Аударма айшыќтары



бет8/39
Дата18.10.2023
өлшемі1,14 Mb.
#186327
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39
Байланысты:
Хрестоматия 2009

Әлбетте.
- Алайда, бұл мәселе ешкімнің де басын ауыртқан жоқ. Осыған байланысты Мамин-Сибиряктың қазақ тақырыбына жазылған шығармаларын жинақтап, ішінде “Қаламқас” деген повесі де бар соны “Ақбоз ат” деп атап, жеке кітап етіп шығардым. Ол 1981-жылы жарық көрген еді. “Балауса” баспасынан.
- Сәке, сіз жаңа Мамин-Сибиряк қазақ тақырыбына біраз шығармалар жазды деп айтып кеттіңіз. Сонда ол кісі қазақтар арасында болған ба? Болса қай жерде?
- Ол Қызылжар өңірінен кіріп, Бурабай жерінде біраз уақыт болған жазушы. Сонда жүріп қазақтың өмірімен, әдет-ғұрып, салт-сана, тарихымен таныс болған кісі. Оның негізгі тақырыбы – башқұрт, татар, қазақ өмірі болған. Түркі-мұсылман елдерінің тағдырын шығармаларына жиі арқау еткен. Ал енді жоғарыда атап өткен “Ақбоз ат”, “Баймақан” хикаялары таза қазақ өміріне арналған.
Аудармаға декпи қойған тәржімашы бірінші кезекте қазақ жанына жақын осындай дүниелерді аудару керек дегім келеді.
Сол анау баянхатыңыздан нәтиже шықты ма?
- Әлгі “жыламаған балаға емшек бере ме?” деген мәтел бар ғой. Әлгі “Ақбоз ат” соның жемісі шығар. Осындай дәстүрді әлі де жалғастырып, аударма саласында қазақ ұлтына жақын дүниелерді аударуға бірінші кезекте назар аударуға тиіспіз деп ойлаймын.
- Сәке, қазіргі кезде әдебиеттегі аударма саласы тоқырап кетті деген пікірлер жиі айтылып жүр. Бұған сіздің көзқарасыңыз қалай?
- Қазір айғайшылар мен байбаламшылар қаптап кетті. Жалғыз аударма саласы ғана емес, мұндайлар жалпы қазақ әдебиетін жоққа шығара бастады. Көбінесе мұндайлар нағыз әдебиеттен таба алмаған, немесе күлдібадамнан жоғары көтеріле алмаған кәсіпқойлар. Айтшы кәнеки, кәзіргі кездегі поэзияның бұрынғыдан қай жері кем. Сол кездегі таланттар қазір де қолдарынан қаламадарын тастамай жазып жүр. Анау Темірхан, Ұлықбек, Исраил, Есенғали, Күләш, Гулнәр, Серік, Ғалым, Адай, Маралтайлар жазуларын тоқтатып қойып па? Проза саласынан Тұрысбек Сәукетай, Қуандық Түменбай, Асқар Алтай, Талаптан Ахметжан, Роза Мұқановалар қаламдарын қаңтарып қойып па? Әрине жоқ. Рас, бұрынғыдай емес, кітап таралымы өте аз. 1000-3000 данамен шыққан кітаптар кімге жетеді? Міне, жоғары жақ осыны ойлаулары керек. Аударма да сондай күйде. Екінші жағынан жұрттың назары теледидарға ауып кетті. Тіпті жұрт бір-біріне хат жазуды да қойды. Баяғыда Сәбит Мұқанов ағамыз айтқан еді: “ақындық деген қызға хат жазудан басталады” деп. Міне, осындай мүшкіл халге жетіп отырмыз. Содан соң кітап жазған екенсің, аударма жасаған екенсің маңдай теріңнің өтемі де болу керек қой. Өкінішке орай, қаламақы дегенді ұмытқанымыз қашан. Еңбегіне ақы алмаған адам ешетеңеге мүдделі емес екенін түсіндіріп жатудың да қажеті жоқ шығар. Бұл таланттарға қиын соғып тұр. Соңғы кезде қалталы халтуршиктер қаптап кетті. Шимай-шатпақтарын қағазға түсіреді де, баспаға шапқылайды. Ақшасын төлеп тұрған соң олар мұндайды еселеп шығарып та жатыр. Ненің жақсы, ненің жаман екенін де айыра алмай қалған жайымыз бар. Осыған тез арада тосқауыл қоймаса жалпы “әдебиет” деген қасиетті сөз құрдымға кететіні сөзсіз.
Аударма саласының тоқырауы сонау Горбачевтың қайта құру саясатынан басталды. Кейін тәуелсіздік алған жылдары бізде әсірсе патриоттар шықты. "Ойбай, бізге тек қазақ тілі ғана керек, орыс тілінің қажеті жоқ" деп байбалам салды олар. "Біз тек қана қазақ болуымыз керек, тіліміз тек қана қазақша болсын, соны ғана жүзеге асыруымыз керек" деген ұранды айқайлатты кеп. Ал шын мәнінде қазақ әдебиеті дүние жүзіне тек орыс тілі арқылы, ал әлем әдебиетінің туындылары орыс тілі арқылы қазақ оқырмандарына жететінін естен шығарып алдық.
Рас, қазақ тілінен шет тілдерге аударатын бірен-саран тәржімашылар бар, бірақ мұндай адамдар өте аз және де халықтың өскелең сұранысын өтей алмайды. Сондықтан біз орыс тілін шын мәніндегі ұлтаралық қатынас құралы деп біліп, дәнекер ете беруіміз керек.
- Шетел әдебиеті өткен ғасырдың ортасынан бастап қазақ тіліне көптеп аударыла бастады. Олар да орыс тілі арқылы қазақ оқырмандарына жетті емес пе? Сәке, алғаш шетел әдебиетін қазақ тілінде сөйлеткен кәсіби аудармашылар кімдер еді?
- Аттарын атар болсам, олар Ғ.Ахметов, М.Жанғалин, Х.Өзденбаев сынды Х.Жүсіпбеков, Н.Сыздықов сынды аударманың майталмандары еді. Кезінде аударма ғылым ретінде қарастырылып, ол жөнінде кітап та жазылған. Әбен Сатыбалдиев осы аударма саласын зерттеп, одан ғылыми атақ та қорғаған еді. Бір кезде ол кісі “Қазақ әдебиеті” гезетінің бас редакторы болған. Қазір бұл саланы зерттеп жүрген адамдар жоқ, тіпті жақын арада көрінбейтін де сияқты.
Ұмытып бара жатыр екенмін, кезінде қазақтың ұлы ақыны Шәкәрім Пушкиннің “Дубровский” атты хикаясын өлең түрінде аударған. Міне, шеберлік деп осыны айт. Жалпы, біздің әдеби аударма ұлы Абайдан басталады ғой. Оның игі дәстүрін Алаш ардагерлері Ә.Бөкейханов пен М.Жұмабаев одан әрі өрістетті.
- Кәсіби аудармашылар дайындайтын мектептің жоқтығынан мамандар да бұл салада азайып барады...
- Дұрыс айтасың. Қазір сол аудармамен кәсіби түрде айналысып жүрген оншақты ғана адам бар. Жас толқын әлі көрінбей жүр. Жоғары оқу орындарында аударма кафедрасы бар ма, жоқ па оны білмеймін. Менің білетінім, біраз көзі тірі әріптестерім. Олар Әбілмәжін Жұмабаев, Бекмырза Баймаханов, Зұлхарнай Сахиев, Нұрғазы Шәкеев, Герольд Бельгер, Кеңес Юсупов, кейінгі толқындардан Дидақмет Әшімханов, Құрманғазы Қараманов және тағыда біраз азаматтар бар.
- Аударма саласын дамыту үшін алдағы уақытта қандай шаралар қолға алынуы керек деп ойлайсыз?
- Енді бұл мәселе айтылуын айтылып-ақ жатыр. Ең бастысы, мемлекет тарапынан үлкен көмек керек. Жалпы ұлттың рухани құндылықтарын құлдыратпай дамытып отыру үшін – бұл салаға да қомақты қаржы бөлінуге тиіс. Мүлдем бөлінбей жатыр деп айта алмаймын, өйткені “Мәдени мұра” бағдарламасы бойынша жылма-жыл ақша бөлініп, кітаптар шығып та жатыр. Бірақ кітап таралымы аз, оны халыққа жеткізу мәселесін тағы да ойластыра түссе деймін. Бізге кітапқа байланысты шикізаттың бәрі: қағаз дейміз бе, бояу, тағы сондайлардың бәрі сырттан тасылады. Осындай өндірісті елімізден ашса, онда кітаптың өзіндік құны да төмендеп, олардың таралымдары да артар еді. Бұл күрделі мәселе аудармаға да байланысты ғой. Ол да кітап емес пе?!
Кейбір жазушылар өз шығармаларын басқа тілдерге өздері аудартып жүр. Мысалы: ақсақал жазушымыз Әбдіжәміл Нүрпейісов, кейінгі буыннан Сәбит Досанов. Бұлар туындыларын өздері аудартып, Ресейден, басқа да шетелдерден шығартуға өздері мұрындық болып жүр. Әрине, бұлай істеуге барлық жазушылардың мүмкіндіктері жете бермейді. Әлгінде айтқан мемлекеттің көмегі қажет дегенім де осыған байланысты болса керек. Осының бәрін мемлекеттің рухани тұрғыдағы саясатына айналдырсақ, істің алға жылжитынына сенімім зор.
Бұрын жазушы бір кітап шығарса көлік мінетін. Ал қазір астындағыңды көлігіңді сатсаң да кітабыңды шығаруға жетпейді. Міне, қазіргі жағдай осылай боп тұр. Әдебиеттің беделінің түсіп кеткені де осыған байланысты. Бәрі де қаржыға келіп тіреледі.
- Астанада аударма баспасы жұмыс істеп келе жатқалы біраз уақыт болды. Олардың атқарып жатқан жұмыстары туралы не айтасыз? Аудармашы ретінде сізге баспа тарапынан заказ түсті ме?
- Иә, бұл баспаның шаңырақ көтергеніне біраз болды. Бес жылдай боп қалды ғой деймін, шамасы. Олар хал-қадірінше жұмыс істеп жатыр. Баспа тек орыс жазушылары ғана емес, дүние жүзіндегі Нобель сыйлығын алған жазушылардың шығармаларын аударып, жарыққа шығарып келеді. Бұл да “Мәдени мұра” аясында атқарылып жатқан жұмыстар. Бұлардың қаламақысы да жаман емес, сол себепті осыған қатысушылар да жеткілікті. Ұмытпасам осы уақытқа дейін біраз жазушылардың шығармалары аударылды, солардың ішінде Стейнбек Кавабата, Тагор, Буниндер бар. Кітаптардың әр-көркі де жаман емес. Кітаптары биылғы өткен көрмеге де қойылды. Мен де бұған қатыстым. Нобель сыйлығының лауреаты, француз жазушысы Альбер Канюдің бір роман, бір повесін аударып, осыдан үш жыл бұрын ол жарыққа шықты. Содан соң норвег жазушысы Кнут Гамсунның 4 романын аудардым. Бұл сол “Мәдени мұра” бағдарламасы бойынша жарыққа шықты. Қазір М.Булгаковтың “Майталман мен Маргаритасын” және “Ақ гвардия” романдарын аудару үстіндемін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет