«Алып қара құс Самұрық» ертегісінің сюжеті



бет2/5
Дата14.02.2023
өлшемі21,48 Kb.
#168788
1   2   3   4   5
Байланысты:
САМҰРЫҚ ЕРТЕГІСІ
Физика-математика бірлестігінің жылдық жоспары (1), Таныстым, Абсадикова Махсуда
-Автор:Қыз Хасанның бетіне бір уыс топырақ шашып жіберіп еді, Хасан бұрынғы қалпына келді.Хасан адам қалпына келген соң қызбен сыпайы амандасып, қызға үлкен алғыс айтты.Қыз айтты
Сұлу қыз:«Мен сол сені киікке айналдырған жалмауыз кемпірдің жалғыз қызы едім, шешемнің адамға жасаған дұшпандығына төзе алмай, еншімді алып бөлек шығып едім. Мен өмірімде адам баласын көрмей жалғыз өтермін деп қапалықта отыр едім, құдай сені маған кездестірді, мен сенің соңыңнан қалмаймын»
Хасан:«Мен әкеме берген уәдемді орындамай, саған үйлене алмаймын»
Сұлу қыз:«Әкеңе қандай уәде берген едің?»
Автор:Хасан әкесінің түсінде бір тамаша құсты көргенін, күлсе, аузынан будақ-будақ гүл түсетінін, жыласа, көзінен моншақ-моншақ маржан түсетінін айтты. Сол құсқа әкесінің көруге құмар болғанын және енді ол құсты қандай қиындық шықса да әкеліп беретіндігі жайлы уәде бергендігін айтты.Қыз Хасанның бұл сөзін естіп жылай берді.
Сұлу қыз:«Сен бұл құсты іздейтін болсаң маған жоқсың. Бұл құс менің құсым еді, адамша сөйлей алатын еді. Менен бұл құсты пері патшасының Күлжамал деген қызы әскерімен келіп тұрып тартып алып кеткен еді. Ол перінің елін іздеп табарсың-ау, бірақ та құсты саған оңайлықпен алдыра қоймас»
Хасан:«Мен қандай қиындыққа болса да төзуге тиіспін, қандай да болса құсты әкеме тауып апарып беру міндетім және борышым, ал құсты аман-есен тауып алып қайтсам, алдымен саған келемін, сенен басқа ешкімге үйленбеймін».
Автор:Қыз Хасанның алған бетінен қайтпайтынын білген соң, Хасанға рұқсат беріп, жөн сілтеді.Анау Таудың арғы түбінде үлкен жалғыз түп бәйтерек бар, сол бәйтеректің басында самұрық құстың ұясы бар. Сені, мүмкін, сол самұрық перінің еліне жеткізер». Бұдан кейін Хасан қызбен қош айтысып батысқа қарай жүріп кетті.Үлкен жалғыз түп бәйтерекке келіп саясында демалып отыр еді.
Балапандар:«Әй, адамзат, бізді өлімнен құтқар, құтқар!»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет