Аннотация

бет4/8
Дата15.09.2017
өлшемі1,93 Mb.
#33448
1   2   3   4   5   6   7   8

Талдау ережесі

  1. Суреттің парақ бетінде орналасуы.

Суреттің қағаздың жоғарғы жағына жақын орналасуы өзін жоғары бағалаушылықты, ұжымдағы еркін жағдайға қанағаттанбаушылықты, айналасындағылар жағынан жеткіліксіз қызметтілікті білдіреді. Суреттің төмеңгі жағына жақын орналасуы өз-өзіне сеңбеушілікті, өзін төмен бағалауды білдіреді. Егер сурет ортада бейнеленсе, онда балада барлығы нормада деп есептеуге болады.

  1. Фигураның контурлары.

Фигураның контурлары суреттегі шығыңкы жерлердің көріну немесе көрінбеуімен талданады (кедергілердің, тікендердін типтері арқылы), жолды күнгірт салу – мұның барлығы қоршаған ортадан қорғану болып табылады. Егер үшкір бұрыш салса – агрессиялықты, ал егер контурлы жол күнгірт болса – қорғыныш пен мазасыздықты, тікен, қоршау қойылса – қорғаныс епн күдіктілікті білдіреді.

  1. Басып салу.

Суреттерді бағалау кезінде басып салуының трұрақтылығына көңіл аудару керек. Ол тұрақтылықты білдіреді. Жай, әлсіз басып салу – мазасыздықтың пайда болуын бөлунуі, өшіргені көрсетеді.

  1. Көз, құлақ, ауыз т.б. Детальдардың болуы.

Көздің бейнелеуі мәліметтін жағымсыздығын, құлақтың бейнеленуі (үлкен немесе әрбір датальдарын мұқият салу). Өзіне деген айналасындағы адамдардың пікіріне деген қызығушылығы. Ашық штрихталған ауыз – қорқыныштың пайда болуын көрсетеді. Тістер – вербальды агрессияның белгісі.

  1. Адамдарды салу коммуникативті қарым-қатынас ерекшеліктерін білдіреді. Бір- бірімен әртүрлі қарым-қатынастағы балалар (ойнау, оқу әрекеті және т.б.) және олардың араларын бөлетін сызықтың болмауы сыныптастар арсындағы жағымды қарым-қатынасты көрсетеді. Кері жағдайда, оқушылармен қарым-қатынас жасауы қиынға соғатының айтуға болады.

  2. Баланың бейнелеген мұғаліммен жануар арасындағы қарым-қатынас сипаты. Олардың арасында қарама-қайшылық жоқ па, соны бақылау керек. Мұғалім мен оқушы фигуралары бір-біріне деген қарым-қатынаста қалай орналасқан?

  3. Оқу іс-әрекетінің бейнеленуі.

Оқу іс-әрекетті бейнеленбеген жағдайда, балаға мектептің оқудан тыс жақтары қызықтарады. Егер оқушылар, мұғалім, оқу немесе ойын іс-әрекеті жоқ болып, жануарлар мектебін бейнелемесе, онда болады оқушы позициясы әлі қалыптаспаған және өзінің мектептік міндеттерін мойындағысы келмейтінін көрсетеді.

8. Түстік гаммалар.

Ашық, өмірді қуантатын түстер баланың мектептегі жағымды эмоциялық жағдайын көрсетеді. Күнгірт, бұлыңғыр түс жағымсыз және түсіңкі жағдайды білдіреді.

Суретте мектеппен байланысты жағымсыз ассоциация бейлененбеген, оның қолданған түстік гаммалары, бояулары да баланың мектепке деген жағымды қарым-қатынасын білдіреді.

Суретте жағымсыз ассоциация жоқ, түстік гаммалары ашық бейнеленген. Бірақ та оқушыдардың бір-бірін сызықпен сыныптастары арасындағы қарым-қатынастың қиыншылығын білдіреді. Мұғалімнің бағасы өте жоғары. Бала қарым-қатынасқа түсуге қызығады. Бірақ бірде-бір қоянның аузы жоқ, бұл жағдай қарым-қатынасқа түсудегіқиыншылықты білдіреді.

Сурет аяқталмаған, жануарлар боялмаған болса, мұғаліммен оқушы арасындағы айырмашылық нақты емес. Мұғалім тіпті жоқ болуы да мүмкін. Барлық жануарлар өшіргішпен өшіріліп,қайтадан салынған. Қарандашпен қатты бастырылып салынған. Қағаз бүлінген. Бұл суретті балада мектеппен байланысты мазасыздықбар деп талдауға болады. Мұндай жағдайда ситуацияны түсіну үшін баламен қосымша жұмыстар жүргізу керек.

Суретте ішкі агрессияның барлығы, яғни жануарлардың құлақтары мен мүйіздерін үшкір бұрыштармен бейнеленсе, мазасыздықты білдіреді (өшіру).

Балаға мектептің оқудан тыс жақтары қызықтыруы ықтимал. Баланы бас ауруы мазалауы мүмкін.

Жағымсыз ассоциация бар болса (мұғалім-крокодил, бала-қоян), сыныпта агрессия сезіледі (мұғалімде- тістер, тырнақтар,оқушыда- тістер және инелердің болуы). Өзін басқа оқушылар мен мұғалімдерден бөлек айқын қою. Сурет бойынша әңгімелесуде бала өзін сыныпта еркін сезінбейді екен. Сыныптастарымен қарым-қатынаста қиыншылық болуы мүмкін.

Мектепке бейімделуді тексеруде жүргізілген бақылаулар, әңгімелесулер, сауалнамалар «Жануарлар мектебі» әдістемесін толық дәлелдеп берді. Осының негізінде бірінші сыныптарға адаптациялық курстар, тренингтік жаттығулар өткізілді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде көп балалардың мәселелері шешілді.

Осының негізінде «Жануарлар мектебі» әдістемесі балалардың оқу барысында пайда болатын қиындықтарды анықтап, оны шешуге және оны уақытында балаға көмектесуге негіз болады.

Жануарлар мектебі әдістеме бойынша зерттеу нәтижесі

Баланың аты

Сурет мазмұны

1

Асылжан

Суреттегі кейіпкерлер ақиқат мектеп өмірімен байланысты, оқушылар мен оқытушылар арасындағы ынтымақтастық байқалады, мектепке қатынасы жақсы

2

Арман

Суреттегі кейіпкерлер ақиқат мектеп өмірімен байланысты, оқушылар мен оқытушылар арасындағы ынтымақтастық байқалады, мектепке қатынасы жақсы

3

Әсем

Мекетеппен байланысты өзінің ыңғайсыз сезімдерін аңдар бейнесімен анық көрсеткен, бала мазасыздануы мектеп өмірімен өмірімен байланысты

4

Әсел

Суреттегі кейіпкерлер ақиқат мектеп өмірімен байланысты, оқушылар мен оқытушылар арасындағы ынтымақтастық байқалады, мектепке қатынасы жақсы

5

Бағлан

Мектептегі оқу процесімен байланысты көрініс берілген, оқуға, мектеп өміріне, оқытушыларға деген қатынасы оң белгіде, оқуда табысты болу мотивациясы анық байқалады

6

Баян

Мектептегі оқу процесімен байланысты көрініс берілген, оқуға, мектеп өміріне, оқытушыларға деген қатынасы оң белгіде, оқуда табысты болу мотивациясы анық байқалады

7

Бақберген

Суреттегі кейіпкерлер ақиқат мектеп өмірімен байланысты, оқушылар мен оқытушылар арасындағы ынтымақтастық байқалады, мектепке қатынасы жақсы

8

Қалығаш

Мекетеппен байланысты өзінің ыңғайсыз сезімдерін аңдар бейнесімен анық көрсеткен, бала мазасыздануы мектеп өмірімен өмірімен байланысты

9

Құрмет

Суреттегі кейіпкерлер ақиқат мектеп өмірімен байланысты, оқушылар мен оқытушылар арасындағы ынтымақтастық байқалады, мектепке қатынасы жақсы

10

Мақсат

Мектептегі оқу процесімен байланысты көрініс берілген, оқуға, мектеп өміріне, оқытушыларға деген қатынасы оң белгіде, оқуда табысты болу мотивациясы анық байқалады

11

Мөлдір

Мекетеппен байланысты өзінің ыңғайсыз сезімдерін аңдар бейнесімен анық көрсеткен, бала мазасыздануы мектеп өмірімен өмірімен байланысты

12

Мұқит

Суреттегі кейіпкерлер ақиқат мектеп өмірімен байланысты, оқушылар мен оқытушылар арасындағы ынтымақтастық байқалады, мектепке қатынасы жақсы

13

Марина

Мектептегі оқу процесімен байланысты көрініс берілген, оқуға, мектеп өміріне, оқытушыларға деген қатынасы оң белгіде, оқуда табысты болу мотивациясы анық байқалады

14

Нағима

Мектептегі оқу процесімен байланысты көрініс берілген, оқуға, мектеп өміріне, оқытушыларға деген қатынасы оң белгіде, оқуда табысты болу мотивациясы анық байқалады

15

Нұрбота

Суреттегі кейіпкерлер ақиқат мектеп өмірімен байланысты, оқушылар мен оқытушылар арасындағы ынтымақтастық байқалады, мектепке қатынасы жақсы

16

Оксана

Мекетеппен байланысты өзінің ыңғайсыз сезімдерін аңдар бейнесімен анық көрсеткен, бала мазасыздануы мектеп өмірімен өмірімен байланысты

17

Перизат

Суреттегі кейіпкерлер ақиқат мектеп өмірімен байланысты, оқушылар мен оқытушылар арасындағы ынтымақтастық байқалады, мектепке қатынасы жақсы

18

Полат

Мектептегі оқу процесімен байланысты көрініс берілген, оқуға, мектеп өміріне, оқытушыларға деген қатынасы оң белгіде, оқуда табысты болу мотивациясы анық байқалады

19

Разия

Мекетеппен байланысты өзінің ыңғайсыз сезімдерін аңдар бейнесімен анық көрсеткен, бала мазасыздануы мектеп өмірімен өмірімен байланысты

20

Феруза

Мекетеппен байланысты өзінің ыңғайсыз сезімдерін аңдар бейнесімен анық көрсеткен, бала мазасыздануы мектеп өмірімен өмірімен байланысты

21

Шынар

Суреттегі кейіпкерлер ақиқат мектеп өмірімен байланысты, оқушылар мен оқытушылар арасындағы ынтымақтастық байқалады, мектепке қатынасы жақсы

22

Эльмира

Мектептегі оқу процесімен байланысты көрініс берілген, оқуға, мектеп өміріне, оқытушыларға деген қатынасы оң белгіде, оқуда табысты болу мотивациясы анық байқалады

Менің отбасым кешқұрым пиктограмма әдістемесі.

Мақсаты: баланың отбасындағы қарым-қатынасын және статусын диагностикалау.

Пиктограмманың ерекшелігі оған қатысушының өзін-өзі бақылауы, қарым-қатынас ерекшеліктері, баланың отбасындағы әр адамға көзқарасы, мазасыздануды шиеленіс жағдайлар санадан тыс көрініс береді. Отбасындағы жағдайды баланың өзі де, ата-анасы да өте жақсы бағалауы мүмкін.Дегенмен астыртын әсерін тигізетін факторлар болып агрессиясын жоғарылатып, мазасыздануын толғандырып жіберуі мүмкін.

Құрал-жабдықтар: бір парақ қағаз, түрлі-түсті қалам, өшіргіш.

Зерттеу барысы: Мына параққа өз отбасыңның суретін сал. Отбасындағы әрбір адамның белгілі бір іспен айналысып жатқанын көрсеткен дұрыс болады деп тапсырма түсіндірілгеннен соң оны бала салады. Суретті бала салып болғаннан соң, онымен әңгімелесе отырып, келесі сұрақтарға жауап алу керек:

а). Мына суретте кімнің отбасы салынған, өзінің, қандай да бір досының немесе ойдан шығарған кейіпкерлер болуы да мүмкін.

б). Бейнеленген кейіпкерлер қай жерде және қазіргі кезде немен айналысып тұрғанын көрсету.

в). Егер әрбір кейіпкерді бөлек алатын болсақ, онда оның қай жынысқа жататынын, отбасында қандай роль атқаратынын анықтау.

г). Олардың арасындағысының қайсысы сүйкімді және неге, қайсысы қайғылы және оның себебі неде, бала олардың қайсысын және не үшін ұнатады?

д). Егер кейіпкерлердің барлығын жеңіл көлікпенен серуенге алып бара жатырсаң, бірақ, өкінішке орай олардың біреуіне орын жетпейтін болса, кімді үйде қалдырар еді?

е). Егер балалардың біреуі өзін тәртіпсіз ұстаса, онда ол қалай жазаланатынын көрсетіп беру.

Суреттер бойынша интерпретация келесі 4 құрамды бөліктен тұрады:

1. Суреттің құрылымын талдау.

2. Отбасы мүшелерінің орналасуы және олардың өзара әрекеттесуінің ерекшеліктері.

3. Отбасы мүшелерін салу реті және олардың сыртқы көрінісіне көңіл аударуы.

4. Суретте қолданылған символикалар және оның мағынасын талдау.

Сыныпта өткізілген «Менің отбасым кешқұрым» пиктограмманың нәтижесі:

Зерттеушілердің отбасында өзін ыңғайлы сезінуінің көрсеткіштері

Зерттенушілер саны (пайызы)

Жоғары

Орта

Төмен

9,1%

27,3%

63,6%

Көрсеткіштер зерттелінушілер отбасындағы қарым-қатынастың тәлім-тәрбиелік мағынасы төмен екенін көрсетеді. Өйткені балалардың 63,3 пайызы өздерін ыңғайсыз сезінеді, олар өздерінің туысқандарына сенім білдірмейді және өмірінде болған табыссыздыққа соларды кінәлі деп есептейді.Сондықтан олардың отбасындағы жағдайын төмен деп бағаладық.

Зерттенушілердің 27,3 пайызының қарым-қатынасы орта деп бағалады. Олардың отбасында жақсы көретін адамдары бар, туған-туысқандарымен қарым-қатынастары бар, сенім білдіретіндері де бар. Тек олар өзін отбасында кішкентай адаммын, басқаларды ата-анам менен гөрі жақсы көреді, оларға ең жақсы киім, жақсы орын даярладық деп түсінеді.

Балалардың 9,1 пайызының отбасындағы жағдайы өте жақсы, ата-аналары оларды көретініне сенеді, олардың өз болашағына үлкен үмітпен қарайтындығы анықталды. Зерттелінген 11 сынып оқушылары мектеп бітіріп, өз бетімен өмірдегі жолын тауып алу кезеңінің табалдырығында тұрғандығы олардың мазасыздану деңгейін жоғарылатып, көп нәрсесін болжамдауы қажеттілігі туып отырған балалар. Сондықтан олардың мазасыздану деңгейі жоғарылап, уайымы айқын байқалуда. Балалардың осы проблемаларын ескере отырып, оларды түзету-дамыту тренингінен өткізу қажет екені байқалады.

Пиктограмма «Отбасы суреті» әдістемесінің нәтижесі.

Балалардың аты

Балалар салған суреттің интерпретациясы

1

Асылжан

Эгоцентризм, қарым-қатынасқа қызығады және икемділігі жоғары, үлкендерге сенімі анық байқалады, мазасыздануы орта, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, дербес.

2

Арман

Эгоцентризм, қарым-қатынасқа қызығады және икемділігі жоғары, үлкендерге сенімі анық байқалады, мазасыздануы орта, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, дербес.

3

Әсем

Эгоцентризмі анық байқалады, басқаларға сенімі төмен, өзін отбасында кішкентай адам деп сезінеді, қорқақ, мазасыздануы жоғары.

4

Әсел

Эгоцентризм, қарым-қатынасқа қызығады және икемділігі жоғары, үлкендерге сенімі анық байқалады, мазасыздануы орта, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, дербес.

5

Бағлан

Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары, сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм

Эгоцентризмі анық байқалады, сенімі төмен, қорқақ, өзін отбасында шектеулімін деп есептейді, мазасыздануы жоғары.

Зерттелінген төртінші сынып оқушыларының отбасындағы жағдайлары әртүрлі болды, дегенмен басқа сыныптарға қарағанда, жақсы көрсеткіштермен сипатталды. Дегенмен балалардың эгоцентризмі және мазасыздану діңгейі көңіл аударатындай жоғары екендігін анықтадық. Балалардың осы проблемаларын ескере отырып, оларды түзету-дамыту тренингінен өткізу қажет екені байқалады.

«Оқу мотивациясын анықтау» сауалкамасы.

Оқу мотивациясы деңгейін бағалау үшін Н.Г.Лусканов арнайы сауалнама ұсынды. 10 сұрақтың жауаптары 0-ден 3 балға дейін бағаланады (теріс жауап -–0 балл, бейтарап -1 балл, оңжауап -–3 балл). 30-25 балл жинаған оқушылар мектепке бейімделуінің жоғары деңгейін. 20-24 балл ортаңғы норманы, 15-19 балл ішкі мотивацияны, 10-14 балл және одан төменгі балл -–мектепке деген теріс қарым-қатынасын, яғни мектеп дезадаптациясын көрсетеді.

Сауалнама сұрақтары.

1. Саған мектеп ұнайда ма немесе ұнамайды ма?

2. Таңертең сен уйқыдан тұрғанда мектепке қуанышпен барасың ба, әлде үйде қалғың келеді ме?

3. Егер мұғалім мектепке ертең барлығыңның келуің шарт емес, келгісі келген оқушылар ғана келсін десе, сен коррекция сабаққа келесің бе, әлде үйде қаласың ба?

4. Кейбір сабақтың болмай қалуы саған ұнайды ма?

5. Саған үй тапсырмасын бермегенін қалайсың ба?

6. Сен сабақта үзілістің көп және ұзақ болғанын қалайсың ба?

7. Сен ата-анаңа мектеп жайында жиі айтасың ба?

8. Саған мұғалімнің қатал болғаны ұнайды ма?

9. Сенің сыныпта достарың көп пе?

10. Сыныптастарың саған ұнайды ма?

Оқу мотивациясының динамикасын бағалау үшін сауалнамада сұрақтар қайталанып келеді. Оқу мотивация деңгейінің төмендеуі баланың мектеп дезадаптациясының кұрсеткішін, ал оның жоғарылауы -–оқудағы және дамудағы оң динамикасын білдіреді.

Жүргізілген зерттеулер оқушының мектепке бейімделуінің үш деңгейін бөліп кұрсетеді:

Жоғары деңгей -–оқушының мектепке қатынасы оң; берілген талаптарды адекватты қабылдайды; оқу материалдарын оңай меңгереді; мәліметтерді толық игерген; мұғалімнің айтқандарын мұқият тыңдайды; тапсырмаларды сыртқы бақылаусыз-ақ орындайды; ұзіндік жұмысқа, барлық пәндерге қызығушылықпен қарайды; тапсырмаларды мұқият орындайды; сыныпта жоғары мәртебеге ие.

Ортаңғы деңгей -–оқушының мектепке қатынасы оң; оқу материалдарын түсінеді; бағдарламаның негізгілерін меңгереді; тапсырмаларды өзбетінше орындайды, тапсырмаларды орындауда мұқият, бірақ бақылауды талап етеді; коррекция сабаққа қызығушылықпен дайындалады: сыныптағы көп оқушылармен достық қарым-қатынас жасайды.

Төменгі деңгей -–оқушының мектепке қатынасы теріс; денсаулығының нашарлығына реніш білдіреді; көңіл-күйінің нашарлығын көрсетеді; тәртіп бұзады; оқу материалдарын фрагментарлы меңгереді; өзіндік тапсырмаларға қызығушылық көрсетпейді; коррекция сабақтарға немқөрайлы дайындалады; бақылау мен көмекті үзілісті қажет етеді; пассивті; сыныпта жақын достары жоқ.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8

©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет