Қарапайымдылар



Pdf көрінісі
бет34/37
Дата09.12.2023
өлшемі320,24 Kb.
#196164
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
Қарапайымдылар
Ағылшын тілінде ең жиі қолданылатын 700 сөз
Тыныс алу жүйесі
Polychaeta класындағыдай аяқтарымен тығыз байланыста. Көптеген ұсақ 
шаянтәрізділерде арнайы тыныс алу мүшелері жоқ. (Ostracoda, Maxillopoda класс тармағы) олар бүкіл
денесімен тыныс алады. Басқаларында тыныс алу мүшесі желбезектер. 
Қан айналу жүйесі
ашық типті. Гемолимфа қан тамырларының ішінде қозғалып, кейін арнайы 
қабырғалармен шектелмеген дене қуысының бөлімдері синустарға құйылады.
Сезім мүшелері
жақсы жетілген, олар сезімтал талшықтар түрінде (рецепторлар) дененің белгілі 
бөліктеріңде - антеннула, антенна, аяқтарының беткейіндегі талшықтар мен түктерінде орналасқан, иіс, дәм, 
химиялық сезу қызметін орындайды, бұлардың түбінде, гиподермальды эпителидің астында биполярлы 
нерв клеткалары бар. 
Жыныс жүйесі
. Шаянтәрізділер дара жыныстылар, тек паразиттік өкілдерінде және тіркеліп тіршілік 
ететіндерде гермафродитизм кездеседі. Жыныс диморфизмі айқын. Аталықтарының антеннулалары, не 
антенналары аналығын ұстайтын мүшелерге айналған.Құрсақ бөліміндегі аяқтары шағылыс мүшесіне 
айналып, түтік тәрізді (өзен шаянының 1 және 2 жұбы осындай) болады. Төменгі сатыдағы 
шаянтәрізділердің аталығы аналығынан едәуір кіші, тіпті ергежейлі
аталықтары да кездеседі (Cirripedia отрядында).
Аталық пен аналық жыныс жүйесінің құрылысы ұқсас: жұп жыныс бездеріне жыныс өзектері (тұқым 
шығаратын жолдары) жалғасады да, олар жыныс тесігімен аяқталады. Көп түрлерінде жыныс бездері толық 
не жартылай бірігіп, тақ болып келеді, бірақ жыныс өзектері әрқашанда жұп. 
ӨРМЕКШІТӘРІЗДІЛЕР КЛАСЫ ARACHNIDA
Өрмекшітәрізділер құрлықта тіршілік ететін, өкпемен немесе трахеямен тыныс алатын буынаяқтылар. 
Денелері баскеуде және құрсақ болып екіге бөлінеді. Ал кенелерде (Асагі) баскеуде мен құрсақ бөлімі 
бірігіп кеткен. Баскеуде бөлігінде 6 жұп аяқтары орналасқан, оның бір жұбы ауыздың үстінде, ал қалған 5 
жұбы ауыздың артқы жағында орналасқан. Аяқтарының алғашқы жұбы хелицералары (сһеіісегае) 
қысқарған екі-үш буыннан тұрады, ол қысқыш немесе тырнақ тәрізді. Көпбуынды аяқтарының екінші жұбы 
пышақтәрізді және олар қорегін ұстау мүшесінің қызметін және сезу қызметін атқарады бұлар 
педипальпалар (pedipalpi), ал қалған 4 жұбы жүргіш аяқтары.
Денесінің артқы бөлігі - құрсақ әдетте сегменттелген. Өрмекшітәрізділер қласында оншақты отряд
60000-нан астам түрлері бар. Ұзындығы 0,1 мм-ден 17 см-ге дейін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет