«Алып қара құс Самұрық» ертегісінің сюжеті


Балапандар:«Бұл адамзат айдаһарды өлтіріп, бізді ажалдан құтқарды» Автор



бет4/5
Дата14.02.2023
өлшемі21,48 Kb.
#168788
1   2   3   4   5
Байланысты:
САМҰРЫҚ ЕРТЕГІСІ
Физика-математика бірлестігінің жылдық жоспары (1), Таныстым, Абсадикова Махсуда
Балапандар:«Бұл адамзат айдаһарды өлтіріп, бізді ажалдан құтқарды» Автор:Самұрық Хасанға үлкен алғыс айтып, не жұмыспен келгенін сұрады және де қандай жәрдем керек деді. Хасан басынан кешкен уақиғаны жасырмай айтып берді және перілердің жеріне жеткізіп тастауды өтінді. Самұрық «мақұл» деп жолға шықты.Көп ұзамай-ақ самұрық пен Хасан перінің жеріне келіп жетті.
Самұрық:«Перілер бір ұйықтаса қырық күн ұйықтайды. Перілердің ұйықтағанына қазір үш күн бопты. Мен сені осы жерде үш күн күтемін, үш күнде қайтып келмесең, мен саған қарамай-ақ ұшып кете беремін»
Хасан:үш күнде қайтып келуге уәде беремін
Автор:Хасан ары қарай қаланың ішіне жүріп кете береді.Сарайдың ішінде тамақтан алып жейін деп еді, бір нәрсе шаңқ ете қалды: «Әй, адамзат, біреудің тамағын неге рұқсатсыз жейсің?» - деп күліп жібергенде аузынан будақ-будақ гүл түседі. Хасан қараса, өзінің іздеп жүрген құсы екен, алтын қапаста отыр. Хасан қуанып кетті. Құсты алып самұрыққа тез қайтпақшы болып, құсқа ұмтылғанда құс шар ете түсті.
Құс:«Сен мені алып кете алмайсың. Егерде мен ащы даусыммен сайрасам, осы қаладағы ұйықтап жатқан перілердің бәрі оянады. Ал, сенің бір мысқал етің бұл жерде мың ділда тұрады, мені ескертпеді деп өкпелеме, ендігісін өзің біл»
Автор:Хасан құсқа жалынып жылай берді. Жолда көрген уақиғаларын және де құстың бұрынғы егесімен қосылмақшы болып уәделескенін айтты. Құс:«Мақұл, мені алып кете ғой, бірақ жолда көрген оқиғаларыңды айтып хат жазып, ана бөлек бөлмеде ұйықтап жатқан қыздың қалтасына сал»
Автор:Хасан құстың айтқанын орындады. Содан кейін құсты алып самұрыққа келді. Самұрық енді болмаса ұшып кетейін деп отыр екен. Хасан құспен самұрықтың арқасына мініп көп қиындық көрмей, самұрықтың балапандарына аман-есен жетті.Содан соң Хасан құспен самұрықтың қанатының қауырсынына мініп уәделескен қызына келді. Қыз қуанып Хасанды, құсты бар ынтасымен қарсы алды. Бірнеше күн демалған соң, Хасан қызды, құсты алып, самұрық берген қауырсынға мініп еліне қарай жүріп кетті. Бірнеше күн жүрген соң, алдынан екі ағасы шықты.Осы кезде Асан мен Үсен екеуі ақылдасады.
Асан мен Үсен:«Біздің әкеміз бұрын да біз екеумізден Хасанды жақсы көруші еді, енді Хасан елге барған соң құсты мен таптым, қызды да өзім таптым дер, ал бізді аштан өлейін деп келе жатқан жерінен өзім тамаққа тойындырып алдым дер. Әкеміз екеуміздің байға жалданып мал баққанымызды естісе, менің атыма дақ келтірдіңдер деп дарға асуы да мүмкін. Қайткен күнде де Хасанның көзін жою керек, содан кейін құсты өзіміз тауып алып келдік дейміз.Бізге құдықтан су алып бер Хасан
Автор: Хасан «мақұл» деп беліне жіп байлап терең шыңырау құдыққа түседі. Асан мен Үсен Хасан құдықтың дәл ортасына жетісімен жіпті пышақпен кесіп жібереді. Асан мен Үсен құсты алып еліне келеді. Әкесіне құсты алып келгенін баяндайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет