер-бестігі бар я жоктығына карай, біріншіден, екі компо-ненті де бірдей мағыналы қос сөздер, екіншіден, бір компоненті мағыналы, бір компоненті мағынасыз қос сөз-дер және, үшіншіден, екі компоненті де бірдей мағына-сыз қос сөздер болып үш түрге бөлінеді.


  1. 34. ҚОСАРЛАМА ҚОС СӨЗДЕРДІҢ ФОНЕТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТЫ

Косарлама кос сөздердің құрамдарындағы компо-ненттер дыбыс, буын жэне реті жақтарынан да үйлес, үндес болып күралады. Компоненттердің бір-бірімен буын жағынан ыңғайлас, дыбыстас болып келуі қосар-лама сөздердің жоғарыда аталған үш ерекшелігін (ма-ғыналық ыңғайластык, морфологиялык тектестік және синтаксистік теңдестік) біріктіріп, тұтастыруға әсер ете-ді деп айтуға болады.


Біріншіден, косарлама сөздердің құрамындағы ком-поненттер рифма жағынан өзара орайласып, үйлесіл оты-рады. Бұл үйлесім синтаксистік жағынан бір-бірімен тең екі компоненттің екеуіне де бір түрлі косымша қосылуы арқылы да, осымен байланысты, буын саны мен екпіннің орны ауысуы аркылы да өзара орайласып отырадьі; Мы-салы: аң-таң, ата-ана, әке-көке, азан-ңазан, бала-иіаға, емін-еркін, көрмей-білмей, жүрген-турған, жатса-турса, көрсе-білсе... сиякты қосарлама сөздер рифма жағынан ұйқасып та, үйлесіп те күралған.
Екіншіден, косарлама сөздердің күрамдарындағы компоненттердің дауысты жэне дауыссыз (ассонанс, кон-сонанс) дыбыстары үйлесіп, үндесіп отырады.іМысалы: Жсілғыз-жарым, көйлек-көніиек, қарым-қатынас, қыбыр-

114 115


ңимыл, тамьір-таныс^ түр-түс, терлеп-тепиііп, сай-сала, шыбын-шіркей, шала-шарпы, иіәк-іиүбә, қауіп-қатер, хат-хабар... дегендер сөз басындағы дауыссыз дыбыстар-дың қайталануы аркылы үндескен аллитрациялық үй-лесімдер.
Абысын-ажын, арып-талып, апыл-тапыл, анда-санда, егжей-тегжей, ым-жым, ығы-жығы, ептеп-септеп, буып-түйіп, кесіп-пішіп, урьіс-керіс, қаңғыр-күңгір, пәленше-түленше сияқты қосарлама қос сөздер я бірыцғай, я ұқ-сас дауысты дыбыстардың қайталануы арқылы ассонанс жолымен үйлескен.
Абыр-сабыр, жігіт-желең. келім-кетім, жауын-ша-шын, қырып-жонып, көиііп-қонып, қашқьін-пысқын, оты-рыс-түрыс, күйініш-сүйініш тәрізді косарлама сөздер я басқы, я соңғы дауыссыз дыбыстарының үйлесуі арқы-лы консонанс жолымен жасалған.
Үшіншіден, қосарлама қос сөздер буындарының сан-дары мен түрлері жактарынан бір-біріне көбінесе орай-лас компоненттерден жасалады. Мысалы, ондай бір буынды компоненттерден құралған косарлама сөздерге: аң-таң, аш-тоң, бас-көз, у-шу, тау-тас, иіай-қант сиякты-лар, екі буынды компоненттерден қүралған қосарлама сөздерге: азан-ңазан, абьір-сабыр, апыл-тапыл, бірен-са-ран, салдыр-гүлдір, тоңты-торым, өрен-жаран т. б., үш және онан да көп буынды компоненттерден күралған қо-сарлама сөздерге: балалы-шағалы, үлкенді-кішілі, жақ-сылы-жаманды, төгілген-шаиіылған, іиаршамай-шалдық-пай, үйелмелі-сүйелмелі т. б. жатады.
Мүнымен қатар, бір компоненті бір буынды, екінші компоненті екі я үш буынды немесе бірінші компоненті екі буынды, екінші компоненті үш (я төрт) буынды (я керісінше) болып келетін де косарлама сөздер бар. Мыса-лы, әл-ауңат, шай-иіекер, шым-шытырың, хал-ахуал, хат-хабар, жата-жастана, кесе-көлденең, отырыс-түрыс т. б.
‘ Буын түріне карай, қосарлама қос сөздер ашық буын-ды да, түйық және бітеу буынды да бола береді. Егер компоненттерінің буындары араласып келсе, тұйық буын басыңда ғана колданылады да, соңғы буыны көбінесе бітеу болып отырады. Мыс.алы: іле-иійла, у-шу, әке-иіе-ше, бала-шаға, ағыл-тегіл, алңам-салңам, іркес-тіркес, көйлек-көншек, елтең-селтең т. б.
Қосарлама кос сөздерді компоненттерінің морфоло-гиялық қүрылымына және сөз таптарына қатынасына
карай бөліп, оларға да өзінше тиісті сипаттама беруге болады.


  1. Қомпоненттерінін морфологиялық күрылымына қарай, қосарлама сөздерді екі салаға бөлуге болады:

а) негізгі түбірден құралған қосарлама сөздер. э) туынды формалардан туған косарлам^ сөздер. Түбір сөздерден күралған косарлама сөздерге мына-


дай сөздер жатады: ас-су, ат-жөн, бала-шаға, бас-аяқ, дос-жар, дәм-түз, егіз-екі, ес-түс, етек-жең, зәр-зэбір, жол-жоба, жер-көк, жүн-жүрңа. жөн-жоба, күіи-қуат, ңора-қопсы, көш-ңон, ләм-мем, ой-қыр, ойын-күлкі, са-быр-тағат, талан-тараж, уіиы-ңиыр, үй-күй, өң-түс, шет-жаға т. б.
Туынды формалардан (туынды түбірлерден) құрал-ған косарлама сөздер екі түрлі болады. Біріншісі — екі сыңарына да бірдей жүрнақ жалғанған формалардан күралған, екіншісі — бір сыңарына ғана жүрнақ жал* ғанған формалардан қүралған қосарлама сөздер.
Азды-көпті, алым-салық, келім-кетім, үрыс-керіс, ер-сілі-қарсылы, сүріне-жығыла, асыңпай-саспай, жатса-түрса, көрген-білген, малды-малсыз, атарман-шабарман, ондай-мүндай, онша-мүнша, осыншама-мүншама сияқты қосарлама сөздер екі компонентіне де жұрнак жалған-ған сөздерден күралған.
Қосарлама сөздің екі компонентіне де бірдей жалға-натын жүрнақтар көбінесе бір ғана түрлі болып қосыла-ды, кей-кейде ғана екі түрлі (мысалы: алым-салық, іиііп-жем) болады. Ал, өте жиі қолданылатын жүрнақтар мы-налар: -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті (азды-көпті, ерлі-зайып-ты); -м,-ым,-ім, (алым-берім, өлім-жітім); -с, -ыс, -іс (үрыс-керіс, жүріс-түрыс); -лық, -лік, -тық, -тік, -дық, -дік (өштік-қастыц, үздік-создық); -нды, -нді (жуынды-шайынды); -шы, -ші (хабаршы-жаршы); -н, -ын, -ін (бо-ран-шашын, жауын-шашын)).
Бір сыңары ғана жүрнақты компоненттерден құрала-тын косарлама сөздер сан жағынан аз. Ондайларға, мы-салы, артық-кем, жем-іиөп, киім-кешек, жол-жорьің, кем-кетік, тамыр-таныс сияқтылар жатады. Сыңарларына бірдей косылатын. жүрнақтардай теңестіруші, күрасты-рушы форма ретінде кызмет етпейді, тек екінші сыңарға семантика жағынан орайлас келетін дайын (әзір) сөз ретінде ғана пайДаланылады.


  1. Ж алпы қос сөздер, оның ішінде қосарлама сөздер ^іліміздегі негізгі грамматикалық сөз таптарын түгел

116 117


қамтиды да, өздері сол сөз таптарына катысты болады.


Мысалы:

а) Азьщ-тулік, ас-су, ақыл-айла, ауру-сырқау, боран-шаиіын, дәрі-дәрмек, дәм-туз, етек-жең, жетім-жесір, шам-іиырақ, иіама-іиарық сияқты косарлама сөздердің компоненттері зат есімдерден кұралған да, соған сәй-кес, қосарлама сөздердін ездері де түгелдей күрделі (қо-сарланған) зат есім болады.


ә) Ақ-қара, аиіық-айқын, ащы-тұщы, ауыр-жеңіл, жақсы-жаман, алыс-жақын муртты-сақалды сиякты ко-сарланған сөздердің өздері де, олардың компоненттері де — сын есімдер.
б) Бір-екі, үиі-төрт, жеті-сегіз, он бес-он алты, жиыр-ма-отыз. сексен-тоңсан дегендердік компоненттері жеке-дара сан есімдер болса, олардан косарлану арқылы жа-салған күрделі формалары да күрделі сан есім болады. Бірақ кәдімгі сандарға қосылатын реттік санның -ншы (-ыншы, -інші) формасы косарланған сандарға жалған-байды.
в) Есімдіктерден тек ол, бул, оны, муны, әні, міні де, ген формалар ғана косарланады (мысалы, ол-пул, әні-міні, оны-муны). Сондай-ақ, осы есімдіктерден туған олай-бұлай, ондай-мундай, онша-мунша, онда-мунда, одан-будан тәрізді формалар косарланады.
г) Үстеулердік ішінен қосарланатындар мыналар-ілгері-кейін, әрі-бері, жоғары-төмен, күндіз-түн, күні-тү-ні, ерте-кеіи, бүгін-ертең, қысы-жазы, өте-мөте, оқта-тек-те, оқта-санда т. б.
д) Еліктеуіш сездердің ішінде де косарланатын жә-не солар аркылы туған қосарлама еліктеуіш сездер бар. Мысалы, оларға: арбаң-ербең, абыр-сабыр, албыр-сал-быр, адыр-будыр, апалақ-топалақ, бурқ-сарқ, салдыр-гүлдір, сатыр-гүтір, самбыр-күмбір, қыржың-тыржың, ыржың-тыржың сияктылар жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет