«Алып қара құс Самұрық» ертегісінің сюжеті


Патша: «Хасан қайда?» Асан мен Үсен



бет5/5
Дата14.02.2023
өлшемі21,48 Kb.
#168788
1   2   3   4   5
Байланысты:
САМҰРЫҚ ЕРТЕГІСІ
Физика-математика бірлестігінің жылдық жоспары (1), Таныстым, Абсадикова Махсуда
Патша: «Хасан қайда?»
Асан мен Үсен: «Хасан біздің айтқанымызға көнбей, теңіздің суына шомылып жатқанда, жайын жұтып қойды. Бірақ біз жайынды өлтірдік, Хасанның кегін алдық»,
Автор:Патша Хасанның өлгенін естіп, қатты қайғырып басын көтермей күн-түн жатып алады. Дәл сол күні перілер ұйқысынан оянады, пері патшасының қызы қапастағы құстың жоқ екенін біліп қалаға жар салады. Қалтасындағы хатты көріп, құсты адамзаттың алып кеткенін біліп, пері патшасының қызы әскерімен құсты іздеуге аспанға ұшады.Пері патшасының қызы әскерімен құстың тұрған жеріне келіп, патшаны алдына шақырады.Патша жатқан орнынан тұрып киімін киіп, белін буынып, аллаға сиынып, пері патшасының, алдына келеді.
Пері қыз:«Ей, адамзаттың патшасы! Мына құсты қай балаңыз алып келді, соны маған көрсетіңіз, мен сіздің сол балаңызбен сөйлесер едім»
Патша:«Әй, пері қызы! Осы құсыңды мен түсімде көріп, бір көруге құмар болғаным рас. Алып келіңдер деп үш баламды жұмсағаным рас. Ал, сол үш баламның екеуі аман қайтып келді, ал ең кішісі жақсы көретін балам қайтпады, жолда балық жұтты деп келді, өтірік-расын әлі анықтағаным жоқ. Ал, сол баламның қайғысынан мына құсты осы бірінші рет көріп тұрмын, ендігісін ана тірі келген екі баладан сұраңыз!»
Автор:Пері қызы Асан мен Үсенді шақырады
Пері қыз:«Қалай алып қайттыңдар, соны айтып беріңдер»
Асан мен Үсен: «Е, қалай алып қайттыңдар дейтін несі бар, жүйрік атпен бардық та, алып қайттық»
Пері қызы:«Сендер шындарыңды айтпай отырсыңдар, бәрібір мен қазір құсты сөйлетемін, құс барлық шындықты айтып, сендердің сөздерің өтірік болса, бастарыңды аламын!»
Автор:деді де құсқа «сөйле» деп белгі берді.
Құс:«Хасан ақ көңіл, қайырымды жігіт екен, жылап қоймаған соң, ергенім рас, Хасан мені алып менің бұрынғы иемнің үйіне әкелді. Содан кейін бәріміз осы жаққа қарай келе жатқанымызда жолда азып-тозып, ашығып келе жатқан Асан мен Үсенді кездестірдік. Хасан бұл екеуін тамаққа тойындырып, киім киіндіріп еді, бұлар Хасанға қастық ойлап құдыққа алдап түсіріп тастап кетті. Содан кейін менің бұрынғы иемді екеуі «мен аламын», «мен аламын» деп таласып еді, ол қыз екеуіне де тимей, айдалаға қаңғырып кетті. Олардың аштан өлетін уағы болған жоқ, әлі тірі болуы мүмкін»
Автор:Пері қызының бір әскері жер жүзін бір сағатта айналып шығатын жүйрік екен, пері қызы сол жүйрікті жұмсады, ал Асан мен Үсеннің басын кесіп алды. Пері кызының мұнысына барын өз құлағымен естіген патша қарсы болған жоқ. Асан мен Үсеннің басы алынып болған кезде жүйрік пері Хасан мен қызды алып келді. Пері қызы Хасанның батырлығына, адамгершілігіне риза болып, құсты өз қолынан Хасанның әкесіне сыйлайды. Патша пері қызына алғыс айтып қырық күн той, отыз күн ойын жасады. Пері қызы әскерімен қонақ болды. Сонымен адал адамдар өз мақсаттарына жетіп, бақытты өмір кешті.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет