Алоэ өсімдігінің ерекшеліктері және емдік қасиеттері Бағыты



бет7/11
Дата06.03.2023
өлшемі6,78 Mb.
#171248
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Сүлеймен Индира Ғылыми жоба (восстановлен)
ІІ семестр. 10-апта. 1-сабақ. ӘОӘ. ІV курс, Сүлеймен И 9 класс лабка
Жараларды жазу Суық тию

Ағзаның жалпы жағдайын жақсарту Рак жасушаларының өсуіне
тосқауыл жасайды
1.5. Алоэның басты ем болатын аурулары және қолданылуы
1. Иммунитет көтеруде: 500 г жаңа кесілген алоэ жапырағын грек жаңғағы дәнімен араластырып, ет тартқыштан өткіземіз. Оған 1,5 стакан бал араластырып, тамақтан соң бір ас қасықтан күніне 3мезгіл бір ай ішу керек.
2. Тісті ауырғанда алдымен тұзды сумен жуып, алоэдан 1 г ұнтақтап, оны тіске басады.
3.Сыртқы жарақаттан қан шыққанда алоэден лайықты мөлшерде алып, жаншып жарақатқа таңады.
4. Демікпеге жас алоэні езіп, шырынын күніне 3 рет, әр ретте 5 мг ішеді.
5.Шиқан шыққанда, іріңді жараларды алоэның жапырағын тіліп, жараның аузына тартады. Шиқанның соқтасын соруға, тез жазылуына, әрі қарай созылмауына алоэ жапырағы көп көмектеседі.
6. Әсемдік-косметикалық маска жасау, жұмыртқаның ақ уызы мен алоэ өсімдігінің сөлін қосып маска дайындап бетке аптасына 1-2 рет қолданса, бет тазаланып, ағарады. Сондай-ақ адамның тәбетін ашуға, іш тоқтатқанға, асқазан ауруына, ішек аурулары мен баспаға жақсы ем. Бал қосылған алоэшырыны туберкулез ауруына бірден-бір ем болып табылады.


3-сурет. Алоэ сөлі


II. Зетрттеу әдісі мен нысаны
2.1. Зерттеу материалын таңдау және бақылау жолдары

Алоэні емдік мақсатта көп пайдаланады. Оларды осы мақсатта әдейі егіп, өсіріп, баптайды. Емдік мақсатта кейбіреулерінің жапырағы қолданылса, кейбіреуінің шырыны, гүлі, тамыры пайдаланылып жатады.


Қазіргі заманда экологияның және әр түрлі жағымсыз факторлардың әсерінен пайда болатын тері аурулары кездеседі. Мысалы, олар: ауа мен судың ластануынан, күн сәулесінен, әр түрлі тағамдардан (цитрус дақылдары, йогурт, сағыз), түрлі өсімдіктерден (терек мамығынан), кейбір жәндіктердің шағуынан (маса, бүрге), шаң тозаңнан, косметикалық бояулардан (опа-далап, иіс су) тері аурулары пайда болады.
Мені осы ауруларды емдеу үшін бөлме өсімдігі алоэнің атқаратын маңызы зор екендігі қызықтырды. Солардың бірі «Алоэ вера» шырыны. «Алоэ вера» шырыны микробқа қарсы, жараны жазатын, иммунитетті көтеретін құрал. Түрлі көз ауруларында қолданылады. Теріні жұмсартады және тазартады. Асқазанның жарасы ауруына қарсы, өкпе ауруларына қарсы (астма, өкпе асқынуы, туберкулез), бүйректің көптеген ауруларына қарсы қасиеттерімен ерекшеленеді.


2-cурет. Алоэ өсімдігінен алынған косметикалық өнімдер.

Мен алоэ вераның бетке пайдасы туралы анықтадым.


Алоэ вера жапырақтарынан алынған гель косметикада және бет маскаларында жиі қолданылады. Бұл гель кез-келген түрдегі бет терісіне күтім жасауға көмектеседі, оны дақтардан арылтады және ағартады. Алоэ вераның бетке маңызды пайдасы келесідей:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет