Қарапайымдылар



Pdf көрінісі
бет19/37
Дата09.12.2023
өлшемі320,24 Kb.
#196164
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37
Байланысты:
Қарапайымдылар
Ағылшын тілінде ең жиі қолданылатын 700 сөз
Зәр шығару жүйесі
- протонефридиялы. Денесінің бүйірі жағынан ұзына бойына созылған екі негізгі зәр 
шығару түтіктері өтеді. Зәр шығару жүйесіндегі бүйірлі түтіктерден дене ішіне (паренхимаға) қарай 
көптеген түтікшелер тарап, олар бос ұшында жұлдыз тәрізді "кірпікше жалынды" терминальды 
клеткалармен аяқталады. Терминальды клетклар арқылы жиналған несеп заттар түтікшелерге өтіп, негізгі 
түтіктер арқылы сыртқа шығарылады.
Қан айналу және тыныс алу жүйесі болмайды
. Анаэробты жолымен тыныс алады.
Нерв жүйесі, сезім мүшелері нашар дамыған
. Орталық жүйке жүйесі жұп ми түйінінен тұрады. 
Сезім 
мүшелері
денесінің беткі жағында сезу клеткалары түрінде шашырап таралған. Көп мелшерде олар бас 
бөлімінде (сколексте) кездеседі.
Жыныс жүйесі
гермафродитті, құрылысы жағынан сорғыштарға ұқсас, бірақ таспа құрттардың әр түрлі 
топтарының жыныс мүшелерінің пішіні, орналасуы, саны жағынан әр түрлі болатыны байқалады (мысалы,
бірқатар түрлерінің жыныс тесігі құрсақ немесе арқа жағында ашылады; кейбір түрлерінің жыныс бездері 
біреу болса, екіншілерінде жүзден асады, т. б.).
ЖҰМЫР ҚҰРТТАР немесе АЛҒАШҚЫ ҚУЫСТЫ ҚҰРТТАР ТИПІ
-NEMATHELMINTHES немесе ASHELMINTHES
Жұмыр құрттардың көптеген түрлері теңіздер мен мұхиттарда, тұщы суларда, топырақта қозғалып өз 
бетімен тіршілік етсе, біразы өсімдіктер мен жануарлардың, адамның паразиттері. Бұлардың планета 
биосферасында кездеспейтін ортасы жоқ. Сондықтан бұлар космополиттік топ болып табылады.
Жұмыр құрттардың жалпақ құрттардан басты айырмашылығы, ішкі мүшелерінің арасында дене 
қуысының болуы. Бұл қуыстың өзіндік қабырғасы болмағандықтан оны алғашқы қуыс немесе схизоцель деп 
атайды. Сондықтан кейде жұмыр құрттарды алғашқы қуыстылар деп атайды. Денесінің ішкі қуысындағы 
сұйық заттың біркелкі қысымда болуы оның дене жұмырлығын тұрақты етеді. Құрттардың денесі жұмыр 
болып келетіндіктен типтің аталуы да солай. Типтің негізгі сипаты: денесі бөлшектенбеген 
(сегменттелмеген); зәр шығару жүйесі дамымаған, зәрді денеден тері бездері шығарады, немесе 
протонефридияльды; қан айналу және тыныс алу жүйесі дамымаған; ас қорыту жүйесінде артқы ішегі және 
аналь тесігі дамыған; нерв жүйесі ортогонды, сезім мүшелері нашар дамыған; дара жыныстылар, жыныс 
жүйесінің құрылысы өте қарапайым.
Жұмыр құрттар типі 5 класқа бөлінеді:
• НАҒЫЗ ЖҰМЫР ҚҰРТТАР КЛАСЫ - NEMATODA АДЕНОФОРЕА
КЛАСС ТАРМАҒЫ - ADENOPHOREA СЕЦЕРНЕНТТЕР КЛАСС
ТАРМАҒЫ - SECERNENTEA
• ҚҰРСАҚ КІРПІКШЕЛІЛЕР КЛАСЫ - GASTROTRICHA 
• КИНОРИНХАЛАР КЛАСЫ - KINORHYNCHA
• ТҮКТІ ҚҰРТТАР КЛАСЫ - NEMATOMORPHA
• КОЛОВРАТКАЛАР КЛАСЫ - ROTATORIA


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет