Қарапайымдылар



Pdf көрінісі
бет28/37
Дата09.12.2023
өлшемі320,24 Kb.
#196164
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37
Байланысты:
Қарапайымдылар
Ағылшын тілінде ең жиі қолданылатын 700 сөз
Зәр шығару жүйесі
- метанефридиялы. Бір қабатты клеткаларымен қапталған нефридиялық түтіктері 
дененің бүйір жағында метамерлі орналасқан. Бұл түтіктер нефропора (шығарғыш тесіктер) арқылы сыртқа 
ашылады. Медициналық сүлікте 17 жұп нефридиялары бар.
Сүліктердің нефридияларының негізгі ерекшелігі - нефростома (кірпікшелі воронка) мен нефридиялық 
түтігі жалғасқан жерінде екеуінің де ұшы тұйық бітеліп, нефростомаға жиналған несеп заттар оның 
қабырғасы арқылы нефридия түтігіне осмостық жолымен сіңіріледі де, сыртқа шығарылады. 
Тыныс алу мүшесі
дамымаған, бүкіл денесімен, ал теңіздерде тіршілік ететін Branchellion туысының 
өкілдері дене сегменттерінің бүйіріндегі орналасқан желбезектері арқылы тыныс алады.
Қан айналу жүйесі
целомға байланысты әр түрлі құрылысты. Қылтандылар (Acanthobdellida) отрядының 
өкілдерінде целом қуысы сақталып, ішіндегі жатқан ұзын арқа және құрсақ қан тамырлары сақиналы
тамырларымен жалғасып, тұйықталған. Тұмсықты (Rhynchobdellida) сүліктер отрядының өкілдерінде целом 
қуысы редукцияланып, оның қалдығы 4 ұзына бойы созылған түтіктер немесе лакуналар (синустар) түрінде 
болады: арқа, құрсақ және екі бүйірлі. Олар бір-бірімен көлденең сақиналы өзектер торымен байланысады. 
Сөйтіп тұмсықты сүліктердің қан тамырлары мен лакуналар жүйесі сақталады. Ақырында, жақты 
(Gnathobdellida) сүліктер отрядының өкілдерінде қан тамырлары түгелімен жойылып, қан айналуды
лакунарлық жүйе атқарады. Лакунарлық жүйенің сұйық заты қан сияқты қызыл (еріген гемоглобині 
болуынан) және ішіңде амебоцид клеткалары кездеседі.
Нерв жүйесі
буылтық құрттарға тән жұп жұтқыншақ үсті, жұтқыншақ асты ганглиядан, екі жұтқыншақ 
айналасындағы коннективтен және құрсақ тізбегінен құралған. Нерв түйіндерінен дене бөліктеріне нервтер 
таралады. Құрсақ тізбегі 20 және сдан да көп ганглиялардан тұрады, әрқайсысы бір сегментке сәйкес. 
Жұтқыншақ асты ганглиясы 4 ганглияның қосылуынан, ал артқы ганглиясы ірі 7 ганглияның қосылуынан 
пайда болған.
Сүліктерде кең тараған сезім мүшелерінің бірі - әрбір сегментінде бір қатар көлденең орналасқан "бокал 
тәрізді" (кейде сезім бүршігі деп те атайды) мүшелер. Бокал тәрізді мүше - ұзынша келген сезгіш 
эпителиальды клеткалар, бұларға нерв ұштары жалғасады, денесіне жанасқан әсерді сүлік сол арқылы 
сезеді. Бокал тәрізді мүшенің қызметі әлі зерттелмеген, бірақ химиялық әсерді сезеді деп болжайды.
Жыныс жүйесі
- гермафродитті. Медициналық сүліктің (Hirudo medicinalis) аналық жүйесі ұрық 
қапшығының ішінде орналасқан, тек бір жұп жұмыртқа безінен тұрады, одан жұмыртқа жолы шығып қысқа 
жатынға қосылады. Жатын кең бұлшыкетті қынапқа жалғасады. Жыныс тесігі құрсақ жағында аталық 
шағылыс мүшесінің жанында ашылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   37




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет