Қарапайымдылар



Pdf көрінісі
бет26/37
Дата09.12.2023
өлшемі320,24 Kb.
#196164
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37
Байланысты:
Қарапайымдылар
Ағылшын тілінде ең жиі қолданылатын 700 сөз
Ас қорыту жүйесі
дененің простомиум сегментінде орналасқан ауыз тесігінен басталып, ауыз қуысынан, 
жұтқыншақтан, өңештен (кейде жемсаудан), бұлшық етті қарыннан, ортаңғы және артқы ішектен, аналь 
тесігінен тұрады. Жауын құртының (Lumbricus terrestris) өңешіне үш жұп ерекше ізбесті бездер (моррен 
бездері) ашылады. Олар қан тамырларымен тығыз байланысты және қандағы жиналған карбонаттарды 
шығару қызметін атқарады.
Зәр шығару жүйесі
метанефридиялы, сегменттеліп орналасқан нефридиялардан тұрады. Құрылысы 
көпқылтанды құрттар жүйесіне ұқсас. Ортаңғы ішекгің және қан тамырларының сыртқы бетін жауып 
тұратын хлорагогенді клеткалар да зәр шығару қызметін атқарады. Хлорагогенді клеткалардың ыдырау 
өнімдері бір-біріне қосылып, жабысып "коңыр денешіктерді" түзейді, бұлар целом қуысына өтеді де, ерекше 
арқа поралары арқылы сыртқа шығарылады.
Тыныс алуы
бүкіл денесімен өтеді. Терісіндегі капиллярлар тығыз тор түзейді де, газ алмасуды 
қамтамасыз етеді.
Қан айналу жүйесі
көпқылтандылардың жүйесіне ұқсас: арқа және құрсақ қан тамырларынан тұрады. 
Негізгі қан тамырларынан және сақиналы тамырларынан капиллярлар тарайды. Олар ішекті торлап жатады. 
Ішектен қорытылған заттар капиллярлар арқылы қанға өтіп бүкіл денеге таралады. Қан айналу жүйесі 
тұйық. Жауын құртының қанында еріген гемоглобин болады, сондықтан оның қаны қызыл түсті.
Нерв жүйесі
барлық буылтық құрттарға тән жұп жұтқыншақ үсті, жұтқыншақ асты ганглиядан, 
жұтқыншақ айналасындағы коннективтен және құрсақ нерв тізбегінен құралған. Нерв түйіндерінен 
денесінің бөлектеріне нервтер таралады.
Сезім мүшелері
нашар жетілген, көздері болмайды, бірақ жауын құрттар терісінде жеке шашырап 
орналасқан сезгіш клеткалары арқылы жарықты сезеді.
Жыныс жүйесі
гермафродитті. Жыныс мүшесінің құрылысы, орналасуы, сан мөлшері жағынан бірқатар 
ерекше өзгешеліктері болады.
Олигохеттер жыныстық көбеюмен катар жыныссыз жолмен де көбейеді: архитомия және паратомия 
жолымен. Архитомия жағдайында кұрттың денесі бірнеше бөліктерге немесе сегменттерге ыдырап
олардың әрқайсысы қайтадан қалпына келіп, тұтас организм пайда болады. Паратомия жағдайында құрттың 
денесінде регенерациялық аймағы пайда болады да сегменттер тізіле бастайды: алдыңғы аймақтан артқы 
бөлімі, ал артқы аймақтан бас бөлімі құрылады. Артқы бөлімнің алдыңғысынан бөлінуінің баяулығы сонша, 
әрбір жас особь пайда болғалы жаңа бөлінуге дайындала бастайды. Осылайша Stylaria lacustris, Chaetogaster 
limnaei, Aeolosoma және басқаларында 4, 6 немесе одан да көп особьтан тұратын тізбек пайда болады, кейін 
әр тізбек жеке особьтарға бөлініп кетеді.
Олигохеттердің регенерациялық қабілеті күшті дамыған, әсіресе жыныссыз жолымен көбейетіндерде. 
Мысалы, Lumbriculus туысының өкілдері 9-13 үзілген сегменттен, тіпті бір сегменттен де қайтадан жетіліп,
тұтас организмге айналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   37




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет