Қазақ философиясы


Дәстүрлі қазақ философиясы



бет5/11
Дата17.02.2022
өлшемі207,06 Kb.
#132245
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
annotation142365
4 апта дәріс, аза мемлекеттілігі эволюциясыны тарихи бастаулары, кезе дері , аза мемлекеттілігі эволюциясыны тарихи бастаулары, кезе дері , 1 апта семинар, 4 апта дәріс, Құқық Перизат
Дәстүрлі қазақ философиясы

Қазақтың ата тегінің еңбекқорлық қызметі кеңістік ұғымының дамуына алып келді, яғни мың шақырымнан астам көш жолдары талай ай мен күнге созылғандықтан кеңістік ұғымы пайда болды. Тіптен күндік көш жолы біркөш, сондай-ақ қозы көш, апталық көш т.б. қашықтық мөлшері белгіленді. Қыстаулар мен отырықшы мекендерде нақты белгіленген, арықтармен бөлінген, отбасы мүшелерінің санына байланысты 60-150 шаршы метрден бөлінген жер иеліктері болды. Бұл кеңістікті геометриялық игеру мен оны өлшеу қызметін, сондай-ақ суармалы жердегі егістің тиімді көлемін көрсетеді. Ал енді тәлім егістер, зерттеу жұмыстары көрсеткендей, әлдеқайда көп мөлшерде игерілді. Өйткені бұл жерлер онша құнды болмады, тәуекел жағы басымырақ болды (тәуекелді егіншілік аймағы). Сондықтан, сан ұғымы мал өсіру мен егіншілік процестерінде қатар қалыптасты. Бұл қазақтың ата тегінде бірыңғай таңбалы жүйе болғандығын көрсетеді. Мұнда адамдардың әлеуметтік тәжірибесінің коды тіркеледі. Қарапайым санау операциясынан бастап, санның негізгі субкатегориялары – сан, шама, құрылым т.б. қалыптаса бастады.


Аса маңызды философиялық категориялардың бірі уақыт ұғымы болып табылады. Қоғамның біртіндеп дамуымен, тайпаның тарихи есінде қалған жекелеген құбылыстар мен белгілі бір оқиғаларға байланысты адамдарда уақыттың сезінуі ояна бастады. Жұт, аштық, оба, мал індеті, соғыс т. б. сияқты табиғи және стихиялы апаттар адамдар санасында өз ізін қалдырып, белгілі бір уақыт қарқынының анықтамасы ретінде қызмет атқарды. Әйткенмен, бұл дамыған уақыт ұғымын ауыстыра алмады. Өнім жинаумен, аңшылықпен, жабайы егіншілікпен айналысқан тайпалар уақыт ұғымын түсіне алмады, уақыттық ингреденттерді ғана сезімдік заттармен байланыстырды. Уақытты түсінушілік жекелеген адамдар үшін ғана мәні болғанымен әлемдік жаратылыстың өтпелі компоненттерімен берік байланыста болды.
Ежелгі түріктер және қазақтың ата тегі осылайша өзінің табиғатпен етене жақындығының және ұқсастығының арқасында табиғат құбылыстарының күнтізбесін – фенологиялық календарды қолданды. Бұл қазақтың ата тегінің этнос ретінде, табиғатты біртұтас және өзіне өте жақын деп танығандығын көрсетеді. Дәл осының өзі халық адам – табиғат қатынасын мейлінше толық және адекватты көрсететін болмыс қисыны. „Этнос, деп жазды Л.Н.Гумилев, табиғат құбылысы, ол әлеуметтік институттар формасына ауысып отырады және әрбір жеке жағдайда: тіл, дәстүр, идеология, материалдық мәдениет және т.б. сияқты индикаторлар арқылы айқындалады”.
Шаруашылық қызметтің өсуі циклдік күнтізбеге көшуге мәжбүр етті. Оның құрамына жеті күндік апта, төрт апталық ай, он екі айлық жыл және он екі жылдық мүшел циклдары кірді. Бір цикл айналымына сыймайтын оқиғаларға уақыттың „тірі хронология” стилі қолданылды.
Түрік қағанатының құрылуымен ұзақ жыл санау әдісіне көшті, бұл атау түріктердің тіршілік кеңістігінің ұлғаюына, батысқа және шығысқа бағытталған экспансиясының артуына байланысты болды. Ғұндардың, үйсіндердің, қаңлылардың бірігуі, түріктенуі мен бірегей шаруашылық түріне көшуі іргелес халықтармен бір уақыт ұғымында болудың қажеттілігін туғызды, өйткені экономикалық, мәдени және тілдік қауымдастығы тез дами бастаған еді. Солай бола тұрса да, қазақтардың табиғатқа етенелілігі сол уақытта да, қазірде де бар „Қобыланды”эпосында былай делінген:
Көлден ұшқан қаз деймін
Қаз жайлауын саз деймін,
Наурыздан соң жаз деймін…
Кеңістік сандық өлшем ретінде өз шамасын талап етеді. Көшпенді ауылдың жүріп өтетін жолының қашықтығы ауылдағы әлсіз қарттар мен бала-шаға, әйелдердің сол жолға шыдау мүмкіндігі ескеріле отырып белгіленеді. Ал көш жолдары жақын болмағандығы белгілі. Өлшем саласына жататын мөлшер ұғымы ежелгі түріктерде екі мәнге ие болды. Кеңістіктің бірінші өлшемі әлсіздердің шамасын ескерген күндізгі көш. Сонымен қатар байлық мөлшері жылқы санымен өлшенді, бұрын айтылғандай, мал иесінің байлығы осыдан көрінді. Бұл көзқарасты одан әрі дамыту көш үшін, егіншілік, бау-бақша үшін үлкен кеңістік қажет болғанын көрсетеді. Мал байлық өлшемі бола отырып, оны ұстау үшін үлкен аумақ қажет болды. Егер бір малды бағу үшін 8-10 гектар табиғи жайылым қажет болса, онда 4-5 мың жылқыға 30-50 мың гектар жайылым қажет, мұның өзі жер-суды мейлінше көп басып алуды талап етті.
Бұл тұрғыда қазақтың ата тегінде мөлшер – сапа ұғымын алдын ала қолдану негізінде сан категориясының жалғасы болып табылады. Бұл жайлы жоғарыда айтылды. Іс жүзінде мөлшер ұғымының ішінде дәл сол сан категориясының өзі аяқталады. Әйтсе де, Гегель бойынша, мөлшер – сапалы сан немесе олардың қосындысы. Барлық адамдарда әрқилы тіршілік мөлшері болды, бұл қазақтың ата тегінің мөлшер түсінігі көрінісінен хабар береді. Ауқатты және бай адамдар үшін көшу кеңістігі 1000 шақырымға дейін созылды. Олар жылқыларын рулық таңбаларымен таңбалап алып, алыс, қиындығы мол, қызық, думанға толы жолға аттанды. Бұл уақытта кейбір кедейлер жатақтарға айналды. Бақша салып, қыстақ күзетіп, бақша қорыған қарақшының кебін киді. Мұның өзі айқын мүліктік теңсіздікті көрсетеді. Жеке меншіктің дамуы мөлшердің парцелизациялануына алып келді, мұны үйсін қоғамында металл және тас мөрлердің болғандығы көрсетеді. Ол жерді жеке меншіктеуден бас тартты. Бұл қазіргі Қазақстан парламентіндегі қызу тартысты еріксіз еске түсіреді және сонымен қатар тарихта алғаш рет мал мен қозғалмалы мүлікке жеке меншіктік енгізді. Ал мұның өзі байлық өлшемі болған мөлшер жайынан хабар береді.
Бұл жерде мөлшер ұғымының құрамдас бөліктерге жіктелуі көрінеді. Егер мал мен қозғалмалы мүлікке жеке меншік сол кезде-ақ пайдалы болса, демек, бұл сан да белгілі бір мөлшерде пайда болғаны. Жер сатылмайды, демек оған басқа өлшем белгіленді. Бұл мөлшердің әртүрлі компоненттерін қайткенде де олар бірегей мүліктік кеңістікте жұмыс істеуі үшін үйлестіру қажет болды. Сол уақытта: „Менің ата-бабамның сүйегі жатқан жер, менің қыстағым – менің жерім” деген қағида шықты. Мұның ақыры жер-судың ру-тайпа арасында қатаң бөліске түсуіне әкеп соқтырды және бұл ХХ ғасырда таптық көзқарас енгенге дейін созылды.
Бұл мыңдаған ғасырлардан бері өмір сүріп келе жатқан қағиданы терең зерттеуіміздің себебі, мұнда өлшем ретіндегі сыртқы мөлшерден шамаластық ретіндегі ішкі мөлшерге ауысу жүреді. Сол кезде сыртқы көрініс ретіндегі байлық мөлшерін жерді бөлуге тыйым салатын тарихи-мәдени жағдай ретінде жерге жеке меншікті жоятын мөлшермен – оны мойындаумен толық салыстыруға болады. Бұл күні бүгінге дейін мәнін жойған жоқ, өйткені автохтонды халықтың ғасырлық игілігін иемдену, қазіргі жағдайда құнарлы жерлер мен жайылымдардан айырылу қаупін туғызды.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет