Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеттері Бағыты



бет3/11
Дата06.03.2023
өлшемі6,78 Mb.
#171248
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Сүлеймен Индира Ғылыми жоба (восстановлен)
ІІ семестр. 10-апта. 1-сабақ. ӘОӘ. ІV курс, Сүлеймен И 9 класс лабка
Зерттеудің өзектілігі: Қоршаған ортаның адамдарға тигізетін әсері орасан зор екендігі белгілі. Дәрілік өсімдіктерден жаңа дайындалған тұнбалар мен ертінділердің химиялық жолмен жасалған дәрі –дәрмектерден анағұрлым тиімді болады. Кейінгі жылдары медицинада шөптердің емдік қасиеттері, оларды кеңінен пайдалануға ерекше назар аударылуда. Қазіргі кезде шөппен емдеу – фитотерапияны үй жағдайында қолдануға мүмкіндік жеткілікті. Ол үшін дәрілік өсімдіктерді білуіміз керек. Өсімдіктер сарқылмайтын қазына емес сондықтан оларды орынды пайдаланып қорғай білудің маңызы зор .«Мың теңге тұратын дәрі өз шарбағыңның дәл түбінде өсіп тұр» деген халық даналығы бекер айтылмаған. Дәрі-дәрмек жасау ісінде өсімдіктердің алатын рөлі аса зор екені тәжірибеден мәлім. Сол себептен жұмысымыздың өзектілігі де осында деп есептейміз. Алоэ өсімдігін зерттей отырып емдік ерекшеліктерін тиімді пайдалану және насихаттау жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады.
Зерттеу обьектісі: Алоэ өсімдігі
Зерттеу гипотезасы: Алоэ өсімдігінің емдік ерекшелігін пайдалану арқылы көптеген аурулардың алдын алуға болады.
Зерттеу әдістері:
- Ғылыми - әдебиеттерге шолу жасау;
- Тәжірибелер жүргізу;
- Оқушылар арасында сауалнамалар жүргізу;
Зерттеу жұмысының жаңашылдығы:
-Алоэ өсімдігінін емдік ерекшеліктеріне жан – жақты сипаттама берілді;
-Алоэ өсімдігінің емдік қасиеттерінің тиімді пайдаланудың жолдары көрсетілді.
Зерттеу жұмысының нәтижесі мен қорытындысы: Алоэ өсімдігін сипаттап, алоэнің түрлері мен көбеюі туралы үйрету. Алоэ өсімдігінің емдік қасиеттерін анықтау.
Зерттеу жұмысының практикалық мәні: Алоэ өсімдігінің емдік қасиеттерін алуан түрлі аурулардың алдын алуға және жоюға, үй ішіндегі түрлі бактерияларды және микробтарды жою үшін пайдалану.
I. Негізгі бөлім

Әдебиеттерге шолу
Біздің халқымыз ерте замандардан бері дәрілік өсімдіктердің құпиясын білген, әрі оларды әртүрлі ауруларды емдеуге шебер қолданып келген. Шипалы өсімдіктерден дәрі жасау әдістері ұрпақтан - ұрпаққа өтіп, бұл дәстүр атадан жалғасып отырған. Қазақстан табиғи жағдайлары әртүрлі болып келетін орманды, далалы, таулы аймақтардан тұрады. Республика аймағында 6000 - ға жуық өсімдік түрлерін кездестіруге болады екен десек, оның 500 түрінен дәрілік заттар алынады екен. Осынша байлықты игерумен бірге дәрілік өсімдіктерді зерттеудің, оны танып, білудің маңызы зор. Ерте заманнан бері мал бағумен айналысқан көшпелі қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік қасиеттерін ертеден білген.Әбу - Насыр - Әл Фараби, Әбу - Әли Ибн - Сина, Беруни, Әл - Джуржани қазақ халқының медицинасының дамуына әсері дәрілік өсімдіктерді тауып пайдалануына зор ықпал етті. Жер жүзіндегі дәрілердің 40 -%- ы өсімдіктен дайындалады екен. Қазіргі кезде шөппен емдеу әдіс - тәсілдері кеңінен қолданылып жүр. Үй жағдайында кеңінен қолдануға жеткілікті. Ол үшін «дәрісіз ем - дом» дәрілік өсімдіктерден іздеуіміз керек. Қай заманда болсын, адам өсімдік өнімдерінің тағамдық жағына ғана емес, сонымен қатар емдік, шипалық жағына да көңіл бөлген. Қазіргі кезде «дәрі ауруы», аллергияның шығуы, иммунитеттің азаюы сияқты құбылыстардың байқала бастауына байланысты оның маңызы арта түспесе кеміген жоқ. Дәрілік өсімдіктерді ем ретінде пайдалану сонау көне заманнан бері дағдыға айналған, мұны ескі ескерткіш қолжазбалардан айқын көре аламыз. Осы дәрілік өсімдіктерінің ішінде үйде өсетін алоэ өсімдігінің ерекшелігімен емдік қасиеті жайында бүгінгі ғылыми жұмысымда айқын көз көз жеткізугі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет