Қазақ әдебиетінің



бет14/20
Дата25.01.2017
өлшемі3,63 Mb.
#7708
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20

Ақыл — білім Өз заманындағы сан алуан ғылым

туралы. салаларын меңгерген ғұлама-ақын

Жүсіп Баласағұн бұл өмірдегі барлық нәрседен де ғылымды жоғары қояды, адам бойындағы жақсы-жаман қасиеттердін. бәрін біліммен тығыз байланыстырып қарайды. Қоғамда орын алған теріс құбы-

лыстардын, өзін ол адамдардың білімсіздігінен, надандығынан деп біледі.

Ақынның білімді қаншалықты жоғары бағалайтынын дастанның атынан-ақ аңғару қиын емес. Жүсіп Баласағұн өз шығармасын “Құтты білік” (немесе “Бакытқа бастаушы білім”, “Берекелі білім”, “Нұрлы білім” деп аударуға да болар еді) деп тегін қоймаса керек. Дастанда оқу-білім, ғылым мәселелеріне арналған арнайы тараулар бар. Сонымен бірге, ақын мемлекет, қоғам, ел басқарған әкімдер, мораль, этика, т. б. мәселелерге арналған тараулары да білімнің күш-құдіретін ардақтап, ғалымдарды көкке көтере мадақтанды. Мысалы:

Ақыл — шырақ, қара түнді ашатын,

Білім — жарық, нұрын саған шашатын.

Ақыл болса, асыл болар—болса ер,

Білім болса, бектік қылар — қылса ер.

Ақыл кімде болса — болар асыл ол,

Білім кімдде болса — бек һәм басың ол.

Кісі ұланы қара жерге қол салды,

Көтерді бәрін, білімін ол қолданды.

Ақылымен кісі асыл атанар,

Бекке ел ісі білімімен жасалар.

Талай ізгі іс, атқарылды ақылмен,

Мың рахмет ақыл-еске асыл кен!

Пайдасы көп, аз ақылды аз деме,

Қадыры көп, аз білімді аз деме!

Жұпарға ұқсап білім де тез таралар,

Сақтап болмас басқалардан даралап.

Жасырсаң жұпар, оны иісі білдірер,

Жасырсаң білім, тілің айтып бүлдірер.

Білім — байлық, азаймас һэм жоғалмас,

Еш қарақшы, ұрыға да тоналмас!

Ақыл, білім бейне кісен кісіге,

Кісенді ашып бармас қылмыс ісіне.

Ақын ғалымдарды мадақтай келіп, олардың орны әрқашанда төрде болуы керек дейді. Ал, енді жоғары қызметке ие

170


болып жүрген білімсіз, қараңғы, надан жандардың төрден алған орнының өзі босаға секілденіп қалатынын ескертеді:

Біліксізге төрдэ өрун болса кор,

Бұл төр ілкә сәнді, ілік болды төр.

Мазмүны:


Наданға төрден орын тисе, кор етеді,

Данышпанға босағадан орын тисе, төр етеді.

Автор білімсіз, оқымаған жандарды жемісі жоқ ағашка теңейді:

Білігсіз кіші бір емішсіз йағач,

Емішсіз йағач неку кылсу ач.

Мазмұны:


Білімсіз кісі мәуесіз бір ағаш,

Мәуесіз ағашты ешкім керек етпес.

Жүсіп Баласағұн оқыған, парасатты, көзі ашық адамдар, ғалымдар ел басқару ісінде, ел-жұрттың талап-тілектерін жүзеге асыруда патшаларға, түрлі дәрежедегі әкімдерге, бектерге ұдайы ақыл-кеңес беріп көмектесіп отыруы керек деп түсінеді. Ақын ел билеушілердің білімді адамдардың ақыл-кеңесін тыңдап, соған сәйкес елге билік жүргізуге шақырады. Бұған ақын Күнтуды патша мен данышпан-дәруіш Одгүрміш арасындағы қарым-қатынасты дәлел етіп кәрсетеді.

Кіші ікі турлұғ кіші атанұр,

Бірі өгратіглі, бірі өгранур.

Мазмұны:


Екі түрлі адамды (нағыз) адам деуге болады:

Бірі — үйретуші, бірі — уйренуші.

Дастанда мынадай ой-пікір бар: Патша ел-жұртын қылыштың күшімен, қатал тәртіппен басқарып отырады, ал ғалымдар — қалың бұқараны ақыл-парасатымен басқаруы керек.

Әрине, Жүсіп Баласағұн халыққа үстем таптың екілі ретінде қарайды. Сондықтан ол қарапайым халықты қоралы қойға, ал білімді адамды — сол қойларды соңына ерткен серкеге теңейді.

Сондай-ақ ақын адам бойындағы жаман қасиеттер-

171


дің бәрі, атап айтқанда,— зұлымдық, қатыгездік, сараңдық, опасыздық, т. б. бәрі түптеп келгенде білімсіздікдіктен, надандықтан туындайды деп есептейді.

Әдептілік, Ақын дастанда өзі емір сүрген дәуір талап еткен

тәлім-тәрбие бірқатар маңызды мәселелерге өзінше жауап

туралы. беруге әрекет жасаған. Жүсіп Баласағүн өзінің дидактикалық сарында жазылған шығармасында мораль, этика, әдептілік, тәлім-тәрбие туралы өсиет-ғибрат сөздер айтады. Қоғамдағы адамдардың өзара қарым-қатынасы, сөйлесуі, сыйласуы, әсіресе тіл әдептілігі егжей-тегжейлі сөз болады. Ақын маскүнемдікті, жалқаулықты, әдепсіздікті, дөрекілікті, жылпостықты, т. б. жаман мінез-қылықтарды өлтіре сынайды.

Шығармада жақсылық пен жамандық, әдептілік пен дөрекілік, шындық пен өтірік, аңқаулық пен аярлық, т. б. өзара қарама-қарсы қойылған. Сол арқылы автор айтар пікірін тереңдете түседі. Мәселен, ақын: ауырмаса — денсаулықтың қадірін білмейді, өлім болмаса — тірі кездің қадірін түсінбейді, қайғысыз адам — қуаныш сезімінің құдіретін толық сезе алмайды деген секілді бірқатар философиялық пікірлер қозғайды.

“Құтты білік” дастанында автор ерекше мән беріп, зор шабытпен жазылған аса маңызды мәселелердін, бірі — адамдардың бірін-бірі құрметтеуі, ізет көрсетуі, сыйлауы болып табылады. Атап айтқанда, мұнда жастардың қарттарға, қариялардың жастарға, әкімдердің өз қол астындағы қызметшілеріне, жалшылардың өз қожаларына, балалардың өз әке-шешесіне, ата-ананың өз перзенттеріне деген ізгі-құрметі қандай болу керек деген сауалға жауап берілген.

Жақсы мінез-құлық, әдептілік, кішіпейілділік ең алдымен адамның тәлім-тәрбиесіне байланысты деп түйеді. Сондықтан жас нәресте өмірге келісімен-ақ оны тиісінше тәрбиелей бастау — әке-шешенің қасиетті борышы екенін айтады. Ақын, әсіресе, жастарды өр көкірек, тәкаппар, қуыс кеуде болудан көбірек сақтандырады. Кішпейілділік — үлкенге де, кішіге де бірдей жарасатын қымбат қасиет екенін ескертеді:

Кісілік қымбат емес, кішілік қымбат.

Ұлық болсаң, кішік бол.

Жүсіп Баласағұн әдептіліктің сан түрін жырлай келіп, солардың ішіндегі ең бастысы — тіл әдептілігі

172


деген қорытынды жасайды. Дастанның бір тарауы, дәлірек айтсақ, жетінші тарауы түгелдей осы мәселеге — тіл әдептілігіне, яғни мәнерлі, мәнді, сыпайы сөйей білу өнеріне арналған. Автор оқушысын абайлап, ойланып-толғанып барып сөйлеуге, тілге сақ болуға шақырады. Қысқаша әрі мазмұнды сөйлей білу — әдеп-тіліктің басы деген пікір айтады.

Енді Жүсіп Баласағұнның сөз өнері туралы жыр жолдарынан бірнеше мысал келтірейік:

Тіл қадірлі етер, ерге бақ қонар,

Қор қылар тіл, кететіғұн бас болар.

Тіл — арыстан есік баққан ашулы,

Сақ болмасаң жұтар, ерім, басыңды!

Тілімнен көп жапа шектім, есебім:

Бас кесілмес үшін, тілді кесемін!

Сөзіңді бақ, басын, кесіп алмасың

Тіліңді бақ, тісің сынып қалмасын!

Біліп айтқан сөз — білікті саналар,

Біліксіз сөз басыңды жеп, табалар.

Көрген емен көбік сөзбен оңғанды,

Тобықтай түй тоқсан ауыз толғамды!

Сөз кісіні ұлы қылар, бек қылар,

Көп сөз басты қара жерге кеп тығар.

Көп сөйлесең, “Езбесің”—деп жек көрер,

Сөйлемесең, “Мылқау”—екен деп сөгер!

Бұлай болса, тең ортасы— керегің,

Тілге ұстамды болсаң, өсер беделің!

Тіліңді бақ, басың аман болады, '

Сөзді қысқа айт, жасың ұзақ болады.

Қалар мұра — сөз, кісіден кісіге.

Сөзді мұра тұтсаң, пайда ісіңе.

Ақын кісіні адамгершілік арнасынан шығарып, жұртқа әдепсіз, дөрекі, надан етіп көрсететін кейбір мінез-құлықтарға көркем сөзбен сипаттама береді. Мұндай жағымсыз мінездер: мал-мүлікке тоймайтын ашкөздік, сараңдық, мейірімсіздік, ашушаңдық, т. б. деп көрсетеді. Әке-шешеден тәрбие кәрген, әдепті жандар қашанда нәпсісін тия білетін, жомарт, бауырмал, сабырлы, инабатты болып келетінін айтады.

Сөйтіп, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұн қоғамдық-әлеуметтік көзқарасында кейбір қайшылықтары бола тұрса да өз дәуірі үшін прогрессивті роль атқарған бір-қатар ағартушылық моральдық, этикалық принциптер ді жырлап, оларды әлеуметтік мәселе ретінде

173

көтере білген көрнекті қоғам қайраткері болды.



Дастанның “Құтты білік” дастаны түркі тіліндегі жазба

көркемдік әдебиет әлі бай тәжірибе жинай қоймаған

ерекшеліктері дәуірде жазылды. Әрине, бұл кезде Жүсіп Баласағұнға өз шығармасын араб яки парсы тілінде жазу әлдеқайда жеңіл болар еді. Өйткені осы кезде араб-парсы тілікдегі шығыстың классикалық әдебиеті мейлінше дамып, көркем образдар жасаудың ғажайып үлгілерін көрсетіп жатты. Оның үстіне, “Кұтты біліктің” авторы араб және парсы тілдерін ғана емес, бұл тілдерде жазылған поэзиялық, прозалық туындылармен жан-жақты таныс болды. Алайда Жүсіп Баласағұн араб-парсы поэзиясының дәстүрінен бас тартты. Ол өзінің ана тілінде, яғни түркі тілінде күрделі, көркем шығарма жазып, өзінше жаңа соқпақ салып, жаңа дәстүр тудырды.

“Құтты біліктің” авторы түркі тектес халықтардыд ауыз әдебиетінің кәусар бұлағынан еркін сусындады. Сол арқылы ақын халық фольклорының қыруар мол мүмкіндіктерін (керіктеу құралдарын, мақал-мәтелдерің қанатты сөздерің, фразеологиялық сөз тіркестерін, т. б.) жазба әдебиеттің тәжірибесімен өзара ұштастырз білді.

Дастанның басты қаһармандарының есімі Күнтуды. Айтолды деп аталуы да халықтың ежелгі наным-сеніміне байланысты болып келеді. Ислам діні тарағанға дейін түркі тектес елдердің күнге, айға, т. б. табынғаны мәлім. Сондықтан мұндай атаулар көне дәуірде өмірге келген ауыз әдебиеті туындыларында жиі ұшырайды. Жүсіп Баласағұн ғұлама-ақын ретінде ауыз әдебиетінің сан қилы жетістіктерін зор шеберлікпен пайдаланған.

“Құтты білікті” оқып отырып, автордың шығыс классикалық поэзиясының таңдаулы үлгілерімен, әсіресе ұлы Фирдаусидің “Шаһнаме” дастанымен жақсы таныс екенін, одан үлгі-өнеге алғанын аңғару қиын емес. Мәселен, Жүсіп Баласағұн жырдағы әрбір сөздін мән-мағынасын құбылтып, ойнатып пайдалануды, әрбір лексикалық элементті ажарлап, айшықтап беруді ұлы ұстазынан үйренген секілді.

“Құтты білік” дастанының авторы метафора, аллегория, гипербола, меңзеп яки астарлап сөйлеу сияқты көріктеу құралдарын зор шеберлікпен, білгірлікпен

174


пайдаланып отырады. Сондықтан жырдағы сан қилы адам бейнелері, табиғат көріністері, қаһармандардың көңіл күйі мейлінше айқын, әсерлі шыққан.

Ақын табиғаттың кейбір сиқырлы құбылыстарын, жан-жануарлардың түрлі қасиеттерін адамның мінез-құлқына ұқсата отырып, қаһарманның көркем бейнесін айқындай түседі. Сондай-ақ ол адамға тән қасиеттерді табиғат көріністеріне теңеу арқылы далаларды, асқар тауларды, тілсіз өзен-көлдерді кәдімгідей жандандырьш, құбылтып, адамның өзіне ұқсатып бейнелейді. Мұның бәрін ол зор ақындық шабытпен, өз қаһармандарының ішкі жан дүниесіне терең поэтикалық барлау жасау арқылы суреттейді. Бұған “Құтты білік” дастанының көркем көріністерін жырлайтын өлең жолдарынан мысал келтірейік:

Қара жер, ағы кетіп, жұпар шашты,

Безенбек болып, дүние көркін ашты.

Каһарлы қысты қуды көктем лебі,

Жарқын жаз дәулет құрды, өктемдеді.

Қу ағаштар жасыл тонын жамылды,

Безеніп: көк, жасыл, сары тағынды.

Мың-мың шешек гүлін ашты күлімдеп,

Дүние толып, жұпар шашты дүбірлеп.

Қаз-үйрек, қыл, аққулар қалықтады,

Қиқулап, биік-төмен шарықтады.

Қансысы ұшьш, қайсыбірі, қонады,

Бірі ойнаса, бірі суға қанады.

Қасы — қара, қандай қызыл тамағы,

Кекілік сайрап, күліп-күліп алады.

Қара шымшық шықылықтап баурайды,

Үні ерке қыз үнінен аумайды!

Елік-жайран гүл үстінде ойнайды,

Арқар, киік жұптаса өріп тоймайды.

Қабақ түйіп, аспан жасын селдетті,

Гүл жүз ашып, күлімдетті жер-көкті.

Ақын көгілдір көктем көріністерін осылайша жырлап отырып, көктемнің жер бетін тегіс әлем-жәлем киіндіру үшін келгенің көктем самалы адамдарды әбден мезі еткен қысты әп-сәтте қуып шыққаның кең жазира даланың қызыл-жасыл гүлге оранғаның аспандағы бұлттар от шашып ойнағанын, нөсер жаңбыр жерге нәр беріп жауғанын нағыз сөз зергері ретінде зор шеберлікпен суреттейді.

175


Жүсіп Баласағұн ойшыл-ақын ретінде түркі тектес халықтардың тағдырын табиғаттың осындай көктемгі жандану, ояну, қайта түлеу кезіндегі көріністеріне астарлап, меңзеп теңейді. Сол арқылы автор ен даланы дүрліктірген, жандандырған, безендірген бұл көктемгі өзгерістер — түркі елінің оянуы деген пікір айтпақ болады.

Дастанда әсіресе мал бағумен айналысатын ру-тайпалардың күнделікті тұрмыс-тіршілігіне қатысты афоризмдер, бейнелі сөздер, теңеулер, бейнелер көп ұшырайды. Мінез-құлқы әр түрлі адамдардың бейнесін жасау кезінде ақын қой, қасқыр, жылқы, сұңқар секілді жан-жануарларды, жайлаулар мен шөлдерді көбірек ауызға алады. Мысалы:

Ат ол бұ кіші көңгілі артэр бідір,

Аны кәд құдазғу әй қылқы кадір.

Мазмүны:

Адамның көңіл-күйі бейне бір ат секілді.

Бірде семіреді, бірде азады.

Немесе:


Арат болды бағлар қанати йуки,

Қанатсыз құш ужмаз, эй бағлар бағи.

Мазмұны:

Қатардағы жауынгер — бектің қанаты мен қауырысыны,

Эй, бектердің бегі, құс қанатсыз уша алмайды ғой.

Мұндай мысалдарды дастаннан көптеп келтіруге болар еді. Ақын өз шығармасында малшылар тіршілігіне қатысты қайталанбас, оригиналды көркем бейнелер жасайды.

“Құтты білік” дастаны аруздың ықшамдалған мута-кариб деп аталатын өлшем түрімен жазылған. Е. Э. Бертельстің айтуына қарағанда, феодализмнің енді ғана өріс алып келе жатқан алғашқы кезеңінде жыр--дастандардың басым көпшілігі осы өлшеммен жазылған. Өйткені мұның өзі халық ауыз әдебиеті өмірге әкелген он бір буынды бармақ өлшеміне мейлінше жақын болып келеді.

Орта ғасырдың аса көрнекті ақыны, ғажайып сөз зергері, энциклопедист-ғалымы, көрнекті мемлекет қайраткері Жүсіп Хас Хажиб Баласағүнның “Құтты білік” дастанының әдеби, тарихи ғылыми мәні ерекше

176

зор. Бұл көркем шығарма бертін келе қазақ халқының этникалық құрамына енген ру-тайпалардің ежелгі дәуірдегі тұрмыс-тіршілігін, наным-сенімін, әдет-ғұрпын, мәдениетін, әдебиетін, тілін, т. б. зерттеп білу үшін аса қажетті, құнды мұра болып табылады.



АХМЕД ИҮГІНЕКИ

Хибатул-хақайық”



(“Ақиқат сыйы”)

Ахмед Иүгінеки (Ахмед Махмұдұлы Жүйнеки) — XII ғасырдың орта кезі ХП ғасырдың бас кезінде өмір сүрген аса көрнекті ақын, есімі кезінде бүкіл ұлан-ғайыр Қарахан мемлекеті түркілеріне мәшһур ғұлама-ғалым болған. Ол туралы:

Ақындардың ақыны, даналардың көш басы,

Гауһардан сөз теретін, одан ешкім озбады — деген өлең жолдары сақталған. Ол өз шығармаларын сол кезде кең тараған түркі тілінде жазған.

Болашақ ақын Сыр бойындағы белгілі қалалардың бірі Жүйнекте (қазіргі Шымкент облысы, Түркістан ауданы) туып өскені мәлім1.

Ахмед Иүгінекидің біздің заманымызға дейін сақталып, жеткен жалғыз шығармасы бар. Ол—“Ақиқат сыйы” немесе “Шындық сыйы” деп аталатын дастан. Бұл дастан орта ғасырдағы түркі тектес тайпалардың көбіне түсінікті болған Қараханид түркілерінің тілінде жазылған. Тек шығарманың аты ғана “Хибатул-хақайық” деп арабша қойылған.

Ахмед Иүгінекидің ө м і р і мен а қ ы н д ы қ қ ы з м е т і жайында мәлімет жоққа тән. Әйтсе де ақын дастанда өзі туралы кейбір деректер берген. Сондай-ақ дастанды ертеректе көшірген хуснихатшылар да (калли-граф) шығарманың авторына қатысты мәліметтерді өз тараптарынан қосып жазған. Мәселен, “Хибатул-ха-қайықтың” ХҮ-ғасырда кешірілген алғашқы қолжазба нұсқаларының бірінде Ахмед Иүгінеки туралы мынадай өлең жолдары бар:

Атәсі аты Мәһмеди Иүгінекий,

Әдіб Әхмет оғлы, йоқ һеч шәки.

1 Түркістан қаласының мақындағы осы ежелгі елді мекен ка-зір де Жүйнек (Югнак) деп аталады.— Н. К.

177


Мазмұны:

Әкесінің аты — Махмуд Иүгінеки,

Әдіб (қаламгер) Ахмед оның ұлы екеніне шүбә жоқ.

Ақынның туып, өскен жері туралы:

Әдібнинг йері аты Иүгінек эрур,

Сәфалиқ әжәб йер, көнгулләр йарур — дейді.

Мазмұны:

Әдіптің (туылған) жері — Жүйнек деп аталады,

Ауасы сондан ғажайып, таза, көңілді сергітіп жібереді.

Бұл бәйіттерден біз ақынның шын аты Әдіб Ахмед екенін (Ахмед Иүгінеки — лақап аты), әкесінің есімі Махмұд болғанын, ал туған жері Югнак (қазіргі Жүйнек) екенін аңғарамыз. Болашақ ақын анасынан көзі соқыр болып туылған. Ақын туылған Иүгінек қаласы-ның географиялық орны басқа жерде болған деген пікірлер де бар.

Дастанның өзі көне түркі тілінде жазылса да ақын шығармасы-ның атын “Хибатул-хақайық” деп әдейі арабша қойған сияқты. Бірқатар қолжазбалар бұл шығарманың аты “Айбатул-хақайық”, ал кейбіреулерінде “Атебатул-хақайық” (“Шындық қақпасы”) деп жазылған.

Дастанның “Ақиқат сыйы” дастанының көне

қолжазбасы нұсқа- қолжазбасы табылғаны жөніндегі алғашқы ларының табылуы. мәліметті түрік ғалымы Нәжіп Асим 1906

Зерттелуі. жылы хабарлады. Қазір бізге бұл шығарманың бірнеше қолжазба нұсқасы мәлім. Солардың ішінде ең көнесі, әрі біршама толық сақталғаны Самарқан нұсқасы. Бұл қолжазба қазір Стамбул қаласындағы Айя-София кітапханасында сақтаулы. Оны 1444 жылы Самарқан қаласында атақты каллиграф Зейнул-Абидин Джураний деген кісі ұйғыр әрпімен көшірген екен.

Дастанның бұдан кейінірек, дәлірек айтсақ, 1480 жылы Шейх-заде Әбдіразақ-бақши көшірген нұсқасын Нәжіп Асим осман түріктерінің тіліне аударып, шығарманың түпнұсқасымен қоса оны 1916 жылы жеке кітап етіп басып шығарды.

Ахмед Иүгінеки дастанының араб әрпімен көшіріл-ген қолжазба нүсқаларының бірі қазір Берлин қалалық кітапханасында сактаулы тұр.

178


Бұл дастанның ғылымға мәлім барлық қолжазбаларын өзара салыстыра отырып, шығарманың толық текстін әзірлеген зерттеуші түрік ғалымы Рашид Арат Рахмат болды. Ол 1951 жылы осы дастанның толық текстін әзірлеп, оны латын әрпімен кітап етіп шығарды. Әйтсе де Ахмед Иүгінеки дастанын тіл, әдебиет, тарих және философия ғылымдары тұрғысынан жан-жақты зерттеп, шығарманың ғылымға негізделген текстін, сөздігін, транскрипция-сын әзірлеп, оны басқа тілдерге аудару жөнінде қыруар жұмыстар тындырған совет ғалымдары болды. Әсіресе белгілі совет тюркологтары Е. Э. Бертельс, С. Е. Малов, Қ. Махмудов, тағы басқа-лар бұл салада жемісті еңбек етті.

“Ақиқат сыйы” дастанын зерттеу ісіне В. В. Радлов, Т.Ковалевский, Ж. Дени сияқты шығыстанушы ғалымдар да белсене атсалысты. Өзбек ғалымы К. Махмудов бұл дастан жөнінде аса құнды монографиялық еңбегін жариялады1. Бұл — Ахмед Иүгінеки дастаны жөніндегі ең толық, әрі сәтті шыққан зерттеу деуге бола-ды. “Ақиқат сыйының” прозалық және поэтикалық аудармасы қазақ тілінде де жарық көрді.



Композициялық “Ақиқат сыйы”— дидактикалық сарында

құрылысы. жазылған шығарма. Дастан сюжетке

Йдеялық құрылған емес. Шығарманың әрбір

мазмұны. тарауында белгілі бір мәселе жөнінде әнгіме болады, автор оқушысына тиісінше ақыл-кеңес беріп отырады. Бұл дастан өзінің көтерген тақырыбы мен идеялық мазмұны жағынан ақын өмір сүрген феодалдық қоғамдағы моральдық ұғымдар мен мінез-құлық нормаларының жиынтығы болып келеді.

Адам қалай өмір сүру керек? Ақын осы сауалға өзінше жауап іздеп, дидактикалық сарында оқушысына өсиет-уағыз айтады. Мәселен, шығарманың авторы оқушысына: адам адал өмір сүруі тиіс, сараң болмауы керек, жомарт жанды, білімді кісіні қадірлеу қажет, жақсыдан — шарапат, жаманнан кесапат деген сияқты ғибрат айтады.

Сол кездегі шығыстың классикалық әдеби дәстүріне сәйкес автор “Ақиқат сыйы” дастанын алланы, пайғамбарды және төрт сахабаны (пайғамбардың серіктері)

1 К,. Махмудов. “Ахмад Югнакийнинг “Хибатул-хакойиқ” асари хакида”. Тошкент, 1972.

179


мадақтаудан бастайды. Ақын бұл дастанды Ыспаһсалар деген бекке арнап жазғанын оқушысына ескертеді. Тегінде ақынның өз дастанын арнап отырған адамы сол кездегі көрнекті мемлекет қайраткерлерінің бірі болса керек.

“Ақиқат сыйы” дастаны негізінен “Білімнің пайдасы мен надандықтың зияны жайында” деп аталатын жырдан басталады:

Айтайын білім жайын, құнты бар бол,

Ей, достым, білімдіге ынтызар бол.

Ашылар білімменен бақыт жолы,

Білім ал жолға түсіп бақыт толы.

Білімді—-алтын көзі ашылатын,

Надан жан — қара бақыр шашылатын.

Білімсіз тең бола ма білімдімен,

Азамат — білікті әйел, өз — ер қатын.

Сүйекте жілік болар, ерде — білік,

Ақыл ғой ердің көркі, етте — жілік.

Жіліксіз ет секілді білімсіздік —

Қол созбас сүйексізге бұл тіршілік1.

Дастанның бұдан кейінгі тараулары “Тілді тыйып ұстау — әдептіліктің шарты”, “Тіл жайында”, “Дүниенің өзгеріп тұратыны жайында”, “Жомарттық пен сараңдық жайында”, “Игі мінез бен жарамсыз қылық жайында”, т. б. деп аталады.

Сонымен, “Ақиқат сыйы” дастанының авторы оқушысын білімді, инабатты, мейірімді, әдепті сөйлейтін, жомарт, адал жан болуға үндейді. Жарамсыз мінез-қылықтан сақтандырады.

Ахмед Иүгінеки “Ақиқат сыйы” дастанының соңында адам бойындағы ізгі қасиеттер туралы өз ойын қорыта келіп, кітап оқушысына қарата былай дейді.

Ақмет Әдиб — атым, үлгі — сөзім,

Қалады мұнда сөзім, кетем өзім,

Күз келер, жаз да кетер, өмір де өтер

Сонымен жұмыларда екі көзім.

Ей досым, жаздым кітап түркішелеп,

Мейлің сөк, мейлің қала ерекше елеп.

Артымда ат қалсын деп жаздым мұны

Ғажайып таңсық сөзбен ерекшелеп.

1 Ахмед Иүгінеки. Ақиқат сыйы. Алматы. 1985, 71—72-беттер. Дастанйан келтірілген өлең жолдарын бұдан кейінгі беттерде де Ә. Құрышжанов аудармасы бойынша алып отырмыз.— Н. К.

180


Оқу-білім “Ақиқат сыйы” дастанындағы ең басты

туралы мәселесі- оқу мен білім. Бұл кезде өріс алған діни-мистикалық әдебиет ғылым мен өнерді қаралап, адамның жасампаздық қабілетін теріске шығаруға жан салып

әрекет жасап жатқан еді. Діни бағыттағы әдебиеттің өкілдері қоғамдық өмірдегі сан алуан құбылыстардың сыр-себептерін дін-шариғат догмалары арқылы түсіндіруге тырысып, діни уағыздарды оқу-білімге, ғылымға қарсы қойды.

Міне, осындай діннің қара түнегі қаптап тұрған сәтте адамның сана-сезіміне жарық сәуле құятын оқу-білімді, ғылымды көкке көтере мадақтап, білімді адамдарды, ғұлама-ғалымдарды құрметтеп жырға қосудың өзі зор азаматтық ерлік іске тең еді.

Ақын дастанда барша әлемнің сырын ашатын кілт — көкірек көзі ашық, оқыған, білімді адамдардың қолында деген пікір айтады. Автор ғылым мен ашу-ызаны бір-біріне қарсы қояды. Сөйтіп ақын: ғалым, ақын бақыт жолын өнер-білімнен табады, ал ашу-ызаға тізгін берген кісі қашанда надандыққа, қараңғы түнекке душар болады деген пікірге келеді. Автор дастанның өзге тарауларындағы әдептілік, мейірімділік, жомарттық секілді басқа мәселелерді де осы оқу-білімнің қүдіретті күшімен байланыстырып, кез келген түйінді оқу-білім арқылы шешуге әрекет жасайды.

Ахмед Иүгінеки білімді жандарды көкке көтере мадақтайды, оқушысын оқу-білімнің кәусар бұлағынан еркін сусындауға шақырады:

Білікті білім жинап кәсіп етер,

Білімнің дәмін татып өсіп өтер.

Білдірер білім елге білім сырын.

Біліксіз білімді аттап, бесіп өтер,

Тура сөз біліксізге қаза болар,

Насихат, пайдалы сөз жаза болар.

Надан жан қанша жусаң тазармайды,—

Талай кір жуған сайын таза болар.

Білімдар “істі біліп, бекін!”—дейді,

Ақылмен іс істеген өкінбейді.

Білімеген талай жұмыс істей жүріп,

Амал жоқ, түбінде сол опық жейді.

Білікті біліп айтар сөзін ұтар,

Ол емес бос сөзіңді бедел тұтар,

Білімсіз не айтса да білмей айтар —

Өз тілі өзінің кеп басын жұтар.

181

Алла өзін білімменен құт етеді,



Қайырсыз надандықты жұт етеді,

Білімді үйренбеген талай қауым

Кұдайды қолдан жасап бұт етеді.

Өнеге, білген сөзі — насихат, жол,

Араб пен азияттың сүйгені сол.

Кедейдің кертіп жейтін малы — білім,

Білімнің жоқ-жітікке берері мол.

Дарынды ақынның оқу мен білім жөніндегі бұл пікірлері кезінде зор прогрессивті роль атқарды. Бірақ ол өз дәуірінің перзенті еді. Ғұлама ақын адамның бақытты болуы — білімге, ал бақытсыздық — қараңғылыққа, надандыққа байланысты деп ұғынды. Надандықтың өзі түптеп келгенде феодал-клерикал қоғамның табиғатынан туындайтын әлеуметтік құбылыс екенін ақын түсінбеді.



Морал, “Ақиқат сыйы”— дидактикалық шығарма.

Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет