«Алгебра және сандар теориясы 1»


«Алгебра және сандар теориясы 1»



бет2/3
Дата18.06.2020
өлшемі335,37 Kb.
#73905
1   2   3
Байланысты:
nk
мотивация, мотивация, nk
«Алгебра және сандар теориясы 1»

Матрицалар.Матрицаға қолданылатын амалдар.

1-анықтама.

m –жатық және n – тік жолдардан құралған тік бұрышты кесте түрінде берілген сандар жиынын өлшемді mn матрица дейді.



Белгіленуі:

(aij) , i꞊ , j꞊ – матрицаның элементтері

i- матрицаның жатық жолының нөмірі

j- матрицаның тік жолының нөмірі



2-анықтама.

Егер жол мен баған тең болса (m꞊n) , онда ол квадрат матрица деп аталады.

Квадрат матрицаның а11, а22,.., аnn элементтері оның негізгі диагоналы, ал а1n , a2n-1 , ..,an1 элеметтері қосалқы диагоналы деп аталады.
Квадрат матрицаның элеметтерінен құралған анықтауышты матрица анықтауышы деп атайды. Ол деп белгіленеді.

Ескерту. Квадрат емес матрица анықтауышы болмайды,себебі анықтауыштар тек квадратты кесте түрінде беріледі.

Егер , онда А матрица ерекше емес матрица деп, ал егер болса, онда ал ерекше матрица деп аталады.

Егер А матрицаның жолдары А* матрицаның бағандары болып келсе,онда А* матрицасын А матрицасының транспонирленген матрицасы деп аталады.

Егер квадрат А матрица элеметтері үшін (aij) , i꞊ , j꞊ теңдігі орындалса, онда А матрицасын симмметриялы деп, ал aij꞊-aij теңдігі орындалса,онда қиғаш симметриялы деп аталады

Егер матрицаның негізгі диагоналының элеметтерінен өзге элементтері нөлге тең болса, онда ол диагоналды матрица деп аталады.

Егер диагоналды матрицаның барлық элементтері бірге тең болса, онда ол бірлік матрица деп аталады және ол Е символымен белгіленеді.

Егер негізгі диагоналынан төмен орналасқан(жоғары орналасқан) элементтері нөлгн тең болса, онда квадратты матрица жоғары (төменгі) үшбұрыщты матрица деп аталады.

Егер матрица бір тік (жатық) жолдан анықталса, онда ол матрица тік (жатық) жолды матрица деп аталады.

Бірдей ретті А және В матрицаның сәйкес элеметтері тең болса, яғни aijвij , i꞊ , j꞊, онда А және В матрицалар деп аталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет