Алматы экономика жєне статистика академиясы


Қазақстанда аудиттің қалыптасуы



бет7/103
Дата07.02.2022
өлшемі1,34 Mb.
#90497
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   103
Байланысты:
Аудит
Информатика әдістемелік нұсқау, sillabus zhobalardy baskaru, 466d4d41-9a69-11e6-ad9a-353c8f18caafдля преподавателя, 6809d9d8-0145-11e8-8177-60752b77d4c3бага тех(1) (3), kasipkerlik zhb, 1rged6jk, 1rged6jk, Кезекшілік, Кітапхана жұмысы жоспары, Кітапхана жұмысы жоспары, Сабақ кестесі, Кезекшілік, Жаңа технологиялар Сагинган Назерке, Информатика 10 сынып қазақша, 0000b7ff-17ef2fb9
3 Қазақстанда аудиттің қалыптасуы
Біздің елімізде аудит дамуы 1987жылы "Инаудит" акционерлік қоғамы пайда болуынан басталады. Ол КСРО Министрлер Кеңесінің арнайы қаулысына сай құрылған. Оның құрылуы елімізде аудитты ары қарай дамытуға зор ықпал етті.
Шаруашылық есептегі ревизиялық топтармен салыстырғанда жоғары ұйымдық-құқықтық нысанға ие болғанымен фирма мемлекетгік бақылау органы базасында құрылды, ал құрылтайшылары одақ министрліктері болды.
Бірегей құрылым ретіңде "Инаудит" сақталмады, ол бірнеше жеке аудиторлық фирмаларға бөлініп кетті. Оның себептерінің бірі фирмада өз фирмаларын құруға және басқаруға мүмкіндік туған кәсіпқой мамандар мен нағыз көш бастаушылардың көп істеуінде болды.
1989-1993 жылдары КСРО-дағы аудиторлық қызмет туралы заң актілерін қабылдауға ұмтылыс жасалды. Бүл кезеңде елде көптеген коммерциялық ұйымдар, оның ішінде аудиторлық фирмалар пайда болды. Соңғылары жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер ретінде тіркелді. 1989 жылы ҚазССР-ының Қаржы министрлігінің бақылау-ревизиялық басқармасы жанында шаруашылық есептегі ревизиялық топ құрылды. Содан соң оның базасында 1990 жылы үкімет шешімімен алғашқы "Шаруашылық есептегі аудиторлық орталық" аудиторлық фирмасы мен оның аумақтық бөлімшелері ұйымдастырылды. Жинақғалган тәжірибе, тұрақгы түрде өскен аудиторлық қызмет көрсету, қандай да бір дәрежеде әлемдік аудиторлық практика ұсынымы 1992 жылы шаруашылық есептегі орталықты "Қазақстан-аудит" тәуелсіз акционерлік аудиторлық компаниясына айналдыруға мүмкіндік берді. Ол республикадағы аудиторлық қызмет көрсету жөніндегі, меншіктің жеке нысанына негізделген және аудитты үкімет атынан жүргізу құқығы бар лицензияға ие бірінші тәуелсіз кәсіби компания болып табылады.
Қазақстанда аудиттың қалыптасуы мен оның кең танымал болуына "Қазақстан-аудиттың" сіңірген еңбегі зор. Ол республикамызда аудиторлық қызмет туралы заң жобасын жасаудың негізгі дайыңдаушысы және оның министрліктерде, үкімет деңгейінде және парламент комитеттерінде талқылануында бас кеңесші, сонымен қатар Қазақстан аудиторлары Палатасы жарғысының жобасының авторы болды.
1990 жылдан бастап рынокта "Эрнест энд Янг Сыртқы аудит" БК пайда болды. Ол орналаскдн жері және иелігіне қарамастан олардың өтініштері бірлескен кәсіпорындарға аудиторлық тексерулер жүргізді. Бұл сол кезде "Үлкен алтылыққа" енген ірі континент аралық аудиторлық фирма еді.
Қазір Қазақстанда аудиторлық қызмет көрсететін ірі халықаралық аудиторлық ұйымдар мен жергілікті аудиторлық фирмалар өз қызметтерін дамытуда. Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 05.04.2001 жылғы №173 "Аудиторлық ұйымдар мен кредиттік рейтингтік агенттіктер тізімін бекіту туралы" бұйрығымен жыл сайын ұйымдар аудитін жүргізу және кредиттік рейтингті ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 28-ақпанындағы №290 "Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындар (үлттық компаниялар) қызметін тиімді басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" қаулысына сәйкес дәлелдеу мақсатында "ПрайсуотерхаусКуперс" ЖШС, "КПМГ Жанат" ЖШС, "ЭрнстЭндЯнг" ЖШС, "ВДО Қазақстан-аудит" ЖШС (соңғы аудиторлық фирма ҚР Қаржы министірінің 2004 жылғы 19-шілдедегі №294 бұйрығымен бекітілген) сияқты аудиторлық ұйымдар тізімі бекітілген.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   103




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет