Алматы экономика жєне статистика академиясы



бет9/103
Дата07.02.2022
өлшемі1,34 Mb.
#90497
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   103
Байланысты:
Аудит
Информатика әдістемелік нұсқау, sillabus zhobalardy baskaru, 466d4d41-9a69-11e6-ad9a-353c8f18caafдля преподавателя, 6809d9d8-0145-11e8-8177-60752b77d4c3бага тех(1) (3), kasipkerlik zhb, 1rged6jk, 1rged6jk, Кезекшілік, Кітапхана жұмысы жоспары, Кітапхана жұмысы жоспары, Сабақ кестесі, Кезекшілік, Жаңа технологиялар Сагинган Назерке, Информатика 10 сынып қазақша, 0000b7ff-17ef2fb9
1. Аудит пәні, міндеттері
Әрбір ілімнің өзіне сәйкес пәні болады. Ол сол ілімнің басқа салалардағы ілімнен айырмашылығын, оның ездеріне тән қасиеттерін, шектелуін анықтау үшін қажет.
Тану теориясына байланысты қандай да ілім болмасын, оның-пәні объективті шындыққа негізделген. Егер, экономикалық теорияның пәні өндірістік қатынасқа, экономикалық заңдарға бай-ланысты болса, аудит те, барлық экономикалық ілімдер сияқты, шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірістік қатынастарын дамыту процестеріне негізделген. Бірақта, олар сол процестердің белгілі жұмыстарының бір бөлімін ғана қарастырады.
Сонымен, аудитгің пәні дегеніміз, шарт бойынша және келісім арқылы тәуелсіз эксперттік негізде және бухгалтерлік (қаржылық) отчетты талдау, т.б. шаруашылық жұргізуші субъектілердің орындаған жұмыстәрының дұрыстығын, анықтығын анықтай отырып, оған толық түрде обьективті баға беру, сонымен қатар ішкі аудиттің тексеру жүйелерінің қабылданған есеп саясатына, нормативтік актілерге сәйкестігіне көңіл белу.
Осы келтірілген аудит пәнінін анықтамасы біздің ойымызша барлық талаптарға сай келеді деп ойлаймыз.
Арнайы әдебиеттерде, т.б. ілімнің пәні мен объектілері бірдей деп немесе бір-біріне уйқас деп айтылады, бірақта бұлт үсініктемелер бір-бірімен ұйқас болғанымен, олардың мағыналары әртұрлі болады. Сол себепті бұл мағыналарды ажырата білген жөн. Объекті дегеніміз, сол ілім оқитын пәннің шындығы.
Мысалы, дәрігерлік ілімнің объектісі - адам болып есептелінсе, экономикалық ілімнің объектісі - мемлекет экономикасы, олардың салалары. Ал, аудитгің объектісі белгілі бір шаруашылық жүргізуші субъектілер (кәсіпорындар, фирмалар, акционерлік қоғамдар, жеке кәсіпорындар, бірлескен кәсіпорындәр т.б.).
Аудит объекгілеріне мыналар жатады: шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы жағдайлары.оллардың өндірістік жұмыстары, шаруашылық жұмыстарының экономикасын дамыту жөнінде және тиімділігі жөнінде ұсыныс беру.
Егер, аудит объектісі болып жоғарыда айтылғандар болса, онда олардың міндеті болып мыналар есептелінеді: сенімділігі, нақтылығы, отчет көрсеткіштерінің уқыпты түрде тексерілуі, олар-дың толықтығы, дұрыстығы. Осыған орәй аудиттің міндеті - қаржы нәтижесі бойынша жасалынған отчетқа (есептілікке) аудиторлық қорытынды беру, олардың бухгалтерлік есебі мен қаржы нәтижелері бойынша жасалынған көрсеткіштерінің заңдарға, стандартқа, нормативтерге сәйкестігін тәуелсіз экспертиза бойынша дәлелдеп көрсету және оның дұрыстығын анықтау. Ол жөнінде Аудиттің Қазақстандық стандартында толық мәлімдеме берілген. Аудиттің Қазақстандық бірінші стандартында былай делінген: "Қаражат нәтижесінің отчеттарын аудиторлық тексеру жүргізудің негізгі міндеті аудиторлық қорытындының заңдар мен нормативтік актілерге сәйкес жасалынғандығын анықтау"алдында төмендегідей мақсат пен міңдеттемелер қойылады:

  1. Субъектінің (кәсіпорынның, акционерлік қоғамның, фирманың, бірлескен кәсіпорынның т.б.) қаржы нәтижесі жөніндегі отчеттың (есептіліктің) дұрыстығын қамтамасыз ету.

  2. Дұрыс шешім қабылдау үшін керекті мөлшерде қажетті мағлүматтарды жинастыру және оларды бағалау.

  3. Тұрақты түрде субъектілердің экономикалық көрсеткіштерін талдау.

  4. Бухгалтерлік есепті жүргізу және отчет (есептілікті) женіндегі: заңдардың, қаулылардың, нұсқаулардың дұрыс қолданылуын және іске асырылуын бақылау.

  5. Бастапқы құжаттардың белгіленген нормаға және нормативке сәйкестігін тексеру.

  6. Клиенттерге бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізу, салық салу, құқық т.б. жөнінде кеңес беру.

  7. Өз клинттерінің санының көбеюіне және оләрдың нығаюына ат салысу.

  8. Аудиторлық тексеруді жоғары сапада жүргізу.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   103




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет