Қарапайымдылар


МОЛЛЮСКАЛАР ТИПІ - MOLLUSCA



Pdf көрінісі
бет29/37
Дата09.12.2023
өлшемі320,24 Kb.
#196164
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   37
Байланысты:
Қарапайымдылар
Ағылшын тілінде ең жиі қолданылатын 700 сөз
МОЛЛЮСКАЛАР ТИПІ - MOLLUSCA 
Моллюскалар (латынша mollus - жұмсақ, былқылдак) немесе жұмсақ денелілер, олигомерлы 
көпқылтанды буылтық кұрттардан (Polychaeta) тараған, өз алдына жеке оқшауланған тип. 130 000-нан аса 
түрі бар. Мұхиттарда, теңіздерде, тұщы су қоймаларында және қүрлықта тіршілік етеді. 


Моллюскалар мынадай белгілерімен ерекшеленеді: денесі сегменттерге бөлінбеген, тек кейбір төменгі 
сатыдағы өкілдерінде метамерияның белгілері байқалады; целом қуысы личинка сатысында жақсы дамып 
ересек түрлерінде ол жүрек айналасындағы қапшық (перикардия), гонада куысы және саңылаулар немесе 
синус, лакуналар түрінде қалған; ішкі мүшелерінің арасындағы бос куыстар дәнекер тканімен (үлпалармен) 
толған; екі жақғы симметриялы жануарлар, бірақ бауыраяқты моллюскалар (Gastropoda) өкілдерінің 
бақалшағы оралуына (бұралуына), соған сәйкес дене мүшелерінің де оралуына байланысты, олардың денесі 
асимметриялы болып қалыптасқан.
Моллюскалардың денесі бас, тұлға, аяқ немесе тек тұлға және аяқ (қосжақтаулылар класы) белімдерінен 
тұрады. Көбінесе тұлға бөлімі қапшық тәрізді болып, арқасына қарай өседі, оны ішкі немесе висцеральді 
капшық деп те атайды. Аяқ — бұлшықеті, бауыр жағына қарай жалпиып орналаскан, түлға бөлімінің 
өсіндісі. Бұлшықеттерінің жиырылып созылып тұруы салдарынан моллюскалар субстрат бойымен баяу 
жылжиды. 
Моллюскалардың денесі кутикула қабатымен қапталынған, ал оның сыртын тек моллюскаларға тән, 
бірқабатты эпителиден кұралған, 
мантия
деп аталатын үлкен тері қатпаршағы жауып тұрады. Мантия мен 
дененің аралығында мантия қуысы пайда болып, онда желбезектері, кейбір сезім мүшелері (осфрадиялар) 
орналасады және бүйрек пен жыныс бездерінің, артқы ішектің тесіктері ашылады. Осы құрылымдар, (жүрек 
пен бүйректерді қоса) мантия жинаш немесе мантия комплексі деп аталады.
Моллюскалардың тағы бір ерекшелігі — 
бақалшақтың 
болуы. Ол мантия жабынында орналасқан 
көптеген тұрлі бездердің шығарған секреттерінен түзіледі. Дененің сыртқы жағында орналасып, қорғаныш 
қызметін атқарады. Бақалшақ үш қабаттан құралады: органикалық заттан тұратын сыртқы қабат немесе 
конхиолин қабаты; ізбесті — ортаңғы калың кабат және жұқа, жылтыр түсті — ішкі інжу қабаты. Мантия 
жабыны бақалшақты астарлап жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   37




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет