Аннотация



бет8/8
Дата15.09.2017
өлшемі1,93 Mb.
#33448
1   2   3   4   5   6   7   8

Зерттеу кезеңдері. Жоспарланған зерттеу жұмысы екі кезеңде ұйымдастырылады. Бірінші кезеңде оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты психоэмоционалдық жағдайларын зерттеідің теориялық негіздері талданып, оларды анықтауға арналған психодиагностикалық әдістемелер жинақталды. Екінші кезеңде Шымкент қаласындағы Н.Ондасынов атындағы № 38 гуманитарлық мектеп-гимназиясының психологиялық қызмет көрсету жүйесі арқылы мектеп оқушыларының психоэмоционалдық жағдайлары зерттелініп, эмоционалдық зорлану жағдайында жүрген балалар анықталды. Барлық психодиагностикалық зерттеу нәтижелері ережелерге сай талданып келесі кезеңдегі психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізілді, дипломдық жұмыс жазылды.

Диплом жұмысы кіріспе, екі бөлім, қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.

Сезімдер - өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи-әлеуметтік сипатта болады. Демек, адамның өмірі қоғамға байланысты, оның әрекеті де қоғамдық саналы әрекет, сондықтан оның сезімдері де қоғамдық сипатта болып, сезімнің мазмұнын қоғамдық болмыс белгілеп отырады. Сезімдерден эмоцияларды айыра білу қажет.

Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттіліктеріне сәйкес келу-келмеуіне байланысты пайда болып отыратын психикалық процестің түрін сезім деп атайды /38/. Қажеттіліктердің түрлеріне, жағдайға байланысты сезім көптеген жағымды және жағымсыз түрде өтеді: қуану, шошыну, абыржу, наздану, мазасыздану, зерігу, психоэмоционалдық зорлану.

Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар. Олардың сапасын көрсететін осындай ерекшеліктердің бірі – қарама-қарсы, полярлық сапалықтар деп аталады (сүйсіну-сүйсінбеу, көңілдену-қажу, шаттық-уайым, т.б.). Олар өз ара екі полюске ажырасып, біріне-бірі қарама-қарсы мағынада болады.

Сезімдердің екінші ерекшелігі – олардың белсенді және солғын көрініс беруіне байланысты. Адамға ерекше күш беріп, әрекетке ұмтылдыратын, көтеріңкі сезімдер стеникалық (стен – грек тілінде күшті деген мағнаны білдіреді) эмоция деп аталады, ал адамды күшінен айырылтып, барлық іс-әрекеттерін баяулататын сезім түрлерін астеникалық (астения - әлсіз) деп атайды.

Шамадан артық күшті тітіргендіргіштер адамда көбінесе қолайсыз эмоциялар туғызады. Адам ұдайы қинала беретін болса, оның діңкесі құрып, берекесі кетеді. Адамның осылайша шамадан тыс зорлуын психологияда стресс (стресс - ағылшын тілінде шамадан тыс зорлану деген мағнаны білдіреді) деген терминмен белгілейді. Стресс үш түрлі жағдайда байқалып отырады. Оның алғашқы көрінуі мазасыздану кезеңі деп аталады. Ағзаның күшті тітіркендіргіштермен айқасқа түсуіне байланысты оны жеңуге күш салу, немесе зорлану кезеңі деп аталады. Адам сырттан келетін нәрсеге төтеп беруге шамасы келмеген жағдайда титықтап, әрекет жасаудан қалады. Мұндей қолайсыз әсер жүйке жүйесінің жұмысына да, дене күшіне де нұқсан келтіретіндіктен адам өзінің сыртқы ортамен байланысын үнемі қадағалап, реттеп отыруы қажет.

Сезімнің бұл ерекшеліктерінің барлығы нақты әрекет үстінде, кездесетін қиыншылықтарды қарсы алу кезінде айқын көрініп отырады. Сезім адамның бүкіл өмірімен, оның жеке басының ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Адамның әр түрлі эмоциялары мен сезімдері оның қажеттіліктері мен қызығу ерекшеліктеріне, дүниеге көзқарасы мен сеніміне, мінез-құлқы мен білім көлеміне, санасы мен ерік сапаларына байланысты қалыптасып отырады.

Сезімдер мен эмоциялардың адамның өмір тәжірибесінде алатын орны үлкен. Әр адам өз алдына қойған мақсатын орындау жолында, өмір үшін қүресте күшті сезімдерсіз табысқа жетуі қиынға соғады. Сезімнің қораш, селқос, солғын болуы іске кедергі жасайды. Адам не үшін күрессе, соны жан-тәнімен жақсы көріп, неге қарсы күрессе, соны өлердей жек көріп отыруы керек.

Осы айтылған эмоциялардың барлығына ортақ басты бір ерекшелік – оларда сан алуан мәнерлі қозғалыстардың болып отыратындығы. Ч.Дарвин осы күнгі адамда байқалатын мәнерлі қозғалыстардың біразы біздің ерте кезде ата-бабалаларымыздың тіршілігінде елеулі орын алған әрекеттің қалдығы екендігін атайды. Мысалы, қатты ашуланған адам кейде жұдырығын түйіп тістенеді, қабағын түйіп бұлығады, демін әзер алып, танауы делдиіп кетеді, жүрегі тарс-тұрс соғады. Осындай мәнерлі қозғалыстардың әрқайсысының өзінше шығу тарихы бар. Бұл мысалдан жабайы адамдардың өздерінің алдында тұрған жауларымен айқасқа түсейін деп тұрған адамның қабілетін, даярлық белгісін байқауға болады. Ертедегі адамдар жабайы аңдармен арпалысқа түсердің алдында денесін соған бейімдеп алып, сонан соң жауымен айқасатын болған. Қазіргі адамдар үшін мұндай көріністер дөрекі, ебдейсіз қимылдар қимылдар болып табылады. Мұндай ебдейсіз қимылдар мәдениетті адамдар қылығына ешқандай сыйысымсыз сипатта болады. Бұған көбінесе сотқар, ызақор, кекшіл адамдар бір табан жақын тұрады. Адамдардың сана сезімі өскен сайын оның қимыл-қозғалыстары да мәдениетке түседі, үйлесімді бола бастайды.

Адамның эмоциялық жағдайы оның темпераментімен байланысты екенін, стресс жағдайының адам өмірінде маңызы өте үлкен екеніне қазіргі кезде көбірек көңіл бөлінуде. Оған тоқталардың алдында бұл ауыртпалық туралы түсінік қазақ халқының арасында ежелден болғанына назар аударалық. Өтейбойдақ Тлеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты еңбегінде стресс туралы, «Ұшынымдар» - деген тақырыппен, көптеген деректер келтірілген. «Алланың өзіне жазған тиесілі несептік ризыған тергегі адамзатының әрбірінің өмірлеуі біркелкі болмаулығы шарт. Кейде өтерден «Шопан үсті боз торғайға ұйалық» болмақ. Кейде бұл өтерден ойпыл-тойпыл, астан-кестен болып, ел басына лан туылып, қыз қатын, шаңырағы отын болмақ»-деп көрсеткен.

Эмоциялық шокты – «ұшықтық сілейме»-деп Тлеуқабылұлы былай сипаттайды: «... әуелі тұрса тұрған күйі, отырса отырған беті, жатса жатқан қалпы бежірейген күйі қатып қалған тақылетті болмағы шарт. Алыстан айғайлағанды қойып, жанына барғаныңды сезбейді. Тіпті түртсең қозғалым, қарау тақылетті пенделік тіл алысымдық ұштасымдылық көрсетуге шамасы келмек емес, жетпек емес» деп сипаттама берген.

Ө.Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» /76/ еңбегінде тұлғадағы қандық аңғақтық бейімдер» - деген тақырыппен адам организмінің алты конституциялық түрін ажыратқан:

Барлық эмоционалдық құбылыстар өзіне тән субьективтік модальдылықпен және заттық мазмұнымен сипатталады. Барлық қажеттілікті қанағаттандыра алмаумен байланысты орын алатын эмоциялар сияқты шамадан артық эмоционалдық зорлану (ШАЭЗ) теріс белгідегі эмоциялармен байланысты болады. ШАЭЗ-дің құрылымы өте күрделі болуы мүмкін. Қажеттілікті қанағаттандыра алмауға себеп болған жағдайлар, шарттар, адамның алдына қойған мақсатына кедергі болған әлеуметтік ортадағы өзгерістер мен жағдайлар, ағзада болып жатқан физиологиялық процестер

Стресс алдымен ағзаның спецификалық емес қорғаныс құралы ретінде белгілі болды. Бірақ ол ұзақ мерзімге созылған жағдайда ағзаның қорғаныс күштері әлсірей бастайды. Стресс түрлі жағдайда болады. Адамдардың психикалық бейімі әр-түрлі болғандықтан стресті де түрлі қабылдайды. Осы психикалық ерекшеліктер ағзаның түрлі факторларға қалай қарсы тұра білу тәсілдерін анықтайды. Писхлогиялық қорғаныс - адамның өзі толық сезініп, түсіне бермейтін өте нәзік құбылыс. Мысалы: стресстен қорғанудың- «ығыстырып шығару» деп атлатын тәсілі бар. Бұл жағдайда адам керексіз факторды елемей, назар аудармай, байқамауға тырысады. Оны өзі де сезінбеуі мүмкін, ол кейде сана астарында(подсознание) жүзеге асып жатады. Ал стрестік факторды интеллектуалазияциялау, яғни мәселені ойлап барып шешу тәсілі жүзеге басқаша жүзеге асады. Мұнда адам қалыптасқан жайда рационалды деңгейге көтеріп, талдап, одан шығудың жолын қарастырады.

Стрестік жағдайда адамның өзін қалай ұстауы – белсенді немесе енжар болуы да оның психологиялық құрылымына байланысты. Белсенді, жігерлі, пысық адам алдымен өзіне сеніп, өзі жол тауып шығуға тырысады. Ал, инертті, енжар адам тағдыр жесегіне еріп, өзгелердің шешіміне төзуге жәжбүр. Эмоцияны іште ұстау психологиялық тұрғыдан алғанда өте зиянды нәрсе. Шетелдіктердің әрқайсысының өз психотерапевті бар екендігі сондықтан болса керек. Негізінде, стрессті қабылдауға онымен күресе білуі адамның ақыл-ойының, парасатының деңгейіне, өзгешіліктеріне тікелей байланысты екені дәлелденген.


Үнемі ұрыс еститін бала ешнәрсеге құлқысыз болатыны белгілі. Ал баламен көп әңгемелесу оның проблемларын тыңдау, жылы сөздер айту, отбасында жылы психологиялық климат қалыптастыру - бала тәрбиесінің ең маңызды бөліктерінің бірі.

Балалар нашар мінездер арқылы өзін өзі қорғап отырған болуы мүмкін. Сондықтан ата-аналар баланың мінез-құлқының өзгеруіне негіз болған себептерді анықтап, оның немен байланысты орын алғанын түсінуі керек. Кейде бас жарақатына байланысты балаларда астения кездесетін жағдай орын алады. Оны жалқаулықпен шатастыруға болмайды. Сондықтанда бала ойнап жүргенде бас жарақатын алса оны міндетті түрде дәрігерге көрсетіп, ден саулығын тексертіп алған жөн. Педагогтар мен ата-аналар бала өмірінде орын алатын көптеген жағдайларды толық түсінгенде ғана оны шамадан артын зорланудан сақтауға мүмкіндік туады.

Зерттеу барысында балалардың шамадан артық эмоционалдық зорлануының көрініс беру түрлері стресс, мазасыздану, депрессияға ұшырау, агрессияның анық байқалуы, депривация түрлерінің орын алуы, мектептік адаптациясының төмен болуы, шатақ мінез көрсетуі, сабаққа, мектепке деген ынтасының төмендеуі, ашушаң, ызақор болуы және ден саулығына байланысты жағдайлар деп анықтадық.

Мектеп жасындағылардың, әсіресе бастауыш сынып оқушыларының стресс жағдайы жиі кездеседі, өйткені бұрынғы жүгіріп, ойнап жүрген балалар партада тапжылмай сабақ оқуы жүйке жүйесіне біршама салмақ түсіріп, қинайды.

Мектепте оқитын балалардың оқу белсенділігіне байланысты балалардың психоэмоционалдық жағдайы әртүрлі болатыны байқалған. Л.И.Прихожанның /36/ зерттеуі бойынша елгезек, жылдам қимылдайтын, жақсы оқитын оқушылардың психоэмоционалдық жағдайы тұрақты болады да олардың саны 54 %. Нашар оқитын, қимылдары сылбыр балаларда психоэмоционалдық жағдайының нашар болатындары - 20%-ке жақын болып, олардың басым көпшілігі эмоционалдық шамадан артық зорлану жағдайында жүретіндігі дәлелденген. Осы көрсетілген стресс жағдайы мен балалардың қарым-қатынасқа икемділігінің нашар болуының өзара қатынасы балалардың сынақ жұмыстарын орындау барысында, тақта алдында жауап берген кезінде айқын көрінеді.

Бастауыш сынып оқушыларында жиі кездесетін қиындықтар мектепішілік қарым–қатынаспен байланысты орын алады. Өсіп дамып келе жатқан бала бойында алуан түрлі қасиеттер байқалады. Осы бір көп сырлы қасиеттердің жағымды және жағымсыз жақтарымен қатар елеусіз мінез көріністері де бала бойында болады. Бала мінезінің жағымды жақтарына қайырымдылық, инабаттылық, сыйлаушылық, тілалғыштық, шынайы адалдық, жақсы-жаманды айыра білушілік, алдағы өмір жолына ұмтылушылық жатса, ал нашар мінез көріністеріне тұрақсыздық, өтірік айтушылық, өзімшілдік, беймазалық, ұшқалақтық сияқты қасиеттер жатады. Бала бойында назар салып бақылағанда байқалатын қасиеттерге: өзіне-өзі сын көзбен қарап, мінездегі кемшіліктерді сезіну, әділетті, әділетсіздікті аңғаруы ойлаған мақсатын орындап шығу үшін шыдамды болуы мен іскерлігі жатады. Егер кішкентай кезінен бала мінезіндегі көріністер өмірімен сабақтасып, тәрбиемен ұштасса, ол қайырымды, байсалды, бір сөзді, батыл жүректі, табанды болып ер жетеді, ал олардың бойында ынжық мінез қалыптасса біртіндеп ол сылбырлық, жалқаулық, күйгелектік, қорқақтық, мылжындық мінездерге айналады. Бала өскен сайын көп көріп, естіп білуге ұмтылады. Өз ойын айту, басқалармен қарым-қатынас жасау, достасу, пікірлесу сияқты мінез-құлық көріністері қалыптасады.

Мінез-құлқында қиындығы бар оқушыларды анықтап, қиындықтар не себептен пайда болатынын жүйеге келтіріп мына кесте арқылы көрсетуге болады.
Қиындықтар түрлері



Мінез-құлқындағы қиындықтардың түрлері

Зерттеген

психологтар



Мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болу себептері

1.

Эмоциялық өріс (сезім әрекетіне бой алдырғыш); ашуланшақ, долы, өкпелегіш, өзіне-өзінің көңілі толмаушылық, жалқаулық, жылауықтық т.б.

Е.Е.Кравцова.

А.А.Нурахунова,

В.В.Степанова


Отбасының әлеуметтік тұрмысына байланысты: толық емес отбасы, жағдайы жоқ отбасы және т.б.

2.



Еріктік өріс (ашушаң, қыңыр, сенімсіздік, қызғаншақтық, өтірік айту, өзімшілдік т.б.)

А.В.Запорожец,

Л.С.Выготский,

т.б.


Жеке тұлғаның дамуында психологиялық бірізді жүйенің болмауынан

3.


Танымдық өрісінің бұзылуы. Бала дамуындағы өнімсіз әрекеттердің басымдығы, дұрыс ойлай алмауы, жалпы танымдық әрекеттерінің жетілмегендігі т.б.

Л.С.Выготский,

Л.В.Занков,

А.Н.Леонтьев,

Л.А.Венгер


Психологиялық заңдылықтар бойынша жеке тұлғаның бойындағы қабілеттіктерді байқап, дамыта алмаушылық.

Осы қиындыққа кездескен балалардың басым көпшілігінде психоэмоционалдық үйлеспеушілік орын алады да олардың қиындықтары қоршағандарға да көптеген ыңғайсыздық тудырып отырады. А.Бектің зерттеулерінде бала алдында тұрған қиындықтар біртіндеп олардың мінез-құлқындағы үйлеспеушілікке алып келеді деп көрсеткен. Ата-аналардың баларға қойатын талаптарының өте жоғары дәрежеде болуы және оны толық орындауға баланың шамасы келмейтіндігі, баланың күнделікті өте қатаң сынылуы, өзгелермен қарым-қатынас құрудағы және эмоционалдық көмек алудағы қиындықтар біртіндеп шамадан артық эмоционалды зорлануға алып келеді.

«Оқушылардың шамадан артық эмоционалды зорлануы және одан шығару жолдары» тақырыбында жүргізген дипломдық зерттеу нәтижесінде келесі қорытынды жасадық.

1. Адамдардың шамадан артық эмоционалды зорлануы туралы ой-пікірлер көптеген ғалымдар еңбектерінде кеңінен талданған. Өтейбойдақ Тлеуқабылұлының «Шипагерлік баян» еңбегінде, Абай Құнанбаевтың өлеңдері мен қара сөздерінде, Құбағұл Жарықбаевтың оқулықтарында эмоционалдық жағдайлар сыныптастырылып, оның түрлеріне сипаттама берілген. Г.Сельенің пікірі бойынша, қолайсыз ықпалыдың әсерінен алдыңғы гипофиз бен бүйрекүсті бездерінің сыртқы қабаты гормондарының артық түзіліп өндірілуі жатады. Сол себептен ол гормондарды Г.Селье адаптациялық (икемділік, бейімділік), гормондары деп атады.

Бүгінгі күнгі көз-қарас бойынша стресс жүйке жүйесі мен ішкі сөлденіс (секреті) бездерінің қатысуымен дамитын организмнің күрделі жүйкелік-гуморалдық серпілісі деп түсіндіріледі. Шын мәнінде көпшілік жағдайларда ұзаққа созылған және жиі қайталанатын қолайсыз ықпалдардан кейінде организм тіршілікке икемділігін жоғалтпай өмір сүре береді. Демек, организм ауыртпалықтарға икемделіп, бейімделе алады деп тұжырымдауға болдады.

2. Бұл проблема психологияда жаңа емес, сондықтан ол көп саладағы зерттеулерде орын алған. З.Фрейд, А.Фрейд, Э.Фромм, А.Адлер, К.Юнг, К.Хорни, Дж. Доллард, Л.Берковитц, С.Розенцвейг т.б. ғалымдар өз еңбектерінде агрессияның табиғатын зерттеу нәтижесінде оның табиғатына нешетүрлі көзқарастар қалыптасты. Г.А.Андеева, В.В.Знаков, Л.П.Колчина, А. Басс, А.Дарки, О.Ю.Михайлова, А.А.Реан, Т.Г.Румянцева, Я.Л.Коломинский т.б. көптеген ғалымдар еңбектерінде балалардың мінез ауытқуларының аныќтамасы мен сипаты, ауытқулардың пайда болу себептері мен шығу көздері талданған, стресс, онымен байланысты орын алатын агрессиялықты зерттеу және коррекциялау мәселелері орын алған.

3. Зерттеу барысында балалардың шамадан артық эмоционалдық зорлануының көрініс беру түрлері стресс, мазасыздану, депрессияға ұшырау, агрессияның анық байқалуы, депривация түрлерінің орын алуы, мектептік адаптациясының төмен болуы, шатақ мінез көрсетуі, сабаққа, мектепке деген ынтасының төмендеуі, ашушаң, ызақор болуы және ден саулығына байланысты жағдайлар деп анықтадық.

Шамадан артық эмоционалдық зорланудың табиғатына байланысты басқа да мінез ауытқуларымен қатарласып жүреді. Әсіресе баланың агрессивті мінез көрсетуіне, мазасыздануға стресс негіз болады. Сонымен қатар шатақ мінез көрсету стереотиптері де стресстің нәтижесі болып келеді. Сондықтан балада көрініс берген шамадан артық эмоционалды зорлануын зерттегенде оған не себеп болғанын анықтау үшін оның мазасыздануын, агрессиясын, шатақ мінезін (Басса-Дарки, Собчик тесті, Флипс тесті, темпераментін анықтау, пиктограмма әдістерімен) зерттеу керек. Зерттеу нәтижесінде балалардың басым көпшілігі мазасызданғыш, экстравертті, агрессивті екені анықталды. Бұл көрсеткіш жалпы балалар арасында өзін өте жоғары бағалау, сондықтан оқытушылар қойған бағаларды менсінбеушілік, соған байланысты ыза қысып, балалардың стресс жағдайында жүргені анықталды. Ал балалар стресс жағдайда агрессивті мінез көрсететіні дәлелденген.

4. Біз зерттеуге 4 сыныпты алғанымыздың себебі бұл жас кезеңіндегі балалардың ата-аналары мектептен қашып жүреді. Психокоррекциялық іс-шаралар барысында ата-аналар мектепті білім беретін, үйрететін орын екеніне көзі жетіп, шақырған кезде келетін болды. Осы көрсеткіш психологиялық қызметтің және коррекция жұмысының қажеттігінің дәлелі болды.

Шамадан артық эмоционалдық зорлануы байқалған балаларға психологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру туралы келесі ұсыныстар жасадық.



  1. Балалармен психокоррекция жұмысы оларды өздерін-өздері диагностикалап, алдыларында тұрған проблемаларды қанығырақ түсінуден бастау керек. Сондықтан балалармен «депрессия қаупі жоқ па?» деген тапсырманы орындаудан бастап, келесі кезеңде психокоррекциялық іс-шаралар жүргізіледі.

  2. Психокоррекцияға балалармен бірге олардың ата-аналарын қатыстырып жүргізілсе ол іс-шараның тиімділігі арта түседі. Психокоррекциялық жұмыс барысында келесі мәселерге ерекше көңіл аудару қажет:

- Баланы әр түрлі жағдайларда өзін-өзі ұстай білуге үйрету;

  • Дау-дамай жағдайында, қатынастың мүмкін болатын жағымды дұрыс жолдарын қарастыру;

  • Адамға деген сенімділік, эмпатия тәрбиесін дамыту;

  • Баланы қоршаған ересектерге әрдайым психологиялық кеңес беу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп отыру;

  • Ата-аналар мен олардың балаларына арналған психологиялық ақпараттарды тарату жағдайларын қарастыру (ата-аналар жиналыстарында, петагогикалық кеңестерде баяндамалар жасау, әр түрлі психологиялық білімін жетілдіру іс-шараларын ұйымдастыру).

  1. Дипломдық жұмыс материалдарын шамадан артық зорлануы байқалған балалармен коррекция жүргізуге және олардың ата-аналарымен психологиялық білім беру жұмысын жүргізуге және студенттерді кәсіби қызметке даярлау барысында пайдалануға болады.






Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет