Қарапайымдылар



Pdf көрінісі
бет25/37
Дата09.12.2023
өлшемі320,24 Kb.
#196164
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   37
Байланысты:
Қарапайымдылар
Ағылшын тілінде ең жиі қолданылатын 700 сөз
Жыныс жүйесі қарапайым
. Полихеттер дара жыныстылар. Жыныс диморфизмі байқалмайды. Жыныс 
клеткалары алдыңғы және артқы сегменттерінен басқа барлық, сегменттерінде қуыстың перитонеальды 
эпителий қабатының астында орналасады. Жыныс клеткалары тез бөлініп, жинақталып, сыртынан 
перитонеальды эпителидің жұқа қабатымен қапталады. Осылайша целоммен тығыз байланысты гонада 
түзіледі. Даму барысында алғашқы жұқа перитонеальды эпителимен қапталған гонада жарылады да, 
жұмыртқалары немесе сперматозоидтары целом қуысына түседі. Осы жерде жұмыртқалар дамып жетіледі.
Полихеттерде жынысты көбеюмен бірге жыныссыз көбею де байқалады. Мысалы, Nereidae, Eunicidae 
тұқымдастарының өкілдері жынысты және жыныссыз жолмен де дамиды. 
БЕЛДЕУЛІЛЕР ТИП ТАРМАҒЫ - CLITELIATA
Бұл тип тармағының өкілдері топырақта, тұщы суларда тіршілік ететін, гермафродита, жыныс 
сегменттеріңнде белдеу аймағы (clitellum) бар, личинкасыз дамитын жануарлар. Тип тармағы екі класқа 
бөлінеді: азқылтандылар - Oligochaeta және сүліктер - Hirudinea.
АЗҚЫЛТАНДЫЛАР КЛАСЫ - OLIGOCHAETA
Олигохеттердің 3400-ге жуық түрі бар. Топырақта, тұщы суларда тіршілік ететін гермафродит буылтық 
құрттар. Жыныс жүйесі денесінің алдыңғы сегменттерінде жинақталған.
Құрылысы мен физиологиясы
. Денесі созылыңкы, ұзындығы 0,5 мм- ден 3 метрге дейін. Сегменттері 
біркелкі (гомономды), саны 30-дан 600-ге дейін, кейде 7-9 болады. Бас қалақшасында простомиумда 


көздері, антенналары, пальпалары дамымаған. Сегменттеріндегі параподиялары жойылып, тек сирек 
орналасқан қылтандары сақталған, сондықтан құрттарды азқылтандылар деп атайды. Әрбір сегменттінде 8 
дана қылтаны болады, олар бүйір және құрсақ жағында жұптасып жатады. Денесінің соңында аналь бөлімі 
- пигидиум орналасқан. Жіңішке созылмалы кутикуланы түзетін тері эпителиясы кілегейлі без клеткаларына 
бай. Бұлар әсіресе белдеу төңірегінде көбірек. Эпителидің астында жақсы жетілген сырты сақина тәрізді, 
іші - тығыз орналасқан ұзына бойы бұлшықеттерден құралған тері-бұлшықет қапшығы жатады. Кең, жақсы 
дамыған целом қуысы диссепиментпен және құрсақ мезентериімен бөлінген. Арқа мезентериясы жоқ. Іш 
қуысы целотелимен астарланған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   37




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет