Қарапайымдылар


амебалар  –Amoebina; - қабыршақты амебалар



Pdf көрінісі
бет3/37
Дата09.12.2023
өлшемі320,24 Kb.
#196164
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Байланысты:
Қарапайымдылар
Ағылшын тілінде ең жиі қолданылатын 700 сөз
амебалар 
–Amoebina; -
қабыршақты амебалар
– Testacea; -
фораминифералар
- Foraminifera.
Амебалар отряды – Amoebina
Амебалардың негізгі белгілері: денесінің тұрақты пішіні, қалың қабыршағы, қаңқасының 
болмайтындығы. Денесінің кез келген жерінен уақытша цитоплазма өсінділерін жалған аяқтарын 
шығаратын қасиеттері болады, өкілдерінің жалған аяқтары (псевдоподиялары) әр түрлі пішінді болып 
келеді: саусақтәрізді, мысалы, Amoeba proteus, жебе тәрізді - A. cristalica және басқалары. Амебалардың 
мөлшері әртүрлі - 10-15 микрометрден 2-3 милиметрге дейін. Ядролары біреу немесе көп болуы мүмкін. 
Кәдімгі амеба – Amoeba proteus - тұщы суларда, шалшық сулардың түбінде, топырақтарда көп тараған. 
Клеткасының мөлшері - 0,5 мм. Денесі сыртынан цитоплазмалық мембранамен қапталынған. Цитоплазма 
екі қабат түзейді, ашық түсті,мөлдір сыртқы - эктоплазма, және коңырқай келетін, түйіршікті ішкі – 
эндоплазма. Цитоплазманың ішінде бір ядро және көптеген органоидтар орналасқан.
Амеба жалған аяқтары немесе псевдоподиялары арқылы қозғалады. Бұлар денесінің сыртында өсінділер 
ретінде пайда болып, сол өсінділердің бағытына карай цитоплазма құйылып, ұзын, қысқа, жуан, жіңішке 
немесе доғал болып келген псевдоподиялары пайда болады, сондықтан амебаның тұрақты пішіні де 
болмайды. Амеба бактериялармен, көк-жасыл балдырлармен және ұсақ қарапайымдылармен фагоцитоз 
жолымен қоректенеді. Қорек заттарын жалған аяқтарымен орап алып, цитоплазманың ішіне тартады, содан 
кейін ас қорыту вакуолі түзіледі. Вакуольдағы ферменттер арқылы ас қорытылып, қорытылған зат амебаның 
цитоплазмасына өтеді де, қорытылмаған ас қалдықтары сыртқа шығарылып отырады. Амебалар қорек 
заттарын денесінің кез келген жерінен ұстап алып, қорытылмаған ас қалдықтарын денесінің кез келген 
жерінен сыртқа шығарып отырады.
Цитоплазманың ішінде жиырылғыш вакуолі айқын көрінеді. Вакуоль үш қызмет атқарады: зәр шығару,
осмос қысымын реттеу және тыныс алу. Жиырылғыш вакуолі 5-8 минутта сұйық заттарға және суға толып 
жиырылып тұрады. Амебалар тек жыныссыз жолмен көбейеді. Ядросы митоз жолмен бөлінеді. Қолайсыз 
жағдайда амеба цистаға айналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет