Аннотация



бет2/8
Дата15.09.2017
өлшемі1,93 Mb.
#33448
1   2   3   4   5   6   7   8

Бірінші кезең (бастапқы кезеңі), «үрей сатысы» деп аталады. Бұл қысымның алдында болатын кезең. Мысалы, бұдан былайғы тағдырыңызды шешетін сынақ алдындағы толғаныс. Бұл қезеңде стресстік салмаққа бейімделу процесі өтіп жатады, егер осы кезде адам үрейге төтеп бере алмаса, ол адамның тіпті өліп кетуі де мүмкін. Мұндай жағдай Шығыстың ұлы ғұлама дәрігері Әбу Әли Ибн Сина тарапынан сипаттағаны жоғарыда көрсетілген.

Екінші кезең — стресстің жүзеге асуы. Ол тәннің бейімделу мүмкіндіктерінің іске түсуі арқылы орындалады. Қажетті арнаға бағытталған қуат қиындықты жеңуге көмектеседі, адамның өзіне деген сенімін арттырады, қанағаттанушылық сезімін туындатады. Сол арқылы алғашқы қорқыныш сезімін жеңуге мүмкіндік туады. Ал егер ішкі эмоционалдық қысым ұзақ уақыт бой бермесе, тәннің мүмкіндігі шектеулі болғандықтан оған төтеп бере алмайды. Ұзақ стресс және қиын жағдайдан шығу мүмкіндігінің жоқтығы жүйке стрессіне душар етеді, организм өзінің бейімделу мүмкіндіктерін тауысады, сондықтан ол біртіндеп гиперстресске айналады. Гиперстресс немесе дистресс соматикалық адреналдық жүйенің қорларын құртады, өйткені ағзаның «бейімделу қуаты да шексіз емес». Сөйтіп ұзақ стресс және үрейлі жағдай ауруға алып келеді, ал қысқа мерзімді стресс керісінше, тәннің белсенділігін арттырып, ширата түседі. Мәселен, спортшы жарысқа қатысу барысында, артист сахнаға шығу кезінде қорқыныш не толқу сезімін жеңу арқылы табысқа қол жеткізеді.

Үшінші кезең — постстресс — діңкенің құру кезеңі. Стрессті жайттардың ұзақ уақытқа созылуы, үздіксіз қысым жасалуы, жүйкені әбден діңкелетіп, денсаулықты бұзады. Қазіргі күнде белгілі болғандай, көптеген аурулар тәндегі гомеостаздың (ағзаның бейімделу тепе-тендігін сақтауы, өмір сүруге қабілетін жоғалтпауы) бұзылуына алып келетіні стресстік жағдайлардан туындайтыны дәлелденген. Сонымен бірге стресстен тек жүрек талмасы, қан қысымы, невроз не болмаса жүйке аурулары ғана емес, асқазанның ойық жарасы да туындайтыны белгілі.

Ұзаққа созылған стресстік жағдай адамның дене қозғалысына, сөйлеу қабілетіне өзгерістер енгізуі мүмкін. Осындай келеңсіздікке алып келетін стрессті қалай жеңуге болады.

Бүгінгі күнгі көз-қарас бойынша стресс жүйке жүйесі мен ішкі сөлденіс (секреция) бездерінің қатысуымен дамитын организмнің күрделі жүйкелік-гуморалдық серпілісі деп түсіндіріледі. Оның дамуында мидың сыртқы қыртысынан бастап, қыртыс астындағы ми құрылымдары, гипоталамус, шеткі жүйкелер мен вегетатаивтік жүйке жүйелері және гипофиз, бүйрекүсті бездері, қалқанша бездері, ұйқы безі т.б. бездер бірімен-бірі байланысқан түрде қатысады. Организмге қолайсыз жағдай әсер етуден осылардың бір функциялық жүйеге бірігуінен стресс – реакция дамиды. Ол кейде ауру тудыратын ықпалдарға организмнің төзімділігін арттырады, кейде дерт туындауына себепкер болады. Осыған байланысты қай жағдайларда стресс организмнің бейімделу мүмкіншіліктерін көтеріп, оның төзімділігін артырады? Қай жағдайларда дерттің дамуына әкеледі?-деген сауалдар туады

Шын мәнінде көпшілік жағдайларда ұзаққа созылған және жиі қайталанатын қолайсыз ықпалдардан кейінде организм тіршілікке икемділігін жоғалтпай өмір сүре береді. Демек, организм ауыртпалықтарға икемделіп, бейімделе алады деп тұжырымдауға болады.

Адаптация ұғымы – бейімделу деген сөзбен аудару оның мағнасын толық қамтымайды. Бейімделу жалпы тірі жәндік жануарларға, тіпті өсімдіктерге де тән және қарапайым серпілістер мен өзгерістер. Адаптация деп - жүйке және эндоприндік жүйелердің қатысуымен дамитын организмнің күрделі қорғану бейімделу процестері аталады. Таулы жерлердің тұрғындарына дем алатын оттегінің аздығы әсерінен тыныс алуы жиілеп, қан айналымының жылдамдығы артып артынан сүйеп кемігінде гипперплазия дамуынан оттегін тасымалдайтын эритроциттердің өндірілуі көбейеді. Осыдан оттегінің аздығына адаптация дамуына жауапты тыныс алу, қан айналым, қан өндіру жүйелері бірігіп, бір функциялық басым жүйке қалыптасады. Сүйек кемігінде, жүректе, өкпе ұяшықтарында адаптацияға қажетті шамалы гиппертрофия, гипперплазия дамиды.

Бұл құрылымдық өзгерістер дамуы үшін организмде нуклеин қышқылдары мен нәруыздардың (белоктардың) ұдайы түзіліп тұруы қажет. Осыдан нәтижесінде мида жаңа қалыптасқан шартты байланыстардың болуы имундық жүйелерде микробтарға қарсы антиденелер мен лимфоциттер өндірілуі, бауырда, қан плазмасының нәруыздары мен уытсыздандыратын ферменттер түзілуі, сүйек кемігінде қан жасушаларының өндірілуі және шеткі ағзалар мен тіндерде гиперфазия, гипертрофия дамуы байқалады. Ферменттердің түзілуі үшін витаминдер қажет, ал амин қышқылдары витаминдер организмге ұдайы тамақпен түсіп тұратын заттар болғандықтан дұрыс тамақтанудың маңызы зор. Ал дұрыс тамақтанбаған адамдарда қолайсыз ықпалдарға адаптацияның дамуы азаяды. Асқа жарымаған адам қанша суық суға шынықса да, оның ауруға төзімділігі артпайды. Қорытындылап айтқанда жеңіл желпі ауыртпалықтарға (қол жұмысына, суық суға, аласа таулы жерлерге т.с.с) жаттығулардың нәтижесінде организмнің жұқпалы және жүрек қан тамырларның ауруларына т.б. дерттерге төзімділігін артырып, стресс-реакциялар адаптациялық әсер тетігі болып шығады. Ағзаға әсер ететін ауырпалықтар тым күшті болып, шамадан асып кетсе, организмнің стрессті шектейтін жүйесінің туа біткен немесе жүре пайда болған жеткіліксіздігі болса, онда стресс көптеген соматикалық аурулардың себептеріне айналады.

Қазіргі кезде эпидемиологиялық және экологиялық проблемаларға психоэмоционалдық фактор қатерлі, қауіптілердің қатарына қосылып отыр. Олардың ішінен шамадан артық эмоционалды зорлану мәселесі (психоэмоциональное напряжение немесе ПЭН) мектеп жасындағы балалар арасында жиі кездесетіндігімен сипатталады. Ресей психологтарының зерттеуі бойынша жалпы көпшілік халықтың шамадан артық эмоционалдық зорлануы жоғарылауы мемлекеттегі саяси және экономикалық жағдай үлкен роль атқарады. Зерттеулер бойынша жақында өткен қайта құру кезеңінде халықтың психоэмоционалдық зорлануы өте жоғары болып кеткен. Көпшілік арасында мазасыздану, болашаққа сенімнің төмендеуі, өмір сүру қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндіктердің төмендеуі халықтың шамадан артық эмоционалдық зорлануына алып келгені дәлелденген.

Осы мәселені ескере отырып халыққа медико-психологиялық көмек көрсету орталықтарын ашыылған. Бұл орталықтарға үш міндет жүктелуде: 1) созалмалы ПЭН жағдайындағыларға көмек көрсетіп, оларды стрессогондық жағдайларға адаптациядан өту жолдарын үйрету; 2) хроникалық ПЭН байқалғандармен коррекциялық жұмыстар жүргізу; 3) психологиялық көмек көрсету кабинеттерін ашу және осы кабинеттерде қызмет атқаратын мамандар даярлау.

РФ денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Мемлекеттік психологиялық аурулардың алдын алу ғылыми зерттеу институты 1994-2000 жылдары Мәскеу қаласының тұрғындары арасындағы репрезентативтік іріктеу жасалып, ол адамдардың психоэмоционалдық жағдайын толық зерттеу жүргізілген. Нәтижесі эмоционалдық зорлану жағдайында жүргендердің саны 26 % жақын екені анықталған. Шамадан артық эмоционалдық зорланудың табиғаты адамның санасында әлеуметтік ортада болып жатқан оқиғаларға эмоционалдық реакциясы.

Барлық эмоционалдық құбылыстар өзіне тән субьективтік модальдылықпен және заттық мазмұнымен сипатталады. Барлық қажеттілікті қанағаттандыра алмаумен байланысты орын алатын эмоциялар сияқты шамадан артық эмоционалдық зорлану (ШАЭЗ) теріс белгідегі эмоциялармен байланысты болады. ШАЭЗ-дің құрылымы өте күрделі болуы мүмкін. Қажеттілікті қанағаттандыра алмауға себеп болған жағдайлар, шарттар, адамның алдына қойған мақсатына кедергі болған әлеуметтік ортадағы өзгерістер мен жағдайлар, ағзада болып жатқан физиологиялық процестер

Стресс алдымен ағзаның спецификалық емес қорғаныс құралы ретінде белгілі болды. Бірақ ол ұзақ мерзімге созылған жағдайда ағзаның қорғаныс күштері әлсірей бастайды. Стресс түрлі жағдайда болады. Адамдардың психикалық бейімі әр-түрлі болғандықтан стресті де түрлі қабылдайды. Осы психикалық ерекшеліктер ағзаның түрлі факторларға қалай қарсы тұра білу тәсілдерін анықтайды. Писхлогиялық қорғаныс - адамның өзі толық сезініп, түсіне бермейтін өте нәзік құбылыс. Мысалы: стресстен қорғанудың- «ығыстырып шығару» деп атлатын тәсілі бар. Бұл жағдайда адам керексіз факторды елемей, назар аудармай, байқамауға тырысады. Оны өзі де сезінбеуі мүмкін, ол кейде сана астарында(подсознание) жүзеге асып жатады. Ал стрестік факторды интеллектуалазияциялау, яғни мәселені ойлап барып шешу тәсілі жүзеге басқаша жүзеге асады. Мұнда адам қалыптасқан жайда рационалды деңгейге көтеріп, талдап, одан шығудың жолын қарастырады.

Стрестік жағдайда адамның өзін қалай ұстауы – белсенді немесе енжар болуы да оның психологиялық құрылымына байланысты. Белсенді, жігерлі, пысық адам алдымен өзіне сеніп, өзі жол тауып шығуға тырысады. Ал, инертті, енжар адам тағдыр жесегіне еріп, өзгелердің шешіміне төзуге жәжбүр. Эмоцияны іште ұстау психологиялық тұрғыдан алғанда өте зиянды нәрсе. Шетелдіктердің әрқайсысының өз психотерапевті бар екендігі сондықтан болса керек. Негізінде, стрессті қабылдауға онымен күресе білуі адамның ақыл-ойының, парасатының деңгейіне, өзгешіліктеріне тікелей байланысты екені дәлелденген.



1.2. Балаларда орын алатын шамадан артық психоэмоционалдық зорлануының көрініс беру түрлері
Жас балаларда психоэмоционалдық зорлану немесе стресс тез пайда болады да, көпке созылмай өте шығады. Ал ересек, әсіресе қартайған адамдарда ол көпке созылып жүйке арқылы ішкі мүшелердің қызметін бұзады, көбінесе жүрек-қан тамырлар жүйесін әлсіретеді.

Нәрестелерде қозу қарқыны тежелуден жылдамырақ және күштірек болғандықтан оларда стресс оңай тез туып, тез өшеді.

Мектеп жасындағылардың, әсіресе бастауыш сынып оқушыларының стресс жағдайы жиі кездеседі, өйткені бұрынғы жүгіріп, ойнап жүрген балалар партада тапжылмай сабақ оқуы жүйке жүйесіне біршама салмақ түсіріп, қинайды.

Мектепте оқитын балалардың оқу белсенділігіне байланысты балалардың психоэмоционалдық жағдайы әртүрлі болатыны байқалған. Л.И.Прихожанның /36/ зерттеуі бойынша елгезек, жылдам қимылдайтын, жақсы оқитын оқушылардың психоэмоционалдық жағдайы тұрақты болады да олардың саны 54 %. Нашар оқитын, қимылдары сылбыр балаларда психоэмоционалдық жағдайының нашар болатындары - 20%-ке жақын болып, олардың басым көпшілігі эмоционалдық шамадан артық зорлану жағдайында жүретіндігі дәлелденген. Осы көрсетілген стресс жағдайы мен балалардың қарым-қатынасқа икемділігінің нашар болуының өзара қатынасы балалардың сынақ жұмыстарын орындау барысында, тақта алдында жауап берген кезінде айқын көрінеді.

Бастауыш сынып оқушыларында жиі кездесетін қиындықтар мектепішілік қарым–қатынаспен байланысты орын алады. Өсіп дамып келе жатқан бала бойында алуан түрлі қасиеттер байқалады. Осы бір көп сырлы қасиеттердің жағымды және жағымсыз жақтарымен қатар елеусіз мінез көріністері де бала бойында болады. Бала мінезінің жағымды жақтарына қайырымдылық, инабаттылық, сыйлаушылық, тілалғыштық, шынайы адалдық, жақсы-жаманды айыра білушілік, алдағы өмір жолына ұмтылушылық жатса, ал нашар мінез көріністеріне тұрақсыздық, өтірік айтушылық, өзімшілдік, беймазалық, ұшқалақтық сияқты қасиеттер жатады. Бала бойында назар салып бақылағанда байқалатын қасиеттерге: өзіне-өзі сын көзбен қарап, мінездегі кемшіліктерді сезіну, әділетті, әділетсіздікті аңғаруы ойлаған мақсатын орындап шығу үшін шыдамды болуы мен іскерлігі жатады. Егер кішкентай кезінен бала мінезіндегі көріністер өмірімен сабақтасып, тәрбиемен ұштасса, ол қайырымды, байсалды, бір сөзді, батыл жүректі, табанды болып ер жетеді, ал олардың бойында ынжық мінез қалыптасса біртіндеп ол сылбырлық, жалқаулық, күйгелектік, қорқақтық, мылжындық мінездерге айналады. Бала өскен сайын көп көріп, естіп білуге ұмтылады. Өз ойын айту, басқалармен қарым-қатынас жасау, достасу, пікірлесу сияқты мінез-құлық көріністері қалыптасады.

Мектепке дейінгі жас кезеңінде балалардың мектепте оқуға даярлықтан өту-өтпеуіне, отбасындағы тәлім-тәрбие алу ерекшеліктеріне байланысты бала психологиялық дамуында әр түрлі жағдай орын алуы мүмкін. Олардың ішінде депривация көрініс берген және осы симптомы барлардың мектепке қабылдау алдында коррекциядан өтпегендері мектептік қарым-қатынасқа және оқушының күнтәртібіне адаптациядан өтуі қиын болады. Депривация (жетіспеушілік деген мағнаны береді) орын алған себептеріне байланысты бірнеше түрге бөлінеді:



  1. Сенсорлық депривация баланы қоршаған сыртқы ортаның аз және ондағы тітіргендіргіштерінің аз өзгеруімен байланысты орын алады. Баланың жаңалықтарға қызықпаушылығымен және танымдық қажеттілігінің шектеулілігімен сипатталады. Мұндай жағдайда балалардың қоршаған ортада болып жатқан неше түрлі құбылыстарға әсерленуі, теледидардағы бағдарламаларға деген әуестігі шектелген болып, олар көптеген балаларға қызықты нәрселерге онша кқңіл аудармастан, барлық жаңалықтарға селқос қарайды. Нәтижесінде балалардың оқу процесіне де қызығушылығы төмендейді, ынжық мінез көрсетеді.

  2. Когнитивтік депривация керісінше, қоршаған орта заттары мен құбылыстарының ретсіз өзгеруімен байланысты оларды танып білуге, мазмұнын ұғынуға мүмкіндік бар екеніне бала түсінбей қалады, сондықтан олардыың танымдық әрекеті шектеулі және қажеттілігі дамымаған болады. Мұндай ерекшелік байқалған балалар оқу барысында үстіртін қарап, барлық нәрселерге терең, жан-жақты меңгеруге деген қабілеті төмендейді. Нәтижесінде баланың білімге, іскерлікке деген құштарлығы онша көрініс бермейді, ал жақсы оқитындарға қазғаншақтықпен қарап, ескертулерге дөрекілік көрсетеді.

  3. Эмоционалдық депривация баланың өзіне эмоционалдық жақын адамынан айрылуымен, ата-анасы немесе олардың орнында болған туысқандарымен қатынас жасауының шектелуімен байланысты көрініс береді. Эмоционалдық депривация өкімет үйлерінде тәрбиеленген балалардың барлығына ортақ психологиялық проблеманың түрі болып табылады. Отбасында тәліс-тәрбие көрген балалардың да ішінде эмоционалдық жүйесі онша жетілмегендер отбасында орын алған ата-аналарының арасындағы келіспеушілік, ажырасу т.с.с. себептермен байланысты орын алады. Балалар өздерінің отбасындағы жағдайынан ұялып, басқалардан сыр сақтап, қарым-қатынасын шектеп жүреді. Жағдайы жақсыларға қызғаншақтықпен қарап, агрессиялық мінез көрсетеді.

  4. Әлеуметтік депривация баланың ден саулығымен байланысты өзіне тән әлеуметтік функциясын орындауға мүмкіндігінің шектеулілігімен байланысты қалыптасады. ДЦП, сал аурулары, созылмалы қабыну тағы басқа сырқаттардың салдарынан кейбір балалар ойын шағындағы өздерінің құрбыларымен қимыл ойындарға толық қатынасуға шамасы келмегендіктен өзін кем санау синдромы қалыптасады. Сондықтан олра басқалардың саулығын қызғанып, өмірге ренжіш күйде болып жүреді де, өздерін кемтармын деп есептеп, тұйықтанып, басқалармен қарым-қатынасы шектеулі болады.

Аталған депривация түрлерінің барлығы балалардың эмоционалдық жағдайын нашарлатып, оларды шамадан артық эмоционалдық зорлану жағдайына алып келуі мүмкін. Сондықтан балаларды дер кезінде осы депривациялық күйден шығармаса ол созылмалы стресс жағдайында болып, баланың неше түрлі қырсық мінез көрсетуіне алып келеді.

Шамадан артық эмоционалдық зорлану нәтижесінде балаларда жиі кездесетін ауытқу – агрессивтілікке алып келеді. Агрессия дегеніміз өзге адамдарға болмаса жануарларға себепсіз зиян келтіруге тура бағытталған қиянат. Ал агрессивтілік – бұл жеке тұлғаның мінез-құлықында көрініс беретін стрессогондық жағдайдан өзін-өзі қорғау реакциясы болауы мүмкін. Бастауыш сынып оқушыларының агрессивтілігінің негізгі себебі қорғаныс функциясымен байланысты.

Бала агрессиясын зерттеушілер оған әр түрлі анықтама береді. Біреулері ол адамның қоршаған орта құбылыстарынан өзін қорғауға арналған тұқым қуалаушылыққа негізделген қасиет деп көрсетсе (Лорнед, Анри), екіншілері адамның өзі өмір сүретін ортада жетекші роль атқаруға бағытталған әрекет (Моррисон) деп түсіндіреді. Агрессияны фрустрациямен байланыстыратын теориялар да бар (Маллер, Дуб, Доллард) Агрессия терминімен жеке тұлғаның субъект субъекттік қатынаста деструктивтік әрекетке жақындығын белгілейді.

Деструктивтік әрекет дегеніміз – адамның алдында тұрған бөгетке кедергі жасап, қиындықты жеңуге деген белсенділігі. Сондықтан агрессияның оң және теріс көріністері бар екендігін жақсы түсіну қажет. Мысалы, адам өз өмірін немесе басқа адамдардың өмірін сақтауға, табыс көзіне төнген қауіпті жоюға бағытталған агрессияны ақтауға болады. Сонымен қатар, ешқандай ақтауға болмайтын агрессия байқалуы мүмкін. Барлық басқа психологиялық қасиеттер сияқты агрессия әр адамда әртүрлі көріністе болады. Агрессиясы өте төмен немесе мүлдем жоқ болса, ол адамның қорғаныс функциясы төмен болады да ол енжарлық, иланушылық пен конформдылыққа алып келеді, ал кейбір адамдардың агрессиясы өте жоғары дамыған болады да ол шатақ мінезділікке, конфликтіге, қоршаған ортамен өзара түсініспеушілікке әкеледі. Баланың агрессивтілігі келесі көрсеткіштермен бағаланады: агрессияның пайда болуының жиілігі және жеңілдігі; агрессияны туғызған жағдайға бала реакциясының адекватты емес дәрежесі; агрессия жүруінің екпіні; агрессивті әрекеттің асқыну дәрежесі. Агрессия жеңіл жүрген жағдайда ол ол вербальды формада болады, ал асқынған, ауыр жағдайларды физикалық түрде көрініс береді.

А.Басс және А.Дарки /77/ агрессияны сипаттағанда оны негізгі екі топқа бөледі. Біріншісі – мотивациялық агрессия. Осы құбылысты туғызған себеп сылтаулар. Психолог ең алдымен агрессияның осы түрін анықтап алуға тиіс. Екіншісі – инструменталдық агрессия немесе өзін-өзі қорғау үшін, басқаларды жәбірлеуге қолданатын әрекеттері. Бұл қасиеттің көрініс беруі сегіз формада болуы мүмкін. Агрессияны зерттеуге қолданылатын әдістемелердің бірі – Басса-Дарки сауалнамасы (бірінші кітапта берілген). Бұл әдістеме көмегімен агрессияның формасын диагностикалауға болады.

Балаларда себепсіз агрессия немесе жалған қауіпке бағытталған шабуылшылық орын алуы мүмкін. Бұл құбылыстың түрлерін, себебін және мөлшерін анықтауға болады. Психолог осы мәселені зерттеп, нормадан тыс дамыған агрессия байқалған балалардың ата-аналарына оның табиғатын түсіндіріп, ал балалардың өздерімен коррекция жұмысын жүргізуі керек.

Бастауыш сынып оқушыларының кері эмоцияларын тудыратын себептердің жиі кездесетін түрі – дезадаптация. Бала өмірінде мектепке барып, оқушы статусында болу өте күрделі кезең. Сондықтан осы оқушы статусына үйрену, оның барлық міндеттерін толық мойындап алу - бала үшін күрделі сын болып табылады. Адаптациядан өту жолдарын зерттеушілер оның құрылымын анықтаған. Адаптация келесі құрамды бөліктерден тұрады:

А) Мамадық адаптация. Мектепте оқитын баланың мамандығы – оқушы. Мектепке жаңадан келген бала осы мамандыққа адаптациядан қысқа мерзімде өтуі керек. Бұл адаптация баланың оқушы міндетін орындауға, оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктеріне, мектеп режиміне және оқу мазмұнын меңгеруге тез икемделуні және өз бетімен үйге берілген тапсырмаларын орындауға икемделуін көрсетеді.

Б) Әлеуметтік-психологиялық адаптация. Жеке тұлғаның сыныптағы балалармен топішілік қатынасқа түсуге және оқытушылармен қарым-қатынас жасауға икемделуі, көпшілік ортасындағы сыйысымды мінез-құлықының қалыптасқандығы. Әлеуметтік-психологиялық икемделу барысында жеке тұлға өзін қоршаған ортаның ерекшеліктерін меңгеріп, сол ортада өмір сүру стратегиясын ішкі дискамфортсыз қабылдайды. Бастауыш сынып оқушыларының мектеп өміріне адаптациядан өтуі дұрыс жүрсе оның барлық іс-әрекеттерде табысты болуының кепілі болады. Психологияда бірінші сынып оқушыларының мектеп өміріне адаптациядан өтуінің келесі үш формасы анықталған:


  1. формалдық адаптация, мектептің жұмыс тәртібіне, мектептің құрылымдық ерекшеліктеріне, мәліметтік-танымдық әрекеттер түрлерін меңгеруге, жаңа орта талаптарына және өз міндеттерін орындауға адаптациялануы.

  2. әлеуметтік адаптация, мектепке қабылданған баланың өзі оқитын сыныптағы және басқа оқушылармен қарым-қатынасының қалыптасуы, мұғалімдердің балаға көңіл аударуы, оның оқу әрекеттерін бағалауы, оқушылар тобының ішкі интеграциясының қалыптасуы және топтың жалпы мектеп ұжымымен интеграцияда болуы.

  3. дидактикалық адаптация, оқушының оқулықтар және басқа құрал-жабдықтармен жұмыс істеуі, оқу-әдістемелік жұмыстардың формаларына үйренуі.

Адаптациядан өтудің қиындықтрын зерттеушілер оның бірнеше себептерін анықтаған. Е.Е.Кравцова, А.А.Нурахунова, В.В.Степанова т.б. зерттеуілердің айтуы бойынша баланың эмоциялық өрісіндегі сезімге бой алдырғыштығы: ашуланшақтық, қызғаншақтық, долылық, өкпелегіштік, өзіне-өзінің көңілі толмаушылық, жылауықтық баланың икемделгіштігін төмендетеді. Сонымен қатар отбасының әлеуметтік тұрмысы: толық емес отбасы, жағдайы жоқ отбасы баланы мектепте оқуға даярлықтан өткізе алмауына алып келуі мүмкін. Отбасында баланың жеке тұлғалық дамуына психологиялық бірізді жүйенің болмауы баланың еріктік өрісінде біршама қиындықтар туғызады. Олардың ішінде үлкен әсер ететіндер ретінде А.В.Запорожец, Л.С.Выготский /28/ т.б. зерттеушілер келесі түрлерін көрсеткен: жалқаулық, қыңырлық, сенімсіздік, өтірік айту, өзімшілдік т.б.

Кей кезде балалардың үлгерімі нашар болуы, оның сабақ мазмұнын толық түсінбеушілігімен және үй тапсырмаларын өз бетімен орындауды ұйымдастыруға үйренбегендікпен, өз уақытын дұрыс пайдалану дағдысының қалыптаспағандығымен байланысты болады. Л.С.Выготский, Л.В.Занков, А.Н.Леонтьев /52/, Л.А.Венгер, Д.Б.Занков баланың танымдық өрісінің бұзылуының көрсеткіштері ретінде келесілерді атаған: бала әрекетінде өнімсіз іс-әрекеттердің басымдылығы, дұрыс ойлай алмауы, жалпы танымдық әрекеттерінің жетілмегендігі. Оның негізгі себебі бала бойындағы жеке тұлғалық қабілеттіліктерді уақытында байқап, оларды психологиялық заңдылықтар бойынша дамыта алмаушылық. Бұл жағдай баланың дидактикалық адаптациядан өтуінде қиындықтар туғызады.

Кіші мектеп оқушыларының адаптациядан өте алмағандығы оларда дезадаптациялық мінез орын алады. Ата–аналарға кіші мектеп жасындағы балалардың мінез ауытқулары түрлерімен таныстыру барысында осы ауытқулардың орын алуына себеп болатын жағдайларды түсіндіріп, балалармен мұғалімдер және ата-аналар арақатынастарындағы қиындықтар себебі бойынша кеңес беру қажет.

Мінез өзі өте күрделі психикалық қасиет. Ол бірнеше көрсеткіштермен сипатталады. Жеке тұлғаға мінездеме бергенде оның ерекшеліктерін басқалармен салыстыра отырып қарама-қарсы көрсеткіштермен сипаттайды: кеңпейілді – іші тар, жеңілтек – байсалды; адал – арам; сыйысымды – сыйысымсыз; қоқақ, батыл, сезімтал – қатыгез т.с.с. Бұл жеке көрсеткіштер мінездің құрамды бөліктері, оның көрсеткіштері болып табылады. Барлық көрсеткіштер бір-бірімен тәуелді байланыста. Сондықтан егер адам қорқақ болса ол көп жерде белсенділік көрсетіп жүруі өте қиын. Қорқақтың сыйсымдылығы, басшыларға ерекше ізет көрсетіп, иланушылық (ұйып сену), тілалғыштықпен көзге түсіп жүруі мүмкін. Олар өте сараң, материалдық байлықты қорғау үшін басқаларды сатып кетуі, сөзінен айнып кетуі кездесіп тұрады. Батыл, шешім қабылдағыш, адам қорқақ болуы мүмкін емес, ол мырза, басқалардың пікірін сыйлайды, бірақ кейде тік мінездік көрсетуі, керек емес жерде тәуекелшіл болып, өз өміріне қауіп тудыруы мүмкін.

Бала үлгерімінің нашарлауы көптеген психикалық аурулардың, мысалы бала шизофриниясының алғашқы белгілерінің болуы да мүмкін. Бұл жағдайда баланың жұмысқа, іс-әрекетке деген мотивациясы да , жұмысының нәтижесі де нашарлайды. Бұл жағдайда ата-ана баланы мәжбүрлемеу керек, өйткені ол сау бала сияқты жұмыс атқара алмайды, шизофринияға тән ағзаның энергетикалық көрсеткіштері нашарлайды. Қоршаған ортаға қызығушылықтың төмендеуі, шаршау, қажу, көңілсіздік пен салғытрттық бұл жағдай да жалқаулық емес аурудың белгісі болып табылады.

Осы айтылған жағдайлардың бәрінде баланың кәдімгі жалқаулығының астарында аурудың себептері жатуы мүмкін. Оны үлкендер, педагогтар барлық уақытта толық танып біле бермейді. Оны анықтаудың өзіне түрлі тәрбиелік, психологиялық тәсілдер керек. Сондықтанда баланың мінез–құлқында күрт өзгерістер байқалса - міндетті түрде дәрігерге қаралған жөн. Жағдайға байланысты мына төмендегі белгілерге назар аудару керек: баланың сабақ үлгерімі нашарлап, өз деңгейінен төмен көрсеткіштер байқатып отырса, дәрігер мен психлолгтың көмегіне жүгіну керек, өйткені оның оқуға деген ынтасының төмендеуі жалқаулықтан емес, оған деген талаптың жоғарылығына байланысты болуы мүмкін; бала үй жұмыстарынан бас тартып, сабағына тым салғырт қараса, оның күн тәртібін қайта құру керек, өйткені бала оқудан шаршап, қажып жүрген болуы мүмкін; бұрын белсенді, жақсы оқып жүрген баланың бірден үлгерімі нашарлап жұмыстардан қашатын болса-алдымен оның денсаулығын оны маман дәрігерге көрсетіп алған жөн; балалардың жай жалқаулықтығын да назардан тыс қалдыруға болмайды. Сонымен қатар баланың жақсы оқу үлгерімін міндетті түрде атап өтіп, оны мақтап марапаттап отырған жөн. Үнемі ұрыс еститін бала ешнәрсеге құлқысыз болатыны белгілі. Ал баламен көп әңгемелесу оның проблемларын тыңдау, жылы сөздер айту, отбасында жылы психологиялық климат қалыптастыру - бала тәрбиесінің ең маңызды бөліктерінің бірі.

Балалар нашар мінездер арқылы өзін өзі қорғап отырған болуы мүмкін. Сондықтан ата-аналар баланың мінез-құлқының өзгеруіне негіз болған себептерді анықтап, оның немен байланысты орын алғанын түсінуі керек. Кейде бас жарақатына байланысты балаларда астения кездесетін жағдай орын алады. Оны жалқаулықпен шатастыруға болмайды. Сондықтанда бала ойнап жүргенде бас жарақатын алса оны міндетті түрде дәрігерге көрсетіп, ден саулығын тексертіп алған жөн. Педагогтар мен ата-аналар бала өмірінде орын алатын көптеген жағдайларды толық түсінгенде ғана оны шамадан артын зорланудан сақтауға мүмкіндік туады.

Зерттеу барысында балалардың шамадан артық эмоционалдық зорлануының көрініс беру түрлері стресс, мазасыздану, депрессияға ұшырау, агрессияның анық байқалуы, депривация түрлерінің орын алуы, мектептік адаптациясының төмен болуы, шатақ мінез көрсетуі, сабаққа, мектепке деген ынтасының төмендеуі, ашушаң, ызақор болуы және ден саулығына байланысты жағдайлар деп анықтадық.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет