Атырау облысы Тілдерді дамыту жґніндегі басќармасы



бет22/67
Дата06.02.2022
өлшемі1,86 Mb.
#34034
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   67
Қарасай батырдың батасы
- Жақсы қыз-жағадағы құндыз, жақсы ұл – көктегі жұлдыз. Жақсылап ұғып алыңдар. Батыр туса – ел ырысы, жаңбыр жауса – жер ырысы, көпке салса – дұрысы, көнбесе болар ұрысы. Алдымен еліңнің, жеріңнің қамын ойлаңдар, сөзіме терең бойлаңдар. Елемеген ауру жаман, ескермеген жау жаман, еліріп кеткен дау жаман. Қара қылды қақ жаратын, елінің ығын табатын, көпті ұйытатын әділ биді қастарыңа алыңдар!
Биік төбеге шықсаң – көзің ашылады,
Жақсымен жолдас болсаң – көңілің ашылады.
Ақылды бимен болсаң – дауың басылады,
Хас батырмен бірге жүрсең – жауыңды қашырады.
Құтты адаммен қоңсы қонсаң – аруағыңды асырады.
Арың жақсы болса – сөзің елде тұрады.
Балаң жақсы болса – елінің асыл шырағы.
Қызың жақсы болса - өрісті болар тұрағы.
Жақсы жан ешкімді жатырқамайды.
Жан жолдасың ешуақытта алдамайды.
Әңгүдік жаман ғана сөзіңді тыңдамайды.
Арғымақ аттың баласы аз оттап, көп жусайды.
Асыл ердің баласы аз сөйлеп, көп тыңдайды.
Жала сөз тірідей қаралайды,
Жақсы сөз дем берер,
Күш-қуат, ән берер.
Болат қайнауда шынығады, ер ат үстінде көп жүріп,
Ел үшін аз тынығады.
Бұл айтқанымның көбісі – бұрынғы өткен атам қазақтан қалған асыл сөз. Сендерге осы өсиетім жолбасшы болсын! Батам қабыл болсын! Жортқанда жолдарың болсын! Әумин!
Қазақта дәмге, тойға арналған баталардан басқа, берілген сыйды алғаннан кейін де айтылатын бата, сақтық батасы дейтін де баталар кездеседі. Осы баталардың ішінде ел есінде көптен бері сақталып келе жатқан сақтық батасының, той батасының түрлері аз емес.


Сақтық батасы
Уа, құдайым, тілегімді қабыл ет,
Иманымды кәміл ет!
Тозақта жанған оттан сақта,
Қаңғырып тиген оқтан сақта.
Парақор соттан сақта,
Кірлі сумен жуыстан сақта,
Ынтымақсыз туыстан сақта,
Қара жүрек бақылдан сақта.
Көк айыл қатыннан сақта.
Кеудесін керген келіннен сақта.
Мезгілсіз келген өлімнен сақта.
Ұятсыз қызыңнан сақта.
Түнеріп атқан таңнан сақта,
Жаңбырсыз болған жазыңнан сақта.
Қарсыз мұздақ қысыңнан сақта.
Жастарында әдеп жоқ,
Құр айғай, шуыңнан сақта.
Алдыңнан бақытың ашылсын,
Қызыр Ілияс барлық пәлені қашырсын.
Аллаһу акбар!
Қазақтың батасы көбінесе өлең түрінде өріліп, ол: «А, құдайым оңдасын, Желеп-жебеп қолдасын», «Уа, Жаратқан Ием құдірет, Тілегімді қабыл ет», «Ақ батамды берейін, Арта берсін мерейің», - деген сөздермен басталып, сөз түріндегі баталар: «Батыр бол», «Бай бол», «Бақытты бол», «Ақ сақалды, сары тісті (түсті деп те айтады) қария бол», «Қосағыңмен қоса ағар», «Үбірлі-шүбірлі бол», «Алла Тағала пәле-жаладан сақтасын», - деген ақ тілекпен де аяқталады. Дастарқанға бата бергенде оны «Дастарқаның мол болсын, абыройың зор болсын!», «Бақ берсін, бас берсін, өміріңе ұзақ жас берсін!», «Дастарқаның берекелі болсын, өмірлерің мерекелі болсын!», - деп те қайыратындар бар.
Бата берілген кезде жиналған жұрт та қолдарын жайып, іштерінен «Әумин!», - деп айтып, тыныштық сақтауға, бір-бірімен сөйлеспеуге, ыржалақтап күлмеуге, ас-су ішпеуге, басқа шаруамен айналыспауға тиісті.
Кейінгі кезде Мұзафар Әлімбаев, Фариза Оңғарсынова, Тұтқабай Иманбеков, Сейфолла Оспанов, Оразақын Асқар, Сейсен Мұқтарұлы тәрізді ақын-жазушыларымыз асқа, тойға, әртүрлі қуанышқа, жас келін, ұл-қызға арналған баталар жазып, оны халық жаттап алып, қуаныш-қызықтарында айтып жүр.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   67




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет