Ахмеди ысқАҚов қазіргі қазақ тілі морфология



бет7/28
Дата09.04.2020
өлшемі2,43 Mb.
#62039
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28
Байланысты:
Қазіргі-қазақ-тілі-Ысқақов
антиплагият Волейбол, антиплагият Волейбол
§ 27. ТУЫНДЫ СӨЗ
Туынды сөз деп, әдетте, морфемаларға бөлшектенетін туынды негіздерді айтамыз. Туынды сөздің құрамында негізгі түбір морфемасы және қосымша морфемалар бо-луы шарт. Мысалы: елиіі, елшілік, құрама, ңұранды, ясалғамалы т. б.
Сөздің құрамын анықтау мақсатымен, әр қилы грам-Матикалық (морфологиялық) талдау жасағанда, практи-калық жағынан жеңіл болу үшін, түбір сөзді тек қана

88 89




түбір деп, туынды сөзді негіз деп атаған қолайлы. Мыса-лы, ұйымдастырушылар деген сөздің түбірі — ұйы, бірін-ші негізі — ұйым, екінші негізі — ұйымдас, үшінші негі-зі — ұйымдастыр, төртінші негізі — ұйымдастыру, бесін-ші негізі — ұйымдастырушы болады да, -лар жалғауы негізге косылған көмекші бөлшек болады. Әрине, егер ұйымдар десек, -дар жалғауы тікелей бірінші негізге жалғанған болады да, үйымдасуға десек, барыс жалғауы үшінші негізге жалғанған болады.
Сөйтіп, туынды сөздер деп жүрнақтар арқылы негізгі түбірлерден өрбіген сөздерді айтамыз. Осы себептен ту-ынды сөздер грамматикаларда кейде туынды түбір деп те аталады. Мысалы: Көкіие көктен де көгілдір екен (С. Мұқанов) деген сөйлемді алсак, ондағы Көкше, көк-тен, көгілдір дегендердің үшеуі де бірдей туынды сөздер емес. Олардың бастапқы түбірі — көк болғанымен, он-дағы туынды сөздер — тек Көкіие және көгілдір деген-дер ғана. Олай дейтін себебіміз: бұл екі сөздің екеуі де жұрнақтар арқылы көк деген сөзден туған. Ал, Көктен деген сөз туынды сөз емес, жалғаулы (түбір) сөз ғана.
Туынды сөз тек түбір сөзден ғана жасалып қоймайды, туынды сөздердің өздерінен де өрби береді. Мысалы, біл, білім, білімпаз, білімпаздық деген сөздерді алсак, бәрінің де түбірі — біл. Бірақ ол түбірден тікелей туған сөз — білім деген ғана. Қалғандары туынды сөздерден (білім-паз деген білім дегеннен, білімпаздық білімпаз деген-нен) өрбіген.
Туынды сөздер жұрнақ арқылы жасалғанымен, жұр-нақтар барлық сөзге бірдей ж алғана бермейді. Кейбір жұрнақтар бір сөзге ғана емес, белгілі бір топ сөздің қай-сысына болса да, талғамай жалғаныла берілсе, кейбір жұрнақтар бірді-екілі сөздерге ғана жалғанып көнеленіп қалады да, басқа сөздерге жалғанбайды. Бір алуан сөз-дерге жаппай жалғаныла беретін жүрнақтарды тірі жүр-наңтар дейміз де, бірді-екілі сөзге ғана жалғанып, орны-ғып, ңалыптасып қалған жұрнақтарды өлі я көне жүр-нақтар дейміз.
Мысалы: ойпат, киіт, жент, тоңазы (ды), шынтуайт дегендердегі -пат, -т, -нт, азы, -туайт ж үрнақтары — өлі жұрнақтар.

Тірі жұрнақтар да кез келген сөздерге жапа-тармағай




  1. алғана бермейді. Бірақ олардың сөз талғауы көне жүр-нақтардікнідей емес. Қөне жүрнақтар бірлі-жарымды сөзге жалғанса, тірі жүрнақтар өздерінің жаңа сөз туды-

ру қабілетіне қарай, сөздердің семантикасына, мағына-сына қарай, белгілі бір грамматикалық категорияға жа-татын сөздерге жалғана береді. Мысалы: -шы, -лы деген тірі жүрнақтарды жалғап: сушы, малшы, үйші, сиыршы, ictui, кенші, аңшы; сулы, малды, үйлі.^сиырлы, балалы, таулы деген сияқты сөздер жасауға болады. Бірақ осы сездерге -ғы(-қы, -кі, -гі), -ғыш (-гіш, -қыш, -кіш) жүр-нактарын ж алғауға болмайды. Өйткені бұл жұрнақтар белгілі бір сөз таптарына тән бір алуан сөздерден екінші бір сөз табына жататын сөздерді тудырады. Атап айтсақ: -ғы жұрнағы мезгілдік ұғымда жұмсалатын зат есімдер мен үстеулерден сын есім тудырады (жазғы, күзгі, түнгі, ертеңгі т. б.), етістіктерден зат есімдерді тудырады (ш ал-ғьі, шапцы, бүрғы, кергі).
Әрбір түбір сөздің өзіне тән нақтылы мағынасы бола-тыны да, сондай-ақ сөз тудыратын әрбір жұрнақтың өзі-не тән жалпы мағынасы болатыны да белгілі. Солай бол-са, туынды сөздің мағыналық құрылымында (мағынасы-ның құрамында) олардың әркайсысының қатысына қарай, үлесі де болуға тиіс. Ол үлес, әрине, түбір сөздіц негізгі морфема болуымен және жұрнақтың көмекші мор-фема болуымен байланысты. Демек, пгуынды сөздің тұл-ғалық құрамында да, мағыналық құрамында да түбір сөз жетекші роль атқаратын мүше, жұрнақ көмекші роль атқаратын мүше болады. Екінші сөзбен айтқанда, туын-ды сөздің семантикасына оның құрамындағы түбірдің ма-ғынасы үйтқы болады да, жұрнақ оған қосымша мағына үстейді. Мысалы, малшы, егінші, құрылысшы, жазушы, суретіиі деген сөздерді алсақ, олардың әрқайсысының ма-ғыналарына мал, егін, цурылыс, жазу, сурет деген негізгі бөлшектер жетекші (ұйтқы) болып, -шы жұрнағы оларға косымша мағына жамап тұр. Сол себептен де мал және малиіы, егін және егінші, цұрылыс және қүрылысшы, жа-эу және жазушы, сурет және суретші сөздерінің өзара бір-бірінен сыртқы формасы жағынан да, ішкі мазмұны жағынан да айырмашылықтары бар. Демек, мұндағы Жұрнақсыз сөздер жеке-жеке заттар мен іс-әрекеттердің аттарын білдірсе, жұрнак қосылғаннан кейін олардың әрқайсысы сол заттармен, іс-әрекеттермен байланысты кәсіп иелерін білдіреді.
Осы айтылғандай аралык қатынас тек осы сөздерге ғана емес, жалпы жұрнақ арқылы жасалатын туынды сездің бәрінде де болады. Мысалы, әрі шңғу тарихы кө-не, әрі сөз тудыру қабілеті күшті -ла (-лё* -да, -де, -та,

90

-те) жұрнағын алайық. Бұл жұрнак — есімдерден етістік тудыратын аса құнарлы қосымша. Бірақ бұл жұрнақ есімдердің де бәріне бірдей жалғанбайды. Олардың ішіт нен белгілі-белгілі топтарына ғана жалғанады.


      1. ұрнақтың туынды сөзге қосатын үлесі оған тән бо-лып қалыптаскан формасына, мағынасына, қызмет атқа-ру қабілетіне байланысты. Мысалы: -лы (балалы), -лық (балальщ ), -ла (арала), -лас (аралас), -шы (ңойшы), -шылық (цойшылық)... жұрнақтарын алсақ, олардыц өз-ді-өздеріне тән формалары, мағыналары, қабілеттері бар. Ендеше, қанша жұрнақ болса, олардың әрқайсысының өз формасы, өз мағынасы, өз қабілеті болады. Әрине, осылайша саралап сипаттау дәстүрі жұрнақтардың фор-малары ғана емес, мағыналары да, қызметтері де бірде” емес, әр алуан екенінен туған. Мысалы, сөйлес, аңылдас,




    1. рындас сияқты сөздердегі -лас (-лес, -дас, -дес, -тас -тес) жұрнақтар. Бұл жұрнақ құрамы жағынан құран-ды да, мағынасы мен қызметі жағынан омоним жұрнақ. Бұл жұрнақ арқылы есімнен етістік жасалады (аман-дас, сзлемдес, татулас, узделес, дидарлас, белдес, ңош-тас, өштес, кектес, серттес, жүздес, кездес, беттес, бірлес




  1. б.), есімнен есім жасалады (қүрбылас, ңадірлес, бей-нелес, тетелес, еншілес, іргелес, елдес, туыстас, сино-нимдес, түстес т. б.), сонымен қатар, есімнен әрі етістік, әрі есім жасалады (сырлас, пікірлес, достас, аңылдас, төбелес, аралас, одақтас, теңдес, колхоздас, серіктес, үштас т. б.).

Сөйтіп, туынды сөздің мағынасы өзінің құрамындағы түбірдің (негіздің) мағынасымен де, жұрнақтық мағына-сымен де іштей байланысып барып, бір тұтас қасиет-қа-білетке иеленеді.


КҮРДЕЛI СӨЗДЕР
§ 28. КҮРДЕЛГ СӨЗДЕР ЖАЙЫНДА ЖАЛПЫ ТҮСГНІК


  1. алпы күрделі сөздер және олардың түр-түрлерімен байланысты теориялық, практикалық мәселелер әрі аса маңызды, әрі күрделі.

Күрделі сөз деп кемінде екі я онан көп дара сөзден (жалаң я туынды түбірлерден) қүралып, ритм ырғақ жа-ғынан бір ұдай, лексика-семантикалық жағынан біртү-тас, лексика-грамматикалық жағынан бір бүтін тұлға бо-

лып бірлесіп түрақталған құрама сөзді (я сөз тіркесіь) айтамыз.


Мысалы, бүгін, биыл, ағайын, ңолғанат, бүгін-ертең, кеиіелі-бүгінді, ағайын-туысңан, айта отыр, отыра тұр, еңбек ет, ңұрмет ңыл, ал ңызыл, ал ңара көк, сап-сары, ала жаздай, ала ңыстай, күні бүгін, жалаң аяқ, жалаң бас, ңұр қолшаң, қүр алаңан, темір жол, қоян жүрек, қырғи қабақ, темір қазық, жеті қараңшы, тау соғар, бас бүзар, ұр да жық, көр де қой, көз бояу, жан қию, арка сүйеу, таяң жеу, сол себепті, сөйте түра спяқты сөздердің бәрі де күрделі сөздерге жатады.
Күрделі сөздердің қай-қайсысы болса да әуел-баста-ғы жай сөз тіркесінен шыққан. Бұлардыц қалыптасула-рына әр қилы синтаксистік амал-тәсілдер негіз болған. Кейбір сөздер бастапқы синтаксистік жай сөз тіркестері-нін компоненттері бір-бірімен бірігу арқылы туса (бүгін, биыл, ағайын), кейбір күрделі сөздер жарыса, қабаттаса қолданылған компоненттердің қосарлануы арқылы жа-салған (ата-ана, жер-су, ел-жүрт). Ал, кейбір күрделі сөздер әуелгі еркін сөз тіркесінің тұрақты тіркеске айна-луы арқылы қалыптасқан (ала жаздай, күні бүгін, темір цазық).
Сөздің күрделену процесі бірден туа салатын және тез қалыптаса қоятын құбылыс емес, ұзақ сонар процестерді бастарынан кешіріп қалыптасатын тарихи құбылыс. Осындай процестер үстінде морфологиялық және синтак-систік тәсілдердің күрделі сөз тудырудағы ара қатынас-тарына әр алуан фонетикалық, лексика-семантикалық және грамматикалық факторлар да араласып, әрқайсы-сы өзінше әр қилы дәрежеде үлестерін қосып, сол қаты-настарының дамуына жәрдем етеді. Ол факторлардың сипаттары төмендегідей.
Фонетикалық фактор. Күрделі сөздердіц компоиент-терінін. әр қилы дыбыстық өзгерістерге ұшырауын фоне-тикалық фактор деп атаймыз. Мысалы: бүгін, биыл, аға-йын, ңайны, қайнаға, белбеу, шетік, әкел, зпер, зкет, түрегел, сөйт, өйткені тәрізді күрделі (біріккен) сөз-Дер осындағы көрсетілгендей күйге әр қилы дыбыстық өзгерістерге ұшырау арқылы жеткен. Ол езгерістердің бо-лУЫна ассимиляция, диссимиляция,' үндесу (гармония), с*КІсу, ықшамдалу, сусу, агармоння (жекжат, жексурын), дауьіс екпіні сияқты әр алуан заңдар қатынаскан. Соның Нәтижесінде күрделі (біріккен) сөздердің компоненттері

92 93

дыбыстық жағынан әр түрлі өзгеріске ұшырап, түр-тұр-паты тіпті басқаша болып калыптасады.
Лексика-семантикалық фактор. Әуелгі жай сөз тіркес-терінің идиомалану, лексикалану, делексикалану кұбы-лыстарын лексика-семантикалың фактор деп атаймыз.
Егерде күрделі сөздің мағынасы өзінің құрамындағы компоненттерінің тура мағыналарынан кұралмай (ту-май), демек, олардың мағыналарының косындысы (жи-ынтығы) болып шықпай, өзге, тіпті басқа бір ұғымды (мазмұнды) білдіретіндей болса, ондай кұбылыс, әдет-те, идиомалану деп аталады. Мысалы, қырғи қабақ бо-ту, ат үсті ңарау, қас пен көздің арасында... деген тір-кестердің әрқайсысының мағыналары кұрамдарындағы жеке-жеке сөздердің мазмұндарынан тумайды, олардаь өзге үғымдарды білдіреді. Мұндай тіркестердің қүрам-дарындағы жеке сөздердің логикалық-семантикалық, грамматикалық байланыстары көмескіленіп, ездері іштей мүшеленбейтін тұрақты тіркеске (күрделі сөзге) айнала-дыРСөз тіркестерінін осылайша идиомалануына оларды әуелде бейнелеу (метафор) ретінде қолдану дағдысы не-гіз болады.
'Ж ай синтаксистік тіркестің тұрақты сөз тіркесіне тән қасиетке ие болып, бір үғымның атауы ретінде жұмсалу-ын лексикалану дейміз. .Лексикаланған тіркестің компо-неттері де дыбыстық және кұрылымдық жақтарынан өз-геріске ұшырамайды. Лексикаланған тіркестің кұрамын-дағы компоненттердің (сездердің) логика-семантикалык, грамматикалық байланыстары көмескіленбейді (күңгірт-тенбейді), олар өз орындарында түрып, бір тұтас лекси-калық мағынаны білдіреді. Сөз тіркестерінін лексикала-нуына кейбір жай сөз тіркестерін суреттеме жолмен кол-дану дағдысы негіз болады. Осы себептен лексикаланған тіркестен күрделі термин сөздер мен күрделі атау сөздер кеп туады. Мысалы: темір жол, қосаяқ, жукаяқ, сапты-аяқ, шыны аяқ, қолғап, аққу, сары ала ңаз, ит ала қаз, аққұтан, көкқүтан, алтыбақан, баспасөз, асқазан, бозба-ла, ақсақал, алаөкпе, қараөкпе, томар бояу, орынбасар, алты атар, атшабар, шаңбасар, қаптесер, қолкесер ! т. б.
Күрделі сөздін күрамындағы компоненттің дыбыстьік езгерістің нәтижесінде бастапқы өз мағынасынан ада-ку-де айрылуын делексикалану деп айтамыз. Мысалы, сои-
1 Күрделі сөздердін бірге я бөлек жазылуы — ез алдына карЗ' латын (орфографиялык) мәселе.

дай дыбыстық өзгеріске ұшыраудын, нәтижесінде түре-гел (тұра кел), былтыр (бір жыл-дур), түнеугүні (тонау күні), ышқыр (іш құр) сияқты біріккен сөздердің кұрам-дарындағы компоненттердің бәрі де өздерінің әуелгі ма-ғыналарынан айрылса, күндіз (күн ж үзі), аласабыр (ала шұбар) тәрізділердің бір сыңарлары әуелгі өз мағы-наларын жоғалтқан. Ал, кежегем кейін тартып тұр, та-уым қайтты (жығылды), көсегең көгерсін, міз баңпайды деген түрақты тіркестердегі кежегем (желке), тау (жүз, кыр), көсеге (белгісіз), міз (белгісіз) сездері өз мағына-ларынан айрылып, тек осы тіркестерде ғана қолданыла-тын «бос» сөзге айналған. Бірақ осы «бос» сөздерді алып тастаса, күрделі сөздердің өздері ыдырап, мағыналары кожырап кетеді. Сондай-ақ, компоненттерінің бірі делек-сикаланған тілазар, тілмәр, желінсау, алаңғасар тәрізді күрделі сөздерді мағыналары жоғалған я формалары өз-герген компоненттерсіз қолданса, олар күрделі сөздік касиеттерінен айрылады.


Белгілі грамматикалық категорияларға (сөз таптары-на) тән бір алуан сөздерден я қайталану, я қосарлану, я тіркесу арқылы күрделі сөз жасалады. Бірак ол сөздер-ден ж ана лексикалық мағына тумайды; олар тек қана грамматикалық мағына білдіреді. Мысалы: тау, қора де-ген сияқты зат есімдер тау-тау астың; қора-қора қой де-ген тіркестердегідей екі рет кайталанып жүмсала береді. Бірақ қайталану арқылы туған, осындай күрделі сөздің лексикалық мағынасы өзгермейді, тек әлденеше тау бо-лып үйілген астық, әлденеше қора болып бөлінген қой деген тәрізді топтау, бөлу үғымын білдіреді. Осылайша, сын есімдер де (жақсы-жақсы, үлкен-үлкен, қысқа-ңысңа), сан есімдер де (он-оннан, жеті-жетіден, бес-бес-тен), есімдіктер де (кімде-кім, қай-қайдағы), етістіктер де (келе-келе, айта->айта, сөйлеп-сөйлеп, қарап-қарап) , үстеулер де (әрең-әрең, зорға-зорға), еліктеуіш сөздер де (сарт-сарт, жалаң-жалаң) қайталанып жұмсалып, күр-Делі сөздер жасалады.
Бір грамматикалык категорияға тән екі басқа сөзді ҚОсарлап жұмсап крүделі сөз ж асау да уйреншікті қүбы-лыс. Мысалы, аяқ-табақ, азық-түлік, ңұрбы-қүрдас, ата-ана (зат есімдр), жақсы-жаман, үлкен-кіші, үзын-қысқа (сын есімдер), жеті-сегіз, жиырма-отыз, жетпіс-сексен (еан есімдер), әні-міні, ол-пұл, анау-мынау (есімдіктер), әРі-бері, ілгері-кейін, бүгін-ертең (үстеулер), келіп-кетіп, Ыатпай-тұрмай, келген-кеткен (етістіктер) сияқты күрде-

94 95


лі сөздер қосарлану арқылы жасалған. Бұл күрделі сөз-дердің мағыналары да жалпылау, жинақтау, болжалдау, мөлшерлеу сиякты тұтас ұғымдарды білдіреді, демек, бастапқы лексикалық мағыналары өзгермейді.


Сөйтіп, күрделі сөздердің лексикалық мағынасы өз-гермей, тек қана грамматикалық мағынасы өзгерсе, ол процесс грамматикалану деп аталады.

Грамматикалануға негіз болатын бірнеше үлгі бар.

Олар мынадай:


  1. Белгілі бір сөз табына ғана тән екі я онан да ар-тық сөз ешбір дәнекерсіз (қосымшаларсыз) өзді-өзі тір-кесіп грамматикаланады да, күрделі сөздер жасалады. Мысалы: ақ сары, аң сұр, ңара торы, ңара көк, он ек; отыз бес, жүз отыз жеті, мың бес жүз отыз алт^і т. б.




  1. Белгілі бір сөз табына ғана тән екі немесе онан да көп сөздердің я бұрынғы, я соңғы компоненті немесе екеуі де бірдей бір-бірімен дәнекер (қосымша) арқылы тіркесіп грамматикаланады да, күрделі сөзге айналады. Әдетте, мұндай тіркестің соңғы сөзі лексикалық мағына-сы солғындаған я жоғалған көійекші сөз (не көмекші есім, не көмекші етістік) болып келеді.

Мысалы: үй іші, ауы л арасы, қора маңы, есік алды; шелдеп кеттім, шаріиап ңалдым, сөйлей берді, жығылып ңала жаздады т. б.




    1. Басқа-басқа екі түрлі сөз табына (мысалы, бірін-шісі есімге, екіншісі етістікке) тән сөздердің тіркесінен әрі лексикаланып, әрі грамматикаланып күрделі сөз туа-ды. Әдетте, ондай тіркестегі екінші көмекші етістік бірін-ші есім сөзді етістікке айналдырады. Мысалы: жәрдем ңыл (жәрдемдес), көмек қыл (көмектес) қүрмет ет (құр-метте), қанағат ет (қанағаттан, қанағат қыл), зн can (әндет), күш сал (күште), құлақ қой (тыңда) т. б.




    1. Белгілі бір сөз табына тән сөз түрленіп те, түрлен-бей қайталану арқылы да грамматикаланады, күрделі формаға (сөзге) айналады. Мысалы: арба-арба, ңора-қо-ра, ауызба-ауыз, көзбе-көз, үй-күй, шай-пұй, жақсы-жак,-сы, үлкен-үлкен, алты-алты, екі-екі т. б.




      1. Белгілі бір сөз табына қатысты бір формадағы екі басқа сөз қосарлану арқылы грамматикаланады да, күрделі сөзге айналады. Мысалы: аға-іні, ата-ана, ауыл-аймақ, әрі-бері, үлкен-кіші, жаманды-жаңсылы, асыңпай-саспай, келген-кеткен, жеті-сегіз, қырың-отыз, әне-міне, анау-мынау, елең-алаң, апыр-топыр т. б.

Сонымен, қазіргі тіліміздегі күрһелі зат есімдер, күР

целі сын есімдер, күрделі сан есімдер, күрделі есімдіктер, күрделі етістіктер, күрделі үстеулер, күрделі еліктеуіш


  1. е з д е р белгілі формалардың грамматикалануы арқасын-ца калыптасқан категориялар ретінде қаралады. Сөйтіп, грамматикалану процесі белгілі формалардың күрделе-нуіне әсер етсе, керісінше, күрделену процесі олардың грамматикалануына да себеп болады.

Күрделі сөз дегеніміз — сөздердің жай синтаксистік тіркесі емес, араларындағы синтаксистік катынастарын жоғалтып, семантикалық мағынасы жағынан да, грамма-тикалық қызметі жағынан да тұтас бір бүтін тұлға (еди-ница) ретінде қалыптасқан тіркес. Күрделі сөздердің кейбіреулері (мысалы, біріккен сөздер) синтаксистік тә-сіл мен морфологиялық тәсілдің комбинациялануынан, яғни екеуінің де ерекшеліктерінің тоқайласуынан (қона-ғасы, ендігәрі) туса, кейбіреулері түтас сөз тіркесінің лексикалануынан (ата мекен, ер жеткен, жапан түз, күн тәртібі, ауыз бірлік), кейбіреулері тұтас сөз тіркесінің идиомалануы негізінде пайда болған т. б. Міне, осындай әр алуан жағдайда қалыптасқан күрделі сөздердің күра-мындағы компоненттерінің ара катынастары да, әрине, қосымша аркылы туатын туынды сөздердің құрамында-ғы морфемалардың құралуынан тіпті баскаша да және йлдеқайда күрделі де болады. Осы ерекшеліктеріне қа-‘рай күрделі сөздердің құрамы, қүралу нұсқалары мен үлгілері басқаша болып келеді. Рас, күрделі сөздердің бір алуаны компоненттерінің салаласуы арқылы жасал-са (мысалы, ата-ана, із-түз, ңора-ңопсы), бір алуаны са-бақтасуы (біреуі жетектеп, біреуі жетектелуі) негізінде жасалады (мысалы, күншығыс, орынбасар, алыпсатар, киікоты, дүние жүзі т. б .).


Күрделі сөздер өздерінің бастапқы төркіндерінен, де-мек, әуелгі жай сөз тіркестерінен бөлінгенде, мағыналық күрамдары мен кұрылымдары я кеңёю негізінде (мыса-лы: бүгін, түрегел), я тарылу негізінде (мысалы: сары май, ит ала қаз), я Жинақталу негізінде (мысалы: ата-ана, бүгін-ертең, ңара ала, аң шұбар, он сегіз, сексен екі, ала көл,-айта отыр), я басқашалану негізінде (мысалы: Щртын балта иіаппайды, тонның ішкі бауындай, қас қаң-Қаниіа) оқшауланып қалыптасады.
Қазақ тіліндегі күрделі сөздер, сыртқы кескін-түрпа-,тына қарай я біріккен, я қосарланған, я тіркескен (күра-Ма) сөздер түрінде кездеседі.

96 97


§ 29. КҮРДЕЛІ СӨЗДЕРДІ ТОПТАСТЫРУ
Күрделі сөздер әуелгі синтаксистік жай сөз тіркесінің


  1. лексикалануы, я грамматикалануы негізінде калыпта-сатындықтан, олардың компоненттерінің күралу жүйесі де сөз тіркестерінің ежелден бері карайғы заң болып қа-лыптасқан үлгілеріне сай келеді. Өйткені компоненттері дыбыстық өзгерістерге ұшырап, түр-түрпаттары мүлдем басқаша болып қалыптасқан кіріккен сөздерді (мысалы: білезік және білек жүзік, сексен және сегіз он деген тә-різділерді), ондай өзгерістерге ұшырамай-ақ та бастапқң тур-тұрпаттарын сақтаған күйлерінде қалыптасқан күр-делі түрақты сөздерді (мысалы: аңқу, тасбақа, ақсақал, асқазан, царапайым, ңосаяқ, ата мекен, шопан ата, к\ 4 бүгін, егеу ңұйрық, ата-баба, шыбын-шіркей т. б.) ал-сақ — олардың бәрі де лексикалану аркылы күрделі сөз-дерге айналған. Бірақ олардың компоненттерінің орын дары мен үлгі-нұскалары жай сөз тіркестерінің үлгілері нен (модельдерінен) басқаша емес. Күрделі сөздердіі тек кіріккен сөздер мен қос сөздерден өзге топтарыныі сыртқы жамылышы (киімі) мен пішіи-тұрпатын жай сө: тіркестерінен ажырату қиын-ақ. Солай болса, күрдел сөздерді жай сөз тіркестерінен ажыратып іштей таптас тырып жіктеуге таяғіыш боларльіқ меже-белгі табудыі маңызы төтеғіше зор.

Ал, оғідай меже-белгіні күрделі сөздің сыртқы түр тұрпатынан да, дыбыс-ырғағығіан да, лексика-семантика лық мағынасынан да, грамматикалық кызметінен д е - қыскасы, олардың компоненттерінің ара катынасынаі іздеген дұрыс.


Компоненттердің ара қатынасы деп бірігу, қосарлану тіркесу арқасында туған күрделі сөздің сыртқы фонети калық түр-түрпаты мен ішкі семантикалық кұрылымыи да, олардың араларында заң ретінде орнығып қалыптас қан қарым-қатынастардың нэтижесін я оның жиынтығыі айтамыз.
Мысалы, царлығаіи деген сөз әуелдегі бірін-бірі анык тай және анықтала тіркескен ңара ала қүс деген үш сез ден туған. Бірақ бұл тіркестегі сөздер сыртқы түр-тур паттары жақтарынан да, іійкі мағыналары жақтарынаі да елеулі өзгерістерге ұшырнудың нәтижесінде, бастапкь түп-тбркіндеріне ұқсамайтындай күйге жетіп, басқа біР жаңа сөз болып қалыптаскан. Осы ж аңа сөзді, тек этй; мологиялық талдау арқылы ғағіа болмаса, дәл қазір1
кездегі я сыртқы мүсініне қарап, я беретін ішкі мазмұ-нына қарап төркіндету мүмкін емес. Міне, осы айтылған-дай ерекшелік күрделі сөздің ішіндегі кіріккен сөз сала-сының компоненттеріне тән ара қатынаста болады. Осы айтылғандай ара қатынас бүгін, биыл, бүрсігүні, таңер-тең, әжептәуір, ендігәрі, ағайын, ңайны тәрізді кіріккен сөздердіи бәріне әрі үлгі болып, әрі заң болып қалып-тасқан.
Ата-ана, туған-туысқан деген қос сөздерді өз алдына бір топқа бөлу олардың компоғіенттерінің ара қатынас-тарына байланысты туған. Бірақ бұлардың ара қатына-сы қарлығаиі, бүгін сияқты күрделі сөздердегідей емес, басқашарақ. Ең алдымен, ата-ана, туған-туысңан деген-дердіи компоненттері біріне-бірі сабақталып, демек, бірі анықтап, бірі анықталып құралмаған, біріне-бірі тең бо-лып салаласа құралған; екіншіден, бұлардың компонент-тері ешқандай да сыртқы өзгеріске ұшырамаған және олардың әрқайсысы өзді-өзінің екпіндерін де, бастапқы мағығіаларын да сақтап тұр. Дегенмен, солай бола тұрса да, осылайша жеке сөздердің қайталануыиан я қосарла-нүынан кұралған күрделі сөз дауыс-ырғақ жағынағі да, лексика-семантикалық мағынасы жағынан да, лексика-грамматикалық қызметі жағынан да бірлесіп, бір тұтас тұлға (единица) ретінде қызмет етеді.
Айбалта, аңсақал, асқазан, тасбаңа, баспасез, кезңуй-рық тәрізді сөздер де, ат шабар, шаң басар, ңазан бүзар, сары май, ңара май, көр тышқан, жалаң бас, жас ұлан сияқты күрделі сөздердің компоненттері де бастапқыда анықтаушы және анықталушы, толықтаушы және то-лықталушы мүшелер болған. Бірақ осы күрделі сөз-дердің бәрі де, компоненттерінің әуелгі синтаксистік Қатынастары бұзылып, өзара бірін бірі анықтайтығі я толықтайтын қабілеттерінен айрылып лексикалануы ар-қасында орныққан.
Ала аяқ, бос белбеу, бас сауға, жүрек жұщан, жүрек эісалғау, ауыз жаласу, жаны ашу, жұлдызы қарсы, тон-нЫҢ ішкі бауындай, қас пен көздің арасында сияқты күр-Делі сөздер ж әне асңар тау, ну ңарағай, темір жол, қып-Ша бел, сүмбіл шаш, дені сау, есі дұрыс, дымы цұру, та-бан тіреу тәрізді күрделі сөздер тіл білімінде тұрақты С0з тіркестері немесе фразеологиялық тұлғалар (едини-^а) деп аталатын күрделі сөздердің қатарына жатады. Ьүл құрамдардағы компоненттердің орындары бұлжы-

майтындай аса берік, грамматикалық жағынан мүшелен-бейтін бір тұтас болады да, лексика-семантикалық жағынан бір ғана мағынаны білдіретін бір бүтін түлға (единица) ретінде жүмсалады. Бірақ мұндай тіркес ком-поненттерінің өз мағыналарын сақтау я сақтамауыиа қа-. рай іштей ерекшеленеді. Мысалы, бірінші топтағы ала аяқ, ауыз жаласу... сияқты күрделі сөздердің мағыналары күрамдарындағы компоненттерінің мағыналарынан кұ-ралмаған, демек, мүндай тіркестің я күрделі сөздің мағы-насы компоненттерінің мағыналарынан тумайды; ол ма-ғына мен компоненттердің мағыналары арасында ешқан-дай да байланыс болмайды; күрделі сөздің мағынасы басқа бір бейнелеу (образ, метафора) ұғымын білдіреі Мысалы, қас пен көздің арасында деген түрақты тіркес лезде (аса тез) деген мағынаны білдірсе, түйе үстінең сираң үйтіп деген түрақты тіркес илікпей (икемсізденіп) деген ұғымды білдіреді. Осындай тұракты тіркестер, әдетте, идиомалық тіркес я фразеологиялық тұтастық деп аталады.
Екінші топтағы асқар тау, темір жол, есі дүрыс, табан тіреу тәрізді тұракты тіркестердің компоненттері өздері-не тэн бастапқы дербес мағыналарын жоғалтпай сақтап отырады. Өйткені бұл сиякты тіркестің мағынасы күра-мына енетін компоненттерінің мағыналарынан қүралады, демек, сол компоненттердің мағыналарынын косындысы сияқты. Сондықтан бұл соңғы тіркестердің компонентте-рін жеке-жеке ажыратып талдағанда да, олар (тіркестер) түрактылық сипатын жоғалтпайды. Тұрақты сөз тіркесте-рінін бүл тобы фразалық тіркес я фразалық бірлестік деп аталады.
Сөйтіп, идиомалық тіркестің (фразеологиялық тұтас-тық) компоненттерінде ешқандай да мағыналық дербес-тік болмаса, фразалық тіркестің (фразеологиялық бірлес-тіктің) компоненттерінде өзінше әр алуан мағыналық дербестік болады. Бұл ерекшелік түрақты сөз тіркестері-нің осы айтылған екі тобынын компоненттерінін арала-рындағы қатынастарының әрі нәтижесі, әрі олардың ара-ларындағы ара қатынастың нақтылы белгісі я көрсеткіші болып саналады. Осындай ара катынастың нәтижесінде идиомалык тіркестің компоненттері мағыналык дербес-тіктерін түгелімен (біржолата) жоғалтса, фразалык тір-кесте ол дербестік я бүтіндей, я жарым-жартылап сакта-, лады. Ендеше, бүл екі топтын аралык шегі олардын ком-!
поненттерінін мағыналык дербестіктерін жоғалту я жо-ғалтпау (сактамау я сактау) дәрежесіне карай (яғни компоненттердін ара қатынастарына карай) анықтала-ды; егерде тұрақты сөз тіркесінің күрамындағы компо-ненттер мағыналык дербестіктерін жоғалтқан болса, ол тіркес идиомалық тіркеске (фразеологиялык түтастыкка) жатады; егерде — компоненттері мағыналық дербестік-терін я бүтіндей, я жарым-жартылай сақтаған болса, ол хіркес фразалық тіркеске (фразеологиялык бірлестікке) жатады; түрақты сөз тіркесінің күрамындағы компонент-тер мағыналық дербестіктерін неғүрлым молырақ жо-ғалтса, соғұрлым ол тіркес идиомалануға бейімделе бе-реді де, компоненттері мағыналык дербестіктерін неғүр-лым молырақ сақтаса, ол тіркес соғұрлым идиомалану-дан алыстай түседі.
Белгілі бір сөз табына тэн бір тектес сөздерден сабақ-таса күралған күрделі есімдер (күрделі зат есім, күрделі сын есім, күрделі сан есім, күрделі үстеу т. б.), күрделі етістіктер компоненттерінің ара қатынастары өзгеше болғандыктан, өз алдына бір топ болып бөлінуге тиіс. Мысалы: ақ шүбар, ңара шүбар, көк шубар, қызыл іиү-бар, қоңыр шүбар, сүр шүбар деген тэрізді үлгі бойынша жасалған тіркестердіи әрқайсысы екі-екі сөзден күрал-ған сын есімдер. Бірак бұлардын арасындағы қатынас синтаксистік катынас бола алмайды, өйткені олардын кұ-рамындағы компоненттері бір күрделі семантикалық үғымды білдіреді. Осы себептен, құрамына карай, күрде-лі сын есімнің семантикалык мағынасы да күрделі бола-ды. Әдетте, осындай сын есімдер күрделі сын есімдер деп аталады.
Ал бере бер, түра түр, бере түр, түра бер деген тіркес-тердің компоненттері өзара бірін бірі аныктап я пысык-тап тұрған жоқ. Олардың компоненттері де бір-бірімен семантикалык жағынан түтасып, күрделі бір сөздін бөл-шегі есебінде колданылады. Сондықтан мүндай тіркестер күрделі етістіктер я аналитикалык етістіктер деп ата-лады.
Төменде күрделі сөздердің тек біріккен сөздер мен кос сөздері ғана арнайы кыскаша талданады; күрделі сөз-дердің өзге түрлері, әдетте, фразеологияның объектісі болғандықтан, олар жайында жоғарыдағыдай жалпы топціылама түрдегі шолумен аяқталады. Ал, күрделі сын есім, курделі сан есім, күрделі есімдік, күрделі етістік, кҮРДелі үстеу, күрделі еліктеу сөз, күрделі шылау, күр-

100 101


делі одағай мәселелері жеке-жеке сөз табына тән кат& гориялар болғандықтан, олар тиісті сөз таптарымен бай ланысты тұста қаралады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет