Қазақ әдебиетінің



бет2/20
Дата25.01.2017
өлшемі3,63 Mb.
#7708
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Мэдени және Ежелгі мәдени және әдеби мұраны

әдеби мұра туралы танып-білу ен, алдымен марксизм-

марксизм_-ленинизм ленинизм іліміне негізделеді. Өйткені

мәдни және әдеби мұра жөніндегі маркстік-лениндік ілім көркем әдебиеттің таптық мәнін ашып, антагонистік қоғамда екі түрлі ұлттық мәдениет болатынын, социализм жағдайында рухани мұраны қоғам мүддесіне

пайдалану қажеттігін ғылыми негізде дәлелдеп береді.

Ұлы Октябрь социалистік революциясына дейінгі қазақ әдебиеті бір-біріне қарама-қарсы антагонистік таптардың күрес жағдайында өмірге келген әдебиет. Өйткені “бүкіл тарих тап күресінің тарихы, қоғамдық дамудың түрлі сатыларында қаналушы таптар мен қанаушы таптардың бағынушы таптар мен үстем таптардың ара-сындағы күрестің тарихы болады”1.

Міне, осы қаналушы таптар мен қанаушы таптар адамзаттың бүкіл тарихындағы бір-біріне қарсы тынымсыз күресте коғамдық сананың сан алуан түрлерін (соның ішінде көркем әдебиетті де) таптық күрестің рухани құралы ретінде кеңінен пайдаланады. Сол үшін антагонистік қайшылықтағы әрбір тап өз мақсат-мүдделеріне сәйкес келетіндей мәдениет пен өнер және әдебиет туындыларын өмірге әкелді. Себебі антагонистік таптық қоғамда бүкіл қоғам мүшелері үшін, қаналушы және қанаушы таптар үшін ортақ, солардың бәріне бірдей қызмет ететін жалғыз ғана мәдениет болуы мүмкін емес. Таптық қоғамда екі түрлі мәдениет — қаналушы еңбекші тапқа қызмет ететін мәдениет және канаушы үстем тапқа қызмет көрсететін мәдениет болады. Осыған орай, яғни әрбір мәдениеттің қоғамдағы әлеуметтік қызметіне қарай біз мәдениеттің өзін прогрессивті және

'.- К. Маркс пен Ф. Энгельс. Таңдамалы шығармаларынын, үш томдығы, Алматы, 1976, 1-том, 98-бет.

14

кертартпа бағыттағы деп екі қарама-қарсы топқа бөлеміз.



Бұл жөнінде В. И. Ленин 1913 жылы жазған “Ұлт мәселесі жөніндегі сын заметкалар” деген еңбегінде “Қазіргі әрбір ұлттың ішінде екі түрлі ұлт бар — дейміз біз барлық национал-социалдарға. Әрбір ұлттық мәдениетте екі түрлі ұлттық мәдениет бар. Пуришкевичтердің, Гучковтардың және Струвелердің великорустық мәдениеті бар,— ал сонымен бірге Чернышевскийдің, Плехановтыа есімдерімен сипатталатын великорустық мәдениет те бар. Н а қ

о с ы н д а й екі түрлі мәдениет, Германиядағы, Франциядағы. Англиядағы, еврейлердегі, т. т. сияқты украиндарда да бар” деп атап көрсетті.1

В. И. Лениннің бұл даналық пікірі антагонистік қоғамда өмір сүрген барлық халықтар мәдениеті мен әдебиетіне тікелей қатысты екенін ұмытпау керек.

Әрбір ұлттық мәдениетте екі түрлі ұлттық мәдениет болатындығы туралы В. И. Ленин айтқан осы даналық пікірді басшылыққа ала отырып, қазақ халқының Ұлы Октябрь социалистік революциясына дейінгі мәдениеті мен әдебиетін де таптық тұрғыдан екі түрлі ұлттық мәдениеттен құралған деп білеміз. Бұлардың бірі — феодалдық құрылысты, хан-сұлтандарды дәріптейтін қошаметшіл ақын-жыраулар бастаған сарай әдебиеті. Бұл әдебиет үстем таптың сөзін сөйлеп, жырын жырлады. Екіншісі — қазақ халқының азаттық. теңдік жолындағы ең асыл арман-мақсатынан туындаған, қазақ қауымының озат ой-пікірін білдіретін, халықтың бай ауыз әдебиеті негізінде дамыған, биік гуманистік мақсаттар мен прогрессивті идеяны іске асыруға бағытталған еңбекші халык әдебиеті.

Әдетте буржуазия идеологтары таптық қоғамдағы антагонистік қарама-қайшылықты, таптық күрес пен оның сан алуан түрлерін, көркем әдебиет — таптық идеология екенін теріске шығарып. қоғамның барлық мүшелері үшін, барлык таптар мен әлеуметтік топтар үшін ортақ, солардың бәріне бірдей қызмет ететін жалғыз мәдениет, әдебиет, өнер қажет деген ойды көбірек айтады. Мұндай айла-тәсіл арқылы олар таптық күресті бүркемелеп, еңбекші халықтың қанаушыларға қарсы күресін әлсіретуге әрекет жасайды. Сонымен. идеалистік

1 В, И. Ленин. Шығармалар толық жинағы, 24-том, 144—145-беттер.

15

идеяны жақтаушылар “өнер-өнер үшін”, “таза деген сияқты жалған ілімді көкке көтере мадақтайды.



Адамзаттың сан ғасырлық барша тарихы — антагонистік қайшылықтағы таптар арасындағы күрес тарихы екені жоғарыда айтылды. Міне, сондай күрестің бір көрінісі — материалистік эстетиканы жақтаушылардың әлгі “өнер — өнер үшін”, “таза өнер” деген көзқарасты қолдаушыларға қарсы жүргізген аяусыз күресі болса керек. Бұл күрес бір сәтке де саябырсыған емес. Орыстың ұлы революционер-демократы Н. Г. Чернышевский “таза мәдениетшілерге” кезінде өлтіре соққы беріп, былай деп жазған еді: “Әдебиет қандай бір болмасын идеялар бағытына қызмет етпей тұра алмайды. Бұл әдебиеттің бас тартам десе де шамасы келмейтін, оның өз ішкі мәнінен туындайтын міндеті. “Өнер — күнделікгі тұрмыстық әрекеттерден аулақ тұру керек” дейтін таза өнер теориясының жолын қуушылар қателеседі немесе өтірік аңқаусиды. Олар “өнер — өмірден тәуелсіз болу керек” деген сезді әдебиетті неғұрлым өз мүддесіне сай басқа бағыттардың қызметшісі ету мақсатында өздеріне ұнамаған әдеби бағыттарға қарсы жүргізген күресінің жамылғысы етті”1. Материалистік эстетиканың жалынды насихатшыларының бірі болған Г. В. Плеханов кезінде “өнер — өнер үшін” дейтін теорияны тасталқан етіп, “өнер—өнер үшін” ұраны түптеп.келгенде, “өнер— ақша үшін” ұранына айналып кетті деген еді.2

В. И. Ленин өзінің “Партиялық ұйым және партиялық әдебиет” және “Ұлт мәселесі жөніндегі сын заметкалар”, т. б. мақалаларында “таза өнер”, “ортақ ағым” теорияларының шынайы, таптық мәнін ашьш, оны ұсынушылардың пролетариатқа қарсы бағытталған әрекеттерінің астыртын сырын әшкереледі. Ол буржуазия ұлт-шылдарының пролетарлық революцияға және интернационалдық бірлікке қарсы бағытталған “Ұлттық мәдениет” ұранына күйрете соққы беріп, демократизмнің және бүкіл дүние жүзілік жұмысшы қозғалысының интернационалдық мәдениеті деген ұранды алға тарта отырып...” әрбір ұлтта буржуазиялық (ал көпшілігінде әлі де болса қаражүздік және клерикалдық) мәдениет те бар — қала берді бұл мәдениет “элементтер” түрінде ғана емес, үстем мәдениет түрінде болып отыр. Сондық-

,' Хрестоматия по теории литературы. М., 1982, с. 289—290. 2 Г. В. Плеханов. Искусство и общественная жизнь. М., 1953, с. 222.

16

танчжалпы алғанда “ұлттық мәдениет”— помещиктердің, поптардың буржуазияның мәдениеті” деп жазды”1.

Қорыта айтқанда, антагонистік таптық қоғамда барлық таптар мен әлеуметтік топтар үшін бірдей қызмет ететін, қоғамның барлық мүшелеріне ортақ мәдениет болмайды. Болуы да мүмкін емес. Оның есесіне, антагонистік қоғамда қанаушы таптың мүддесін көздеген мәдениет және қаналушы таптың—еңбекшіл халықтың өз мәдениеті бар. Антагонистік қоғамда қанаушы таптың мәдениеті қашанда үстем мәдениет. ал демократиялық және социалистік бағыттағы мәдениет әлі элементтер түрінде ғана болады. Соның өзінде, демократиялық және социалистік мәдениет бүкіл қоғам өмірінде маңызды роль атқарады. Өйткені бұл мәдениет өз дәуірінің ең озат идеяларынан нәрленіп, игі мақсатқа, еңбекші халыққа, барынша прогрессивті адамзатқа кызмет етеді.

“Қоғамның материалдық өндіргіш күштері ез дамуының белгілі бір сатысында сол кездегі өндірістік қатынастарға ...қайшы келеді. ...Сол кезде барып әлеуметтік революция заманы басталады. Экономикалық негіздердің өзгеруімен бірге азды-көпті қысқа уақыт ішінде бүкіл зор қондырмада төңкеріс жасалады”.2 Міне, осылайша бір экономикалық-қоғамдық формация орнына екінші бір экономикалық-қоғамдық формация орнайтыны мәлім. Сондай сәтте құлаған қоғамдық формация өзінің барлық мәдени, өнер және әдеби байлықтарын жаңадан орнаған формацияға мұра етіп қалдырып кетеді. Алайда жаңадан орнаған қоғамдық формация өзінен бұрынғы қоғамнан қалған рухани байлықтың бәрін шетінен. талғамсыз қабылдай бермейді. Жаңа қоғамдық құрылыс тек өз мақсат-мүддесіне сәйкес келетін байлықтарды ғана қабылдайды. Соның өзінде, ескі дәуірден мұра ретінде алынған мәдени, өнер және әдеби туындыларды тарихи дамудың жаңа жағдайына сай келетіндей етіп алады.

Сонымен, адамзат қоғамы дамуының белгілі бір сатысының күні бітіп, дәурені өтіп, көне тарихқа айналуы, келмеске кетуі тарихи тұрғыдан заңды құбылыс саналады. Бірақ адамзаттың ұшқыр ақыл-парасаты жасаған ең асыл қазыналар — мәдени, өнер және әдеби

1 В. И. Ленин. Шығармалар толық жинағы. 24-том, 135-бет.

17

ескерткіштер ешқашанда ескірмейді, келмеске кетпейді. Қайта ол жаңа тарихи жағдайда жаңа мән-мағынаға ие болып, жаңа қырынан жарқырай көрінеді.

“Толстой қайтыс болды, сөйтіп осалдығы мен дәрменсіздігі данышпан суреткердін, философиясынан көрінген, оның шығармаларында суреттелген революцияға дейінгі Россия келмеске кетті. Бірақ оның мұрасында келмеске кетпеген, болашаққа тән нәрселер бар. Бұл мұраға Россия пролетариаты ие болады және бұл мұраны игеру жолында жұмыс істейді”1.

В. И. Лениннің зор көрегендікпен айтқан Л. Н. Толстой жөніндегі осы бір сөзі бұрын еткен көптеген көрнекті қаламгерлер мен әдеби ескерткіштерге де қатысты деуге болады.

Ұлы Қазан социалистік революциясы адамзаттық бүкіл дамуы туғызған мәдени, әдеби мұраны дәурені өткен ескі қоғамдық құрылыспен бірге жойып жіберген жоқ. Қайта мәдениет пен әдебиеттің ең озық үлгілерін бүкіл халықтың асыл қазынасына. көпшіліктің мүлкіне айналдырды. Бұрын қалың бұқара біле бермейтін мәдени, әдеби мұраларды Совет өкіметі еңбекші халықтың игілігіне айналдырды.

Марксизм-ленинизм классиктері сан ғасырлар бойы адам баласының ақыл-парасаты туғазған барлық мәдениет, өнер және әдебиет туындыларын қайта қарап қорытты, сынады, соның бәрін жұмысшы қозғалысы арқылы тексерді. Сөйтіп, олар өткен дәуірден бізге жеткен мәдени, әдеби мүраның прогрессивтік жақтарын, демо-кратиялық және социалистік элементтерін жаңа қоғамның мәдениеті мен әдебиетін жасау. әрі оны дамыта түсу үшін, жастарға коммунистік тәлім-тәрбие беру үшін творчестволықпен пайдалану керек деген қорытынды жасады.

В. И. Ленин 1920 жылы комсомолдың III съезінде сөйлеген сезінде жастардың алдына мынадай міндеттер қойған болатын: “Адамзаттың бүкіл дамуы туғызған мәдениетті дәл білу арқылы ғана, соны қайта қорыту ар-қылы ғана пролетарлық мәдениетті жасауға болатындығын анық ұғынбасақ,— мұны ұғынбасақ, бұл міндетті "біз орындай алмаймыз. Пролетарлық мәдениет ғайыптан пайда болған мәдениет емес... Пролетарлық мәдениет адамзат капиталистік қоғамның, помещиктік қоғамның,

1 В. И. Ленин. Шығармалар толык. жинағы, 20-том, 25-бет.

18

чиновниктік қоғамның езгісінде жүріп жасап шығарған білім қорларының заңды дамуы болуға тиіс”1.



Сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып, бүгінгі ұрпаққа жеткен өткен дәуір мәдениеті, өнері және әдебиетінің озық үлгілерінің танымдық, тәрбиелік қоғамдық мәні зор.

Көркем сөз өнерінің ертеректе өткен өкілдерінің артында қалдырған асыл мұралары адамзаттың тарихи даму процесінің белгілі бір сатысындағы қоғамдық өмірді, түрлі таптар мен әлеуметтік топтардын, жағдайын, халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын, салт-санасын, дүние танымын, т. б. терең танып-білуге көмектеседі. Мәселен, Ф. Энгельс кезінде О. Бальзактың “Адамдар комедиясын” оқып шығып, оны сол кездегі барлық тарихшы, экономист, статист ғалымдардын. еңбектерінен жоғары бағалап, қоғамдық-әлеуметтік өмірдің сол дәуірін жан-жақты, түрлі қырынан бейнелеу жағынан бұған тең келетін еңбек жоқ деп жазды.

Талай-талай ғасырлар бойы халықтық ең асыл қазынасындай болып сақталып келген ежелгі мәдени мұралар, әдеби туындылар бүгінгі ұрпақ үшін тек эстетикалық тәрбие құралы болумен ғана шектелмейді. Сонымен бірге, ежелгі жырдастандар, кисса-хикаяттар, шежіре-кітаптар халқымыздың өткендегі жақсы дәстүрлерін — ата мекен Отанға деген сүйіспеншілік сезімін бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіріп, оларды адамгершілікке, достыққа, әділдікке, ерлікке, еңбек сүйгіштік қасиеттерге үнденді.

* * *


Ұлы Қазан социалистік революциясына дейін қазақ әдебиеті тарихының ежелгі дәуірі жүйелі түрде және ғылыми негізде зерттелген емес еді. Рас, бірқатар Европа және орыс ғалымдары көне түркі, шағатай және араб, парсы тілдерінде жазылған кейбір жыр-дастандарды, шежіре-кітаптарды, жылнамаларды, т. б. тарихи, тілдік және көркемдік тұрғыдан жан-жақты зерттеді, олардың ғылымға негізделген текстілерін жасады, әрі өзге тілдерге аударып, кітап етіп шығарды. Бұлар негізінен түрколог және шығыстанушы ғалымдар болатын. Сөйтіп, бұл топтағы ғалымдар түркі тілдес халықтардың ру-ұлыстық дәуіріне қатысты әдеби ескерткіштерді жи-

1 В. И. Ленин. Шығармалар толык жинағы. 41-том, 331-беттер.

-332-


19

наи, оларды жариялауға, сол арқылы кейінгі ұрпаққа жеткізуге және насихаттауға мол үлес қосты.

Ал, енді ұлтшыл буржуазиялық бағыттағы әдебиетшілер идеалистік философия мен жалған теорияға негізделіп, түркі тілдес халықтардың ежелгі тарихына, мәдениетіне және әдебиетіне тікелей қатысты көне мұралардың бәрін шетінен “иран әдебиетінің жемісі” етіп көрсетуге немесе өзге “тарихи” халықтардың еншісіне беруге әрекет жасады. Шығыстанушы кейбір ғалымдар космополитизм жолына түсіп, түркі тілдес халықтардан шыққан қаламгерлердің әдебиет тарихынан алатын орнын кемсітуге тырысты. Қазіргі империализмнің жалдамалы малайына айналған реакциялық бағыттағы буржуазия идеологтары советтік еліміздегі өрлеу жолы-на түскен түркі тілдес халықтардың ертедегі мәдениет әдебиет және өнер тарихын бұрмалап, олардың әлемдік әдебиет тарихынан алатын орнын жоққа шығару үшін байбалам салуда.

Адамды адамның қанауын білмейтін, өз туларында еңбек адамдарының туысқандығы мен халықтар достығы ұран етіп жазылған ең әділ қоғамдық құрылыс — социализм тұсында ғана қазақ халқының ерте кездегі өзіндік мәдениетін, тілін, т. б. жүйелі түрде танып-білуге толық мүмкіндік жасалды. Лениндік ұлт саясатының бір көрінісі ретінде қазақ әдебиеті пәні өмерге келді. Қазақ әдебиеті тарихы — бүкіл советтік әдебнеттану ғылымының құрамдас бір саласы болып табылады.

Қазақ әдебиеті тарихы советтік әдебиеттану ғылымының жеке бір саласы ретінде қысқа тарихи мерзімде қыруар көп игі істер тындырды. Қазақстан мен Орта Азия халықтары жасаған ежелгі әдеби мұралардың бірқатары текстологиялық, тілдік, көркемдік ерекшеліктері, т. б, тұрғыдан зерттеліп, жеке-жеке кітап түрінде басылып шықты. Бұлар жөнінде монографиялар мен ғылыми мақалалар жарияланды. Қазіргі түркі тілдес халықтардың біріне кебірек, ал екіншісіне азырақ дәрежеде ортақ болып келетін жазба әдебиет нұсқалары қазақ халқының тарихы, тілі, әдет-ғұрпы, салт-санасы- т. б. тұрғыдан зерттелді. Ең бастысы — қазақ әдебиетінің түп төркінін анықтады, қазақтың сан ғасырлық көркем сөз өнерінің даму заңдылықтарын ашты, әдеби ескерткіштердің мән-мағынасын анықтады. Көне түркі, шағатай тілінде жазылған кейбір туындылар қазіргі қазақ тіліне тәржіма жасалды.

20

Міне, осындай жан-жақты ғылыми зерттеулер нәтижесінде қазіргі қазақ әдебиетінің түп төркіні болып табылатын көне түркі әдебиет ескерткіштері соңғы жылдары жоғары оқу орындарында тиісті программа бойынша оқытыла бастады.

Қазақ әдебиеті тарихын танып-білуде Қазақ ССР Ғылым академиясының М. Әуезов атындағы әдебиет пен өнер институты аса маңызды роль атқарып келеді.

Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарының қазақ әдебиеті кафедралары да халқымыздың көркем сөз тарихын зерттеу ісіне көп жылдардан бері тиісті үлестерін қосуда.

Сондай-ақ қазақ әдебиеті тарихы бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарымен көптен бері үзбей айналысып жүрген маман-ғалымдар — академиктер, ғылым докторлары мен кандидаттары, жас мамандар да аз емес.

Түркі тілдес халықтардың бәріне ортақ ежелгі әдеби мұраларды қазақ әдебиеті мен казақ тілі тұрғысынан зерттеуге кёзінде С.Сейфуллин, М. Әуезов, С. Мұқанов, Е. Ысмайылов. С.Аманжолов, Қ. Жұмалиев, М. Ғабдуллин, Ә. Марғүлан,

Б. Кенжебаев, Ә. Қоңыратбаев Р. Бердібаев, М. Жолдасбеков, т. б. ерекше мол үлес қосты деуге болады.

Сондай-ақ бүл салада X. Сүйіншәлиев, С. Қасқабасов, Ғ.Мұсабаев, Қ. Өмірәлиев, Ғ. Айдаров, А. Ибатов, Ш. Сатбаева, Ә.Құрышжанов, М. Томанов, А. Егеубаев, т. б. бірқатар құнды зерттеулер жазды.

Қорыта айтқанда, советтік әдебиеттану ғылымының құрамдас бір саласы болып табылатын қазақ әдебиеті тарихы пәні халқымыздың ежелгі дәуірлерден бастап. бүгінгі күнге дейінгі әдеби асыл мұраларын марксизм-ленинизм ілімі тұрғысынан танып-білуде, оның озық үлгілерін орта және жоғары оқу орындарында оқыту арқылы коммунистік қоғам адамын тәрбиелеу ісіне пайдалануда қыруар көп игі істер тындырып келеді.

21

Бірінші бөлім



VI-IX

ҒАСЫРЛАРДАҒЫ

ТҮРКІ ӘДЕБИЕТ

ЕСКЕРТКІШТЕРІ

Тарихи жағдай Көне түркі дәуірінің мәдени, әдеби ес-

Түрік қағанаты. керткіштергі сөз етуден бұрын бертін келе қазақ халқын құраған тайпалық бірлестіктердің тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік өмірі жайында бірер сөз айта кетелік. Өйткені “өз өміріндегі қоғамдық өндірісте адамдар өздерінің дегендеріне қара-майтын, белгілі бір, қажетті қатынастарда — өндірістік қатынастарда болады, бұл қатынастар олардың материалдық өндіргіш күштері дамуының белгілі бір сатысына сай келеді. Осы өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның экономикалық құрылымы, реалдық базисі болып табылады, осыған келіп заңдық және саяси қондырма орнайды және бұған қоғамдық сананың белгілі бір формалары сай келеді. Материалдық өмірдін, өндіріс әдісі жалпы өмірдегі әлеуметтік, саяси және рухани процестерді туғызады. Адамдардың санасы олардың болмысын билемейді, қайта керісінше, олардың қоғамдық болмысы олардың санасын билейді”.1

Орта Азия мен қазіргі Қазақстанның кең-байтақ даласын алғашқы қауымдық кұрылыс тұсында-ақ аңшылық, егіншілік және мал шаруашылығымен айналысатын түрлі тайпалар мекен еткені тарихтан жақсы мә-



1 К. Маркс пен Ф. Энгельс. Таңдамалы шығармаларынын, үш томдығы, Алматы, 1976, 1-том, 522—523 беттер.

22

лім. Бұл өлкенің табиғаты, ауа райы, кең-байлығы ежелгі адамның тіршілігіне қолайлы болған. Сонау қола -дәуірінін, өзінде түркі тайпалардан мал өсірушілердің бөлініп шығуын Ф. Энгельс қоғамдық алғашқы ірі еңбек бөлінісі деп атады.



Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мың жылдықтың бас кезінде-ақ қазіргі Қазақстан жерінің оңтүстік және шығыс аймақтарын мекендеген, тарихта сақтар деген атиек белгілі тайпалар өздерінің қоғамдық даму дәрежесі - жағынан мемлекеттік құрылыс сатысына таяп қалған еді. Оларда мал өсіру және егіншілікпен қатар темір қорыту біршама дамыған болатын. Сол кезде-ақ қызыл, қоңыр және магнитті темір рудасын кеңінен пайдаланған сақтар қола мен темірден түрлі қару-жарақ (найза, семсер, айбалта, садақ жебелері, дулыға. т. б.), үй шаруашылығына қажетті және зергерлік бұйымдар жасаған.

Соңғы жылдары Есік маңынан (Алматы облысы) табылған сақ көсемінің киіміндегі алтын өрнектер, сақтардың “Алтын обасынан” (Шымкент облысы) шыққан әшекей-сәндік бұйымдар, Таңбалы тас (Қаратау) пен Саймалташ (Қырғызстан) жартастарына ойып салын-ған орасан үлкен суреттер — сақтардың көркемдік талғамы, бейнелеу өнері, металды өңдеу тәсілі едәуір жоғары болғанын аңғартады.

Сақтарда бүғы, арқар, арыстан, самұрық құс суретін салу мен олардың бейнесін алтыннан кұйып жасау стилінің өзіндік ерекшеліктері бар. Жоғарыда айтылған “Алтын обадан” табылған зергерлік-әшекей бұйымдардың кейбір бөлшектері мен суреттерінің өте кіші әрі нәзік етіп жасалғаны сондай, оны тек үлкейткіш шыны арқылы ғана айқын көруге болады.

Қазіргі Қазақстан жерінде сақтардан кейін жасаған ежелгі алғашқы тайпалық бірлестіктер — үйсіндер мен қаңлылар деуге болады. Олардық шекарасы батысында Шу мен Талас өзендері, шығысында Тянь-Шань атыраулары, солтүстігінде Балқаш келінен бастап, Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауына дейінгі өлкені алып жатты. Үйсіндер негізінен Іле алқабын жайлағанымен, ордасы “Қызыл алқап” қаласы Ыстықкөл маңында болды.

Қаңлылар — Қаратау өңірі мен Сырдарияның орта саласын мекен етті. Ежелгі саяхатшылар Қаңлы тайпалық бірлестігін көшпелі ел әрі қалалары бар үлкен мемлекет ретінде сипаттап жазады. Сыр өзенінің, орта ағысы (Шаш, Отырар, Қаратау) аймағын

23

мекендеген қаңлылардың мәдениеті тарихи әдебиеттерде Жетісай, Қауыншы, Отырар. ал кейде Қаратау мәдениеті деп аталады. Атақты тарихшы С. П. Толстов кезінде археологиялық және жазба деректерге сүйене отырып, бұл өңірдің материалдық және рухани мәдениеті сол кез үшін өте жоғары болғанын ерекше атап көрсетті.



Қазіргі Қазақстан территориясында әуелгі таптық қоғамдардың қалыптасуына европалықтарға “ғұндар” деген атпен мәлім көшпелі тайпалар бірлестігінің ықпалы да күшті болды. Біздің заманымыздың бірінші ғасырында ғұндар Арал теңізі мен Каспий маңына шығып, ондағы аландар мен асаларды батысқа қарай ығыс-тырып жіберді. Кейінірек олар Шығыс және Орталық Европаға басып кірді.

Сөйтіп, “халықтардың ұлы қоныс аударуы” Қазақстанның, Орта және Алдыңғы Азияның, сондай-ақ Европаның этникалық және саяси картасын едәуір дәрежеде өзгертті. Қазақстан территориясында жергілікті тұрғындардың антропологиялық типіне монғол типтес элементтердің жайылуының алғашқы күшті толқындарынын бірі және, бәлкім, өлкенің бүкіл территориясында түркі тілдерінің кеңінен таралуы ғұндардың қысымымен болған шығыс тайпаларының миграциясымен байланысты болса керек”.1

Орта Азия мен Қазақстан территориясында бірте-бірте патриархалды-феодалдық қатынастар қалыптасып, ежелгі феодалдық мемлекеттер құрыла бастады. Орталық Азиядағы көптеген тайпалық одақтардан бірігіп пайда болған осындай ежелгі феодалдық мемлекеттердің бірі Т ү р і к қ а ғ а н д ы ғ ы (552—745 жылдар) еді. Бұл қағандыққа енген тайпалар алғашта Алтай мен Жетісудың бір бөлігін мекендеді.

“Түрік” деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады. “Түрік” этнонимі алғашқы кезде белгілі бір адамнын ататегі шонжар топтан немесе әскери ақсүйектерден шыққанын білдірген. Кейінірек бұл сөздің семантикасы бірте-бірте ұлғайып, билік жүргізуші, үстемдік етуші, яғни “патша” шыққан тайпаның символы болған. Бертін келе сол билік етуші тайпаға бағынышты болып қалған тайпаларды да кершілері түріктер деп атап кеткен. Түрік қағандығының әлеуметтік, саяси және қоғам-



1 Қазақ ССР тарихы. Алматы, 1980, 1-том, 297-бет.

24

дық өмірінде әскери істер аса маңызды орын алып, үлкен роль ойнағаны тарихтан жақсы мәлім. Түріктердіц алғашқы көсемдерінің бірі Бумын қаған болды, Оның, билік жүргізген кезінде көптеген көрші елдер түрік өкіметіне бағынды. Қағандықтьщ ордасы Орхон өзенінің (Монғолия) жоғарғы сағасында болды. Бумынның інісі Істемі қаған VI ғасырдын, орта кезінде Орта Азиядағы эфталиттер мемлекетін күйрете жеңді. Түрік кағандығының территориясы бұрынғыдан да ұлғайып, әскери қуаты арта түсті.



Бірақ бұл ұзаққа созылған жоқ. Түрік аристократиясы жаулап алған өлкелерді әрқайсысы жеке-жеке бөліп алып, дербес басқаруға тырысты. Осыдан саяси дағдарыс туып, билікке таласқан өзара кырқыс соғыстар басталды. Ақыры Түрік қағандығы бір-бірімен жауласқан екі қағандыққа бөлініп кетті: Бірі — Шығыс түрік қағандығы (Орталық Азия), ал екіншісі — Батыс түрік қағандығы (Орта Азия, Жетісу, Шығыс Түркістан).

Батыс түрік қағандығы яки қағанаты — түрік қаған-дығының~негізінде 603 жылы құрылған ертедегі феодалдық мемлекет. Бұл қағанаттың территориясы Жетісу мен Шығыс Түркістанды, Тянь-Шаньның батыс беткейі мен Орта Азияны алып жатты. Қағанаттың орталығы Шу өзені алқабындағы Суяб қаласы еді. Қағанаттың бірінші басшысы — қаған, жоғарғы әмірші әрі әскер

басы болды.

Батыс түрік қағанатының негізін қалаған Бумын қағанның інісі Істемі — қаған болды. Түріктер 558 жылы аварларды Батысқа ығыстырып, Еділ мен Жайық бойын өзіне қаратып алды. Білге қаған мен оның інісі Күлтегін осы ұлан-ғайыр қағанаттың тәуелсіздігін Тан империясынан қорғау үшін күрескен.

Кезінде Батыс түрік қағандығын құраған түрлі тайпалар кейіннен қазақ халқының құрамына еніп кеткені мәлім.

Батыс түрік қағандығынан кейін Жетісу өңірінде құрылған феодалдық мемлекет — Түркеш қағадахы (704—766) ж.) болды. Ал бұдан кейін Қарлұқ қағанатты (766—940 ж.) өмірге келді. Ол Жетісу мен—Қашғардан бастап, Ферғана мен Сырдың орта ағысына дейінгі өңірге билік жүргізді.

Сырдарияның орта және төменгі ағысында және соған жақын жатқан Батыс Қазақстан жерінде түркі халықтарының арғы аталарының бірі — оғыз тайпалары бірлестігі — Оғьтз ме.млекеті

25

(IX—XI ғасыр) болды. Оғыз мемлекетінің астанасы Сыр бойындағы Янгикент қаласы еді. Бұлар негізінен көшпелі тайпалар саналған, сондай-ақ отырықшы оғыздар да болды. Олар Сыр өзені алқабындағы Сүткент, Сығанақ, Қарнақ сияқты қалаларды мекен етті. Кейінірек қыпшақтардың қысымына шыдай алмаған оғыздардың көпшілігі Шығыс Европа мен Кіші Азияға ығысып кетті.



Түрік мұсылмандарының алғашқы феодалдық мемлекеті—Қарахан мемлекеті (940—1212 ж.) болды. Қарахан әулеті батысында Амурдария мен Сырдарияның төменгі ағысынан бастап, шығысында Жетісу мен Қашқарға дейінгі өлкеде екі ғасыр бойы билік жүргізді. Астанасы — Баласағүн қаласы. ¥лан-ғайыр аймақты алып жатқан Қарахан мемлекетінде экономикалық, әлеуметтік және мәдени жағынан едәуір өрлеу болды.

Батыс түрік қағанаты ыдырай бастаған кезде олардан қимақтар мен қыпшақтар оқшауланып бөлініп шықты. Қыпшақтар — ерте кезден-ақ Орталық Азияны мекен еткен көне тайпалардың бірі екені мәлім.



Қыпшақ қоғамы — ертедегі феодалдық мемлекет бірлестіп ретінде өмірге келген. Олар Ертіс өзенінен бастап, сонау Дунайға дейінгі ұлан-ғайыр кең алқапты мекен етті. Қазіргі қазақтардың арғы аталарының бірі саналатын қыпшақтарды Европада — қумандар;, ал Россияда — половецтер деп атаған.

Сонымен, VI—VII ғасырларда көшпелі және жартылай көшпелі өмір сүрген қаңлылар, қарлұқтар, шігілдер, тухсилер. ягмалар, оғыздар, қимақтар, қыпшақтар, т. б. тайпалар бертін келе түркі тілдес халықтардың этникалық құрамына негіз болып қаланды.



Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет