Алматы экономика жєне статистика академиясы



бет6/103
Дата07.02.2022
өлшемі1,34 Mb.
#90497
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103
Байланысты:
Аудит
Информатика әдістемелік нұсқау, sillabus zhobalardy baskaru, 466d4d41-9a69-11e6-ad9a-353c8f18caafдля преподавателя, 6809d9d8-0145-11e8-8177-60752b77d4c3бага тех(1) (3), kasipkerlik zhb, 1rged6jk, 1rged6jk, Кезекшілік, Кітапхана жұмысы жоспары, Кітапхана жұмысы жоспары, Сабақ кестесі, Кезекшілік, Жаңа технологиялар Сагинган Назерке, Информатика 10 сынып қазақша, 0000b7ff-17ef2fb9
2 Аудиттың пайда болуы және дамуы.
Қазіргі аудит 19-ғасырдың аяғында кәсіпорынның жеке заңды тұлға ретінде пайда болу кезінен бастап өзгерістерге ұшырады. Бұл меншік құқығын басқарудан бөлуге әкелді және соның нәтижесінде шешімдерді қабылдаудың күнделікті процесіне қатыспаған меншік иелерінің акционерлердің акционер мен директор бір адам болып табылатын шаруашылықты жүргізудің шағын субъектілерінен басқасының құқығын қорғау қажеттігі пайда болады. Акционерлер басқарушылар мен кәсіпорынның оларға бағынатын бухгалтерлері ұсынатын қаржылық ақпаратқа ғана сүйене алмайды. Жиі болатын банкроттық әкімшілік тарапынан болатын алдау қаржылық салымдар тәуекелін елеулі арттырды. Қаржылық ақпарат дұрыстығын тексеру және қаржылық есептемені дәлелдеу үшін сенімді кәсіпқой бухгалтерлер шақырылды. Аудиторларға қойылатын басты талап оның асқан адалдығы мен тәелсіздігі. Басқа жағынан кәсіпорынның өз мүлігі мен атқарылған шаруашылық операцияларын есепке алу, барлық мүдделі жақтар пайдалана алатын бухгалтерлік (қаржылық) есептемені ұсыну міндетті тәуелсіз ведомстводан тыс қаржылық бақылау-аудит қажеттігін тудырды. Кәсіпорын қызметін тексеру заңмен жүктелген салықгық органдар оны қажет жағдайда өз құзіреті шеңберінде ғана іске асырады. Сондықтан өзіне осы міндеттерді алатын арнаулы басқарма немесе қызметті құру қажеттелігі пайда болады.
Бухгалтерлік есеп күрделенуіне байланысты аудитордың кәсіби дайындығы қажетті шартқа айналып отыр. Осы кезден бастап кәсіби аудиторлар қызметіне деген қажеттілігі өскені байқалады. Аудиторларды оқыту, аттестациялау және аудиторлық қызметті реттеуді жүргізетін кәсіби бухгалтерлік ұйымдар пайда бола бастады.
Барлық елдер кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін бухгалтерлік есеп аудиторларды бақылау келесідей құрамдар көмегімен іске асырылады:

Жалпы құқықгық құқық дәстүрлері тән ағылшын тілді АҚШ пен Австралия сияқты елдерде негізгі акцент заңға емес қаржылық есеп стандарттары бюросы (АКДІ) секілді кәсіби органдар орнатқан стандарттарға жасалады.
Көптеген еддерде бухгалтерлер мен аудиторлар топталатын бірнеше кәсіби ұйымдар бар. Мысалы, Ұлыбританияда осындай алты ұйым бар.
Көптеген елдерде аудиторлардан келесілердің болуы талап етіледі:
(а) сәйкес кәсіби органға мүше болу;
(ә) практикалық және теориялық емтихаидарды не кәсіби органдар не сәйкес үкіметгік департамент орнататын сәйкес академиялық және кәсіби біліктілік. Экономика облысы немесе сәйкес пән бойынша университет дәрежесі жиі талап етіледі;
(б) бухгалтерлік немесе аудиторлық жүйедегі практикалық жұмыстың жеткілікті тәжірибиесі;
(в) "қажетті және сәйкес" мәртебе, яғни соңғы кезде аудитор қандай да бір күрделі қылмысқа, әсіресе қаржылық тәртіп бұзушылықпен байланысты қылмыстарға қатысты болмауы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет