Ашу және жазуға үйретудің


Сауат ашу және жазуға үйрету кезеңіндегі жұмыстар



бет20/110
Дата06.06.2020
өлшемі1,16 Mb.
#72535
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   110
Байланысты:
Сауат ашу және жазуға үйретудің теориясы мен технологиясы

8. Сауат ашу және жазуға үйрету кезеңіндегі жұмыстар



Дәрістің мақсаты: сауат ашу кезеңінің теориялық негіздерін меңгеру. Әр кезеңде атқарылатын жұмыс түрлеріне машықтандыру. Оқу, жазу сабақтарының ерекшеліктерін талдау.

Дәріс бойынша қарастырылатын мәселелер Жоспары:


  1. Әліппеге дейінгі дайындық кезеңі

  2. Дайындық кезеңіндегі сабақтардың жүйесі

  3. Оқу, жазу сабақтарының ерекшеліктері

1.Сауат ашу кезеңі негізінен үшке бөлінеді: 1) әліппеге дейінгі дайындық кезеңі; 2) әліппе кезеңі; 3) әліппеден кейінгі кезең.

Дайындық кезеңінде балаларды бір ұжымға ұйымдастыру жұмысына баса назар аударылады. Өйткені 6-7 жасар баланың мектепке оқуға келуіне байланысты, жаңа жағдайға, жаңа адамға (мұғалімге, балаларға) үйрену, олармен қарым-қатынасқа түсу

бастапқы кезде жүйкесіне әжептәуір салмақ түсіреді. Мұнда балалардың барлығы бірігуі, әсіресе бір-бірінен сұрап анықтау арқылы орындайтын тапсырмалар беру оларды жақындастырады. Сонымен қатар балаларды біріктіруде ойын ерекше рөл атқарады (мысалы, шеберхана ойыны). Бұл кезде, әсіресе, 1-2 сынып оқушыларының жетекші әрекеті әлі де ойын болып табылады. Дайындық кезеңінде оқуға, жазуға әзірлік жасалады.

Мұғалім балалардың білім дәрежесімен танысады; қалай сөйлей алатындары, қандай өлең, тақпақ білетіндіктері анықталады.

Бұл кезеңде мынадай жұмыстарға баса көңіл аударылады:


  1. Сынып ішімен танысу, дұрыс отыру ережесімен,

«Әліппемен» танысу.

  1. Балалардың сөздік қорын анықтау.

  2. Балаларға ауызша қысқа-қысқа сөйлемдер құратып, өз ойларын айтып беруге дағдыландыра бастау.

  3. Балалардың тіліне, сөйлеу мәнеріне көңіл аудару; тіл мүкістіктері, кейбір дыбыстарды анық айта алмау жақтарын жою бағытында жұмыстар ұйымдастыру.

  4. Мұғалімнің және жолдастарының сөзін тыңдай білуге дағдыландыра бастау.

  5. Сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы ауызша түсінік беріп, бұл терминдердің мағынасын ұғындыру. Сөйлемді сөзге, сөзді буынға, буынды дыбысқа жіктеуге дайындық жүргізу.

  6. Жазуға дайындық жұмыстары жасалады: партаға дұрыс отыру, қарындаш, қаламды дұрыс ұстау, дәптерді партаға дұрыс қою, өшіргішті пайдалану сияқты жұмыстармен қатар балалар дәптердің сызығымен таныстырылады: өздері тік, көлбеу, ирек сызықтар сызып дағдыланады. Оқушылардың қолын жазуға жаттықтыру үшін мұғалім әріп элементтеріне ұқсас фигуралар жасап, оны оқушыларға сыздырады.

Дайындық кезеңінде балалардың зейін, ерік, қиял т.б. ерекшеліктеріне баса назар аударылады; 1-сынып оқушылары бір нәрсені зейін қойып тыңдай алмайтыны сияқты, өз қиялдарын да бақылай алмайды. Олардың қиялы мен шындықтағы заттардың, құбылыстардың арасында айырмашылық көп болады (мысалы, балалар суретте көрсетілген заттарды атап тұрып, онда жоқ нәрселерді де қосып айтады).

Бұл кезеңде жүргізілетін жұмыстың ерекшелігінің бірі балалардың мектепке дайындық дәрежесінің әртүрлілігі. Осыған



орай, жекелеген балаларға қалай ықпал жасау жолдары мен жұмыс түрлері ойластырылады. «Партаға түзу отыр», «Қаламды дұрыс ұста» сияқты ескертулер жиі жасалып, соған сай әңгімелер өткізіледі. Өйткені, балалар отыру, жазу, қалам ұстау ережелерін бұлжытпай орындауға жаттыққанда ғана саусақтарының бұлшық еттері дұрыс дамып жетіледі.

Алғашқы сабақтарда балалардың тілі мен ойын дамыту жолында алуан түрлі жұмыстар ұйымдастырылады: әңгімелесу, көркем шығарма оқу, ауыз әдебиеті үлгілерін (жұмбақ, мақал, мәтел, жаңылтпаштар т.б.) жатқа айту, өлең жаттау, сурет, экскурсия бойынша әңгіме барысында мұғалім өзі қоятын сұрақтарын мұқият ойластырады.

Дайындық кезеңіндегі әңгіменің ерекшелігі оның қысқа (4-6 минут) болуында, әсерлілігінде, мұғалім сөзінің логикалық жүйелілігінде, мәнерлілігінде, тақырыбы жағынан балалардың күнделікті өмірімен қабысып келуінде.

Дайындық кезеңде мектеп тәртібі, оқу құралдары мен оқу жабдықтарын пайдалану тәртібін үйретуге ерекше көңіл аударылады. Осы айтылғандармен қатар дайындық кезеңінде кейбір әріп элементтерімен таныстырып, таңбасын жасатып, үйрету де пайдалы (мысалы, «а» үш таяқшадан тұрады: екі таяқша төбелерін түйістіріп тұрады да, үшіншісі кесе көлденең тұрады т.с.с.).

Кеспе әріптердің кассасын пайдалану жұмыстарына жаттықтыру да осы кезеңде іске асырылғаны жөн.



2. Дайындық кезеңіндегі сабақтардың жүйесін былайша көрсетуге болады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   110




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет