Қазақ әдебиетінің



бет20/20
Дата25.01.2017
өлшемі3,63 Mb.
#7708
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

ЕЖЕЛГІ ТҮРКІ ПОЭЗИЯСЫ

ЖӘНЕ



ҚАЗАҚ ЖЫРАУЛАРЫ

Әрбір халықтың әдебиет тарихын — сол халықтың қоғамдық санасы мен әлеуметтік ой-пікірінің даму тарихы деуге болады. К.Маркс пен Ф. Энгельс қоғамдық дамудың түрлі сатыларында тұрған елдердің әлеуметтік ой-өрісі мен философиялық даму дәрежесін анықтау үшін ең алдымен сол халықтардың фольклоры мен ежелгі әдеби, мәдени мүраларына арқа сүйеп отырғаны мәлім. Өйткені халықтың рухани мұрасы, коғамдық-әлеуметтік ой-пікірі бір емес, бірнеше ғасырдың жемісі болып табылады.

В. И. Ленин атап көрсеткендей-ақ “мәселеге ғылыми тұрғыдан кірісу үшін ең маңызды нәрсе — негізгі тарихи байланысты ұмытпау, әрбір мәселеге: тарихта сол белгілі бір қүбылыс қалай пайда болды, бұл қүбылыс өзінің дамуында қандай басты-басты кезеңдерден өтті деген тұрғыдан қарау, сөйтіп, оның осы дамуы

1 Гулбаданбегим, “Хумоюннома”, Тошкент, 1959.

250


жағынан қарағанда қазір оның не нәрсеге айналғанын байқау” болып табылады.1

Міне, сол тұрғыдан алып қарағанда, XV—ХУІП-ғасырда өмір сүрген қазақ жыраулары поэзиясындағы әлеуметтік және дидактикалық сарындардың түп-төркіні ежелгі түркі әдебиетінде жатқанын аңғару қиын емес. Ежелгі түркі поэзиясы мен қазақ жырауларының дидактикалық сарындағы толғаулары арасындағы дәстүр, стиль форма бірлігі ерекше назар аударады. Бұл жайында кезінде белгілі тіл маманы Қүлмат Өмірәлиев күнды ой-пікірлер айтқан болатын2. “Ол “Күлтегін”, “Білге қаған” және “Тоныкөк” жырлары мен XV—ХҮШ-ғасырларда өмір сүрген қазак, жыраулары поэзиясындағы дидактикалық-шешендік толғау өлеңдерінің бірлігін нақты мысалдар келтіре отырып дәлелдеп шықты. Күлтегін батыр өз атынан сөйлеп, “мен” арқылы шешен толғап, мақалдатып, мәтелдетіп кетеді. Мұндай мақал сез, шешендік сөз, мақтау яки жоқтау-үлгісіндегі жыр толғаулар Асан Қайғы, Шалкиіз, Бұқар жырау поэзиясында да дәл осындай стильдік-тілдік тәсілдер арқылы өз көрінісін тапқан. Мүнда мазмұндық пен модельдік (стилдік-тілдік) бірлік өзара катар келіп отырады.

Әрбір әрпі тасқа қашап жазылған “Тоныкөк” дастанында ("УШ-ғасыр) мынадай жыр жолдары бар:

Жұқаны бүктеу — онай,

Жінішкені үзу — оңай.

Жұқа қалыңдаса, (оны тек) алып бүктейді.

Жіңішке жуандаса, (оны тек) алып үзеді.

Немесе:


Түнде ұйықтамадым,

Күндіз отырмадым.

Қызыл қанымды төктім.

Қара терімді ағыздым.

“Күлтегін” жырында Білге қаған інісі каза болғанда:

Көрөр көзім көрместей,

Білгір ақылым білместей болды.

Әзім қайғырдым.

Тағдырды тәңірі жасар,

Адам баласы бәрі өлгелі туған,—

деп жоқтайды. Дәл осындай шешендік толғаулар, ди-

1 В. И. Ленин. Шығармалар толық жинағы, 39-том, 73-бет. 2 Қ. Өмірәлиев. XV—ХІХ-ғасырлардағы қазак. поэзиясының ті-лі. “Ғылым” баспасы, 1976 жыл.

251


дактикалық ой-пікірлер айтуға ХУПІ-ғасырда өмір сүрген Бұқар жырау да шебер:

Етекті кессе жең болмас,

Ежелгі дұшпан ел болмас.

Қараша торғай қаз болмас,

Шағала келмей жаз болмас...

Екі жаман дос болмас

Дос болғанмен хош болмас.

Міне, мың жыл бойы үзілмей, ғасырлар бойы сабақтасып келе жатқан дәстүр жалғастығы дегеніміз осы болса керек.

Сондай-ақ X—ХІІ-ғасырлардағы түркі поэзиясы мен қазақ жырауларының жыр-толғаулары арасындағы дәстүр жалғастығын, байланыс белгілерін де аңғару қиын емес. Мәселен, Махмұд Қашқаридің “Диуани лұғат ат-түрк” атты сөздігінде батырлар бейнесін сипат-тайтын, ерлікті мадақтайтын, жоқтау, мақтау өлеңдерінің ғажайып үлгілері бар. XV—XVIII ғасырларда өмір сүрген қазақ жырауларының поэзиясында мұндай моделдік формалар біршама жетілдірілген түрінде қайталанып отырады.

Махмұд Қашғаридің (ХІ-ғасыр) осы “Сөздігінде” келтірілген поэзия үлгілері мен қазақтық жыраулар поэзиясы арасындағы байланыс белгілерін аңғару қиын емес. М. Қашғари “Сөздігінде” алып Ер Тоңа батыр өлгенде айтылатын ұзақ жоқтау бұлай басталады:

Шекгелін ажал салды ма,

Ер Тоңаны алды ма,

Сұм дуние артта қалды ма,

Қайғылы жүрек жыртылады-ау.

Сұм ажал бүгін жылатты,

Құрығын салып құлатты,

Бектердің бегін сұлатты.

Қыршын да ғұмыр қырқылды-ау1

Мүнда шумақтын, алғашқы үш жолы ұйқасады да, төртінші жолы келесі шумақтың төртінші жолымен үндесіп жатады. Жырдың мұндай түрі бертінде, ХІХ-ғасырда өмір сүрген қазақтың ақын-жырауларында да жиі ұшырайды. Дулат ақын:

Сен туған жерді тастадың,

Теріске елді бастадың.

Арқаға аяқ басқаның,

Қаратаудан асқанық —

Аударған Ф. Оңғарсынова.

252

Түлігі төртеу мал үшін,



Ен жерді мекен етем деп,

Игілікке жетем деп,

Кеңшілік сүтін ішем деп,

Ойменен тон пішем деп,

Қара қазан, сар бала,

Кемпір-шалдың қамы үшін,—

деп толғайды.

Алтын Орда дәуірінде емірге келген “Мұхаббат-наме”, “Хүсрау-Шырын” және “Гүлистан бит-түрки” сияқты қөлемді туындылардың да негізінде, түп-теркінінде көне дәуір көркем сөз өнерінің іздері жатқаны бірден көзге шалынады.

Сан ғасырлар бойы үзілмей келе жатқан әдеби дәстүр жалғастығы мазмұндық және модельдік бірліктің қатар сақталуына негізделеді. Әдетте көне түркі поэзиясында есімшенің -ған, мыш формалары басым болып келеді, әрі ұйқасып тұрған сөздер етістік (баяндауыш) қызметін атқарады. Мәселен, М. Қашғари (ХІ-ғасыр) “Сөздігінде” мынандай жыр жолдары бар:

Ерді ашып татурған

Иавлақ йағығ қатарған,

Бойынан тутуп қазырған

Басты өлім ағтару.

Дәл осындай жыр үлгісі ХІХ-ғасырдағы қазақ ақындарынын. поэзиясына да тән деуге болады:

Садағына сары жебе салдырған,

Садағының кірісін

Сары алтынға малдырған,

Тереңнен көзін ойдырған (Махамбет).

Орынсызды айтпаған,

Түзу жолддан қайтпаған,

Жақсылык. қылар орында

Аянып бойын тартпаған (Абай).

Көп ғасырлық тарихы бар мұндай дәстүр жалғастығын ежелгі түркі поэзиясының ең үздік үлгісі саналатын Жүсіп Баласағүнның (ХІ-ғасыр) “Құтты білік” дастаны мен қазақ жырауларынын, (XV—ХУШ-ғасырлар) жыр-толғауларын өзара салыстыра отырып айқын көреміз.

Бұл дастан ежелгі түркі поэзиясын мейлінше толық бейнелейтін, типтік туынды деуге болады. Оның үстіне, “Құтты білік” дастанындағы әлеуметтік-дидактикалық сарындар қазақ жыраулары поэзиясында қайталанып, мазмұн жағынан да, формасы тұрғысынан да кемелдене түсті.

253

Ал, мұның өзі кездейсоқ жәйіт емес, коғамдық сананың даму заңдылығынан туған құбылыс деп білуіміз керек.



Есімі әлемге машһур ақын Жусіп Баласағұнның даналық ой-пікірге кұрылған ғажайып туындысы мен қазақ жыраулары поэзиясы арасындағы дәстүрлі байланыстың өзіндік тарихы бар.

“Құтты білік”— өз дәуірінің адамгершілік принциптері мен этикалық нормаларының бейне бір кодексі іспеттес шығарма саналған. Мұнда ақын әділдік, ақыл-парасат, бақ-дәулет, қанағат-ынсап туралы ой толғайды. Сондай-ақ адамгершілік, оқу-білім, тәлім-тәрбие, әдептілік хақында өсиет-ғибрат жасайды.

Ең бастысы — кезінде “Құтты білік” дастанын мемлекетті басқару жөніндегі заң ережелер жинағы деп те таныған. Өйткені мұнда ел басқару принциптері орта ғасыр философиясы тұрғысынан жырланған. Ақын барша халықты — диқандар, малшылар, қол өнершілер, саудагерлер, ғалымдар, елшілер, әскер басшылары, тәуіптер, түс жорушылар, аспаздар сияқты толып жатқан әлеуметтік топтарға беліп, әрқайсысының коғамдағы орны мен атқаратын ролі туралы пікір айтады.

Адамның ақыл-парасатын ту етіп көтерген бұл дастан сан ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып ауысып отырады. Кезінде ол ел арасында жазба түрде де, ауызша да кең тарады. Оның әрбір бәйіті мақал-мәтелдерге, өсиет-ғибратқа, афоризмге айналып кетті. Әрине, “Құтты білік” дастаны түркі тілдес халық-тардың бәріне ортақ мұра екені даусыз. Соның өзінде, қазіргі қазақ тіліне де тән сөз орамдарын, атаулар мен терминдерді, поэтикалық тәсілдерді, көріктеу құралдарын, ой-талғам желісін, қанатты сөздер мен мақал-мәтелдерді т. б. осы дастанның кез-келген бәйітінен көруге болады. Бұл дастаннан қазақ поэзиясының, қазақ халқының, рухани-эстетикалық қазынасының ғасырлар қойнауына желі тартқан арналы дариясын көргендей боламыз.

Жүсіп Баласағұн халық даналығынан туған қанатты сөздерді, тұрақты сөз тіркестерін, мақал-мәтелдерді түрлі трансформацияға салып, грамматикалық модель мен мағыналық нұсқаларды тоғыстырып колданады. Мәселен, қазақта сонау көне заманнан келе жатқан: “Сөз сүйектен, таяқ еттен өтеді” деген даналық сөз бар. Енді “Құтты білік” дастанынан екі бәйіт оқып көрейік:

254


Сөзбен сөксе — тілмен ішіп қаныңды,

Сүйек сыздап, жалын қабар жаныңды.

Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді,

Сөз қалады, таяқ табы кетеді.

Жүсіп Баласағүн тілге сақ болу, абайлап сөйлеу туралы айта келіп:

Тіліңді бақ, басың аман болады

Сөзді қысқарт, жасың ұзақ болады,—

дейді. Бұл жыр жолдарынан халық арасында кең тараған “Басқа пәле тілден”, “Аңдымай сөйлеген ауырмай өлер” деген асыл сөз төркінін аңғару қиын емес.

“Сабыр түбі — сары алтын”, “Сабырсыз қалар ұятқа, сабырлы жетер мұратқа”, “Ашуды ақылға жеңдір” цеген сияқты мақал-мәтелдер қазіргі қазақ тілінде де жиі қолданылады.

Ал, енді “Құтты білік” дастанынан сабырлылық жайында жазылған бәйіттерді оқып көрейік:

Өкпелесең, ашуланба, налыма,

Сабыр соңы — салқын сая жаныңа.

Сабаз ердің, сөзін ұқ та біле бер:

Сабыр етсең — бұзылған іс түзелер!

Сабырлы ер талмай жетер мұратқа,

Аққу өзі-ақ түсер, шыда, тұзаққа!

Сөйтіп, жақсы мінез-құлық, тәлім-тәрбие, әдептілік жайында күнделікті айтылып жүрген қанатты сөздер ақын дарыны, шеберлігі арқылы бізге қайта түлеп, жаңарып, жаңғырып есітілгендей әсер етеді.

Алтын Орда мемлекеті ХҰ-ғасырдың екінші жартысында әбден құлдырап, оның орнына Қазан, Қырым, Ноғай (Астрахань), Қазақ, Өзбек хандықтары құрылғаны тарихтан жақсы мәлім. Қазақ халқынын, құрылу процесі XIV—ХУ-ғасырларда негізінен аяқталды... Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан территория-сында XIV—Х^-ғасырларда болып өткен әлеуметтік-экономикалық және этникалық саяси процестердің заңды қорытындысы болды. Шығыс Дешті Қыпшақтың көшпелі тайпаларының бір бөлігінің Жошы ұрпағы Керей мен Жәнібектің басшылығымен Шу мен Талас өзендерінің жазығына көшуі Қазақ хандығы құрылуының бастауы болды деген пікір бар1.



1 Қазақ ССР тарихы (Бес томдық). “Ғылым” баспасы, 2-том, 1983 жыл, 265-бет.

255


Кейбір тарихи процестер, құбылыстар қоғам дамуының барысында бейне бір спираль сияқты қайта оралып, бұрынғы күйінен жоғары дәрежеде қайталанып келетіні бар ғой. Жетісу жерінде Қарахан мемлекеті құрылған кезде (Х-ғасырдың орта шенінде) ел басқаруға, түрлі әлеуметтік топтар мен таптардың өзара қарым-қатынасы нормасына, адамгершілік, мораль, этика принциптеріне байланысты бірқатар қоғамдық-әлеуметтік проблемалар туғаны мәлім. Дәл осы аталған қоғамдық-әлеуметтік мәселелер араға бес жүз жылдай уақыт салып барып, Қазақ хандығы құрылған кезде (ХУ-ғасырдың екінші жартысында) де қайта туып, тарих сахнасына қайта шыққандай болды. Қазақ даласын-дағы осы бір қоғамдық құбылыс кезінде жыраулар поэзиясынан өз көрінісін тапты.

Ең бастысы — қазақ жыраулары түркі тілдес халықтарға ортақ поэзияға тән дәстүр, стиль, форма, т. б. негізінен сақтап, дидактикалық-шешендік толғауларын ұштай түсті. Мәселен, ақын Жүсіп Баласағұн өзінің “Құтты білік” дастанында:

Кісі көңілі түпсіз теңіз, ойласаң,

Білім — інжу, түбінде — анық, қойма сан.

Кісі інжуді шығармаса теңізден,

Тас не, інжу не, пандасы не тегінде?,—

дейді. Жүсіп Баласағүннан төрт жүз жылдай кейін, яғни ХУ-ғасырда өмірге келіп, қоғамдық ой-сананың стихиялық материализм дәрежесіне жеткен Асан Қайғы жырау:

Таза мінсіз асыл тас

Су түбінде жатады.

Таза мінсіз асыл сөз

Ой түбінде жатады.

Су түбінде жатқан тас —

Жел толқытса шығады,

Ой түбінде жатқан сөз

Шер толқытса шығады,—

дейді. Бүл екі ақынның жырлары поэтикалық көркем орамдары жағынан ғана емес, философиялық түйіндері тұрғысынан да үндесіп жатқанын аңғару қиын емес.

Бұқара халық пен ел билеуші әкімдер арасындағы қарым-қатынас принциптерін жырға қосу, халық атынан ханға тілек айту немесе хан атынан күллі қауымға үндеу тастау — ежелгі түркі шайырларынан келе жатқан әдеби дәстүр еді. Бертін келе, XV—ХҮШ-ғасырларда 256

қазақ жыраулары осы әдеби дәстүрге жаңа тарихи, жағдайға сәйкес келетіндей мазмұн мен форма беріп, оны жаңа поэтикалық дәрежеге көтерді.

Соның өзінде, қазақ жыраулары толғауларынын тұп-тамырында, ой-толғам желісінде бізге “Құтты білік” дастаны арқылы жеткен ежелгі түркі әдебиетінің әлеуметтік-дидактикалық сарыны басым болып келеді. Мәселен, “Құтты білік” дастанындағы ең басты мәселе — ел баскару мәселесі. Елді, мемлекетті қалай басқару керек? Ел басқаратын адамда қандай қасиеттер болуы шарт?

Міне, Жүсіп Баласағұн осы сауалдарға өз заманының оқыған, көзі ашық, ойшыл азаматы ретінде, әрі феодал табының мүддесін қорғайтын өкілі ретінде жауап береді. Ақынның айтуынша, ел-жұртты басқаратын адам — білімді, ақылды, әділ, ниеті түзу, сөзі шырын, қайырымды болуы керек:

Бек халықты тек білікпен сендірер,

Барлығын да ақылына жендірер.

Бек дегенің білікпенен берік тұр,

Білік кетсе бек қалады желік құр.

Халыққа жақ, көңілі — тоқ, көзі — оқ

Ойы — терең, тілі — майда, сөзі шоқ,

Бұл дастанда елді әділдікпен басқару, заңды бұзбау, біреуге қиянат жасамау туралы көп айтылады. Әйтсе де мұнда әңгіме үстем тап мүддесін қорғайтын заң мен тәртіпті бұзбау жөнінде болып отырғанын ұмытпаған жөн:

Егер бегі қиянатшыл, сұм болса,

Халқы сорлап, күн көре алмас кұл да онша.

Елді дана келсе ұзақ билегің,

Заңды ұстан, бұрсын елге бүйрегің.!

Әділ заңмен — ғалам жайнап, ел сүйер

Күш қысқанда — ғалам қайнап, ел күйер!

Ал, қазақ жырауларынан Асан Қайғының Жәнібек ханға, Шалкиіз Тіленшіұлының Ноғайлы әміршісі Темір биге, Жиембет Бортоғашұлының Есім ханға, Марғасқа жыраудың Тұрсын ханға, Үмбетей жыраудын, Бекболат биге, Бұқар жыраудын, Абылай ханға айтқан толғауларында ел басқаратын адамға қажетті қадыр-қасиет туралы көп жәйіттер сөз болады.

Дегенмен қазақ жырауларының Жүсіп Баласағұннан гөрі басқа тарихи ортада өмір сүріп отырғанын да ескеру қажет сияқты. Ел билеудің рулық патриархалдық дәстүрін бетке ұстаған қазақ жыраулары өз әміршілерімен

257


терезесі тең адамдай ашық та, ашына сөйлесті. Оларға қазақ қауымы әлеуметтік топтар мен таптарға бөлінбеген, біртұтас қауым болып көрінеді. Сол себепті олар бүкіл казақ қауымының ортақ мүддесін айтты. Осы ортақ мүддеге қайшы келетін хан мен қара мінезін қатар қойып, екеуін де алаламай, бірдей сынады. Оларды бірлікке, ынтымаққа шақырды. Жыраулар жеме-жемге келгенде үстем тап өкілдерінің сөзін сөйлеседе, қоғамдық ой-пікір дамуының таптық түсінігі дәрежесіне жете қоймаған еді. Сол себепті қоғамның ішкі қайшылықтары жырауларға ел басқарған адамдардың (хан, сұлтан, би, бек, төре, батыр, т. б.) жеке басы әрекетіндегі, мінез-кұлқындағы кемшілігі түрінде ғана көрінді.

Бұған бірнеше дәлел келтірейік. Мәселен, Асан Қайғы жырау Жәнібек ханға:

Ай, хан, мен айтпасам білмейсің,

Айтқаныма көнбейсік,

Шабылып жатқан халқың бар,

Аймағын көздеп көрмейсің. ...

Өзіңнен басқа хан жоқтай

Елеуреп неге сөйлейсің?!—

дейді. Тіпті бертінде, ХУІІІ-ғасырда өмір сүрген Үмбетей жырау да осы дәстүрді ұстап, Бекболат биге қарата айтқан толғауларында ел басқарған әмірлер жайында өзіндік ой-түйін жасайды:

Би болмаған би болса,—

Айтылмаған сөз қалмас,

Хан болмаған хан болса,—

Қанамаған ел қоймас.

Әрине, жыраулар сол дәуірдің өздеріне қойған талап-тілектері шеңберінде ғана пікір қозғап, ой толғай алды. Соның өзінде, ел басқарған әкімдердің беделді, жақсы болуы түптеп келгенде бүқара халыққа байланысты деп пайымдаған. Мәселен, Бұқар жырау:

Ханның жақсы болмағы — Қарашаның елдігі. Караша халық сыйласа, Алтыннан болар белдігі,—

дейді. Ел басқарған әкімдердің іс-әрекетіне, мінез-кұлқына сол дәуірдің моральдық нормасы тұрғысынан баға беру — қазақ жырауларына тән қасиет. Әйтсе де бұл дәстүрдің қайнар-бастауы түркі тілдес халықтардың ортақ поэзиясында жатқанын ұмытпау керек. Мұнда мықтап ескеретін бір жәйіт бар. Егер Жүсіп Баласағұн 258

өзінің “Құтты білік” дастанында жалпы хандар, сұлтандар, бектер, т. б. туралы абстракты түрде айтса, қазақ жыраулары нақты, тарихи қайраткерлердің іс-әрекетіндегі, мінез-құлқындағы кемшіліктерді сөз етеді.

Ел басқарған әкімдердің іс-әрекетіне, мінез-құлқына өз дәуірінің моральдық нормасы тұрғысынан баға беру — ежелгі түркі әдебиетінен басталып, жыраулар поэзиясында мазмүны жағынан мейлінше нақтылана, айқын-дала, ал формасы тұрғысынан жетіле түскен дәстүр деп тануымыз керек.

Қазақ жыраулары өлеңнің өздеріне дейінгі қанондық-үлгілік формасын бұзып, онын, көркемдік жағынан ай-шықталған формасын жасады. Мәселен, Жүсіп Баласағұн поэзиясы үшін ең басты нәрсе — даналық ой-пікірді айту болса, жыраулар үшін ең басты нәрсе — сол ой пікірді қалай айту керек деген мәселе болды. Демек, жыраулар өз толғауларында мазмүнды емес, көркемдік тәсілді бірінші кезекке қойды. Сәйтіп, қазақ жыраулары ой-пікірді тыңдаушыға жеткізудің ұтымды тәсілін табу арқылы әрбір сөздің мән-мағынасын эмоциялық тұрғыдан әзірлеп, күшейте түсті.

Қазақ жыраулары өздері өмір сүріп отырған рулық-феодалдық қауымның белсенді қайраткері болды. Олар қазақ елінің әлеуметтік-саяси өміріне тиісінше үн қатып, коғамдық өмірдегі сан алуан кұбылыстарға қоғам қайраткері, әрі сөз зергері ретінде едәуір ықпал етіп отырды. Жыраулар қазақ қауымының моральдық, праволық, діни нормаларын айқындау, насихаттау, қалыптастыру ісіне де тікелей атсалысты. Бұл салада сөз шешендері ғана емес, сонымен бірге, өз дәуірінің ойшыл азаматтары, философтары міндетін атқарды десек те артық емес.

Дидактикалық-философиялық сарындағы толғауларды мән-мағынасы жағынан тереңдете түсіп, поэтикалық тұрғыдан көркейте беру үшін бірқатар қоғамдық-әлеуметтік категорияларды айқындап алу қажет болды. Олар “әділдік” пен “әділетсіздік”, адам бойындағы “жақсы” және “жаман” қасиеттер, “қанағат” пен “ашкөздік”, “даналык” пен “надандык”, “достық” пен “қастық”, “жастық” пен “кәрілію”, “өмір” мен “елім”, т. б. ұғым-

түсініктер.

Бұл салада қазақ жыраулары өздерінен бұрынғы түркі тілдес халықтарға ортақ поэзиядан, орта ғасыр философиясынан үйреніп отырған сияқты.

Адамның жастық шағы мен кәрілік кезі жайында

259

Жүсіи Баласағүн көп толғаған. Ақын жастық шақтың қызығы баянды емес, оны игі істер атқаруға жұмсап қал деген пікір айтады:



Көшер бір күн жігіттік жағалатпай,

Кетер тастап тіршілік қазанаттай.

Бар болса жастық шақтың қайрат-күші,

.. Қадыр тұт, тұрсын оттай жайнап түсі.

Ал, Бүқар жырау былай дейді:

Қызды ауылды көргенде

Бұлаңдатқан жиырма бес

...Күлдір-күлдір кісінетіп,

Күреңді мінген жиырма бес

Іздесең де табылмас!

Жүсіп Баласағүн кәріліктің өзін бірнеше кезеңге бөліп қарастырады:

Елу жасы мені де кұрсауға алды,

Қарға түстес басымды қырау шалды.

Алпысты алсаң — шілденің аптабынан,

Аттадым де қысқы аяз қақпанына.

Бұқар жырау да елу мен алпыс жасты дәл осылай бағалайды:

Елу деген жасыңыз 0 да бір көшкен ел екен, Алпыс деген жасыңыз Қайғылы-мұңды күн екен.

“Құтты білік” дастанындағы Күнтуды патшаның аллегориялық бейнесі Әділдік деп аталған. Мұның өзіндік мәні бар. Халық қашанда әділетті қоғамды арман еткен. Патшаның әділ болуы — бүкіл мемлекеттің әділдігі деп түсінген:

Әділдікпен кеспей жаза, тоқтаман,

Құл ма, бек пе, еш айырма жоқ мағаи.

Ұлым ба, әлде жақыным ба, алыс па,

Кештеу жүрген конақ па, әлде таныс па?

Заң алдында, бәрі бірдей мен үшін,

Көсем әділ, болмайды ешбір келісім.

Асан Қайғы жырау әділдік жайындағы осы ой желісін қазақ қауымының ұғымына жақындата түсіп, “әділ-

260


діктің белгісі — біле тұра бұрмаса, залымдардьщ белгісі — бейбіттін, малын ұрласа” деп түйеді.

Қазақтың Асан Қайғы, Шалкиіз, Үмбетей, Бұқар сияқты жыраулары өздерінің дидактикалық-шешендік толғауларында әдептілік, ақылдылық білімділік, сөз құдіреті, тілге сақ болу, қанағат сезімінің қажеттігі сияқты мәселелерді терең философиялык ұғым дәрежесіне көтеріп жырлайды. Ал, мұндай этика және мораль мәселелеріне “Құтты білік” дастанының авторы егжей-тегжейлі түсінік береді. Бірнеше бәйітті дәлел етіп көрсетейік:

Сөз кісіні ұлы қылар, бек қылар,

Көп сөз басты қара жерге кеп тығар.

Ақыл көркі — тіл, тілдіқ көркі — сөз,

Кісі көркі — жүз, жүздің көркі — көз.

Ақыл — шырақ, қара түнді ашатын,

Білім — жарық, нұрын саған шашатын.

Мешкей тынып, сұғанақ көз қояр ма?!

Ашкөзділер жаһанды жеп, тояр ма?!

Дегенмен ежелгі түркі поэзиясында қоғамдық-әлеуметтік мәселелер, мораль, этика, адамгершілік принциптері, т. б. Көбінесе дерлік жалпылама, абстракты түрде жырланып келген еді. Ал, қазақ жыраулары ежелгі түркі ақындарының гуманистік, әлеуметтік және философиялық ой-пікірлерін XV—ХУІІІ-ғасырлардағы жаңа тарихи жағдай талаптарына сәйкес жетілдіре түсіп, шешендік-дидактикалық поэзияның бұрын-соңды болмаған толғау үлгісін жасады. Мұның өзі қазақ қауымының күнделікті тұрмыс-тіршілігіне, ұғым-түсінігіне, нақты өміріне бір табан жақын поэзия еді.

Сөйтіп, жыраулар поэзиясы табиғи даму барысында ежелгі түркі әдебиетіне тән жалпылама өсиет-ғибрат айту шеңберінен шығып, қоғамдық-әлеуметтік ой-пікірді білдіретін, күллі қазақ елінін. тынысын аңғартатын қоғамдық күшке айналды. Қазақ жырауларының поэзиясы осылайша қоғамдық сипатқа ие болды.

Сонымен, қазақ халқының түркі тілдес басқа халықтардың бәрімен ортақтасатын ежелгі дәуір әдебиеті адам бойындағы ең ізгі қасиеттерді — әділдікті, достықты, адал еңбекті, ақыл-парасатты, өнер-білімді, туған жерге деген сүйіспеншілікті, махаббатты, т. б. жырлады. Сол арқылы қоғамдық ой-пікірдің дами түсуіне айтарлықтай

261


ықпал жасады, әрі бұдан кейінгі тарихи кезеңде қазақ халқының өзіндік, төл әдебиетінің қалыптасуына негіз болып қаланды.

Енді Сыпыра жырау, Асан Қайғы, Шалкиіз, Доспамбет, Жиембет, Марғасқа, Бұқар, Үмбетей сияқты қазақ жыраулары тарих сахнасына шықты. Ал, бұл қазақ жыраулары қазақ атымен аталатын дербес әдебиеттін басы ғана емес, сонымен бірге, өзінен бұрынғы, түркі тілдес халықтардың бәріне ортақ болған ежелгі түркілердің көркем сөз өнерінің табиғи жалғасы еді.



Немат Келимбетов

ДРЕВНИЙ ПЕРИОД ИСТОРИИ ҚАЗАХСКОЙ ЛИТЕРАП

(VI—XV вв.)

(На пазахском языке)

Редакторы Р. Ыбырайымова



Суретшісі Б. Ақанаев Көркемдеуші редакторы Б. Табылдиев Техн. редакторы О. Рысалева
Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет