«Алып қара құс Самұрық» ертегісінің сюжеті



бет3/5
Дата14.02.2023
өлшемі21,48 Kb.
#168788
1   2   3   4   5
Байланысты:
САМҰРЫҚ ЕРТЕГІСІ
Физика-математика бірлестігінің жылдық жоспары (1), Таныстым, Абсадикова Махсуда
Хасан: «Бұл мүсәпірлерге не болды?»
Автор: деп қарап еді, бір үлкен айдаһар жылан балапандарды жұтуға әзірленіп, бәйтеректің басына қарай жылжып өрмелеп бара жатыр екен. Хасан көп ойланбай, дереу қынаптағы қылышын суырып алып айдаһарды бірнеше жерден шауып өлтірді. Самұрық құстың балапандары өлімнен аман- есен құтылғанын біліп, Хасанға көп рақмет айтты.Дәл осы кезде қатты жел тұрып, нөсер жаңбыр жауды.Хасан балапандардан сұрады
Хасан:«Бұл не қылған жел, не деген нөсер жаңбыр?»
Балапандар:«Бұл жел емес, біздің анамыздың қанатының лебі, ал жаңбыр дегеніміз - біздің анамыздың көз жасы.Біздің анамыз жылда осы бәйтеректің басына жұмыртқалып, балапан басып шығарады екен. Анамыз балапандарына тамақ іздеп кеткенде, жаңағы сіз өлтірген айдаһар інінен шығып, біздің анамыздың басып шығарған балапандарын жеп қояды екен, біздің анамыз келгенше қайтып ініне тығылып қалады екен. Қазір біздің анамыз аң аулап қайтып келе жатыр, біздерді тірі көремін бе, әлде айдаһар жеп қойды ма деп жылап келе жатыр. Міне, ол жаңбыр емес, біздің анамыздың көз жасы.Біздің анамыз адамзаттың етіне сондай құмар. Сізді көрсе дереу жұтып жіберуі мүмкін, сондықтан сіз біздің қанатымыздың астына жасырына тұрыңыз
Автор:Хасан балапандардың қанатының астына жасырынды. Бір мезгілден кейін самұрық құс келіп бәйтеректің басына қонды.Балапандарының тірі екенін көріп көз жасы тыйылып, қуанып кетті. Дәл осы кезде жадырап күн де шығып, катты жел де тыйылды.Бір кезде самұрық құс тамсанып жан-жағына қарай берді
Самұрық:«Адамзаттың иісі шығады, сендер көрген жоқсыңдар ма?»
Балапандар:«Егер сіз бір касық қанын кешсеңіз, біз адамзатты көрсетелік», Самұрық:«мақұл»
Автор:дегендей бас изеді, балапандар қанатының астындағы Хасанды көрсетіп еді, самұрық Хасанды жұтып жібере жаздады. Балапандар шыр-шыр етіп, анасының тамағынан ұстай алды. Содан кейін самұрық балапандарынан:
Самұрық:«Бұл адамзат сендерге қандай жақсылық істеді?»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет