Анаплазма қарапайымдыларының биологиясын зерттеуге қолданылатын иммунологиялық тікелей емес гемаглютинзация әдістемелермен зерттеу мазмұНЫ


Токсоплазмалардың құрылысы мен өсіп-даму сатылары



бет13/50
Дата08.02.2022
өлшемі16,11 Mb.
#124602
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50
Байланысты:
Анаплазма маг диссер 04.03.21
Аж-41 Қалдан Е.Қ., instr entkz
Токсоплазмалардың құрылысы мен өсіп-даму сатылары. Токсо-плазмалардың өсіп-даму сатыларына байланысты олардың құрылысы әртүрлі болады. Олар: трофозоиттар (жыныссыз өсетін түрлері), цисталар, псевдоцисталар, шизонттар, мерозоиттар, гаметалар және ооцисталар болып бөлінеді.
Трофозоиттар жартылай ай тәрізді, апельсин жарнағына ұқсас, ұзындығы 4-7 мкм және ені 2-4 мкм. Романовский әдісімен боялған жұғындыда олардың ядросы қоңыр-қызылға, ал цитоплазмасы көгілдір түске боялады. Олар ішкі ортаның ұлпалы мүшелерінде, мида, жасуша және әртүрлі ұлпалардың жасуша аралығын мекендейді. Қанда сирек кездеседі.
Эндодиогения немесе іштен бүршіктену арқылы трофозоиттар көп рет көбейіп цисталар түзейді. Цисталар дөңгелек пішінді, өзіндік екі қабат қабықтары бар, ал ішінде көптеген мерозоиттары бар. Цисталардың тұрқы 100 мкм. Көбінесе олар мидан, диафрагма және жүрек етінен табылады.
Ауру малдың етін немесе кемірушілерді жеген мысықтың асқазанына түскен цисталар ыдырайды да, олардың ішінен шыққан мерозоиттар ішектің эпителий жасушаларына еніп, онда шизогония даму сатысынан өтеді.
Шизогониядан кейін гаметогония жолымен дамып, гаметоциттер түзіледі. Еркек гаметтер немесе микрогаметтер тұрқы 1-1,5 мкм, ұрғашы немесе макрогаметтер диаметрі 30-60 мкм. Микрогаметтер мен макрогаметтер қосылу (копуляция) нәтижесінде зигота түзіледі, соңынан ооцистаға айналады да, мысықтың нәжісімен сыртқа шығады.
Ооцисталар пішіні аздап сопақтау, сырт қабығы өте нәзік, тұрқы 11 х 13-14 мкм. Қоршаған ортаға шыққан ооцисталар 3-5 күн ішінде спорогония сатысынан өтеді де, олардың ішінде споралар түзіледі.
Спорогония сатысынан өткен ооцисталар мал-жанға қайта жұққан соң спорозоиттар бөліп шығарып, аздан соң мал денесінде олар трофозоиттарға айналады.
Токсоплазмалардың жынысты түрмен дамуы үй мысығы мен кейбір мысық тұқымдас аңдарда болады.
Токсоплазмоз жер жүзіне көп тараған, ол жершарының барлық құрылықтарында да кездеседі. Бұл ауруға көптеген жануарлар және адам да бейім. Токсоплазмозға 200-дей жануарлармен құстар түрлері шалдығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет