Алматы экономика жєне статистика академиясы


Студенттердің білім жүйесін бағалау



бет5/103
Дата07.02.2022
өлшемі1,34 Mb.
#90497
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103
Байланысты:
Аудит
Информатика әдістемелік нұсқау, sillabus zhobalardy baskaru, 466d4d41-9a69-11e6-ad9a-353c8f18caafдля преподавателя, 6809d9d8-0145-11e8-8177-60752b77d4c3бага тех(1) (3), kasipkerlik zhb, 1rged6jk, 1rged6jk, Кезекшілік, Кітапхана жұмысы жоспары, Кітапхана жұмысы жоспары, Сабақ кестесі, Кезекшілік, Жаңа технологиялар Сагинган Назерке, Информатика 10 сынып қазақша, 0000b7ff-17ef2fb9
1.6. Студенттердің білім жүйесін бағалау

Тексеру түрі

Қортынды балл

%

Ағымдағы рейтинг, оның ішінде

24

24

Формға қатысқаны

12

12

Формға қатысқаны белсенділігі

12

12

іш- шараның бағалануы

36

36

Межелік бақылау

60

60

Қортынды эмтихан

40

40

Қортынды баға

100

100




Тексеру түрі

Апта

Қортынды

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Ағымдағы рейтинг, оның ішінде





































24

Формға қатысқаны

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

12

Формға қатысқаны белсенділігі

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

12

іш- шараның бағалануы








































Межелік бақылау










12
















12




12

36

Қортынды эмтихан





































40

Қортынды баға





































100



Білімді бағалау шкаласы



Баға

Баллдар

Дәсстүрлі бағалау жүйесі

Пайыз (%)

А

4,00

Өте жақсы



95-100

А-

3,67

90-94

В+

3,33

Жақсы


85-89

В

3,00

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

Қанағаттанарлық

70-74

С

2,00

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,00

50-54

F

0

Қанағантанарлық емес

0-49



2 Дәрістің қысқаша мазмұны



1-Тақырып. Аудиттің мәні, мақсаты және маңызы.
Аудиттің пайда болуы және қалыптасуы

  1. Аудит мәні мен маңызы

  2. Аудиттің пайда болуы

  3. Қазақстанда аудиттің қалыптасуы

  4. Нарықты қатынастағы шет елдердегі аудиттің даму жолы.



1 Аудиттің мәні мен маңызы

Аудит Қазақстан Республикасы заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есеп берудің дұрыстығы мен объективтілігі туралы пікір білдіру мақсатыңда заңды тұлғалардың қаржылық қорытынды есебін тексереді.


Аудиторлық қызметтің мәні қаржылық есеп беруді, төлем-есептеу құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қалпына келтіру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы-шаруашылық қызметке экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынатын аудиторлық фирмалардың (аудиторлардың) кәсіпкерлік қызметі болып табылуында.
Қаржылық есеп беру аудитінің мақсаты — аудиторға қаржылық қорытынды есепті құрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық қорытынды есептің дайындалғаны жөнінде қорытынды беру мүмкіндігін беру. Аудит мақсатының стандартты анықтамасына қарамастан, аудит мақсаты дегенде аудитордың алдына тұтынушы қоятын мақсатты түсінуіміз керек.
Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген кәсіпорындар, банктер, сақтандыру компаниялары, көлік және коммерциялық ұйымдар мүлікті пайдалану, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді орындау, коммерциялық операцияларды ақша қаражаттары мен инвестициялардың займын жүргізу бойынша сан алуан келісім-шарттық (келісімді) қатынастарға түседі. Қажетті ақпаратты алудағы мәмілеге қатысушылар арасындағы осы қатынастардың нақтылығын тексеру нәтижесінде тек тәуелсіз аудитор ғана дәлелдей алады.
Жеке және ұжымдық меншік иелері-акционерлер, жарнашылар (пай иелері), сонымен қатар кредиторлар өз қызметтерінің саласында барлық көптеген қаржылық және шаруашьшық операциялардың заңға сәйкес орындалғанына және бухгалтерлік жазбалармен тоқсандық және жылдық есептерде дұрыс көрсетілгеніне өз бетімен көз жеткізу мүмкіндігінен айрылған. Ұйым қызметі мен оның заңды орындалуын тәуелсіз аудиторлық тексеру мемлекетке де экономика, қаржыландыру, несие беру, инвестициялау және салық салу саласында қажетті шараларды қабылдау үшін қажет, жекелеген кәсіпорындар, ұлттық экономика салалары мен аймақтар бойынша жүргізілетін аудиторлық тексерулер өздерін қызықтыратын қаржылық есептеме нақтылығын дәлелдеу үшін республиканың мемлекеттік органдары, министрліктер мен ведомстволар, соттар, прокуратураға және басқаларға қажет.
Аудиттің маңызы тиісті жақтардың мүдделеріне қол жеткізуде болып табылады. Атап айтқанда:

  • экономикалық субъектілердің (фирмалар, акционерлік қоғамдар);

  • салық қызметі тұлғасындағы мемлекеттің;

  • қаржылық есеп беруді әр түрлі пайдаланушылардың;

  • аудиторлардың меншік иесі мен мемлекеттін, мүдделерін қорғау, сонымен бірге есеп және қорытыңды есеп беруді қамтамасыз ету мақсатында.

Ішкі пайдаланушыларға (кәсіпорынның өзінің акционерлеріне, директорлар кеңесіне, қызметкерлеріне) басқару шешімдерін дұрыс қабылдау үшін қателер мен бұрмалаушылықтар жоқ объективті (әділ) қаржылық ақпарат қажет. Сыртқы пайдаланушылар да ұйымның қаржылық жағдайына қызығушылық білдіреді (банктер несие берушілер, болашақ инвесторлар, сонымен қатар қоғам).
Аудитке деген қажеттілік меншік құқығы мен кәсіпорынды басқару бөлінген кезде пайда болады. Бірақ осындай аудитты жүргізуге деген заң талаптары жоқ кезде де қаржылық есеп беру аудитіне тән белгілі басымдылықтар болады.
Меншік иелену кұқығына негізгі өзгерістер енгізу процессі, егер бұрынғы есеп берулер екі жеке серіктес шаруашылықты жүргізудің жаңа объектісін құру үшін өз бизнесін біріктірген кездегідей деген ескерту болмаған аудиторлық қорытындыны сақтаса ғана қамтамасыз етілуі мүмкін. Үшінші жаққа бағытталған каржыландыруды беру туралы өтініш тексерілген есеп берулермен дәлелделінуі мүмкін.
Аудитке кәсіпорын қызметін жан-жақты тексеру енеді. Сондықтан ол аудиторға басшылыққа арналған және оның қызметінің тиімділігін жоғарылату жөніндегі конструктивті ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді. Фирма қызметкерлерінің жан-тәнімен жұмыс істеуі үшін аудит күшті моралдық ынталандыру болып табылады. Барлық жазбалар мен есеп берулер тәуелсіз адамдармен талдалынады деп түсіну қызметкерлерді есепті мүқият және анық жүргізуге, сонымен қатар кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептемені құруға мәжбүр етеді.
Тексеруді жүзеге асыра отырып тәуелсіз аудиторлар екі негізгі қызметті орындайды:

  1. Қаржылық есеп берудің толықтығы мен дұрыстығын дәлелдеуге арналған дәлелдемелерді жинау және бағалау.

  2. Қаржылық есеп беру мәліметтерін есептің жалпы қабылданған стандарттарына сәйкес тексеру.

Аудиторлық қызметтің негізгі міндеті экономикалық субъектінің қаржы-шаруашылық қызметін реттейтін заңның сақталуын, бухгалтерлік есептің жүргізілуін, қорытынды есепті құруды және пайдаланушыларды қаржылық жағдай туралы ақпаратпен жабдықтауды сапалы тексеруді қамтамасыз етуде болып табылады. Іскерлік ортада қорытынды есеп беру мәліметтері аудиторлық қорытындымен дәлелденбеген кәсіпкерлерге сенім аз болады. Сенімге ие болу үшін экономикалық қатынастардың тұрақтылығын дәлелдейтін ұзақ серіктік қатынастар қажет болады.
Сапалы тексеруді қамтамасыз ету үшін аудиторлық фирмаларға бухгалтерлік, зандық және жалпы экономикалық мәселелер бойынша бағдарламалық қамтамасыз ету, анықтамалық әдебиет түріндегі толық ақпараттық база қажет.
Аудиторлық фирмалардың маңызды міндеттерінің бірі өз қызметімен қатар кез келген экономикалық субъект қызметінің рентабельділігін қамтамасыз ету болып табылады. Аудиторлық жұмыс жоғары біліклілікті, аса көңіл бөлу мен кәсіпқойлықгы талап етеді. Әрине, оған осы кәсіп мәртебесіне сай жоғары ақы төленуі керек. Сонымен қатар үлкен табыс пен қызметі көрсетілген тұтынушылардың көп санына ұмтылу кезінде аудиторлар клиенттерді тандамай ала алмайды. Бұл жерде болашақта аудиторлық фирма беделін түсірмес үшін клиенттерді дұрыс таңдау қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет