Қазақ күресінің ережесі Барлық жарыста әрбір белдесуге тағайындалған төрешілер тобына



бет5/8
Дата16.10.2023
өлшемі1,51 Mb.
#185845
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
254635.pptx
ИВАНОВ Учеб перс яз, Документ (3), Отчет Мағжан, Үй жұмысы 8кл, семинар тапсырмалары, 2 лекция kaz
«Жартылай жеңіс» – «көпірге тұру» және бір жауырынының және бір жақ қырының тиюі әсерінен болған әдіс тәсілдері. Дауыстап «Жартылай жеңіс деп айтылады». Оң не сол қолдың иығының деңгейіне көтеріп, алақанының қырымен төмен көрсетіп ұстайды. Хаттамада «Ж – Ж» деп белгіленеді. Екі «Жартылай жеңіс» айқын басымдылықпен жеңіс деп есептеледі. «Жартылай жеңіс» балуанның біреуі қарсыласының жауырынын кілемге тигізіп, денесінің бір жақ қырымен тиген жағдайда беріледі. Дауыстап «Жартылай жеңіс» деп айтылады. Үш ескерту жасалғанда «Жартылай жеңіс» беріледі. Оң не сол қолын иығының деңгейіне көтеріп, алақанының қырымен төмен көрсетеді.
«Таза жеңіс» екі жауырынының тиюі әсерінен болған әдіс тәсілі. Оң не сол қолын жоғары көтеріп, алақанын алдыға белгілеп ұстайды; хаттамада «Т – Ж» деп белгіленеді. «Таза жеңіс» балуан қарсыласының екі жауырынын кілемге тигізген жағдайда беріледі. Оң не сол қолын жоғары көтеріп, алақанын алдыға белгілеп ұстайды.
1 – ші ескерту «Бүкке» тең.
Екі ескерту ескерту «Жамбасқа» тең.
Үш ескерту «Жартылай жеңіске» тең.
Төрт ескерту «Таза жеңіс» тең.
Әдіс – амалдардың мәнін анықтау
Белдесу аяқталып, жеңімпазды анықтау рәсімі кезінде келесі әдіс – амалдардың мәні анықталады:
а) аздаған басымдылықпен жеңу;
ә) басымдылықпен жеңу (Б). Бұл жеңіс белдесу кезінде «Ескерту» (Е), «жамбас» немесе «Жартылай жеңіс» белгісі арқылы анықталады;
б) айқын басымдылықпен жеңу. . Бұл жеңіс белдесудің негізгі уақыт бітпестен бұрын емес, балуандардың бірі төрт Ескерту "Е" екі «Жамбас» алса немесе «Жартылай жеңіске» ие болған жағдайда беріледі;
в) Таза жеңіс
Бұл жеңіс белдесу кезінде негізгі уақыт бітпей тұрып:
  • балуандардың бірі екі жауырынымен құлаған кезде;
  • жарыстан шеттетілген жағдайда;

  • - дәрігердің нақты шешімі жарияланғанда;
  • балуандардың біреуі жарақаттанып, көмек көрсеті үш минуттан уақыт асып кетсе;
  • жіктеу жүйесінде белдесуден бас тартқан кезде;

  • - қарсыласы кілемге шықпай қалған жағдайда анықталады.

Түсініктеме:
  • Егер аты – жөні аталып шақырылған балуан кілемге шықпай қалса, онда ол жарыстан шығарылып, оған ешқандай орын берілмейді.

  • 2. Белдесу барысында сөйлесуге, қарсыласты баспен лақтыруға, қандайда бір тұншықтыру ұстауларын, қарсыластың мұрны мен аузын қысуға, сөйтіп дем алуға кедергі жасауға, тырнауға, тістеуге, соққы жасауға, саусақтарын ұстауға, қол буындарының бүгілуін қарама-қарсы бағытта бұрауға, аяқтан тебуге болмайды.
    3. Балуан жарақат алған жағдайда жарысты онан әрі жалғастыру мүмкіндігі ескеріліп, оған орын берілмейді.
    4. Егер балуан ақтық мәреге жетіп, бірақ дәрігерлердің арнайы қорытындысы бойынша одан әрі белдесуді тоқтатуға мәжбүр болса балуан жарыс барысындағы нәтижесіне сәйкес орынға ие болады.
    5. Егер екі балуан да ақтық белдесуден дөрекіліктері үшін шеттетілсе, оларға ешқандай орын берілмейді.

а) Тізерлеп отырып жасалған әдістер есепке алынбайды әрі бағаланбайды.
ә) «көпір» арқылы жасалған әдістер есепке алынады және бағаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет