Аударма айшыќтары



бет12/39
Дата18.10.2023
өлшемі1,14 Mb.
#186327
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39
Байланысты:
Хрестоматия 2009

Аударма жауапкершілігі


Герольд Бельгер

Қазақ ақын-жазушыларының орыс тіліне аударылған романдары мен повестері, әңгімелері мен өлеңдері, поэмалары жыл сайын ондаған баспа табақ көлемде он мыңдаған тиражбен шығып жатады. Бұл жақсы. Әрине, ең алдымен сырттай қарағанда, сан жағынан алғанда. Ал сапа ше? Мәз емес. Ортақол, құбатөбел аталатын шығармалар жайлы сөз етпей-ақ қояйық. Мұндай туындылар қай тілге аударылса да, қандай аудармашының қолынан өтсе де (әрине, қайта жазылып шықпаса) сол сүреңсіз, сол сұрғылт қалпында қала бермек. Ал сөз – қазақ әдебиетінің таңдаулы үлгілері төңірегінде.


Шындығында, күні бүгінге дейін Абай мен Сұлтанмахмұт поэзиясы, Әуезов пен Мүсірепов прозасы орыс тілінде өзінің бар бедер-бейнелерімен көріне алмай отыр. Бұл сөзді өз шығармаларымен туған әдебиетінің өркендеуіне атсалысып жүрген жазушылардың бірталайы жөнінде-ақ айтуға болар еді. Сапасыз аудармалардың тууының, жақсы деген кейбір аудармалардың өзінің түпнұсқадан көп төмен жатуының сыры неде? Біз осы реттегі кейбір ойларымызды ортаға салмақпыз.
Қазақ әдебиеті үлгілерін орыс тіліне аударудағы ең басты кемістік – түпнұсқаның жайдақталып кетуінде. Аудармашы шығарма авторының ойын түсінбеуі мүмкін, сол шығарма жазылып отырған тілді білмеуі, не шалағай білуі мүмкін, тіпті болмаса өз ісіне салдыр-салақ қарауы да мүмкін. Осының нәтижесінде мақтаулы, тәуір деп жүрген шығармаларымыздың өзі сұрғылт, ортақол туынды болып шыға келеді.
Жайдақтап аударушы қашан да өз ісіне жауапсыз қарайды, түпнұсқаның бар көркін сақтауға тырыспайды, “бас қатырып” қиналып жатпай, жекелеген үзінділердің жалпы мағынасын ғана сақтап, өз қалауынша төтелеп тарта береді (Кейде тіпті аудармашының түпнұсқаға сай сапалы тәржіма жасауға қабілеті жетпеуі де мүмкін). Бұл әдіс ең алдымен тілі нәрлі, өзіндік қолтаңбасы бар көрнекті жазушылардың шығармаларының жұты. Мәселен, күні бүгінге дейін Ғабит Мүсіреповты орыс тілінде сөйлете алмай отырмыз.
Ғ.Мүсірепов іспеттес әрбір сөзіне мән беретін, әрбір сөйлемін тоқсан толғанып жазатын, стилист суреткерлерді бір тілден екінші тілге жайдан-жай “қотара салу” тіпті де мүмкін емес. Аудармашының кей реттерде әріпшілдіктен бойын аулақ салып, жазушымен өнер таластыра, бәсекелесе отырып, түпнұсқаның жалпы рухын, автордың ой жүйесін, сөз саптау тәсілін сақтауға тырысуы қажет. Жазушылық талант, аудармашылық мәдениет, қазақ халқының тарихын, тұрмыс салтын, мінез-құлық ерекшеліктерін жақсы білу – міне осы қасиеттердің бәрін бірдей бойына жинақтаған адамның өзінің тіл өнерін жете меңгерген сөз зергерлерінің шығармаларын орыс тіліне бар бояу, бар нақыс, көркін сақтай отыра аударып шығуы екіталай. Өйткені, Абай, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов сияқты қаламгерлерді орыс тілінде шығару үшін ең алдымен қазақ тілін жете білу, оның рухын, көркін, сырын, әуенін жете ұғу қажет.
Ықшам, ұтымды тіркестер, іріктеліп, сараланып қолданылған сөздер, сөйлемдердегі ішкі ырғақ пен үндестік – Мүсірепов прозасына тән ерекшеліктер. Өзі қазақ тілін білмейтін, жолма-жол тәржімаға ғана иек сүйеп отырған аудармашыға Мүсірепов прозасының мұндай сыпаттары мүлде түсініксіз болуы, тіпті жат көрінуі де мүмкін. Сондықтан орыс тіліне аударылғанда жазушы жоғарыда аталған қасиеттерінің бәрінен сыпырылып шыға береді. Осының нәтижесінде орыс оқырмандары білетін Ғ.Мүсірепов – И.Саввин аудармасының өресіндегі, яғни жел сөзге құмар, тілге салдыр-салақ қарайтын жазушы.
И.Саввин қолынан өткен “Талпақтанауды” үстірт қарап шыққанның өзінде аудармашының түпнұсқадан қаншалық алшақ кеткенін бірден аңғарасыз. Бұл – аударма емес, бұл – асып кеткенде Ғ.Мүсірепов туындысын сүлесоқ мазмұндап шығу ғана. Мен әу баста түпнұсқа мен аударманы салыстырып көрмек ниетте едім, бірақ бұл ойымнан бас тартуға тура келді. Түпнұсқадағы тұтас абзацтар түсіп қалған, шығарманың бір бөлігі мен екінші бөлігінің орындары ауыстырылған осы орындары ауысқан бөліктерді өзара байланыстыру үшін жаңа сөйлемдер қосылған, төл сөз төлеу сөзге, диалог – баяндауға айналып кеткен, түпнұсқада жоқ, шығарманың табиғатына жат орынсыз қолданылған фразалардан аяқ алып жүре алмайсыз. Бір сөзбен айтқанда, И.Саввин Ғ.Мүсіреповты мүлде түсінбеген, түсінбегені өз алдына, шығарманың жетіспей тұрған жерлерін түзеп, өңдеп, жөндеп жібермек болған. Міне, осындай “редакциялаудан” соң “Талпақтанаудың” жұқанасы ғана қалған. Сондай-ақ, “Қазақ солдаты”, “Оянған өлке” романдарының аудармалары да түпнұсқадан көп төмен екендігін айта кету қажет.
Кейбір аудармашылар түпнұсқаны өңдеуге, дәлірек айтсақ, өз бетімен жаңаша жазып шығуға хақымыз бар деп ойлайды. Мұның бір ұшығы сол аудармашының қауқарсыздығында, немесе өз ісіне жауапсыз қарайтындығында жатыр. Өйткені түпнұсқаның ұлттық сыпатын, өзіндік мәнерін, көркемдік ерекшеліктерін сақтап отырып аударғаннан гөрі өз қалауыңмен тарта беру әлде қайда оңай. “Осылай ету қажет” деп ақталмақшы болады кейбір аудармашылар. Өйтпесе қазақ авторлардың туындыларын орыс оқырмандары жете түсінбейді-міс. “Бұл – орысша емес!”. “Бұл – қазіргі заман оқырманының құлағына тосын естіледі!”. Не керек, автордың келіспеске лажы қалмайды. Сөйтіп, аудармашы түпнұсқаны қалауынша паршалап, өзіндік жаңа бірдеңе жасап шығарады.
Юрий Казаков бірде: “Қазақтарша есіп, шалқып сөйлеу орыс адамына мүлде жат әдет, сондықтан мұндай сөздер орыс құлағына тосын естіледі; біздің заман оқырмандары орыс тіліне тән ширақ, ырғақты сөйлемдерді ұнатады”, – деген еді. Бұл сөздерді аудармашы Ю. Казаковтың кредосы деуге болады.
Үстірт қарағанда Ю.Казаков ұсынған принцип дұрыс та сияқты көрінеді. Алайда, меніңше, қазақ тілінде жазылған шығарманы “орыс тіліне тән сөйлемдермен” беруге тырысу мүлде қате. Бұл қазақы шидем шекпенді сөгіп, модалы пальто тігу болып шыар еді. М.Әуезов прозасын “ширақ, ырғақты сөйлемдермен” аударрып көріңіз! “Абай жолындағы” атқамінерлер мен байлардың, билердің, халық арасынан шыққан қарапайым адамдардың сөздеріндегі әсіреқызылдық пен шешендік, сырт көркемдікке әестік пен шынайы әсемдікті сыпырып алыңыз, Әуезовтен не қалар екен, ұлттық сипаттан не қалар екен!
Реті келген соң айта кетелік. М.Әуезов эпопеясын аударушылар шығарманың ұлттық колоритін дәл сол қалпында бере алмаған. Әсіресе, диалогтар мен монологтар жапа шеккен. Түпнұсқадағы шешендік, динамика, серпімділік, әсемдік жоқ. Мәселен, М.Әуезов Құнанбайды былай сөйлететін:
– Ел аузына қақпақ болып көрші. Бірақ ол қолыңнан келмейді. Ендеше не ер бол да, ақта! Немесе илан да, жазала! Тек жарықтығым, дүмбілезіңді көрсетпе, былқыл-сылқылыңды аулақ әкет!
Ал аудармада былай болып шыққан:
Попробуй заткнуть рот всему народу! В силах ты сделать это? Так будь решительным до конца: осмелься оправдать его. Или оправдай, или осуди! Только не топчись на месте!
Дәлдік аз, әрі болбыр. Қазақтар бұлай сөйлемейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет