Аударма айшыќтары



бет1/39
Дата18.10.2023
өлшемі1,14 Mb.
#186327
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Хрестоматия 2009


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ– ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ




АУДАРМА ТӘЖІРБИЕСІ
ХРЕСТОМАТИЯ


С “Қазақ университеті”


АЛМАТЫ – 2009

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ


ӘЛ– ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ




АУДАРМА ТӘЖІРБИЕСІ


Құрастырған Қазыбек Гүлмира Құдайбергенқызы

Хрестоматия


Алматы
«Қазақ университеті»


2009
Баспаға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің Ғылыми Кеңесінің шешімімен ұсынылып, ҚазҰУ-дің оқу-әдістемелік Кеңесі бекіткен.
Пікір жазғандар :

Қансейіт Әбдезұлы – филология ғылымдарының докторы, профессор


Дандай Ысқақұлы – филология ғылымдарының докторы, профессор
Түсіпова Алма – филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Қазыбек Г.Қ. Аударма тәжірбиесі. Хрестоматия. Алматы: Қазақ университеті, 2009, 271 бет.

Хрестоматияда аударманың теориялық негіздеріне арналған ғылыми мақалалар топтастырылған. Қазақ аударма шеберлерінің аударма нұсқаларынан үзініділер келтірілген


Хрестоматия университеттер мен педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне, аспиранттарға, мұғалімдерге, мектеп оқушыларына арналған.
АЛҒЫ СӨЗ

Аударма дегенiмiз - бiр тiлде ауызша айтылған ой-пiкiрдi, болмаса жазылған мәтiндi тыңдаушыға, оқушыға екiншi тiлде, демек оның ана тiлiнде түсiнiктi етiп жеткiзу. Сондықтан да бiр тiлден екiншi тiлге аударылып жазылған немесе баспадан басылып шыққан барлық әдеби және жазба еңбек аударма туынды деп аталады


Аударма – бір тілдегі ойды екінші тілде беру. Ол ауызша да жазбаша да болуы мүмкін. Зерттеушілер аударманың шығуын адамзат қауымының алғашқы даму дәуірімен, яғни тілдің шығуымен тікелей байланыстырады. Қарым-қатынастың құралы ретінде түрлі тіл пайда болғанда, бір тілде сөйлейтіндердің екінші тілде сөйлейтіндермен түсінісу, қатысу қажеттілігінен аударма туғандығын байқауымызға болады.
Аударманың көптеген түрлері бар. Соның ішінде, көркем аударма, яғни балама аударма дегенiмiз түпнұсқаның стильдiк, тiлдiк ерекшелiктерiн түгел ескере отырып, оның көркемдiк-идеялық қасиеттерiн толық әрі нақты жеткiзу, әрi қазақша түсінікті етiп шығару.
Аударма бiздiң ана тiлiмiздiң сөздiк қорын байытып, дүниетану өрiсiмiздi ұлғайтатыны белгілі. Аудармашы түпнұсқадағы жеке сөздерге балама iздеу арқылы ана тiлдiң бүкiл асыл қазынасын кеңiнен сапырып, iшiндегi асыл сөз байлықтарын шебер пайдалануға тырысады. Ескiрiп бара жатқан көне сөздер қайта жаңғырып, қазiргi жанды әдеби тiлiмiздiң қорына жаңа сөз тiркестерi, көркем сөз баламалары қосылып жатады.
Аударма қызметi жаңа сөздердi тiлiмiзге енгiзiп қана қоймай, күн сайын аударылып жатқан сансыз көп еңбектер олардың қолданылу аясын кеңейтiп, қолдану нәтижесiнде тұрақтандыруға халықтың ойы мен тiл байлығын өсiруге, сол сөздiң ұғымдық шегiн қалыптастыруға себепшi болады.
Көркем шығарманың әлем әдебиетiне енуi аудармасыз мүмкiн емес болса, аударма да түпнұсқасыз болмайды. Ендеше бұл екi әдеби құбылыс тек қатынаста тұруы тиiс. Аударма проблемалары күн тәртiбiнен түспейтiн, түбегейлi проблемалардың бiрi. Қай халықтың болмасын шоқтығы биiк, терең мағыналы шығармаларды аудару бүгiнгi кездегi игiлiктi iстердiң бiрi екендiгi даусыз мәселе. Түпнұсқа белгiлi бiр халықтың ұлттық ақынының шығармасы болса, ұлттық сипаты барынша анық, бедерлi болса, ондай жағдайда оны өзге тiлге аудару аудармашыдан үлкен жауапкершiлiктi ғана емес, сонымен қатар үлкен талантты талап етедi. Сонымен қатар, аудармашылық өнер қайсарлықты, еңбекқорлықты, білімді талап етедi. Аударма – ұлтаралық және мәдениетаралық байланыстың бір түрі.
Аударма – филологиялық дайындығын талап ететін, яғни аудармашы халықтың, әсіресе аударылатын тілдің иесі – қазақ халқының тарихы мен әдебиеті, мәдениеті мен ұлттық этникасынан жан-жақты хабары бар, бірнеше тілді жетік, жақсы білетін маман болғанда ғана жоғары деңгейде көрінетін күрделі құбылыс.
Халықтар арасындағы мәдени байланыстың ең үлкен факторы – аударма. Осы аударылған дүниелерді зерттеп, оның аударылу деңгейін қарастыратын әдебиеттің үлкен саласы – аударматану ғылымы болып келеді.
Аударма әдебиеттің үлкен бір саласы. Аударма қаламгердің, не кәсіби аудармашының іс-әрекетінен, шығармашылығынан ғана айқын көрінеді. Тек аударма арқылы ғана ұлттық ерекшелік, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мәдениет танылады.
Осы еңбекте аударматану ғылымы туралы әр кезеңде жазылған ғылыми мақалалар енгізілген.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет