Қарапайымдылар


Құрылысы мен физиологиясы



Pdf көрінісі
бет35/37
Дата09.12.2023
өлшемі320,24 Kb.
#196164
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
Қарапайымдылар
Ағылшын тілінде ең жиі қолданылатын 700 сөз
Құрылысы мен физиологиясы.
Өрмекшітәрізділердің денесі екі бөліктен: баскеуде және құрсақтан 
тұрады. Баскеудені акрон және 7 сегмент құрайды (7-ші сегмент жетілмеген). Сольпугаларда және кейбір 
төменгі сатыдағы түрлерінде 4 жұп алдыңғы аяқтарының сегменттері біріккен, ал баскеуденің қалған 2 
сегментіне құрсақ сегменттері жалғасады. Сольпугалардың денесі өрмекшітәрізділер класының басқа 
өкілдеріне қарағанда көбірек сегменттелген. Дене сегменттерінің бірігуінің тағы бір кезеңі көптеген 
өрмекшілерде және кейбір кенелерде байқалады. Оларда баскеуде ғана емес, сонымен қатар құрсағы да 
буындарға бөлінбеген, бірақ өрмекшілерде олардың арасында қысқа және тар жіңішке мықын болады, олар 
дененің 7-ші сегментінен пайда болған. 
Баскеудеде 6 жұп аяқтары орналасқан.Олардың алдыңғы 2 жұбы қоректі ұстау және оны ұнтақтау қызметін 
атқарады бұларды хелицералар және педипальпалар деп атайды. Хелицералар ауыздың алдыңғы жағында 
орналасады, өрмекшітәрізділерде олар қысқа қысқыш түрінде болады (сольпугалар, құршаяндар, жалған 
құршаяндар, пішеншілер, кейбір кенелер т. б.). Кейде хелицералар тырнақтәрізді қозғалмалы буынымен 
аяқталады (өрмекшілерде) немесе стилет сияқты болады. Ол (кенелерде) жануарлардың денесін тілу 
қызметін атқарады, сол арқылы олар қоректенеді. Хелицералар әдетте үш буыннан тұрады, ақырғы буыны 
қысқыштың қозғалмалы бармағының қызметін атқарады.


Екінші жұп аяқтары - педипальпалар, бірнеше буыннан тұрады. Шайнайтын өсінділердің көмегімен 
педипальпаның негізгі буынында қорек ұнтақталып майдаланады, содан кейінгі буындар қармалауыш, 
ұстағыш қызметін атқарады. Кейбір өкілдерінде (құршаяндар, жалған құршаяндар) педипальпалар күшті 
ұзын қысқыштарға айналған, ал кейбіреулерінде жүру аяқтарына ұқсас. Қалған 4 жұп (6-7 бунақты) баскеуде 
аяқтары жүру қызметін атқарады.
Тері эпителидің туындыларына улы бездер және усыз өрмек бездері жатады. Біріншісі - өрмекшілерге
құршаяндарға, екіншісі - өрмекшілерге, жалған құршаяндарға, кейбір кенелерге тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет