Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеттері Бағыты



бет5/11
Дата06.03.2023
өлшемі6,78 Mb.
#171248
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Сүлеймен Индира Ғылыми жоба (восстановлен)
ІІ семестр. 10-апта. 1-сабақ. ӘОӘ. ІV курс, Сүлеймен И 9 класс лабка
Қолдану бөлігі: жапырағы, сөлі. Жапырағын кесерден 2 апта бұрын суармау керек. Емдік мақсатқа 3-5 жылдан асқан алоэ ғана жарайды. Жинау уақыты: жыл бойы. Қасиеті: кермек дәмді, усыз келеді.
Алоэның қарсы көрсетілімдері
-өт жолдары аурулары
- бүйрек, бауыр аурулары
- гипертония
-гемморой
-жүктілік мерзім
1.3. Алоэның түрлері.
Алоэ вера
Үйде өсірілетін алоэның ең көп тараған түрі — Нағыз алоэ (Aloe Vera). Оның барбадостық алоэ (Aloe barbadensis), кәдімгі алоэ (Aloe vulgaris), сары алоэ деген аттары бар. Алоэнің бұл түрі әлем бойынша емдік мақсаттарда кеңінен пайдаланылады.

2-сурет. Жазық далада өсірілген алоэ өсімдігі
Шұбар алоэ
Шұбар немесе жолбарыс алоэ (Aloe variegata) ең әдемі алоэ болып саналады, Бойы да үлкен емес, 30 см. шамасында. Қошқыл (темный), қоңыр-жасыл түсті, ақ түсті дақтар мен сызықтары бар. Сол себептен де оны шұбар алоэ атаған. Жазда сарғылт-қызыл гүлдері болады. Гүлдері қарапайым әрі кішкентай болып шығады.

Сабын алоэ
Сабын алоэ (Aloe saponaria) – үйде өсірілетін бұталы алоэ. Жапырақ сабақшасы жуан болып келеді. Бойы 50–70 см., мамыр және маусым айларында гүлдейді. Гүлі ашық сары немесе қызғыш сары болып келеді.
Қорқынышты алоэ (Aloe ferox)
Бұл алоэның табиғи түрінің бойы 3 метрге дейін жетеді. Ал үй жағдайында өсірілетін түрінің бойы небары 10-20 см. Жапырағының түсі көкшілдеу, кейде қызғыштау болып келеді. Жапырақтарының ұштарында тікірейген тікенектері болғандықтан оны қорқынышты алоэ деп атайды.
Ағаш тәріздес алоэ
Ағаш тәріздес алоэ (Aloe arborescens) — көбімізге белгілі, үйде өсетін алоэ. Бойы бір метрге дейін жетеді. Өскенде жан-жағына бұтақтары жайылып өседі.
Алоэ – үй ішінде өсірілетін әсем де пайдалы әрі кең тараған өсімдік түрі. Бұл өсімдік халықтық және медициналық тәжірибеде кең қолданылады.
Алоэ –лалагүлдер тұқымдасына жататын өсімдік. Отаны – Оңтүстік Африка. Жапырағы шырынды, кедір-бұдырлы, кейбіреуінің түрі алабажақ болады. Ұзындығы 60 см-дей. Шырыны алоэ негізінен Оңтүстік Африкада өсетін жабайы алоэдан алынады. Құрғақшылық жылдары бұл өсімдік жапырағының шырышты өзегіне қоймалжың шырын жинайды да, ол өсімдікті солып қалудан сақтайды. Үйде өсетін алоэның ағаш тәріздес, сондай-ақ ақ жолақ жапырақты сәндік түрі болады. Бүгінде алоэның ғылымға белгілі болған 180-дей түрі бар.
Алоэның химиялық құрамы, қасиетті, түрлері. Алоэ шырынында ферментер, витаминдер көп, оның әр түрлі бактерияларды өлтіретін күші бар.
Қасиеті: кермек дәмді, усыз келеді. Алоэның қалыпты мөлшерде суғарып отыру қажет. Жақсы өсіп келе жатқан алоэны аммиак селитрасымен (1 литр 1 г қосып қоректендіру керек. Оны өсіретін топырақ құрамы 2 үлес шым, 1 үлес жапырақ аралас топырақ, 0,5 үлес өзен құмы болуға тиіс. Бұларға үгітілген кірпіш ұнтағы мен ағаш көмірі қосылады.)
Алоэдан алынатын дәрі-дәрмектер. Жас алоэ жапырағынан емдік – сабур ұнтағы алынады. Сабур қара, қоңыр түсті, өте ащы болады. Сабур басқа дәрі-дәрмектердің құрамына да араластырылады.
Алоэның басты ем болатын аурулары және қолданылуы.

  1. Еркектер және балалар талма ауруына алоэдан 9 г, шикі пинелин 30г, байжу 30 г, қызылмия 15 г ұнтақтап оқ-дәрі жасайды. Әр ретте 1,5 г ішеді.

  2. Түсті құрт жеп ауырғанда алдымен тұзды сумен жуып, алоэның 1г ұнтақтап, оны тіске басады.

  3. Сыртқы жарақаттан қан шыққанда: алоэдан лайықты мөлшерде алып, жаншып жарақатқа тамады.

  4. Кеңірдекшілер демікпесіне жас алоэны езіп, шырының күніне 3 рет, әр ретте 5 мг ішеді.

  5. Шиқан шыққанда, іріңді жараларды алоэның жапырағың тіліп, жаның ауызына тартады. Шиқанның соқтасын соруға тез жазылуына, әрі қарай созылмауына, алоэ жапырағы көп көмектеседі.

Сондай ақ адамның тәбетін ашуға, іш тоқтатқанға, асқазан ауруына ішек аурулары мен баспаға жақсы ем. Бал қосылған алоэ шырыны туберкулез ауруына бірден-бір ем болып табылады.


Туберкулезге алоэның емдік әсері.
Тұмау, бронхит, гайморит, фарингит, демікпе,өкпенің қабынуы,туберкулез – тыныс алу мүшелерінде болатын жұқпалы аурулар. Бұлардың алдын алып, сақтық жасамаса, насырға шауып, індетке айналады. Сондықтан туберкулез - өкпе құрты деп тегін айтпаған.Мәселен өкпе ғасырдың басында Қазақстанда әр жүз мың адамның 400-500 туберкулез ауруына шалдығып, өмірлерімен қош айтысқан. Елімізде осындай індет жайлап кетпеуі үшін өкпе туберкулезінің қалай өтіп, әсер етуін ,зерттейтін, оның алдын алып, сақтандыру шараларының әдісін жүзеге асыратын медицина саласы – фтизиатрия қажырлы еңбек етуде. Қазіргі фтизиатрияның негізгі мақсаты - өкпе туберкулезіне шалдыққандарды неғұрлым қысқа мерзімде құлан-таза емдеп жазып шығару.
Соңғы 30 жыл ішінде Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер арасында дүниеге келгеннен 17 жасқа дейінгі мерзімде 5-6 жылдар бір рет туберкулезге қарсы егу нәтижесінде айтарлықтай күрес жүргізілді. Француз микробиологі Альберт Шарль Кальмет тұңғыш рет туберкулезге қарсы егілетін вакцина жасап, 1921 жылы нәрестелерге ең алғаш екті. Вакцина енген балаға туберкулез жұқпайтыны, жұққанда да баланың ауруға шалдыға бермейтінін ғалымдар анықтады. Егу нәтижесінде соңғы жылдары аталған сырқаттың 2,5 есе азаюына септігі тигендігі мәлім болды.
Өкпе туберкулезі – кедейлік кесепаты, соның салдарынан бүгінгі таңда әлжуаз адамдар туберкулезге жиі ұшырайды. Аурдың алдын алу үшін туберкулезге қарсы бүкіл халық қызу қолдап, күрес жүргізу қажет. Халықты жылына екі рет арнайы дәрігерлік тексеруден өткізу негізгі міндет.
Денсаулығымыз мықты болу үшін мысқылдап кіріп, батпандап шығатын аурудың дәрісіз-ақ үй жағдайына айналада өсетін дәрілік өсімдіктермен-ақ емдеп жазуға болады.
Алоэны ел арасында емге ерте кезден пайдаланған. Оны Ұлы Отан соғысы кезінде жаралы солдаттарды емдеуге қолданылған. Қазіргі кезде алоэдан әр түрлі препараттар даярлап көз, асқазан, ішек ауруларын емдеуге қолданады.
Бұл ауруды емдеуге алоэ сөлі төмендегідей жолмен дайындалады: Алоэның төменгі, болмаса ортаңғы жапырағын кесіп алып, қайнаған сумен жуып, тазалап 02-03 мм етіп уақтап,дәкеге орап, сығып сөлін жинайды. Осылай алынған жаңа сөлді күніне 2-3 мезгіл тамақтанар алдында 20-30 минут бұрын 1 шай қасықтан ішу керек. Ал дәріханада алоэның сыртқы жараны емдеуге, ішкі жараны емдеуге арнайы препараттары сатылады.
Алоэның тоқсаннан астам түрі бар. Табиғи алоэның отаны Африкадағы Капландия жері. Бұл жерде биіктігі 20 метрдей ірі ағаш, қызғылт-сары шашақты, жағымсыз иісті гүл ашады. Оның иісінің нашарлығы сонша қасына барған адамның басы ауыра бастайды. Жергілікті халықтар алоэның кейбір түрлерінің талшықтарынан кілем тоқиды және теңіз кемелеріне керекті арқан жасайды. Алоэ талшықтарынан жасалған осы арқандар теңіздің тұзды суына өте шыдамды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет