Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеттері Бағыты


Зерттеу жұмысының тақырыбы



бет2/11
Дата06.03.2023
өлшемі6,78 Mb.
#171248
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Сүлеймен Индира Ғылыми жоба (восстановлен)
ІІ семестр. 10-апта. 1-сабақ. ӘОӘ. ІV курс, Сүлеймен И 9 класс лабка
Зерттеу жұмысының тақырыбы: Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері мен емдік қасиеттері
Зерттеудің мақсаты: Алоэ өсімдігін зерттей отырып адам ағзасына тигізетін емдік қасиеттерін зерттеп анықтау және насихаттау. Тіршілік процесіндегі өсімділігін және әдемілігін сонымен бірге өсімдіктің шипалығын анықтау.Алоэның табиғатта – ауаны тазарту, шаң мен улы газдарды өзіне сіңіруі, емдік, сәндік қасиеті жайлы толық мағлұмат алу.
Міндеттері:
1. Ғылыми әдебиеттерге шолу, мәлімет жинақтау 
2. Алоэ өсімдігінің табиғаттағы және адам өміріндегі пайдасын анықтау жолдары. 
3. Алоэ өсімдігінің адам ағзасы үшін емдік қасиетін анықтап, емдік шипа ретінде қолдану.
Зерттеудің өзектілігі: Алоэ өсімігін практика жүзінде қолдана отырып, емдік қасиеттерін анықтау
Зерттеу обьектісі: Алоэ өсімдігі
Зерттеу гипотезасы: Алоэ өсімдігінің емдік ерекшелігін пайдалану арқылы көптеген аурулардың алдын алуға болады.
Зерттеу әдістері:
- Ғылыми - әдебиеттерге шолу жасау;
- Тәжірибелер жүргізу;
- Оқушылар арасында сауалнамалар жүргізу;
Зерттеу жұмысының жаңашылдығы:
-Алоэ өсімдігінін емдік ерекшеліктеріне жан – жақты сипаттама берілді;
-Алоэ өсімдігінің емдік қасиеттерінің тиімді пайдаланудың жолдары көрсетілді.
Зерттеу жұмысының нәтижесі мен қорытындысы: Алоэ өсімдігін сипаттап, алоэнің түрлері мен көбеюі туралы үйрету. Алоэ өсімдігінің емдік қасиеттерін анықтау.
Зерттеу жұмысының практикалық мәні: Алоэ өсімдігінің емдік қасиеттерін алуан түрлі аурулардың алдын алуға және жоюға, үй ішіндегі түрлі бактерияларды және микробтарды жою үшін пайдалану.
Кіріспе 
Қазақстан жері әр түрлі табиғи жағдайда орманды далалы, таулы аймақтан тұрады. Міне осындай ұланғайыр өлкемізде алуан түрлі өсімдіктер өседі. Қай заманда болмасын, адамзат баласы өсімдік өнімдерінің тағамдық жағын ғана емес, емдік, шипалық жағынан да көңіл бөлген.
Жер бетінде өсетін барлық өсімдіктердің пайдасына көз жіберіп қарасақ, жүрек ауруларын емдейтін дәрі-дәрмектің 78%, ішек-қарын, бауыр дәрілерінің 75%, ауруларының шипалы дәрі-дәрмектерінің 80%, қақырық түсіретін дәрілерінің 80%, қан тоқтататын дәрілердің 65% тек өсімдіктен алынады.
Шипалы өсімдіктер қатарына әр түрлі сәнді өсімдіктерде жатады. Сондай-ақ, бау-бақшамызда аяқ астында қаптап өсетін арамшөптер жөнінде де осыны айтуға болады. Өздерінің жер үстінде және жер астында өсетін мүшелерінде аса бағалы «үй дәріханасына» қажетті заттардың болуы арқылы олардың көпшілігі аса пайдалы.
Кейінгі жылдары медицинада шөптердің емдік қасиеттері, оларды кеңінен пайдалануға ерекше назар аударылуда. Қазіргі кезде шөппен емдеу-фитотерапияны үй жағдайында кеңінен қолдануға мүмкіндік жеткілікті. Ол үшін дәрісіз ем-домды жасауды дәрілік өсімдіктерден іздеуіміз керек. Өсімдіктер сарқылмайтын қазына емес, сондықтан оларды орынды пайдаланып, қорғай білудің өмірлік маңызы зор. «Мың теңге тұратын дәрі шарбағыңның дәл түбінде өсіп тұр» деген халық даналығы бекер айтылмаған. Дәрі-дәрмек жасау ісінде өсімдіктердің алатын рөлі аса зор екені тәжірибеден мәлім. Сонымен қатар химиялық тәсілмен жасалатын дәрі-дәрмектерге қарағанда дәрілік өсімдіктердің артықшылығы өз алдында.
Өсімдіктерден жасалатын дәрі-дәрмектердің адам организміне әсерін анықтау үшін ең алдымен оларды жан-жануарларға қолдану жолымен тәжірибе жасау арқылы зерттеп тексереді.
Қазақ емшілерінің ауру-сырқауларымен ұзақ жылдар күресу барысында қолданып келе жатқан алуан түрлі дәрі-дәрмектерінің қайнар көзі – ұлы табиғат және табиғат дүниесіндегі хайуанаттар мен жәндіктер. Нақтылап айтқанда бұлар 3 топқа бөлінеді.

  1. Өсімдіктер

  2. Хайуанаттар мен жәндіктер

  3. Минералды заттар

Өсімдіктердің сабағы, тамыры, гүлі, жапырағы, қабығы, жемісі, шәйірі және тұқымынан дәрі-дәрмекке жасалады. Хайуанаттардың сүйегі,еті, сүті, майы, жүні, т.б. дәрі-дәрмекке пайдаланылады. Мысалы:аю еті, бұғы мүйізі, жолбарыс сүйегі, сиыр сүті, шаян, сүлік т.т.
Қазақ емшілерінің қолданатын дәрілерінің басым көпшілігі-өсімдіктер. Сондықтан оларды емдік қуаты ең күшті болатын мезгілде жинағанда ғана сапалы дәрі-дәрмек алуға болады. Дәрілік өсімдіктер жиналып алынғаннан кейін, жас күйінде пайдалану және кептіріп, жақсы сақтай білу оның емдік қасиеті мен сапасының жоғалмауының басты кепілі болып табылады.
Мұндай өсімдіктердің дәріге бірден пайдаланылмайтын бөліктерін топырақтан арылтқаннан кейін, әрқайсысының ерекшелігіне қарай күнде кептіру, самалдатып кептіру әдістері қолданылады. Шөптік дәрі-дәрмекті ұзақ уақыт ұстағанда құрт түсуден, көгеріп шіруден сақтауға ерекше көңіл бөлінуі керек.Осындай дәрілік мақсатта қолданылатын өсімдіктердің бірі бөлмеде өсірілетін алоэ өсімдігіне тоқталайық.
«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» демей ме атам қазақ.  Сондықтан табиғаттың сыйға тартқан дәрілік өсімдіктерін тану, оларды зерттей білу, қасиеттерін ашу мен үшін алға қойған басты мақсатдепбілемін. 
Қоғам бар жерде адам бар. Адам бар жерде түрлі аурулар бар. Бірақ,сол мәселені шешу жолдарын іздестіру қазіргі таңда әр адамның саналы қорғанысында. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет